Менеджмент в Казахстане

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2011 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі-келіссөз жүргізе білуі-әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.

Содержание работы

Кіріспе 2
1. Менеджмент теориясы 4
1.1 Менеджменттің мәні 4
1.2 Менеджмент қызметі мен тәсілдері 6
1.3 Менеджмент құрылымы мен принциптері 7
2. Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент 11
2.1 Менеджмент іс - әрекетінің бағыты 11
2.2 Менеджер жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері 12
2.3 Қазақстандағы менджменттің методологиялық негіздері 13
3. Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының саяси алғы шарты және оны дамыту............................................................................................18
3.1 Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының экономикалық алғышарты..............................................................................................................18
3.2 Қазақтан республикасының Басқару әдістері.
Басқару әдістерінің түрлерi...........................................................................21

Қорытынды 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 31

Содержимое работы - 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 65.46 Кб (Скачать файл)

      Халық шаруашылығын тиімді басқару  басқарудың кеңес беру сияқты  түрін өмірге әкелді. Соңғы 1920 – 1930 жылдар ішінде менеджмент  терең өзгерістерге ұшырады. Бұл  ақпараттың жарылыс пен адамзат  факторына байланысты. Бастысы менеджменттің  ескі жүйесінің ауысуы еді. (Рационалдықтың  басқаруға ауысуы)

       Рационалдың менеджмент бойынша,  фирма жабық жүйе ретінде қаралып,  оның табысы факторлар мен  шекарасындағы жетістікпен байланыстырылды.  Бұл ішкі өндірістік резервтерді  пайдалану арқылы еңбек өндірісі  мен барлық ресурстардың нәтижелі  пайдалануы арқылы еңбек өнімі  ұйымдастырылды. Бұндайда мақсаты  мен міндеті ұзақ уақыт бойында  бір қалыпты дамыды. Өндірістің  үзіліссіз даму стратегиясы қажетті  мамандардың негізінде. Ұйымдастыру  структурасы функционалдың принцип  бойынша тұрғызылады (аппараттың  қызметі мен мамандығы бойынша  бөлінуі) шешуші рольді –кадрлар  жұмысы мен олардың қызметкерлігін  бақылау арқылы жоғарыда отырғандар  жүзеге асырады. 

         Қазіргі кездегі басқару рационалды  модельді итеріп тастаған жоқ,  ұйымдастыру структурасын қалыптастыру  әдістемелік негізі ретінде қалып  отыр. Мекемені зерттеу, экономикалық  расчет жасауда өте қажет. 

        Жалпылама өндірістік стандартты  өнімдерді шығаруда қатал басқару  керек. Ал өндірісті дамыту, эксперимент  жасау, өндіріс аралық байланыс  жасау, жаңа партнерлар табуда  бұл басқару жүйесі тиімсіз.  Бұл жерде жаңа, жүйелі тиімді, өнімді басқарушы керек. 

         Жаңа басқару парадигмасы стратегиялық  басқаруды негізге алады. 

         Ситуациялық подход-ұйымда барлық  жағдайда қолданылатын бір ереже  емес, әр түрлі жағдайда өз  ережесі қолданылады. Осымен байланысты  әрбір ұйым өз жұмысын талдап, соған орай басқарылуы керек.  Бұл жағдайлар менеджерлер әрекетін  альпорнативті негізге итермелейді.  Табысқа жету үшін, менеджерлер жағдайларды талдай білу және шешім қабылдай білу керек. Бұл жағдайының тиімді жағы –оның методологиясын мойындау. Менеджерлер бұнымен есептесу керек. Сонымен қатар ішкі және сыртқы өзгерістерге үйренуі қажет. Мысалы, мекеме мемлекеттік меншіктен, жекеменшікке ауысса, әрі қарай администрациялық жұмыс режимі сақталуы мүмкін емес. Себебі бұның арты еңбек өнімін азайтып, банкротқа әкеледі. Біздің мемлекетте менеджмент теориясы мен практикасын оқу қазіргі заман талабы. Өтпелі кезеңде экономиканы басқаруда көптеген қателіктерге әкелді. Ең бастысы басқарудың жаңа түріне органикалық жағынан ену. Негізгі ережесі, біріншіден, нарықтық экономиканың дүние жүзілік ғылыми әдістерін есепке алып, ал екінші жағынан өтпелі дәуірдегі ҚР-ның ғалымдарының көзқарастарын алып жасалған.

