Терминалды жағдайлар. Күйіктер, электрожарақаттар, үсіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 10:38, реферат

Краткое описание

Күйік деп - термиялық, химиялық, электрлік, сәулелік энергияның әсерінен туындайтын ағзалар мен тіндердің спецификалық зақымдарын айтады.
Зақымдаушы энергияның түріне байланысты оларды термиялық, химиялық, электрлік және сәулелік күйіктерден ажыратады. Жалпы хирургиялық аурулардың 2% -ын күйіктер кұрайды және олардың ең жиі кездесетіні термиялық күйіктер болып табылады.

Содержимое работы - 1 файл

Терминалды жағдайлар, күйіктер, үсіктер.doc

— 132.50 Кб (Скачать файл)

   Суықтың әсеріне аяқ-қолдың тіндері қалай жауап береді? Төменгі температураныңтіндерге тікелей әсер ететіні сөзсіз. Олардың тез-арада өліеттенуі -40°С дейін мұздағанда басталады. Күйіктің дамуында белгілі орынды тамырлық фактор алады (тамырдың тарылуы, қан түйіршіктерінің агрегациясының және қанның тұтқырлығының артуы, тромбоз).

   Аяқ-қол үсігінің клиникалық көрінісі мен диагностикасы

   Үсіктік жарақаттанудың ағымында 2 кезеңді ажыратады: реактивтіге дейінгі кезең (аяқ-қолды жылытқанға дейінгі) және реактивті кезең (жылытқанда). Әрбір кезеңнің өзіне тиісті клиникалық белгілері болады.

   Реактивтіге дейінгі кезең: зақымдалған аяқ-қолдың терісі бозғылт, ұстап тексергенде суық болады. Сезімталдығы әлсіреген, кейде күйіп жатқандай сезім, парестезия байқалады. Шеткі тамырлардағы пульсация әлсіреген, теріні инемен шаншығанда қанның тамшысы шықпайды. Жарақаттың тереңдігіне байланысты буындардағы белсенді қозғалыстар жоғалуы мүмкін. Осы кезеңде зақымдалу дәрежесін (тереңдігін) болжау қиын.

   Реактивті кезең: Науқасты жылытқанда аяқ-қолдың жылынғаны және гиперемия немесе айқын цианоз байқалады, кейде терісі мрамор түстес болады, ауыру сезімі мен тіндердің ісінуі дамиды, янтарь түстес немесе геморрагиялық сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда болады. Осы кезеңде де, алғашқы сағаттарда немесе тәуліктерде болжам жасау қиындыққа соғады.

   Қазіргі кезде үсіктің 4 дәрежелі жіктелуі қабылданған (Т.Я. Арьев, 1940).

   I дәрежелі үсікте - ауыру сезімі болады, қозғалғанда күшейеді; аздаған гиперемия, ісіну байқалады; терісі ұстағанда жылы, ауыру және сипап-сезу сезімталдықтары жылытқаннан соң калпына келеді, буындағы қозғалыстар белсенді болады. Ісіну мен гиперемия 1 -ші аптаның соңында жоғалады.

   ІІ  дәрежелі үсікте - терінің жартылай өліеттенуі байқалады, өсу қабаты зақымдалмаған, бұл жараның өздігінен эпителиймен қапталуын қамтамасыз етеді. Көпіршіктердің пайда болуы II дәрежелі күйікке тән. Олар жарақаттан кейін 1-2 тәуліктен соң, кейде 3-5 -ші күндері пайдаболады. Тырнақтары түсуі мүмкін, бірақ оларды жұлғанда ауырады.

   III дәрежелі үсікте - тері қабаты мен тері асты шелмайы өліеттенеді, сондықтан өліеттенген тіндер ажырағаннан соң, грануляциялық тін дамиды. Дерманың регенерациясы мүмкін емес. Ауыру сезімі айқын, көпіршіктер үлкен болады, кейде олар зақымдалған сегментті айналдыра қаптайды. Цианозы айқын, аяқ-қолдарын ұстап көргенде суық болады, шеткі тамырлардың пульсациясы элсіреген, тырнақтары ауырмай ажырайды, регенерация жүрмейді. Жарақаттан кейінгі 1-2 аптада дененің температурасы жоғары болады. Өліеттенген тіндердің ажырап түсуі 2-3-ші аптада аяқталады, жарада грануляциялар түзіліп, 1-1,5 айда тыртықтанады.

