Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 21:06, реферат
Қазақстанда инвестициялық жобаларды басқаруды енгізу процесіне қатысушылар: республиканың бірқатар министрліктері мен ведомстволары, инновациялық даму институттары, Қазақстан Республикасы жобалық менеджерлерінің одағы, Жобаларды басқарудың Қазақстандық қауымдастығы, Халықаралық ақпараттандыру академиясы (Алматы қаласы), бірқатар ЖОО, консалтингілік компаниялар мен мекемелер.
Кіріспе
Соңғы қырық жыл ішінде Жобаларды басқару - даму тарихы, салт-дәстүрі, экономикасы мен мәдениеті әр қиылы түрлі контитенттер елдерінің өркенетті бизнесі мен іскерлік ынтымақтастығында маңызды түйістіруші буын болып табылатын жаңа басқару мәдениеті ретінде қалыптасты. Жобаларды басқару (инвестициялық жобаларды басқару) қазіргі уақытта тұтастай әлемдік нарықтық экономикадағы кәсіпқой қызметтің танымал түрі әрі сұранысқа ие бағытына айналды.[1;143]
Қазақстанда басқарушылық жолды игеру идеясына Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1993 жылдың мамыр айының өзінде-ақ Қазақстан инжинерлерінің бірінші съезінде қорлдау көрсеткен болатын.Республиканың инженерлік корпусы өкілдеріне былай деді: «Сіздердің назарларыңызды заманауи инженерлік білім мен қызметтің маңызды бір жағына аударғым келеді. Мен «жобаларды басқару» немесе «инвестициялық жобаларды басқару» деп аталатын инженерлік еңбекті ұйымдастыру аспектісін сөз етіп отырмын. Оның ерекшелігі мен артықшылығы - идеяларды іздеуден пайда түсіруге дейінгі тұтастай инвестициялық циклді үздіксіз қадағалап, инженерлік сүйемелдеу жасауға бағыттайтындығында».
Ұлттық инновациялық жүйелерді (ҰИЖ) қалыптастыру ісінде инвестициялық жобаларды басқарутің маңызы өте зор. Әлемнің озық экономикаларының ұлттық инновациялық жүйелерін жасар алдында әрдайым Жобаларды басқарудың ұлттық стандарттары қабылданғандығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл негізді, өйткені ҰИС қалыптастыру процесінде өте көп бірегей жобалар іске асырылады. Сондықтан Қазақстанда ресми қабылданған Жобаларды басқару стандарттарының болмауы тиімді ұлттық инновациялық жүйені құру ісіне күмән тудырады. Бұған қоса, Жобаларды басқару стандарттарын қолданусыз инновацияларды іске асыру технологияларды коммерциализациялаудың тым өсіп кетуіне әкеп соғады. Осының салдарынан, әдетте, мерзімі жағынан болсын, мазмұны мен құны жағынан болсын жобалардың нәтижесіне қол жеткізілмей қалады.
Бүгінгі таңда «Стратегиялық жоспар
2020 – көшбасшылыққа қазақстандық
жол» жоспарын, Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриалды-
«Ғылымды, инновацияны дамыту және
технологиялық модернизацияға атсалысудың
2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы»
құжатының жобасы Қазақстанда ҰИС
жасауға қатысты басты
Қазіргі заманда инвестициялық жобаларды басқарудың ауқымы мен ролін келесі цифрлермен сипаттауға болады. Әлемдік сарапшылардың бағалауы бойынша бүгінгі таңда 25 млн. мамандар мен іскерлер түрлі салаларда жаңа өнімдер мен қызметтерді жүзеге асыру бойынша жобалық бағыт-бағдар қызметімен айналысады. Олардың айтуынша жобалар мен бағдарламаларға 2020 жылдың аяғында әлемдік бюджеттің 30 пайызы немесе 45 трлн. доллар шамасында қаражат жұмсалатын болады. 2008 жылы жобалар формасында 6 трлн. доллар сомасында өнім жасалған, бұл әлемдік ІЖӨ көлемінің 20 пайызын құрайды.
