Дамыған елдерде инвестициялық жобаларды басқаруды қолдану тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 21:06, реферат

Краткое описание

Қазақстанда инвестициялық жобаларды басқаруды енгізу процесіне қатысушылар: республиканың бірқатар министрліктері мен ведомстволары, инновациялық даму институттары, Қазақстан Республикасы жобалық менеджерлерінің одағы, Жобаларды басқарудың Қазақстандық қауымдастығы, Халықаралық ақпараттандыру академиясы (Алматы қаласы), бірқатар ЖОО, консалтингілік компаниялар мен мекемелер.

Содержимое работы - 1 файл

Инвестицияларды дұрыс басқара білу docx.docx

— 50.39 Кб (Скачать файл)

Үшінші кезең 2015 – 2020 жылдар

Инвестициялық жобаларды  басқаруды дамыту елде жүйелі және бұлжымас сипатқа ие болады.Халықаралық құзіреттер орталықтарымен перманентті айқындалып отыратын Жобаларды басқару әдіснамаларының даму үрдістерімен сәйкестікте Инвестициялық ЖБ-ның ұлттық және салалық стандарттарына және кәсіпорындар, ұйымдар мен компаниялардың технологиялық жетілу стандарттарына  ағымдық өзгерістер енгізіледі.      //http://www.aef.kz/kz/innovative/investment_in_kazakhstan/kazakhstan//

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Елде Тұжырымдаманы  іске асырудың нәтижесінде инвестициялық жобаларды басқаруды ілгерлетуді қарқындату механизмі тиімді іске асырылады. Елде жобаларды басқарудың заманға сай технологияларын ілгерлетуге жағдай жасайтын әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, нормативтік-құқықтық база дамиды. Жобаларды басқару кәсіпқой қызметтің маңызды саласы ретінде қалыптасады. ҮИИД бағдарламасы қажетті көлемде жоғары білікті топ-менеджерлермен, басшылармен және жобалар командаларының мүшелерімен қамтамасыз етіледі.

ЖОО-ларда жобаларды  басқару және стратегиялық жоспарлау  саласында мамандар дайындау басталады. Бұл ұлттық инновациялық жүйенің  нық қызмет етуіне мықты негіз  болады. Бизнес, ғылым және білім  саласында серпінді инновациялық жобалар  жасау үшін креативті мамандардың  мықты жігі құрылатын болады.

Жобалық бағыт-бағдар қызметіне қатысушылардың түрлі  санаты бірқатар артықшылықтарды иеленеді:

  1. Инвесторлар – мемлекеттік және жеке жобалар ашықтығының артуы; тәуекелдіктердің азаюы мен бақылауға икемділігі; инвестициялық мүмкіндіктер аясының кеңеюі; жобалар қаражатын тиімді пайдалануды арттыру есебінде инвестициялық ресурстардың үнемделуі; инвестицияның қайтып оралу деңгейінің артуы.
  2. Компаниялардың иелері мен басшылары бәсекелестігін арттырып, активтерінің өсімін қамтамасыз етеді; шегерімдер азаяды, қосымша пайда түсіп, компанияның басқаруға икемділігі артады.
  3. Мемлекет жобалар мен бағдарламаларды нақты жоспарлап, іске асыру және қаражат пен құралдардың шығындалуына бақылау жасау мүмкіндігіне ие болады; тәуекелділік азаяды, ашықтық қамтамасыз етіледі; барлық деңгейдегі бюджеттердің шығыны азаяды; мемлекеттік басқару тиімділігі артады; жемқорлық сипатта тәртіп бұзу мүмкіндігі қысқарады; экономикалық қауіпсіздік артып, инновациялық және инвестициялық қызметтің тиімділігі артады.
  4. Қоғам республикалық және жергілікті бюджет тарапынан әлеуметтік секторға баса назар аударуына қол жеткізеді; өмір сапасы жақсарады; халықтың мемлекетке деген сенімі арта түседі.

Жалпы, азаматтық  қоғам институттары, мемлекеттік  басқару мен бизнес арасындағы қатынас  үйлесімге келеді. Әлемдік экономикалық және басқару ойларының ең жаңа жетістіктеріне негізделген басқарудың осы заманғы әдістерін енгізудің сапалы жаңа кезеңіне көшу үшін алғышарттар жасалатын болады.

Бұл тұрғыда жобалық  басқару мемлекеттік және қоғамдық басқаруда, экономика мен бизнесте, ғылым мен білім беруде, әлеуметтік және қоғамдық салада пайланылатын пәнаралық  әдіс-тәсілдің негізіне айналады. Бұл  мемлекет пен қоғамның барлық деңгейіндегі басқару ісінде сапалы өзгерістерге әкеледі және ауыспалы әлемде Қазақстан  Республикасы дамуының тұрақты және бақылауға икемді болуына мүмкіндік  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «.В.В.Ковалев, В.В. Иванов  «Инвестиции» Учебник.  2003г.         (“ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ И МЕТОДЫ ИХ ФИНАНСИРОВАНИЯ” IIІ  бөлімінің  “ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ И ИХ КЛАССИФИКАЦИЯ“ атты 8  тарауы)
  2. «Эк. Мем. Рет. өзекті мәселелері » Ихданов, Орманбеков: Алматы-2002

 

  1. «Қ. Р. Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы » :Астана-2003

 

  1. «Бизнес жол картасы 2020»

 

  1. «Ғылымды, инновацияны дамыту және технологиялық  модернизацияға атсалысудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы»

 

  1. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу  – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

 

  1. Инвестициялық жобалардың нарықтық экономикадағы  алатын рөлі / Усенбаев         Т.М.//       «КАЗЭУ ХАБАРШЫСЫ». – 20.12.2010

 

  1.       http://www.aef.kz/kz/innovative/investment_in_kazakhstan/kazakhstan/

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Дамыған елдерде инвестициялық жобаларды басқаруды қолдану тәжірибесі