Трудовое право

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:54, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаның және нарықтық қатынастардың орнығуының қазіргі жағдайларында еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды реттеуде еңбек құқығының әлеуметтік рөлі елеулі түрде өзгеруде. Әңгіме қоғамдық-еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің қалыптасқан нысандары мен әдістерін түбегейлі қайта қарау, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда еңбек құқығының жаңа қызметтерінің орнығуы мен дамуы, азаматтардың еңбек еркіндігіне, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға, мемлекеттік қызметке қол жеткізуге деген конституциялық құқығын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау туралы болып отыр.

Содержимое работы - 1 файл

Енбек кукык.docx

— 24.83 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

          Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаның және нарықтық қатынастардың орнығуының қазіргі жағдайларында еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды реттеуде еңбек құқығының әлеуметтік рөлі елеулі түрде өзгеруде. Әңгіме қоғамдық-еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің қалыптасқан нысандары мен әдістерін түбегейлі қайта қарау, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда еңбек құқығының жаңа қызметтерінің орнығуы мен дамуы, азаматтардың еңбек еркіндігіне, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға, мемлекеттік қызметке қол жеткізуге деген конституциялық құқығын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау туралы болып отыр. Осымен байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын құқықтық реттеу тетігінің теориялық әдістемелік негіздерін, еңбек құқығы курсының құрылымы мен мазмұнын қалыптастырудың уәжді алғышарттарын қарастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

                      

1.Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы

          Еңбек адамдардың өмір сүруінің маңызды шарты, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру. Аса айтулы жаңалықтар ашулардан бастап күнделікті өмірдегі ең қарапайым заттарға дейін адам жасаған игіліктердің бәрі оның мақсат-мүдделі, саналы еңбек қызметінің нәтижесі болып табылады. Кең мағынада алғанда адамдардың еңбек қызметі қоғам өмірінің табиғи қажеттілігі, оның материалдық негізін қалыптастыру ретінде көрінеді.                                                 

          Еңбектің қоғамдық ұйымдастыру  ұғымын терең түсіну үшін кейбір  бастапқы ережелерді қарастыру  қажет. Бұл, ең алдымен, материалдық  және рухани игіліктерді жасауға  бағытталған адамның мақсатты  қызметі ретінде еңбектің сипаттамасы.  Бұл жағдайда әңгіме еңбек  процесінің өзі туралы, адам мен  табиғат арасындағы қатынастар  туралы болып отыр. Адамның мақсатты  қызметі, еңбекетің мәні (бұл қызметтің  неге бағытталғаны) және өндірістердің  заттай элементтері, яғни еңбек  құрал-жабдықтары ретінде еңбекті  біріктіру еңбектің ұйымдық-техникалық  сипаты туралы түсінік береді. Екінші жағынан, кез келген қоғамдық өндіріс адамдардың бірлескен, ұжымдық қызметін көздейді. Бұл ретте әңгіме өндіріс процесіндегі адамдар арсындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамдардың бірлескен еңбек процесіндегі олардың еңбегін пайдалану жөніндегі адамдар арасында қалыптасқан барлық қатынастардың жиынтығы еңбекті қоғамдық ұйымдастыру (қоғамның немесе жеке кәсіпорын ауқымында) ұғымы туралы түсінік береді. Бұл орайда өндірістің техникалық жарақтануына адамдардың бірлескен қызметінің тиімділігі байланысты болады.

          Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру  элементтері қатарына мыналар  жатады: қоғамның еңбек ресурстарының  болуы мен олардың жай-күйі, еңбекті  бөлу мен кооперациялау, еңбек  тәртібін қамтамасыз ету және  бірлескен еңбек процесін басқару,  еңбек шараларын және өндірістің басқа да жағдайларын белгілеу, өндірілген өнімді бөлу тәртібі мен осы процеске өндірушілердің өздерінің қатысу деңгейі, жұмыс күшін ұдайы ұлғайту (кәсіби даярлық).

