Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 20:50, курсовая работа
Инвестициялық процестің қоғамдағы, соның ішіндегі әлеуметтік саладағы тиімділігі сауатты зерттеліп дайындалған, нақты жасалынған инвестициялық жобаға байланысты. Қандай да бір болмасын күрделі, не қарапайым инвестиция жоба арқылы жүзеге асырылады. Жоба – инвестиция қарсаңы кезеңіндегі басты мақсат.
Нарықтық экономикада жоба тек қана инвестицияға байланысты құжаттарды дайындау ғана емес, ол қай салада, кім арқылы және қалай аяқталады деген мәселелерді шешетін жұмыстардың жоспары болып табылады. Яғни, инвестициялық жоба осы бағыттағы мақсатқа сай нақты анықталған, заңды құжаттарға негізделген қаражаттардың жиынтығы және техникалық ұйымдастыру комплексі.
1. Қаржылық және нақты инвестициялық жобалар.
2. Инвестициялық құжаттарды дайындау кезеңдері.
3. Инвестициялау жағдайын Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі қандай белгілері анықтайды.
4. Жобаны жүзеге асыру. Жобалық талдаудың негізгі аспектілері.
5. Бизнес – жоспардың құрылымы.
6. Қазақстандық кәсіпорындардың маркетингтік стратегиясы.
7. Төлемдер ағыны негізінде табыстылықты анықтау.
3. Ұйымдастырушылық құрылымын талдау. Инвестициялық жобаның осы бөлімі неғұрлым қиын, өйткені бұл мәселе бойынша қазақстандық кәсіпорындарда тәжірибе толығымен жоқ. Кәсіпорында қабылданған ұйымдастырушылық құрылым жобаның дамуын ұстап қалмауы керек. Кәсіпорында шешім қабылдау процесі қалай жүріп жатқаны мен оларды орындау жауапкершілігінің бөлінуі қалай жүзеге асып отырғанын талдау қажет. Әзірленіп жатқан инвестициялық жобаны басқаруды дербес басқару құрылымына бөлуіміз керек екендігін ұмытпаумыз керек, яғни кәсіпорын бойынша иерахиялық құрылымнан матрицалық иерархиялық басқару құрылымына тұтас өту керек.
Сыртқы факторларды талдағанда негізгі басымдылықтар келесі аспектімен шарттасылған.
1. Мемлекеттік саясат, мұнда нақтырақ талдау үшін келесі позициялар бөлінеді:
тауарлар мен шикізатты импорттау және экспорттау шарттары;
шетелдік инвесторлар үшін құралдарды салу және тауарларды экспорттау мүмкіндіктері;
еңбек туралы заңдар;
қаржылық және банктік реттеудің негізгі ережелері;
бұл позициялар батыстық стратегиялық инвесторлардың тартылуын керек ететін жобалар үшін неғұрлым маңызды болады.
2. Мемлекеттің мақұлдауы. Берілген факторды мемлекеттің экономикалық масштабтарының маңызды міндеттерін шешуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар үшін қарастыру қажет. Бұл жерде мақұлдау үшін уақыт факторы неғұрлым маңызды. Кейде жоба техникалық, қаржылық және экономикалық жағынан мінсіз болса да, жобаға ақшаларын қазір салуға дайын инвесторлардың болғанымен, мемлекеттік шешім 1-2 жылға тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайы ең қауіпті болып көрінеді. Нәтижесінде инвестор ақшасын басқа жобаға салады.
1.6 Тәуекелді талдау
Тәуекелді талдаудың мәні мынада. Жіберілген сапасына тәуелсіз болашақтың әрқашанда белгісіздік элементі бар. Мысалы, керекті мәліметтердің көп бөлігі қаржылық талдау үшін (шығындар элементтері, бағалар, өнімнің сатылу көлемі және т.с.с.) белгісіз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жаққа да, жаман жаққа (пайданың төмендеуі) да өзгеруі мүмкін. Тәуекелді талдау барлық өзгерістерді, қай жағына болса да, есепке алуды қажет етеді.
Жобаны іске асыру процесінде келесі элементтер өзгеріске ұшырауға бейім: шикізат пен қосалқы бөлшектердің құны, капиталдық шығындардың құны, қызмет етудің құны, сатудың құны, бағаның құны және т.с.с. Нәтижесінде шығатын параметр, мысалы, пайда кездейсоқ болады. Тәуекел ықтималдық таралу мен ықтималдықтар түсінігін қолданады. Сонымен тәуекел теріс пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгеріс диапазоны қаншалықты кең болса, жоба тәуекелділігі соншалықты жоғары.
