Халықаралық тәжірибе
келесіні көрсетіп отыр: ANSI EVMS 749 стандарттары
тектес жобаларды интеграциялай
басқару әдіснамаларын қолдану
ғана жобаларды мемлекеттің мүддесінде
жүзеге асырудың ашықтығын қамтамасыз
етеді, шығындарды айтарлықтай қысқартады
және жобалардағы сыбайластықты
жояды.
Мемлекет басшысы
өзінің Қазақстан халқына жолдаған
«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Жолдауында: «Елдегі әрбір индустриалды
жоба тек жергілікті биліктің ғана
емес, сондай-ақ қоғамның айрықша бақылануына
алынуы тиіс», - деген болатын.
Клиенттік аспект Қазақстанның
16 миллион халқы үшін Жобаларды басқару
саласын реттейтін бірнеше халықаралық
және шетелдік стандарттар бір мезгілде
қолданылады. Ал, Қытайда 1,3 миллиард адамға
бір ғана C-PMBOK стандарты қолданылады. Жапония,
АҚШ, Австралия, Ұлыбритания және Швейцарияда
да өз ұлттық стандарттары бар. Президенттің
Қазақстан халқына Жолдауында (2010 жылғы)
жалпы инвестиция көлемі 6,5 триллион теңге
162 ірі жобаны іске асыру міндеті қойылған,
бұл елдің ІЖӨ-нің бестен екі бөлігінен
асады. Бұл міндетті шешу үшін, әрине, көптеп
жоғары білікті жобалық менеджерлерді
дайындауды талап етеді.
Бүгінгі таңда
Үдемелі индустриалды-инновациялық
дамудың мемлекеттік бағдарламасы
мен Бизнес жол картасы 2030 жүзеге
асыру ісінде жобалар мен бағдарламаларға
кәсіпқой басшылық жасау басты фактор
екеніне қарамастан, басшылық етуге
және жобалар мен бағдарламаларды
жүзеге асыруға қатысты мамандықтар
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің
мемлекеттік реестрінде болмағандықтан
елімізде инвестициялық жобаларды басқару
мамандығына қызығушылық төмен қалуда.
Алайда, нақ жобалық менеджерлер ғана
іс жүзінде клиенттердің мүддесін сақтап,
оларға барынша құндылық беруді қамтамасыз
ете алады. [3]
Ішкі бизнес-процестер.
Инвестициялық жобаларды басқарудыдамытудың
ұйымдар мен компаниялардың технологиялық
жетілуін арттырудың басты тежегіш факторы
Жабаларды басқару бойынша стандарттардың
болмауы болып табылады. ҮИИД және Бизнес
жол картасы 2030 мемлекеттік бағдарламалары
аясында жобаларды іске асытруға кірісе
отырып, Қазақстан «жоба», «жобалар мен
бағдарламаларды басқару» ұғымдарын мемлекеттік
деңгейде нормативтік құжаттармен бекітіп
алған жоқ. Ұлттық стандарттың болмау
жағдайында әлемдік тәжірибеде қолданылып
жүрген жобаларды басқарудың қайсысын
Стратегия – 2020-ны жүзеге асырушыларға
қолдану ұсынылады. ҮИИД бағдарламасында
тек операциялық (өндірістік) қызметтерді
реттеуге қатысты технико-технологиялық
стандарттарды жетілдіру жоспарланған.
Сонымен қатар, жобалық
басқару әдістемелерін стандарттау
мамандарды дайындау және жобаларды
одан әрі жүзеге асыру шығындарын
айтарлықтай азайтады.
«Персоналды үздіксіз оқыту
және дамыту» аспектісі. ҮИИД мемлекеттік
бағдарламасы мен Бизнес жол картасы 2020-ны
іске асыру аясында жоғары білікті жобаларды
басқарушылар тапшылығы өсе түсуде. Қазіргі
уақытта мемлекет орасан зор ресурстарды
Жобаларды басқару саласында сертификаты
жоқ отандық мамандарға немесе өз жұмыстарында
ағылшын тіліндегі стандарттарды пайланатын
шетелдік мамандарға сеніп тапсыруға
мәжбүр. Бұл ағылшын терминдерін мемлекеттік
және орыс тілдерінде бірыңғай түсініп,
қолдануға айтарлықтай кедергі келтіріп
отыр.