 

          Қазақстан Республикасындағы экономикалық  реформа мен нарықтық қатынастардың орнығуы жағдайларында еңбекті қоғамдық ұйымдастыру мәселелері ерекше әлеуметтік маңызға көтерілуде. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынастарының түбегейлі өзгеруімен, әрі соған сәйкес қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымын қалыптастырумен, еңбекті басқарудың тиімді тетігін жасау қажеттілігімен, қоғамдық-еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа нысандары мен әдістерін іздестірумен байланысты болып отыр. Бұл жағдайларда жұмыс беруші мүдделері мен қызметкер мүдделері арасындағы теңдестікті қамтамасыз ету проблемасы қолданылып жүрген заңнамада қағидатты шешімін алуы тиіс.

          Ел Президентінің «Қазақстан-2030»  Қазақстан халқына Жолдауында  адам ресурстарының жай-күйіне  жоғары баға беріледі, ал олардың  сапасы біздің басты активтеріміздің  қатарында қарастырылады. Республикада ғылыми және творчестволық әлеуметтің жоғары деңгейіне ие болып отырғпн жоғары білімді халық бар, мұның өзі, сөз жоқ, біздің халқымыздың және бұрынғы жүйенің аса ірі жеңісі болып табылады. Сонымен, бірмезгілде қолда бар еңбек ресурстары қоғамның бағалы капиталы ретінде неғұрлым жаңарған және өркениетті нысандарда дамуы тиіс.

          Еңбекті қоғамдық ұйымдастыруға,  еңбек ресурстарын қайта бөлуге  мемлекеттің экономикалық саясаты  тікелей әсер етеді. Табиғи  ресурстарды байытып әзірлеу,  инфрақұрылым, коммуникация және ақпарат секілді экономика секторларының республика үшін елеулі маңызы бар. Оларды дамыту экономикалық жағынан өсумен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік саланың дамуымен де, Қазақстанның халықаралыққауымдастыққа интеграциямен де байланысты. Индустриальдық стратегия республиканың тіректі саласы – мұнай-газ өндіру секторын,   сондай-ақ барлық өндіруші өнеркәсіпті недәуір дамытуды көздейді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай және газ өңдеуді, химия мен мұнай-химия, машина жасаудың көмекші салаларын, түбегейлі ғылымды көп қажет ететін өндірістерді, қызметтер көрсету, туризм салаларын жедел қарқынмен дамыту көзделіп отыр. Артықшылықтар ретінде ауыл шаруашылығы, ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, тұрғын үй құрылысы әрі инфрақұрылымды жасау одан әрі дамитын болады. Осының бәрі экономиканыңқұрылымдық мәселелерін ғана емес, сонымен бірге халықтың салалық жұмыспен қамтылуы мәселелерін де шешеді.

          Қазақстан Республикасының экономикалық өсу стратегиясы бірқатар негізгі қағидаттарға құрылған, олардың арасынан – жеке меншік институтын нығайтуды, соның ішінде жерге меншікті, сондай-ақ меншік құқығын қорғайтынзаң жүйесін жасауды бөліп көрсеткен жөн. Республикада кәсіпорындарды жекешелендіру, негізінен, аяқталады. Сонымен қатар, өндірістің бір қатар салаларында, ауыл шаруашылығында және әлеуметтік секторда нарықтық қатынастардың деңгейі әлі де болса төмен күйінде қалып отыр. Осы жағдайяттардың бәрі еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда теріс ықпал етуде.

          Соңғы жылдары республикада жеке  кәсіпкерлік, шағын бизнес, кәсіпкерлік  қызмет бостандығына кепілдіктер  белгілеу жөнінде мемлекеттік  қолдау көрсету тұрғысында бірқатар  маңызды шаралар қабылданды. Мәселен,  Қазақстан Республикасының  1992ж. 4 шілдедегі №1543 – XI “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” Заңы жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі нысандарын белгілейді, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметіне тікелей араласуынан бас тарту саясатын, деке кәсіпкерлердіңбарынша еркіндігін, коммерциялық құпияны қорғауды және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкерлігін баянды етеді ( Жаршы, 1992, №16 ст. 424); Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәірдегі “Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет бостандығына құқықтарын қорғау туралы” Жарлығында жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін кедергілерді жою жөніндегі шаралар көзделген, соның ішінде орталық дербес орган ретінде Шағын бизнес қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі құрылды.

