Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 10:38, реферат
Күйік деп - термиялық, химиялық, электрлік, сәулелік энергияның әсерінен туындайтын ағзалар мен тіндердің спецификалық зақымдарын айтады.
Зақымдаушы энергияның түріне байланысты оларды термиялық, химиялық, электрлік және сәулелік күйіктерден ажыратады. Жалпы хирургиялық аурулардың 2% -ын күйіктер кұрайды және олардың ең жиі кездесетіні термиялық күйіктер болып табылады.
Қосарланған әдіс – жабық және ашық әдістерді бірінен кейін бірін жүргізеді. Сонымен қатар, жартылай ашық әдісті қолдануға болады. Бұл әдісте дәріге малынған дәкелік таңғыштарды жараның бетіне қойып, оны бекітпейді.
Терең
күйіктерде терінің өліеттенген
қабаттары алғашқы сағаттарда-
Терең күйіктік қабыршақ ыдыраған кезде аррозивті қансыраудың, буындар мен қуыстардың ашылу қаупі тууы мүмкін. Сондықтан, некрэктомияны 4-7 -ші күннен бастап, ерте орындайды. Некрэктомиядан соң пайда болған үлкен көлемді ашық жараны тері трансплантатымен жабады. ІІІВ дэрежелі күйіктердің көлемі 100 см2 аспаса ғана, өздігінен жазылуы мүмкін. Жақсы нэтижеге аутотрансплантация жасағанда жетеді. Үлкен көлемді күйіктіктерде арнайы өңделген жэне консервіленген мәйіттің терісін қолдануға болады (аллотранспалантация). Кейбір жағдайларда жараның бетін ксенотерімен уақытша қаптайды немесе брефо-пластиканы (эмбрионныңтерісін) пайдаланады. Бұл плазманың жоғалуының алдын-алады. Осы мақсатпен жасанды теріні де қолдануға болады. Ол коллаген қабатынан жэне селиконды пленкадан тұрады жэне ауа өткізетін қасиеті бар, бірақ бұл қабаттан бактериялар өте алмайды. Сонымен қатар, науқастың терісінен жасанды өсіру әдісімен алынған эпителий қабатын да жараның бетіне қондыруға болады.
Қазіргі кезде терең, бірақ шектелген күйіктерде жараны біріншілік эксцизия жасап, теріні қондырады. Эксцизияны күйгеннен соң, 4-7 күндері орындайды, ал теріні 2 аптаның ішінде қондырады. Бұдан басқа да операциялар жүргізіледі. Мысалы, тыныс алу жолдары күйіп, көмекей ісінсе, трахеостомия жасалады; қол басының терең күйіктерінде және оның қатты ісінуі кезінде - тіндердің үдемелі өліеттенуінің алдын-алу үшін жэне контрактураға жол бермеу үшін, шандырмен қосып тереңтіліктер орындайды. Аяқ-қолы көмірленіп күйсе, ампутация жасалады.
Химиялық күйіктер
Олар 4 дәрежеге бөлінеді. Химиялық күйіктер жаралық үрдістің торпидті ағымымен ерекшеленеді және химиялық заттың әсерінен дамитын тіндердегі үлкен зақымдардың салдарынан болады.
I дәрежелі химиялық күйіктердің ағымы қолайлы болады, іріңдеу мен инфекциялық асқынулар дамымай жазылады. Ісіну 3-4 күннің ішінде қайтады.
Қышқылдардың әсерінен болған ІІ дәрежелі күйікте, жараның іріңдеуі басталғанға дейін, өліеттенген эпидермистің түрі өзгермейді. 3-4 күндері эпидермис ажырап, оның орнында пигментсіз қызғылт түсті аймақ пайда болады.
Сілтілермен күйгенде және іріңдеу үрдісі дамымаған жағдайда, жұмсақ қабыршақ 2-3 күннен кейін қатаяды, қою-қоңыр немесе қара түсті болады. Көп жағдайда қабыршақ іріңді ыдырауға ұшырайды және 3-4 күннен кейін, өліеттенген тінмен жабылған іріңді жара пайда болады.