ҮИИД мемлекеттік
бағдарламасында индустриализациялаудың
аймақтық картасына енгізілген жобаларды
іске асыру үшін 186 мамандық бойынша
кадрлар дайындау және біліктілікті
арттыру іс-шаралары қарастырылған.
Кадрларды дайындау және тұрақты
жұмыс орындарын ашу бойынша
мемлекеттік тапсырыстарды мамандандырылған
сервистік ұйымдар, мемлекеттік
және жеке меншік білім беру құрылымдарының
арасында жайғастыру белгіленген.
Алайда, Жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік
классификаторына 2008 жылы енгізілген
«Жобаларды басқару» мамандығы бойынша
дайындық тек екі жоғары оқу орнында
ғана жүргізіліп, мемлекеттік білім
беру гранттарының саны 20-дан аспайды.
Әлемнің барлық ірі жоғары оқу
орындарында жобалық менеджерлерді
дайындау қарқынды жүргізіліп отырғанын
әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бізге
ірі сыртқы инвестицияларды тартудың
нәтижесінде Жобаларды басқарудың өзіндік
дербес әдісі бар батыс топ-менеджерлерінің
ағымы көбеюі мүмкін. Бұл қазақстандық
инвестициялық жобаларды басқарутің бәсекеге
қабілетін арттыруда тиімсіз.
Батыс компаниялары
қолданатын әдістер, көп жағдайда, жабық
сипатқа ие және қазақстандық серіктестер
үшін барынша тиімділікті олар мақсат
етпейді.
Озық жоғары оқу
орындары арқылы, сол сияқты жобалық
менеджерлердің біліктілігін арттыру
үшін арнайы ашылған орталықтар арқылы
елде жобалық менеджерлерді көптеп
дайындауды ұйымдастыру бойынша
нақты әрекеттер жасау талабы
туындауда.
Халықаралық инвестициялық
жобаларды басқару орталықтары жобалық
басқару саласында мамандар дайындауға
қатысты қазақстандық оқу бағдарламаларын
аккредиттеу процесін ҚР Білім және ғылым
министрлігі бақылауға алуы тиіс.Стратегиялық
жоспар 2020 бағдарламасын жүзеге асырудың
және елдің бәсекеге қабілетін арттырудың
маңызды құралы ретінде мемлекет пен қоғамның
барлық өмір саласында инвестициялық
жобаларды басқаруды дамыту жөніндегі
нормативтік-заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық
және ұйымдастыру-әдістемелік қызметті
қарқындату осы Тұжырымдаманың мақсаты
болып табылады.