Кейде тәуекелді талдау процесінде төмендегі нұсқау бойынша жүргізілуі мүмкін сценарийді талдаумен шектеледі.
базалық;
белсендігі неғұрлым төмен;
белсендігі неғұрлым жоғары (міндетті түрде емес).
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, маркетингтік бөлім жобаларды талдауды анықтаушылық мәнге ие, өйткені жобаның өмірге қабілеттілігін бағалау үшін керекті нарықтық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда сапасыз маркетингтік талдау нәтижесінде фирма едәуір ақша құралдарын шығындап, жабдықтау мен өнімді өткізу операцияларын іске асыруға күш жұмсағанымен, ойдағы пайдаға жете алмайтын жағдайлар кездеседі.
Инвестициядан туындайтын жалпы ақшалай ағым қаржылық феноменді есепке ала отырып, оның (инвестицияның) шамасын жабатын болса, жоба қаржылық критерийлер тұрғысынан қабылданады.
Экономикалық талдау әдетте мемлекеттің тапсырысы бойынша жасалатын және ұлттық мағыналы міндетті шешуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларға жүргізіледі. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өз бастамасы бойынша әзірлеп, инвесторды өз бетімен тартса, онда бұл істің нәтижесінде жобаға қатысушыларының жалпы ұтысы негізделеді, ең алдымен жобаға қаржылық ресурстарын ұсынған заңды және жеке тұлғалар үшін.
Жобаның өтелімділігін бағалау кезіндегі инфляцияны есепке алу мәселесі қарама-қайшылықты болып келеді. Әрине, уақытта өріс алған ақша ағымдарын ақшаның сатып алушылық қабілетінің өзгеруіне байланысты қайта санау керек. Сонымен қатар инвестициялық жобаның тиімділігі туралы соңғы қорытынды инфляциялық әсерді ескерусіз жасалуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, инвестициялық жоба соңында бизнес жоспар түрінде толтырылады. Бизнес-жоспарда, дәстүр бойынша, жоғарыда берілген сұрақтар көрсетіледі. Бизнес-жоспардың өмірдің барлық жағдайына арналған стандарттары жоқ екенін де ескеру керек. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары бірінші кезекте жобаның болашақтағы жағдайын шешетін инвестициялық іскерліктің талаптарын қанағаттандыру керек.
5. Бизнес – жоспардың құрылымы.
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҮЛГІ ҚҰРЫЛЫМЫ
инвестициялық жобаларға арналған
1. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
2. ЖОБАНЫҢ ТҮЙІНДЕМЕСІ
3. КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ
4. САЛАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
5. ӨНІМДІ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ЖОБА ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАР
6. ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ
7. ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАРЫ
8. ТӘУЕКЕЛДІКТЕРДІ АЗАЙТАТЫН ТӘУЕКЕЛДІКТЕР МЕН ФАКТОРЛАР
9. ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
10. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫ
11. ҚОСЫМШАЛАР
II. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
III. ЖОБАНЫҢ ТҮЙІНДЕМЕСІ
Түйіндеме бизнес-жоспардың қысқаша шолуы және үш парақтан артық бетте берілген ең маңызды бөлімдердің бірі болып саналады.
Түйіндемеде келесі ақпарат болуға тиісті:
кәсіпорынның, оның ерекше пішіндерінің сипаттамасы, бүнгі күнге кәсіпорын қандай даму жолынан өтті;
басқарушы құрамды жіктеу жөнінде қысқаша мәліметтер, осы жобаға қатысты басқарушы құрамның қандай қабілеттері бар, басқарушы құрамның кәсіпорын капиталындағы қатысу үлесі қандай;
нарықтағы және саладағы жағдайдың сипаттамасы;
өнімнің немесе кәсіпорынның артықшылығы, компанияның ресурстары және оның ағымдағы қаржы жағдайы;
жобаның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттары, қандай өсу қарқынын күтуге болады, қандай табыстар алу жорамалданады, қандай уақыт кезеңі ішінде;
инвестицияны қажетсінуі, олар қалай пайдаланылады, болжалды қаржыландыру көздері мен олардың құрылымы, олар қалай қайтарылады (өтеледі), болжалды кепілзатпен қамтамасыз ету сипаттамасы мен құрылымы;
жобаны іске асыру орыны;
жоба тиімділігінің шешуші экономикалық көрсеткіштері;
жобаны іске асыру мерзімі мен кестесі (бірінші іске асыру жылы – әрбір ай бойынша);
жобаны іске асыру кезінде қандай тәуекелдер және қандай сыйақылар пайда болуы мүмкін.