Қышқылдардың әсерінен болған III, IV дәрежелі күйіктерде, өліеттенген қабыршақтың ажырауы 20-25 күндері басталып, 1 аптадан 4 аптаға дейін созылады. Осындай терендіктегі сілтілік күйіктерде, жара өліеттенген тіндерден 3 -ші аптаның аяғында 4 -ші аптаның басында тазарады. Бұндай күйіктер жазылғанда, оның орнында гипертрофиялық және келлоидты тыртықтар қалады.
Үлкен
көлемді жараларға
Қышқылдар мен ауыр металлдардың тұздары тіндермен тез байланысады, олардан суды өздеріне сіңіріп, белоктарды ұйытады. Бұл кезде коагуляциялық өліеттену пайда болады.
Сілтілер (каустикалық сода, калий гидроксиді және т.б.) тіндерден сұйықтықты сіңіріп, белоктарды ыдыратады және майларды ерітеді. Сілтілер белоктарды ұйытпайды. Қабыршақ қалың, бозғылт түсті, жұмсақ және борпылдақ болады. Оны алып тастаған жағдайда жараның қансырауы байқалады. Сілтілер колликвациялъщ өліеттенуді шақырады. Белоктардың ыдырауының нәтижесінде улы өнімдер пайда болады, олар жалпы интоксикацияны тудырады.
Құрамында фосфоры бар заттардан (фосфор, напалм, пирогель) пайда болған күйіктер өте терең болады, себебі тінге түскеннен кейін де, олардың жануы жалғаса береді. Бұндай күйіктердің өзіндік спецификалық иісі болады, кейде оны сарымсақтың иісіне ұқсастырады. Жараның беті лас-сұр түсті қабықпен қапталған. Жергілікті өзгерістерден басқа дененің жалпы улануын да шақырады. Сондықтан, 2-3 тәуліктен кейін, науқастарда жедел бауыр-бүйрек қызметінің жетіспеушілігі дамиды.
Иприт - терінің бетінде 2 минутқа дейін тұрады, содан кейін сіңіп, майда ериді де, жасушаларға енеді. Иприт теріге түскеннен кейін, бірнеше сағаттан соң терілік эритема пайда болады, ал 24-48 сагаттан кейін, серозды сұйықтығы бар көпіршіктер түзіледі. Сонан соң, иприттің концентрациясына байланысты жара бір аптаның ішінде жазылуы мүмкін, не терең өліеттенуді тудыруы мүмкін, не болмаса ойық-жара дамиды. Иприт жараға түсетін болса, оның бетінде дақ пайда болады және қыша немесе күйген резеңке тәріздес иіс шығады. Жараның айналасы ісінеді, көпіршіктер түзіледі, жара өліеттенген тіндермен қапталады. Бұл жалпы белгілердің дамуымен қатар жүреді: әлсіздік, бастың ауыруы, бастың айналуы, құсу; кейбір жағдайларда кома дамиды және өлімнің себебі болуы мумкін.
Химиялық күйіктерде алғашқы көмек өте тез жүргізілуі қажет. Оның мақсаты - химиялық заттардың әсерін тоқтату болып табылады. Ол үшін жараның бетін ағынды сумен 10-15-40 минут жуу керек. Содан кейін, бейтарапқыш ерітінділерді пайдаланады:
Өңеш пен асқазанның шырышты қабықтарының күйіктері жогары концентрациялы химиялық ерітінділерді ішкенде дамиды. Мұндай күйіктердің нэтижесінде тыртықтар, стриктуралар пайда болады және оларды операциялық жолмен ғана емдеуге болады.