Кәсіпқой әлемдік қауымдастық инвестициялық жобаларды басқару бойынша шамамен 500 мың маманды біріктіріп отыр. Олар жобалық қызметтің барлыққа дерлік саласында жұмыс істейді және 185 елдің ұлттық және кәсіпқой, халықаралық және ұлттық ғаламдық желісіне тиесілі. Олардың ішінде 317 мың адам Инвестициялық жобаларды басқару институтының (PMI) мүшелері болса, шамамен 95 мың адам – Жобаларды басқарудың халықаралық қауымдастығының (IPMA) және 88 мың адам басқа да кәсіпқой ұйымдардың мүшелері болып табылады. Жобаларды басқару саласындағы сертификаты бар кәсіпқойлар саны 475 мың адамды құрайды, соның ішінде 381 адам – РМІ бағдарламасы бойынша РМР, 70 мың адам – ІРМА төртдеңгейлі сертификаттау бағдарламасы бойынша және шамамен 24 мың адам Жапония және Австралия қауымдастықтарының бағдарламалары бойынша.
Қазақстанда инвестициялық жобаларды басқаруды енгізу процесіне қатысушылар: республиканың бірқатар министрліктері мен ведомстволары, инновациялық даму институттары, Қазақстан Республикасы жобалық менеджерлерінің одағы, Жобаларды басқарудың Қазақстандық қауымдастығы, Халықаралық ақпараттандыру академиясы (Алматы қаласы), бірқатар ЖОО, консалтингілік компаниялар мен мекемелер.
Жобаларды басқару
шетелде кәсіпқой қызметтің маңызды
саласы ретінде қалыптасты. Ол бизнес
жүргізу мен мемлекеттік
Жобаларды басқару әдіснамасы мен құралдары өмірдің барлық саласында, соның ішінде мемлекеттік басқару ісінде кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары АҚШ, Ұлыбритания,Германия, Австрия, Жапония, Франция, Австралия, Бразилия, Мексика және басқа да елдердің үкіметтері жобалық басқару саласындағы білімге арнайы талаптар қоюда. Мысалы, АҚШ үкіметінің әрбір қызметкері кеңсе бағдарламаларының міндетті жиынтығының ЖБ бағдарламалық құралдарын меңгеруі тиіс. АҚШ Қорғаныс министрлігінде жобаларды басқару ісіне арнайы дайындықтан өтіп, жобаларды басқару жөніндегі кәсіпқой сертификатын (РМР РМІ) алған қызметкер ғана жіберіледі. Энергетика министрлігі, Менеджмент және бюджет кеңсесі (ОМВ) өз қызметкерлеріне инвестициялық жобаларды басқару бойынша міндетті сертификат енгізді. АҚШ-тың әуе-ғарыш агенттігі (NASA) зерттеу, құралдар әзірлеу және инвестициялық жобаларды басқарудыпайдалану саласында әлемге танымал көшбасшы болып табылады. Штаттар әкімшіліктерінің жобаларды басқарудың өзіндік әдіснамалары бар. Нью-Йорк мэриясы өзіндік инвестициялық жобаларды басқаруды әзірлеу үшін айтарлықтай қаражат жұмсаған. ЖБ құралдары федералды жобалар мен бағдарламаларды ғана емес, сонымен қатар үкіметтік аппарат ішінде басқару қызметтерін жүзеге асыру үшін белсенді қолданып келеді.[2;129]
Жапонияда Жобаларды
және бағдарламаларды басқару
Халықаралық сарапшылардың
мәліметтері бойынша ЖБ-ның
Елдің экономикалық
жағдайын оңалдыру бойынша Қазақстан
Республикасы Үкіметінің жоспарлы әрекеттері,
өсім үсітіндегі несиелік рейтинг, Қазақстанның
әлемдік экономикаға белсенді интеграциялануы
мемлекеттік және халықаралық бағдарламалар
мен жобаларды іске асыру жолымен
қол жеткізілуде. Ең жаңа басқарушылық