   IV дәрежелі үсікте - тіндердің зақымдалу шекарасы сүйек пен буынның деңгейінде болады. Терінің температурасы төмендеген, аяқ-қолы мұздай, терісі көгерген, мраморлы түстес аймақтар бар. Сезімталдықтың барлықтүрлері жоғалған. Көпіршіктердегі сұйықтық - қою-қоңыр түсті (ихорозды). Шеткі тамырлардағы пульсация әлсіреген, ауыру сезімі мен ісіну айқын болады. Жараның түбі қошқыл-көктүсті, беті солғанжэне құрғақ. Бірінші аптаныңсоңындадемаркациялықжолақ пайда болады, тіндердің өліеттенуі айқындалады, ол құрғақ немесе ылғал гангрена түрінде дамиды. Некрэктомия орындалмаса, өліеттенген тіндер ажырап, грануляциялар түзіліп, жара тыртықтанып жазылады. Консервативті жолмен жара 2 айда немесе одан да көп уақытта жазылады.

   Қалтырап  тоңу - бірінші дәрежелі созылмалы үсік болып табылады. Қоршаған ортаның температурасы 0°С жоғары болсада, ол қайталанбалы суықтың әсерінен дамиды, оған әкеліп соқтыратын факторлар: ылғалдылық, жел, қан айналымының бұзылыстары. Қалтырап тоңуға дененің ашық жерлері ұшырайды: бет, қолдың ұшы. Зақымдалған аймақтың терісі көкшіл, кейде кызарған, сезімталдығы төмендеген, ісінген, қатайған, ұстағанда мұздай, жылтырайды, ауырады. Ауру дерматит, дерматоз, сырылу (жарылу), ойық түрінде дамуы мүмкін және консервативті емге көнбейді. Қалтырап тоңу көктемде және күзде қайталанады, әсірісе қыста жиілігі артады.

   Траншеялық  аяқ

   Траншеялық аяқ-жергілікті суықтық жарақаттың түрі. Бұл ауру хирургтармен Бірінші дүниежүзілік  соғыста алғашқы рст сипатталған. Хирургтар суға, лайға немесе ылғал қарға толған траншеяда ұзақ уақыт жатқан көптеген жауынгерлердің аяғының ұшында дамитын жарақатты аңғарған. Бұл жарақат қыстың қақаған суығында емес, керісінше көктем мен күзде, қоршаған ортаның температурасы 0°С - +10°С аралығында болғанда дамиды. Аяқтың веналарындағы қан ағысы бұзылады, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, тамырлардың сыртына қанның сұйық бөлігі шығып, ісіну үдей түседі - бұның барлығы суықтың әсерінен болған зақымды күшейте түседі.

   Траншеялық  аяқтың клиникалық көрінісі төменгі температура мен жоғары ылғалдылық әсер еткеннен кейін, бірнеше күн өткен соң байқалады. Аяқ ұшының «ағаштанған» сезімі, өкшесі мен саусақтарының ауыруы және күйіп қызуы сезіледі. Аяқтың ұшы ісінген, терісі бозарған, мұздай болады, сезімталдық әлсіреген, геморрагиялық сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда болады. Кейіннен аяқ ұшының өліеттенуі дамуы мүмкін, көбінесе ылғал гангрена түрінде өтеді. Аяқ ұштарының екі жақтық зақымдарында гипертермия мен улану белгілері пайда болады. Кейде инфекциялық асқынулар, тіпті сепсис дамуы мүмкін.

   Реактивті кезеңге дейінгі алғашқы көмек: мақта-дәкелік жылу өткізбейтін таңғыштарды салу керек және шеткі қан айналамын ынталандыру қажет.

   Үсіктің емі

   Реактивтіге дейінгі кезеңде көрсетілетін алғашқы көмек:

   1. Термоизоляция - мақта-дәкелік таңғыштар.

   2. Иммобилизация -лонгетті таңғыштар.

   3. Аяқ-қолды жылыту (иық пен санды  жылытқыштарды пайдаланып жылыту).

   4. Шеткі қан айналымын ынталандыру  (артерияға-эуфиллинді, папаверинді, никотин қышқылын, новокаинді, гепаринді енгізу).

   Ауруханада  жедел кезеңде венаға және артерияға енгізіледі: реополигюкин 400-800 мл; фибринолизин 20000-40000 бірлік; стрептодеказа, целиаза - 750000 ХБ.

   Венаға  дезинтоксикациялық плазма алмастырушы ерітінділерді, белокты заттарды, қан мен плазманы енгізеді. Бұлшық етке бір тәулікте - гепарин 30000-40000 Бірлік салынады- Ацетилсалицилл қышқылын 0,5-1,0 граммнан күніге 4 рет ішкізеді, Антибактериальді ем жүргізіледі.

   Артерияға: никотин қышқылы 1% - 1-4 мл; эуфиллин 2,5% - 5-12 мл: папаверин2% - 2 мл; новокаин ерітіндісі 0,25-0,5%- 10-40 мл; гепарин 5000-10000 Бірлік енгізіледі,

   Терең үсікті хирургиялық емдеудің екі  жолы бар: 1) демаркациялық жолақтан жоғары етіп, зақымдалған аймақтың ампутациясы ерте жүргізіледі; 2) демаркациялық  жолақ анық пайда болғанша дейін  күтіп, содан кейін ампутация  жасалса, ұзын тұқыл қалады. Екінші әдіс қолайлы, себебі ағза сақтаушы операцияның қағидасына жауап береді.