ЭЛЕКТРОЖАРАҚАТ
Электрожарақат - электр тоғының әсерінен пайда болатын патологиялық үрдіс. Бүкіл жарақаттардың 2,5% құрайды. Өлімнің деңгейі - 20%. Электрожарақаттың ерекше бір түрі - атмосфералық тоқтан, яғни найзағайдан болатын жарақат. Көбінесе, адамдар найзағай кезінде электрлі жабдықтардың, жұмыс істеп тұрған телевизордың, радио кабылдағыштың қасында тұрғанда немесе телефонмен сөйлескенде жарақат алады. Жарақаттанғандардың терісінде найзағай белгілері анықталады, ол ағаштың бұтақтарындай жайылған, ашық-қызғылтжэне қызыл түсті жолақтар болып табылады. Бұл белгілер дене бөлігіне найзағай эсер еткен жердегі капиллярлардың кеңеюімен сипатталады. Электртоғы адам денесіне кіріп, басқа аймақтан шығады, оны тоқ шеңбері деп атайды. Төменгі шеңбер - бір аяқтан екінші аяққа өтетін, онша қауіпті емес, ал жоғарғы шеңбер - бір колдан екінші колға, оған қарағанда қауіптірек болады. Ең қауіптісі, ол толық шеңбер болып габылады - екі аяқ пен екі қолды қамтиды.
Электрожарақаттың патогенезі:
1. Нерв жүйесі арқылы рефлекторлы эсер етуі, ол тыныс алу жэне қан айналым бұзылыстарына әкеліп соғады.
2. Адам денесіне термиялық, электрохимиялық және электродинамикалық факторлардың тікелей әсер етуі.
Жарақаттанған адам жүрек қарыншаларының фибрилляциясынан, тыныс алу орталығының салдануынан, шоктан және дауыс байламдарының тарылуынан өліп кетуі мүмкін.
Электрожарақаттың ауырлығының 4 дәрежесін ажыратады:
І дәрежеде - науқас есін жоғалтпайды, бұлшық еттері құрысып жиырылады.
II дәрежеде - науқас есін жоғалтады, бұлшық еттері құрысып жиырылады.
III дәрежеде - науқас есін жоғалтады, бұлшық еттері құрысып жиырылады және жүрек пен өкпенің қызметтері бұзылады.
IV дәрежеде - клиникалық өлімнің белгілері байқалады.
Жеңіл дәрежесінде (І-ІІ) пайда болған өзгерістер 1 -2 аптада жойылады. Ауыр дәрежесінде жүрек-қан тамыр жуйесінде тұрақты өзгерістер дамиды, кейде миокардтың инфаркты болуы мүмкін.
Тідердегі жергілікті өзгерістер электрокүйік белгілерімен сипатталады. Олар электр энергиясының жылу энергиясына ауысуының нәтижесінде болатын, тоқ кірген және шыққан жерлерде байқалады.
Жарақаттың тереңдігіне байланысты электро күйіктің 4 дәрежесін ажыратады:
1. Эпидермистің зақымдалуы.
2. Эпидермис ажырап, көпіршіктердің түзілуі.
3. Терінің барлық қабаттарының коагуляциясы.
4. Тері мен терең орналасқан тіндердің зақымдалуы.
Электрокүйікке қоршаған тіндердің ісінуі мен гипэстезия тән. Сонымен қатар, парез бен салдану дамуы мүмкін. Адам денесінен электр тоғы өтіп жатқанда бұлшық еттер құрысып жиырылады, соның салдарынан компрессионды және жұлынған сынықтар, сынық пен буынның шығуы және буынның шығуы пайда болады.
Алғашқы көмек: науқасты дереу тоқтан ажырату керек. Құтқарып жатқан адам өзі тоққа түсіп қал мас үшін, ток өткізбейтін затгарды (құрғақ таяқ, арқан немесе қатты кағазды) пайдаланып, тоқтан ажырату қажет. Құтқарушыны жерден аластату үшін, аяғының астына құрғақ тақтай немесе резеңкеден жасалған зат қойылады. 2-4 дәрежелі электрожарақаттарда тоқтан ажыратып алғаннан соң, науқасқа бірден реанимациялық шаралар жүргізілуі тиіс: ӨЖД, жүректің тікелей емес массажы; егер 3-5 минуттың ішінде нәтиже болмаса, дефибрилляторды пайдаланады және науқасқа интубация жасалады. Жүргізілетін шаралардың ұзақтығы бірнеше сағатқа созылады. Тірілтуді, тек өлімнің биологиялық белгілері пайда болғанда ғана гоқтатады (мәйіттік дақтар, дененің қатуы).