Қойылған мақсатқа
жету үшін күш-жігерді келесі міндеттерді
шешуге шоғырландыру керек:
- Мемлекеттік
құрылымдардың, азаматтық қоғам мен бизнес
назарын басқарудың осы заманғы технологияларын
белсенді дамыту қажеттігіне тарту;
- жобаларды
басқару бойынша ұлттық стандарттарды
әзірлеп, қабылдау үшін және оны салалық
ерекшеліктерге бейімдеу үшін жайлы құқықтық
базаны қалыптастыру, бұл үшін РМІ жобаларын
басқару институтының (АҚШ) тәжірибесін
қолдану ұсынылады. Бұл институт мамандандыру
жолын таңдап, РМВОК жобаларын басқару
стандарттарын кеңейтіп, онда келесі салаларды
айқындады: үкімет тарапынан жобаларды
басқару - Government
extension to PMBOK, құрылыс саласындағы жобаларды
басқару - Construction extension to PMBOK, бағаларды
басқару – Practice Standard for Earned Value Management, жұмыстардың
иерархиялық құрылымын жасау – Practice Standard
for Work Breakdown Structures және т.б.;
- келесілерді
пайдалана отырып, түрлі халық санатын
(мемлекеттік қызтетшілер, білім беретін
оқытушылар мен жаттықтырушылар, ЖОО студенттері,
бизнес құрылым басшылары, ҮЕҰ және т.б.):
белсенді оқыту әдістері (Action Learning);
коучинг және бағалау (Coaching and Assessment); тыңдармандарға
кеңес беру (Peer to Peer); ұқсас жобаларды жүзеге
асыру тәжірибесімен алмас әдістері; жобалық
басқаруды енгізген компаниялардың тәжірибелі
мамандарының немесе күрделі жобалар
басшыларының шеберлік сабақтары; интернет-конференциялар;
- ҚР озық
оқу орындары мен Қазақстанның мемлекеттік
қызмет академиясы жанынан инвестициялық
жобаларды басқаруды дамыту және мамандардың
біліктілігін арттыру мақсатында орталықтар
ашу;
- жаңа
веб-технологиялар мен әлеуметтік желі
қызметтерінің принциптері негізінде
«Жобаларды басқару» интернет порталын
ашу;
- жобаларды
басқарудың ұттық стандарты бойынша сертификаттау
жүйесін қалыптастыру;
- «ҚР Еңбек
және әлеуметтік қорғау министрлігінің
Мамандықтардың мемлекеттік реестріне»
және «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
лауазымдарының реестріне» «жоба менеджері»,
«бағдарлама менеджері» лауазымдарын
енгізу;
- елде
инвестициялық жобаларды басқаруды дамыту;
- қазақстандық
жағдайға бейімделген салалық стандартты
әзірлеу. Мысалы, энергетика, тау-кен өнеркәсібі,
металлурния саласында. [10]
Қазақстанда инвестициялық
жобаларды басқаруды дамытудың басты
принциптері мен құқықтық негіздері
Инвестициялық жобаларды
басқаруды дамытудың басты міндеттеріне
мыналар жатады:
а) инвестициялық
жобаларды басқаруды дамытудың эволюциялылығы
мен кезеңділігі;
ә) этикалық нормалар
мен ережелерді сақтау;
б) жобалық менеджметті
дамыту процесін ұлттық инновациялық
жүйе қалыптастыру процестерімен синхрондау;
в) бір тараптан
- заңды тұлғалардың, екінші тараптан
- жұмысшылар мен жұмыс берушілердің
серіктестік қатынастарын үйлестіруші
құрал ретінде жобаларды басқарудың
қазіргі заманғы мәдениетіне
халықтың ауқымды жігін тарту.
Инвестициялық жобаларды
басқаруды ілгерлету процесіне қатысушы
қоғамдық құрылымдардың бірі де Қазақстанда
осы процесті монополиялауға үміттене
алмайды.
Жобаларды басқаруды
дамытуда мүдделі барлық құрылымдардың
әрекеттерін үйлестіру үшін Қазақстанда
Жобаларды басқаруды стандарттау
жөнінде техникалық үйлестіру комитеті
құрылуы қажет.Қазақстанда инвестициялық
жобаларды басқаруды ілгерлетуді бастаудың
құқықтық негізі қолданыстағы заңнамалық
база болып табылады. Алдағы уақытта бұл
база ҚР-да инвестициялық жобаларды басқаруды
дамыту процесі Жобаларды басқарудың
халықаралық стандарттарымен үйлестіру
бағытында қамтамасыз етілуі тиіс. [5]
Инвестициялық жобаларды
басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске
асырудың негізгі бағыттары мен құралдары
Тұжырымдаманы іске
асыру жолдары мен механизмі
оның негізгі міндеттерімен үйлестіріледі.
Мемлекеттік құрылымдар, азаматтық
қоғам мен бизнестің назарын
жобаларды басқарудың осы заманғы
технологияларын белсенді ілгерлету
қажеттігіне аудары үшін, алғашқы
және негізгі қадам ретінде, осы
Тұжырымдаманың негізінде оны жүзеге
асыру бойынша ҚР Үкіметінің іс-шаралар
жоспарын әзірлеу ұсынылады.
