Инвестициялық процестің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 20:50, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық процестің қоғамдағы, соның ішіндегі әлеуметтік саладағы тиімділігі сауатты зерттеліп дайындалған, нақты жасалынған инвестициялық жобаға байланысты. Қандай да бір болмасын күрделі, не қарапайым инвестиция жоба арқылы жүзеге асырылады. Жоба – инвестиция қарсаңы кезеңіндегі басты мақсат.
Нарықтық экономикада жоба тек қана инвестицияға байланысты құжаттарды дайындау ғана емес, ол қай салада, кім арқылы және қалай аяқталады деген мәселелерді шешетін жұмыстардың жоспары болып табылады. Яғни, инвестициялық жоба осы бағыттағы мақсатқа сай нақты анықталған, заңды құжаттарға негізделген қаражаттардың жиынтығы және техникалық ұйымдастыру комплексі.

Содержание работы

1. Қаржылық және нақты инвестициялық жобалар.
2. Инвестициялық құжаттарды дайындау кезеңдері.
3. Инвестициялау жағдайын Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі қандай белгілері анықтайды.
4. Жобаны жүзеге асыру. Жобалық талдаудың негізгі аспектілері.
5. Бизнес – жоспардың құрылымы.
6. Қазақстандық кәсіпорындардың маркетингтік стратегиясы.
7. Төлемдер ағыны негізінде табыстылықты анықтау.

Содержимое работы - 1 файл

жобаларды талдау.doc

— 856.50 Кб (Скачать файл)

Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.

Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

        жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;

        инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;

        инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;

        жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;

        жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

[өңдеу] Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.[11]

[өңдеу] Жобалық несиелеу

Жобалық несиелеу – бұл халақаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:

        инвестициялаудың стратегиясын дайындау;

        инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;

        инвестициялық приоритетті анықтау;

        баламалы нұсқаларды қарастыру;

        инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;

        бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.

Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер, сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады.

Сонымен қатар, қарыз алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай жағымсыз жақтары көрініс береді:

        тәуекелдің жоғарлығына байланысты несие бойынша пайыздың өсуі және комиссиондық ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін, жобалық бақылау жүргізгені үшін алнатын ақы);

        жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, пайдалы қазбаларды табу жұмыстары, қоршаған ортаға жобаның тигізетн зияндары, терең маркетингтік зерттеулер, т.б.);

        несие алуға деген өтініш пен оны несиелеу туралы шешім қабылдау кезеңдерініңұзақтығы;

        қарыз алушының қызметіне банк тарапынан жүргізілетін

        бақылаудың қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);

        кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.

Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жобалармен тығыз жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.

Жоба – бұл белгілі-бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылър !оаъдкуісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын, кәсәпорынды қайта құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинифильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б.[12]

[өңдеу] Санаттары

Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай талдаудың негізгі ұғымы «жобаның өмір сүру циклі» болып табылады. «Өмір сүру циклі» деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз.

Жалпы алғанда, жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:

  1. инвестициялық шешім қабылдау;
  2. инвестициялау;
  3. жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.

Әр кезең шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ кезеңдердің нақты сатыларға бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық жоба жүзеге асырып жатқан әр елдің экономикасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Екіншіден, инвестициялық жобаға қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер, жобалық компаниялар, мердігерлер, қарыз берушілер және инвесторлар, т.б.) және әрбір қатысушының жобалық циклға деген көзқарасы әр түрлі болады.

Мысалы, инвестициялау алдындағы кезең мынандай сатылардан тұрады:

        инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарын жинақтау;

        жобаны алдын-ала дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын даярлау;

        жобаны жасауды аяқтау және оның техникалық және қаржылық тиімділігін бағалау;

        жоба бойынша нақты шешімдер қабылдау.

Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:

        келісім-шарт жасау және теңдер жұмыстарын ұйымдастыру;

        құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;

        құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.

Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін қысқаша түрде былай сатылауға болады:

        монтаждау;

        жөндеу;

        өндіріс;

        жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру.

Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр. Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны дайындау мен жүргізу процесін бұзады.[13]

[өңдеу] Жобалық циклi

Несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклға қатынасы әр түрлі:

  1. Жобалқы цикл қарыз алушы үшін едәуір ұзақ уақыт шеңберінде іске асады, яғни, ол жоба идеясының пайда болуынан бастап, оның аяқталуына дейінгі мерзімді қамтыса, ал несие беруші үшін жобалық цикл қарыз алушыдан өтініш келіп түскен уақыттан бастап, қарыз алушының несие және несиелік шарт бойынша барлық міндеттемелерін өтеген уақытқа дейінгі мерзімді қамтиды, яғни, банк үшін жобалық цикл мерзімі қысқалау.
  2. Қарыз алушы мен несие беруші жобалық циклдың жекелеген сатылары шеңберінде өздеріне маңызды түрлі кезеңдерді белгілейді. Жобаның мейлінше үйлесімді іске асуы несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклдағы бір-бірінің кезеңдерін толық білуіне байланысты.

Банкке қарыз алушының жобалық циклін толық білу мынандай мәліметтер алу үшін қажет:

        жобаны іске асырудағы барлық шығындар мен түскен табыстарды білу үшін;

        жобаны іске асыруда пайда болатын тәуекелдерді анықтау үшін;

        жобаны іске асыруда өз бақылау кестесін құру үшін.

Айта кететін жайт, жобалық циклдың үш сатыға бөлінуі барлық жобаларға тән. Кейбір банктерде бұдан басқа да қосымша сатылар болуы мүмкін.

Мысалы, ХҚДБ мамандарының сараптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:

  1. Жобаларды таңдау;
  2. Жобаларды дайындау;
  3. Жобаларды бағалау;
  4. Келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту;
  5. Жобаны жүзеге асыру және оны бақылау;
  6. Жобаның нәтижелерін бағалау.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер жобалық құжаттар, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындайды. Мұндай нұсқаулар жобаның тез іске асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады.

Әлемдік банктің мәліметтеріне сүйенсек, инвестициялау алдындағы кезең шығындарын былайша топтауға болады:

        жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы-0,2-1%;

        инвестициялық зерттеулер 0.25-1.5%

        жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

        шағын жобалар үшін-1,0-3,0%;

        ірі жобалар үшін-0,2-1,0%.

Жобалық циклдың алғашқы кезеңінде экономикалық міндеттерге нарықтық талаптарға байланысты жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор мен Үкіметтің өндірістің қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, табиғат ресуртарын тиімді пайдалану, жұмыссыздықты жою үшін пайда болған ойларынан бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрі болғандықтан, оның ең ұтымды нұсқасын таңдаудағы бір-бірден шарт-жобаның болашақтағы тиімділігі. Алғашқы кезеңдерде жобаларды таңдау сандық талдауларға байланысты емес, сапалық таңдауларға, логикалық сызбаларды таңдау, т.б. факторларды есепке алу арқылы жүргізілуі керек.

Ол үшін алдын-ала мынандай мәсәлелер талданады:

        нарық сұранысына байланысты өндіріс көлемі;

        қажетті қаржы көлемі;

        материалдық және еңбек ресурстарының жеткіліктілігі;

        саяси-ұйымдық және басқарудағы кедергілердің мүмкін болуы ,т.б.

Инвестициялау алдындағы кезеңде, ең алдымен, жобаны талдайды, есептейді, сайып келгенде оның тиімділігін бағалайды. Осы мақсатта жобалық шешімдерді негіздеу және дайындау үшін әдістемелік тәсілдер жиынтығы, яғни, инвестициялық жобаларды талдауды қолданады.Жобалық талдаудың мақсаты – іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау. Жобаның нәтижелігі жобадан түсетін табыстар мен жобаға жұмсалатын ресурстардың арасындағы айырмамен сипатталады.[14]

[өңдеу] Міндеттер

Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:

  1. Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
  2. Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
  3. Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
  4. Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.

Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар және т.б. жатады.

Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.

Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:

        жобаны экономикалық талдау,

        жобаны техникалық талдау;

        жобаны коммерциялық талдау;

        жобаны ұйымдастырушылық талдау;

        жобаны әлеуметтік талдау;

        жобаны экологиялық талдау;

        жобаны қаржылық талдау.

Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар мен әдістерге негізделген.

Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады.[15

 

 

 

 

Бюджеттік инвестициялық жобаларды қалыптастыру және оларды іске асыру мониторингінің инвестициялық ұсыныстарын қарастыру кезеңі

1 кезең. Инвестициялық жобаларды қалыптастыру:

– жобаны аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізу.

Инвестициялық ұсыныстар нысанды аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізгеннен кейін қалыптастырылады.

Ол бағдарламада жоқ болғандықтан салалы басқармамен іс-шаралар жоспарына енгізу мәселесін пысықтау қажет.

Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына өткізілген мониторинг қорытындылары бойынша өзгерістер енгізіледі.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі салалық басқармаға құрылыс бойынша нысандарды енгізу бойынша ұсыныстар жолдайды. Салалық басқарма әкімшілер ұсыныстарын қарастырады және іріктейді, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына әрі қарай енгізу үшін іріктелген ұсыныстарды жолдайды.

– салалық сараптама өткізу.

Салалық сараптама:

1) облыстық бюджет есебінен БИЖ іске асырылған жағдайда – салалық облыстық басқармамен;

1.       аудандық (қалалық) бюджет есебінен БИЖ іске асырылған жағдайда – салалық бөлімдермен өткізіледі.

2 кезең. Инвестициялық ұсыныстар ұсыну:

– экономика бөліміне құжаттар пакетін жолдау.

Инвестициялық ұсыныстарға енгізілуі тиіс құжаттар тізімі:

ТЭН әзірлеу қажет болған жағдайда

ТЭН әзірлемей

– ақпараттық парақ;

– бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің немесе түзетудің, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізудің құнын негіздейтін ақпарат;

– бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-і бойынша өзгеруі болжамданған техникалық шешімдер көрсетілген салыстырма кестесі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның бекітілген ТЭН-і (бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-і түзетілген жағдайда);

– бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-аң оларға қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырма;

– инвестициялық ұсыныстың салалы сараптамасы

– ақпараттық парақ;

– БИЖ ТЭН әзірлеуді қажет етпейтін жобалар жөніндегі жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу (байлам) және сараптама өткізу бойынша есептер және негіздемелер;

– жобалауға тапсырма;

– инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасы.

Инвестициялық ұсыныстар 25 сәуірден кешіктірілмей ұсынылу қажет.

– экономикалық сараптама алу

Экономика бөлімі инвестициялық ұсыныстарды қарастырады, 20 күн ішінде экономикалық сараптама дайындайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жолдайды.

Инвестициялық ұсыныстар бойынша экономикалық қорытынды мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы қажет:

1) жоба бойынша жалпы ақпарат;

2) стратегиялық жоспарда айқындалған міндеттерді орындаудан күтілетін нәтиже;

3) қаржыландыру көздері мен көлемі;

4) жобаны басқарудың институционалдық схемасының пысықталуы (іске асыру барысында да, инвестициялаудан кейінгі кезеңде де барлық жобаға қатысушылар туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы);

5) тікелей нәтиженің өлшенетін (сандық) көрсеткіштерінің болуы;

6) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеудің немесе түзетудің, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құны есептемелерінің негіздемесі;

7) қорытындылар.

– бюджеттік комиссияда инвестициялық ұсыныстарды қарастыру

Тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытынды мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) БИЖ-дің (-дердің) атауы;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыруына ұсынылатын БИЖ-дің (-дердің) ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу құны;

3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қаржыландыруына ұсынылатын БИЖ-дің (-дердің) ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу құны;

4) БИЖ-дің (-дердің) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі;

5) БИЖ-дің (-дердің) ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырманы бағалау;

6) нәтиже көрсеткіштерін бағалау.