Жалпы
емнің ерекшеліктері жоқ: шокқа
қарсы шаралар жүргізіледі; жарақаттанған
адамда гипоксия дамитындықтан, міндетті
түрде оксигенотерапия
Электрокүйіктік жараның жергілікті емінің ерекшеліктері болады:
1.
Жарақаттанған адамның ОНЖ-де
тежелу үрдістері басым
2. Аяқ-қолдың ауыр зақымдарында бұлшық еттердің және тамырлардың спазмы болатындықтан, бірнеше рет футлярлы новокаинді қоршау жүргізіледі.
3. Жаракаттың тереңдігі белгісіз болғандықтан, некрэктомияны ерте жасауға шектеу қойылады.
4. Электрокүйіктің ерекшелігі - беткей және терең орналасқан тіндердің зақымдалу дәрежесі әртүрлі болады.
Біріншіден, тоққа карсыласу күші жоғары тіндер (бұлшық етгер) өледі. Терінің кішігірім жарақаттары болғанның өзінде, бұлшықеттерде көптеген патологиялық өзгерістер дамиды, ол аяқ-қолдың ампутациясын жасауға себепші болуы мүмкін.
Үдемелі ісіну магистральді тамырларды қысып, аяқ-қолдың өліеттенуі мүмкін, сондықтан кейбір электрокүйіктерде фасциотомия және некрэктомия жасалады. Әдетте, некрэктомия өліеттенген тіндердің шекарасы анық болғанда, 2-3 аптадан кейін кешіктіріп орындалады. Емдеу барысында кез-келген уақытта дамитын аррозивті қансырау туралы ұмытпаған жөн. Терең электрокүйіктерде операция (некрэктомия)жасалуы тиіс. Содан кейін, тері пластикасы және сіңірлерге, нервтерге, буындарға реконструктивті операциялар жүргізіледі.
Электрожарақаттың әсері, оның дәрежесіне, ауырлығына қарамастан бірнеше айдан немесе жылдардан соң байқалуы мүмкін: психиканың өзгеруі, невроздар, эндокринді-вегетативті өзгерістер. Осыны есте сақтаған жөн.
ҮСІК
Үсік (congelatio) - қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі. Суыққа ұшыраған адамдардың 38-60% мүгедек болып қалады. Қоңыржай климатты аймақтарда үсіктік жарақаттар 1% құрайды. Қиыр Солтүстікте және суық климатты аймақтарда бұл көрсеткіш 6-10% жетеді. -30°С температурада үсіктің дамуының себебі мұздай ауаның әсері болса, ал одан жоғары температурада ауаның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығы үсіктің дамуында маңызды орын алады. Желдің жылдамдығы өскен сайын, жылудың жоғалуы да артатүседі. Қоршаған ортаның температурасы -20°С, желдің жылдамдығы 20 м/сек болса, онда желсіз жағдайда -52°С -ғы температураға теңеседі. Қоршаған ортаның суықтык әсері ауаның ылғалдылығына байланысты болады. Қоршаған ауныңтемпературасы 0°С, бірак ьшғалдылығы жоғары болғанда аяқ-қолдың терең үсікке ұшыраған кездері байқалған. Көптеген авторлардың деректерінде, бейбітшілік кезде үсікті жарақаттар адам мас болған жағдайда дамитындығы көрсетілген. Алкоголь жылуды реттеуші ортал ықтың қызметін тежеп, жылудың қоршаған ортаға бөлінуін күшейтеді.
Информация о работе Терминалды жағдайлар. Күйіктер, электрожарақаттар, үсіктер