          Сөз жоқ, материалдық игіліктерді тікелей өндірушілер ретінде жалдамалы қызметкерлер мүдделерін қорғау, олар үшін еңбектің салауатты әрі қауіпсіз жағдайларын туғызу мызғымайтын бағыт болып қала береді. Мұның өзі меншік иесі (жұмыс беруші) мен қызметкердің өндірістегі теңсіздігімен байланысты болып отыр, сондықтан да мемлекет оларға еңбектің қалыпты жағдайларын жасау бөлігінде жалдамалы қызметкерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Әсіресе жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіби оқытып – үйрету еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың маңызды элементерінің бірі болып табылады. Нарықтық экономиканы дамыту жағдайларында еңбекті қолданудың жаңа салаларын  азаматтарды даярлау толық әрі тиімді қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды фактор болып табылады, және халықты қорғаудың негізгі шараларының бірі ретінде қарастырылады. Мысалы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Халықты еңбекпен қамту туралы” Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби дайындау, қайта дайындау, олардың біліктілігін көтеру, жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның жолдамасы бойынша, еңбек рыногының мұқтаждығы ескеріліп, күшіндегі заңнамаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, білім беру жүйесінің оқу орындарында немесе білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

          Нарықтық экономиканың Қазақстан  Республикасында қалыптасуының  қазіргі кезеңінде еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды реттеу мәселесінде еңбек құқығының рөлі артуда. Құқықтық реттеу өндірісті ұйымдастыруға, еңбек өнімдерін таратып бөлуге және айырбастауға, бірлескен еңбек процесіндежұмыскерлердің келісімді жұмысын қамтамасыз етуге, жекеленген адамдардың іс-әрекетін өндірістің жалпы тәртібіне бағындыруға байланыста көптеген мәселелерді қамтиды. Еңбек құқығы өндіріс процесіндегі адамдар арасында қалыптасатын қатынасты сол қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен заңдық міндеттерін белгілеу арқылы реттейді, оған тиянақты форма, тұрақты сипат береді. Еңбек қатынастарының құқықтық формасы, қажет болған жағдайларда,тиісті мәжбүрлеу әрекеттерімен қамтамасыз етіледі.

          Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың (құрылымдық тұрғыда) еңбек құқығы  жүйесін құруда объективтік фактор  болып табылатындығын атап өткен  жөн. Атап айтқанда, еңбекті қоғамдық  ұйымдастырудың элементері мен  еңбек құқығының негізгі институттары арасында заңды байланыс бар. Қоғамның еңбек ресурсының болуы, оның жағдайы және пайдаланылуы еңбекпен қамтылу және жұмысқа орналасу институтын құрайтын құқықтық нормалардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Бұл институттын қызметтік рөлі құқықтық кепілдіктерді анықтауға, еркін еңбекке, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, жұмыссыздықтан сақтануға конституциялық құқығын әр адамның іске асыруы үшін қажетті экономикалық және ұйымдық негіздерді бекітуге келіп тіреледі. Мәжбүрлеп жұмыс істеугетек сот үкімімен не төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабының 1тармағы; Еңбек туралы Заңның 6 бабы).