IV. КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ
A. Компанияның қысқаша қалыптасу тарихы
Ұйымдастыру және қайта ұйымдастыру күні, қатысушылар құрамы, заңды мәртебесі
Өткен уақыт бойынша дамуы жөнінде мәлімет және дамуына ықпалын тигізген оқиғалар
Компанияның мақсаты
Қызмет профилінің ауысымы
Компанияның бірінші басшылар құрамының өзгеру серпіні
B. Компания құрылымы
Компанияның корпоративтік құрылымы
(Аты, орналасқан жері, барлық түптұлға және еншілес фирмалардың, филиалдардың және бөлімшелердің заңды мәртебесі)
Компанияның менеджерлері мен иелері (егер жобаланса, менеджменттегі болжалды өзгерістерді көрсету)
Компанияның ұйымдық құрылымы
(сызба түрінде бөлімшелердің қызметін көрсете отырып)
Жұмыскерлер саны мен кадрларды орналастыру
С. Өнім және көрсетілетін қызмет түрлері
Қызмет бағыттарының тізбесі
Өнім және көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі мен әрбір өнім түрі бойынша олардың жылсайынғы көлемі
Барлық өнім және көрсетілетін қызмет түрлерінің өзіндік құны (соның ішінде өнім түрлері бойынша)
Кәсіпорынның нарықтағы үлесі
Өткізу және өндірістің маусымдылығы
Өткізудегі тарихи және ағымдағы беталыстар
D. Компанияның несие тарихы
Банк атауы, өнім | Валюта | Сома | Мөлшерлеме, % | Берілген күні | Шарт бойынша өтеу күні | Нақты өтеу күні | Жоба мақсаты | Қамтамасыз ету (түрі, сома) | Ескерту |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
USD бағамы: _________
Барлық ірі несиелерге түсінік беру қажет.
E. Қолдағы бар және жаңа бизнестің ұштасуы
(міндетті түрде жобаны іске асыру қолдағы бар бизнеске қалай әсер ететінін суреттеу қажет)
F. Компанияның қаржы жағдайына талдау жасау
(Ақырғы үш жыл бойынша баланс баптарындағы ірі ауытқулар бойынша түсініктемеге қоса қаржы есеп-қисабына талдау беріледі)
V. САЛАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
A. Саланың сипаттамасы
саланың экономикалық секторын анықтау (өндіру, үлестіру, қызмет көрсету және т.б.);
өнеркәсіптің аталмыш саласы ұсынатын негізгі өнімдері мен көрсететін қызмет тізбесі;
маусымдылық;
салалық нарықтың географиялық орналасқан жері (жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық);
кәсіпорын жұмыс істейтін және жұмыс істеуді жобалайтын нарық сараланымының сипаттамасы;
іс жүзінде бар негізгі тапсырыскерлердің сипаттамасы;
әлуетті тапсырыскерлердің сипаттамасы;
ең перспективалық тапсырыскерлер (кему тәртібімен көрсету керек);
сала бойынша жалпы сату көлемі және нарықтың өзгеру беталысы
VI. ӨНІМДІ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ЖОБА ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАР
B. Өнім сипаттамасы.
аталмыш өнім түрін таңдау негізі
номенклатура, болжалды шығарылым көлемі;
өнімнің өзіне тән қасиеттері;
өнімнің даму сатысы (идеясы, жоба нұсқасы, жұмыс жобасы, тәжірибелі партия, әрекеттегі сериялы өндіріс)
C. Өнім нарығының сипаттамасы
Сұраным анықтамасы мен нарық мүмкіншіліктері.
Нарықтың ағымдағы үлесі, жобаны іске асыруға тура немесе жанама байланысы бар болжалды өзгерістер
Нарықтың негізгі даму беталысы және бағыттары (экспорттық әлуеті)
Нарыққа жаңа өндірушілердің (жеткізушілердің) енуі үшін шектеу бар ма, егер болса, қандай – квоталар, лицензиялар, кеден шектеулері және т.б.
C. Шикізат, материалдар мен басқа да өндіріс факторларының нарығын зерттеу және талдау
өндірістің шикізаттық және басқа да факторларының сипаттамасы;
шикізатқа, материалдар мен басқа да өндіріс факторларына қол жететіндік (шикізат, материалдар және басқа да өндіріс факторлары үшін есеп айырысу тәртібі);
жабдықтау бағдарламасы (жобаның әр жылына);