     Басқарудың  жаңа парадигмасының негізгі ережесі  біздің мемлекетте төмендегіше:-нарықтық әдістің майысқақ үйлесімді реттелу.Нарықтың экономикаға өту ауыр үрдіс, онда белсенді роль атқаратын мемлекет.

  • Нарықтық шаруашылық субъектісі ашық, әлеуметтік –бағдар жүйесінде қалыптасып, қызмет етеді.
  • Барлық дәрежеде өзін-өзі басқару және шаруашылықта полицентрлік жүйемен басқаруға көшу.
  • Нарықтық үйлесім және әкімшілік басқару әдісі мемлекеттік мекемелердің экономикалық секторларында жүзеге асыру.

Соңғы жылдары  елімізде реформа негізінен үш бағытта  жүргізілуде: қаржыландырудың бір  қалыптылығы, нарықтың қатынастағы  әлеуметтік сфераға көшіру, жалпы  масштабты мемлекеттік өндірістерді жекешелендіру, базалық өндіріс  орындарын шетел компанияларына сату. Реформалар көптеп шығарылғанмен, өткізілген шаралармен айналысып, нәтижесін  көрмей отырғанымыз, бұл реформалардың  қажетсіз екенін дәлелдеді.

     Реформаның негізгі радикальды  шын мағынасында болуы керек.  Көлемді және масштабты радикальды  реформадан тереңде нақты радикальға  көшу керек. Радикальдың және  нәтижелілік-мемлекетіміздің экономикалық  саясатының нағыз реформалық  кретерийті. Яғни, экономикалық саясаттағы  реформа өткізілген шаралардың  сонымен бағаланбай, нақты нәтижесімен  бағалануы керек. Өтпелі экономика  толыққанды нарыққа ұласты деп  айтуға болмайды.

       Жаңа реформаның сатысы басталды  бұл шын мәнінде радикальды  –либеральды реформа, жаңа механизм. Дегенмен, нарықтық қатынастың дамуы  мен қалыптасу мақсаты  приоритет  қалпында қалады, себебі оларсыз  экономикалық өсімнің бірқалыпты  және жоғары болуы мүмкін емес.

         Біз мынаған нақты жауап беруіміз  керек, қандайда болмасын радикальды  реформа, экономикалфық саясат  елімізді гүлдендіруге әкелмейді,  егер де ұйымдастырылған, әсіресе  экономикалық қылмысқа қарсы  күрес жүргізілмесе, заңдылық, еліміздегі  жеке адамның қауіпсіздігі заңды  түрде қорғалмаса. Мемлекеттік басқару  жүйесін, оның мүшелері мен  аппараттарын түгелдей реформалау  қажеттілігі туды. Осының барлығы  мемлекеттік функцияның нарықтық жағдайында және бірнеше басқару ұйымдарының жойылу негізінде, мемлекеттің тікелей араласуының негізінде берілген.

        Қазақстандағы реформа орталығы  жекеменшікке қатнастың және  жеделдетілген мемлекеттік меншікті  жекешелендіруге жаңаша қарым-қатынасының  әркезде және жаңаша қарауы. Жеделдетілген  соншалық, стратегиялық маңызды  өндіріс орындардың бәрі жекешелендірілуі  аяқталып келеді, олар жалпы ұлттық  мақтанышымыз еді, шетел структураларына  кейде жасырын сатылып жатқаны  сонша, бұның бәрі еліміздің  экономикалық қауіпсіздігіне үлкен  қауіп қатер төндіріп отыр.

         Жекешелендіруге осындай қарым-қатынастың  өзі әлеуметтік маңызы бар  денсаулық сақтау объектілеріне,  білім және мәдениеттің болашақта  экономиканың өсуіне тежеу болады. Бірақ негізінен жекешелендіру  аяқталды. Осы жекешелендірілген  объектілер экономиканың инвестициялық  қайнар бұлағы бола отырып, өндірістің  өсуіне үлесін қосады деп сенеміз. 