   Суықтан жарақат алған адамдар диспансерлік бақылауда ұзақ уақыт болуы қажет. Себебі, суық эсер еткеннен кейін, бірнеше  жыл бойы суыққа сезімталдық жоғары болады, аяқ пен қолдыңұштарының буындары дұрыс қозғалмайды, ауыру сезімі ұзақ уақыт сақталады.

   Күйік жарасының морфологиялық және клиникалық көрінісі

   Күйік жарасьшың ағымы жарақаттың терендігіне  байланысты болады. І-ІІ дәрежслі күйіктерде серозды-асептикалық қабыну, әдетте іріңдеумен асқынбайды және жедел қабынуды жойғаннан кейін, міндетті түрде эпителиальді элементтердің регенерациясы жүріп, жара жазылады. Күйіктің ІІІА, ІІІВ және IV дәрежелерінде жараның жазылу үрдісі басқаша болады: күйік болған мезетте тіндер өліеттенеді -> реактивті жарақаттық ісіну дамиды —> іріңді демаркациялык қабыну пайда болады -> регенерация кезеңі басталады. Іріңді-демаркациялық қабынудың нәтижесінде күйік жарасы өлген тіндерден тазарады. Регенеративті кезенде грануляция, эпителизация және тыртықтану үрдістері дамиды.

   ІІІА дәрежелі күйікте эпителиальді жамылғының қалпына келуі, терінің терең қабатында сақталған қосалқылардың есебінен жүреді; ІІІВ және IV дәрежелі күйіктерде-регенерация аяқталмаған қалпында қалады, өйткені бұндай күйіктерде терінің қосалқылары зақымдалған болады. Осындай жаралар тыртықтану және жиекті эпителизация арқылы жазылады. Ошақты жараның регенерациясының тазару үрдістерінде жасушасыртылық және жасушаішілік протеолиттік ферменттер мен микробтық протеазалардың маңызы өте зор. Жарада күрделі биохимиялық өзгерістер сүт қышқылының жиналуымен, белокты емес азоттың концентрациясының жоғарылауымен, калий иондарының артуымен, кальцийдің мөлшерінің азаюымен, биологиялық белсенді заттардың түзілуімен сипатталады, олар қабыну мен регенерация үрдістерінің ағымына әсер етеді.

   I дәрежелі күйіктерде терінің асептикалық қабынуы дамиды: қызару, ісіну, ауыру сезімі. 3-4 күннен кейін, эпидермистің жоғарғы қабаты кеуіп, қоюланып, қатпарланады да, түсе бастайды.

   II  дәрежелі күйіктер айқын қабынулық көріністермен ерекшеленеді, көпіршіктер пайда болады, ондағы сұйықтықтың құрамы қан сарысуына ұқсас болады. II дәрежелі күйіктердің жазылуы 7-14 күнге созылады.

   ІІІА дәрежелі күйіктің бетінде құрғақ, ашық-қоңыр немесе ақшыл-сұр тусті кабыршақ пайда болады, ол демаркациялық жолақ түзіп, сау тіндерден ажырайды. Іріңді-демаркациялық қабыну тері негізінің дәнекер тінді деңгейінде өтеді. Қабыршақтың ыдырауы 2-3 аптаға созылады. Әдетте, бірінші айдың соңы мен екінші айдың ортасынатаман ІІІА дәрежелі күйіктер эпителиймен толық қапталады.

   ІІІВ дәрежелі күйіктің негізгі үш клиникалық түрін ажыратады:

   • коагуляциялық (құрғақ) өліеттену;

   • жылудың әсерінен терінің жабысуы;

   • ылғал өліеттену.

   Құрғақ  қабыршаққа қарағанда, жара ылғал өліеттенуден 10-12 күн бұрын тазарады. Жазылу кезінде зақымдалған жерде дөрекі, ақ гүсті келлоидты тыртық пайда болады.

   IV дәрежелі күйіктер тері асты шелмайы аз дамыған аймақтарда, ұзақ уақыт ыстық заттың әсер етуінен дамиды. Көбінесе бұлшықеттер, сіңірлер және сүйектер зардап шегеді. 13% жағдайда аяқ-қол бөлігінің өлеттенуі байқалады. Клиникалық ағымы 3 түрде өтеді: 1) қою-қоңыр немесе қара түсті қабыршақтың түзілуі.

Информация о работе Терминалды жағдайлар. Күйіктер, электрожарақаттар, үсіктер