Осы Жоспарды іске
асыру отандық және шетелдің жобалық
білікті менеджерлерінің қатысуымен
жүзеге асырылуы тиіс. Талқылауды ұйымдастыру
үшін қоғамдық және парламенттік тыңдаулар
механизмін қолданған жөн.
2010-2020 жылдар
аралығындағы кезеңде Қазақстанда
инвестициялық жобаларды басқаруды дамыту
бойынша министрліктер, ведомстволар,
даму институттары, үкіметтік емес ұйымдар
мен бизнес құрылымдарының әрекеттерін
айқындайтын нормативтік құжат осы процестің
қорытындысына айналуы тиіс.[7]
Инвестициялық жобаларды
басқару тұжырымдамасын іске асыру мерзімдері
мен кезеңдері.
Бірінші кезең 2010 – 2011 жылдар:
Барлық мүдделі
тараптардың қатысуымен осы Тұжырымдаманы
іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің іс-шаралар
жоспары әзірленеді;
- инвестициялық
жобаларды басқаруды ілгерлету саласында
жұмыс істейтін шетелдік мамандар мен
қазақстандық құрылымдар кеңінен тартыла
отырып, халықаралық іс-шаралар (конференциялар,
форумдар мен симпозиумдар) кешені өткізіледі;
- ҚР техникалық
реттеу және стандарттау жөніндегі комитетінің
жанынан Жобаларды басқаруды стандарттау
жөніндегі техникалық комитет құрылады.
Оған ҮИИДМБ іске асыруға жұмылдырылған
барлық министрліктер мен ведомстволар,
сондай-ақ инвестициялық жобаларды басқаруды
дамытуға қатысушы кәсіби бірлестіктердің
өкілдері енгізіледі;
- Қазақстан
Жобаларды басқарудың халықаралық стандартын
әзірлеуге қатысушы елге айналады;
- Жобаларды
басқарудың халықаралық стандарттарымен
үйлестірілген Жобаларды басқарудың ұлттық
стандарты әзірленеді және енгізіледі;
- Министрліктер
мен ведомстволарды, ҚР даму институттарында
барлық бағдарламалық құжаттар ЖБ ұлттық
стандарттары мен жобаларды басқару тұжырымдамаларына
сәйкестеледі;
- ҚР Мемлекеттік
қызмет академиясы мен елдегі озық ЖОО-лар
жанынан құзірет орталықтары ашылады,
оларда топ-менеджерлер дайындалады;
- 06М051800 (магистратура) және 06D051800 (докторантура) мамандықтары бойынша жобаларды басқару саласында мамандар дайындаумен байланысты қазақстандық оқу бағдарламаларын инвестициялық жобаларды басқару халықаралық орталықтарының аккредитациялауы процесі іске қосылады;
- «Жобаларды басқару» пәні бойынша ЖОО оқытушылары мен оқыту тренерлерінің әлеуеті қалыптасады;
- «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша магистрлар мен PhD дайындауға деген мемлекеттік тапсырыс ҮИИДМБ іске асыру сұранысына сай көлемде өседі;
- жобаларды басқару тәжірибесін қолдануды кеңінен тарату ісі жүргізіледі.
Екінші кезең 2012 – 2014 жылдар:
- Мемлекет
пен қоғамның барлық өмір саласында Жобаларды
басқарудың ұлттық және салалық стандарттары
белсенді енгізіледі;
- Инвестициялық
жобаларды басқарутің халықаралық орталықтары
сарапшыларының қатысуымен сертификаттау
орталықтары ашылады және Prometric, VUE
жаңа халықаралық тестілеу орталықтары
аккредиттеледі;
- көп жағдайда
сәтті шыққан әрі пысықталып жасалған
OPM3 PMI и CMMI SEI моделдерінің негізінде
ұйымдар, кәсіпорындар мен компаниялардың
технологиялық жетілуінің ұлттық стандарты
халықаралық нормаларға сәйкестікте әзірленіп,
енгізіледі;