          Еңбектің бөлінуіне және топтастырылуына  еңбек құқығы нормаларыныңжіктелуі  ықпал жасайды. Еңбектің объективтік  және субъективтік факторлары  жіктелудің негіздемесі болып  табылады. Мысалы, экономиканың қандай  да бір саласының ерекшелігі, денсаулық үшін қауіпті жұмыс,  өнеркәсіпте туындайтын қиындық,  қолайсыз табиғи жағдай, кәсіпорынның  шалғай орналасуы, т.б. объективтік  факторларға жатады. Мұндай жағдайларда еңбек ақы төлеуде және еңбекті қорғауда әртүрлі жеңілдіктер мен кепілдіктер, әлеуметтік сақтандыру, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын тиісінше белгілеу заңнамада көзделеді. Жұмыскердің жынысы, жасы, жұмыс істеу қабілетіндегі кемдік (әйел, жас өспірім, мүгедек, т.б.) жағдаяттың субъективтік жағына жатады. Бұл жағдайда да осы адамдардың еңбегін ұйымдастырудың өзінше тәртібі, оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер беру заңнамада көзделеді.

         Еңбек тәртібін қамтамасыз ету  және бірлескен еңбек процесін  басқару – еңбек тәртібі институтының  басты міндеті. Құқықтық санат  ретінде еңбек тәртібі өзара міндеттемелерге негізделген: жұмыскердің міндеттемесі – ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағына отырып өзіне жүктелген еңбектік міндеттерді ойдағыдай орындау және жұмыс берушінің міндеттемесі – материалдық және моральдық мадақтау шараларын (қажет болған жағдайда тәртіптік ықпал ету шараларын) пайдалана отырып кәсіпорынның қажетті жұмыс режимін сақтау, жұмыскерлердің бірлескен еңбек процесін еңбек заңнамасының, ұжымдық және жеке еңбек шартарының шеңберінде басқаруды қамтамасыз ету.

          Еңбек өлшемін және өндірістің  басқада жақтарын белгілеу жұмыс  уақыты мен демалыс уақыты, еңбекті  қорғау , т.б. институттарды құқықтық реттеудің мәнін құрайды. Бұл өндірістің ерекшелігі мен сипатын ескере отырып еңбектің ұзақтығын (қалыпты, қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты және оның режимі), демалыс уақыттарының түрлерін (жұмыс кезіндегі үзілістер, демалыстар) жұмыс процесі кезінде адамның қауіпсіздігіне, денсаулығының, жұмыс қабілетінің сақталуына кепілдік беретін әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық – техникалық және емделу – сауықтыру шаралары мен құралдарын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.

        Өндірілген  өнімнің таратылу тәртібі және  өндірушіліердің өздерінің сол  процеске қатысу дәрежесі еңбек  ақы төлеу институтымен байланысты. Бұл институт еңбек ақы төлеу саласында жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері, сондай – ақ мемлекеттің ең аз мөлшерден төмен емес еңбек ақы төлеу кепілдемесін анықтайды. Ал мемлекет еңбек ақының бұрын болған ең жоғарғы мөлшерін алып тастады. Еңбек ақы төлеуді мемлекет тарапынан реттеуді орталықтандыру шарттық әдістермен үйлесімін тауып отыр. Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақыны ұжымдық – шартты және жеке – шарттық реттеудің (ұжымдық шарттар, келісімдер) өзіндік салмағы артады. Еңбек ақы төлеуді реттеудің орталықтандырылған тәртібін алатын болсақ, ол мемлекеттік сектордың, негізінен, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлеріне таралады.

          Жұмысшы күшін, әсіресе босап  қалған жұмыскерлер мен жұмыссыздарды  кәсіби оқу жүйесі арқылы қайта  дайындау күшіндегі заңнамада  көзделген жеңілдіктер арқылы  жүзеге асырылады. Бұл білімдендіру  жүйесінің құрлымын білім беру  қызметін жүзеге асыратын ұйымдар  құрайды (жоғары, арнайы орта, кәсіби  – техникалық, қайта дайындау, т.б.). Мұндай оқу орындарын бітірушілерге  әлеуметтік – құқықтық қорғау  шаралары белгіленген. Белгіленген  тәртіп бойынша жұмыссыз деп  танылған адамдарға кәсіби білім  беруді ұйымдастыру мәселесіне заңнамада ерекше көңіл бөлінген.

Информация о работе Трудовое право