         Осындай операциялар финанс секторында  шетел компанияларының қатысымен  өткізілуіне жол бермеу керек,  еліміздің алдыңғы қатарлы банктардан  айырылып қалмау үшін тиым  салуымыз қажет. Сондықтан, елімізде  шетелдің финанс структураларына  сан жағынан шектеу қойылған. Бұны ұлттық және еліміздің  экономикалық қауіпсіздігі талап  етеді. Басты өндірістер, яғни  базалық өндіріс орындары өсу,  даму нүктелері болар еді. Бірақ,  олар шетел компанияларының қолында,  олар капиталды Қазақстаннан  тыс жерге алып кетеді, оның  болашақта қайтуы белгісіз. Сондықтан,  Қазақстанға сұранысы мол, конкуренттік  қабілеті бар өнімдерді көбейтуге,  сол саладағы өндірісті жандандыруға  жұмыстанады. Солардың ішінен  әсіресе, экспортқа шығарылатын  өнімдерді шығару, жоғары техникалық  өндірісті дамыту. Еліміздің экономикасын  көтеру үшін шетел инвесторларын  шақыру жайы тұр еді. Қазақстанның  инвестициялық саясаты отандық  және шетел инвестициясына тұратын.  Дегенмен Қазақстанның объективтік  жағдайына баға беретін басты  және ішкі жеке инвесторлардың  қоры болатын. Экономикадағы шетел  инвестицчясы айтқанда, басты тура  және портфельді жеке инвесторлар  туралы айтылған еді.  
 
 
 

   
 
 
 
 
 
 
 

3. Қазақстандағы менеджменттің  қалыптасуының саяси  алғы шарты және  оны  дамыту.

3.1. Қазақстандағы менеджменттің  қалыптасуының экономикалық  алғы шарты

 Қазақстан экономикасы басқарудың саяси-экономикалық негіздері

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік, саяси  алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси ахуал, қарама-қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті.

      Орталықтың  Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық  еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің  қарама-қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей-берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиелене түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі, жоғарыда аталынғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады.Сонымен қатар көптеген мемлекеттердің тәжрибесі айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.

      Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар  қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттік  егемендігі туралы Декларациясы» және 1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың  Ата Заңының (Конституциясының) қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында  айрықша орын алады. Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси-эко-номикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт республика дербестігінің экономикалық алғы шарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, материалдық, қаржылық ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілеріне деген төтенше меншігі.

      Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің  субъектісі болып табылады. Бұған  басқару функциясы ретіндегі  мемлекеттік реттеуде аса маңызды  өзіндік қаржы-несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында  экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез -келген шектеуіне жол берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.

Бұл қағидалар  Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды  және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға  орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл қағидалар тек саяси-әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджменттің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей қатысты.

      .Нарықтық  экономика ұдайы өз арнасымен,  өз заңдылықтарымен  ілгерілеп  отыруы тиіс, өйткені оның өзіне  тән  кезеңдері мен оған сәйкес келетін нақты міндеттері бар.

      Бірінші кезең, екі негізгі процесімен сипатталады:

-меншікті  мемлекет иелігінен белсенді  түрде алу,

-тұтыну  рыногын тауарлармен толтыру.

      Екінші  кезең, экономиканың шикізаттық бағытын  біртіндеп жою жалғасады, бірақ  оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған  тауар және валюта нарығын бұдан басқа : капитал, жұмысшы күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарықтарын да құру болмақ.

      Үшінші  кезең (5-7) жыл мерзіміне дейін  созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшан қарқын алып, дамуымен сипатталады, соның  негізнде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдік  саудадағы айқындамасының нығаюымен  және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кірумен сипатталатын болады.

      Нарықтық  қатынасқа өтудің негізгі бағыттарына жататындар:

Информация о работе Менеджмент в Казахстане