– бюджеттік инвестициялық жобалар тізімін қалыптастыру

Инвестициялық ұсыныстарда қамтылған бюджет комиссиялары мақұлдаған БИЖ бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган БИЖ-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ТЭН тізбесін қалыптастырады.

3 кезең. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын өткізу.

– ТЭН әзірлеу немесе түзету бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бюджеттік өтінім енгізу.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне келесі құжаттар пакетін қоса берумен бюджеттік өтінім ұсынады

– инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы;

– инвестициялық ұсыныстың салалы сараптамасы;

– бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің немесе түзетудің, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізудің құнын негіздейтін ақпарат;

– бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-і бойынша өзгеруі болжамданған техникалық шешімдер көрсетілген салыстырма кестесі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-і (бюджеттік инвестициялық жобаның бекітілген ТЭН-і түзетілген жағдайда);

– бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-аң оларға қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырма.

– ТЭН әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу туралы қаулы дайындау.

Экономика бөлімі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде ТЭН әзірлеуді және түзетуді қажет ететін жобалар тізімін қалыптастырады және олар бойынша қаулы дайындайды.

Қаулыға қол қойылғаннан кейін 003 бөлу бюджеттік бағдарламасынан қаражаттар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 108 бағдарламасына қайта бөлінеді.

– ТЭН әзірлеу және қажетті сараптама өткізу

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 102 және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 276 бірлескен бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес ТЭН әзірлейді.

Ай сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері экономика бөліміне ТЭН әзірлеудің ағымдағы жағдайы туралы ақпарат ұсынады. Ақпаратта келесілер болуы тиіс:

– БИЖ-дің атауы;

– ивестициялық ұсынысты енгізген бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы;

– БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізуге қажетті (бөлінген) ақша қаражатының мөлшері;

– БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу кезінде игерілген ақша қаражатының мөлшері;

– БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу мерзімдері;

– БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу барысы туралы ақпарат.

ТЭН-ге мемлекеттік сараптама алғаннан кейін әкімші экономикалық сраптама өткізу мақсатымен экономика бөліміне құжаттардың толық пакетін ұсынады.

Экономикалық сраптаманы 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органмен анықталған заңды тұлға өткізеді.

Экономикалық сараптама алғаннан кейін экономика бөлімі жобаға экономикалық қорытынды дайындайды.

4 кезең. Жобаға бюджеттік инвестициялық жобаны енгізу.

– БИЖ инвестициялық жобалар тізіміне енгізу

Бюджеттік комиссиямен мақұлданған жобалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінім құрамында толық құжаттар пакетін ұсынады.

– жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.

Жобаны бюджетке енгізгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жобалау-сметалық құжаттама әзірлейді.

Бюджет жобасына енгізілмеген жобалар бойынша ЖСҚ әзірлеуге жол берілмейді.

5 кезең. Инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі.

– жоспар-кесте ұсыну

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 1 ақпанға және 20 тамызға дейінгі мерзімде тиісті қаржылық жылға бюджетік инвестициялық жобаларды іске асырудың жоспар-кестесін ұсынады.

Бұдан басқа, бюджетті анықтаған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітілген жоспар-кесте ұсынады.

– БИЖ-ны іске асыру мониторингін ұсыну

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 20 ақпанға және 20 тамызға дейінгі мерзімде келесі есептілік құрамында экономика бөліміне ақпарат ұсынады:

1) жоспар-кесте;

1.       мониторинг бойынша есеп;

2.       мониторинг бойынша жиынтық анықтама;

3.       БИЖ-дің паспорты;

4.       ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жоба паспорты;

5.       Ганта диаграммасын салу үшін ақпарат;

7) БИЖ-дің ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі;

8) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері.

Информация о работе Инвестициялық процестің