технологияларды қолдану
Қазіргі уақытта
Қазақстанда жобаларды басқару
тәжірибесін қолдануда алғашқы
қадамдар ғана жасалуда. Республика үшін,
әсіресе, ҰИС қалыптастыру, әлеуметтік
жобаларды іске асыру және жер
қойнауын пайдалану, құрылыс салаларында,
ақпараттық-коммуникациялық
Алайда, қазіргі
уақытта Қазақстанда
Қазақстанда жобаларды басқарудың осы заманғы технологияларын ілгерлету экономикалық өсімге бағытталған білімді трансформациялайтын ұлттық инновациялық жүйені құру үшін қажет етерлік алғышарттарды талап етеді. Қазақстанда осы процестің басты базисі, сөзсіз, микроэкономикалық алғышарттар болып табылады. Оған өндірістің меншік құқығы мен салалық құрылымын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан экономикасын жаңа әлемдік шаруашылық байланысқа жұмылдыратын геосаяси жағдайдың өзгеруін жалғастыру енеді. Дамудың тұрақты макроэкономикалық параметрлері және ҚР Президенті қойған ҰИС қалыптастыру міндеттері аясында республика экономикасындағы интеграциялық процестердің жоғары белсенділігі елде инвестициялық жобаларды басқаруды дамыту ісінде қуатты серпін жасау үшін, сөзсіз, оңтайлы мүмкіндіктер беруде.
2011-жыл
бойынша Халықтың жан басына шаққандағы инвестициялар
//http://www.kaz.stat.kz/
Алдағы жылдарда Қазақстан
соңғы өнімдер экспортына бағытталған
өндірісті белсенді дамытып, машина
жасау, металлургия, химия және агроөнеркәсіп
саласында бірлестіктегі
Алғышарттардың екінші тобы – дамудың басты құралы ретінде жобаларды бақаруда жаңа әдіс-тәсілдерді қабылдауға әлеуетті әлеуметтік ортаның болуы. Осы ортадан тек оқытушылар корпусын ғана қалыптастырып қоймай, өмірдің барлық салаларында жаңа білім мен тәжірибе таратушыларды қалыптастыруға болады. Осы ортаның өмір сүруі қазақстандықтардың жоғары біліміне қатысты, ЖОО-лардың профессорлық-оқытушылық білікті құрамы мен ғалымдардың болуымен шарттасады. Сонымен қатар, саны қазірдің өзінде 15000-нан асып түсетін үкіметтік емес бірлестіктер өкілдерінің ортасы осы ортаны толықтыра түседі. Ендеше, Қазақстанда заманға сай басқару технологияларын енгізу үшін қажетті зияткерлік әлеует қалыптасқан деуге болады.
АҚШ, Батыс Еуропа
және Жапония елдерінде
Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында даму процесі серпінді жүруде. Алайда, инвестициялық жобаларды басқаруды дамыту процесіне әртүрлі қатысушылардың қызметін топтастырушы интернет-ресурстар өте жеткіліксіз. Бұл тұста «Электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасы үлкен роль атқаруы тиіс. Ол бизнес және азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттік басқару органдарының өзара әрекеттерін қамтамасыз етуге әлеуетті.
Егер бұл процесс
мемлекеттік басқарудың жоғарғы
эшелондарында қолдау таппаса, түсіністік
болмаса, елде жобаларды басқарудың
осы заманғы әдіснамаларын
Сөйтіп, Қазақстанда инвестициялық жобаларды басқаруды кеңінен дамыту үшін бастапқы алғышарттардың болуына жасалған талдауды қорыта отырып, мұндай алғышарттар елімізде бар деуге болады. Алайда, инвестициялық одан әрі дамытудың міндеттері аясында оларды қайта ой елегінен өткізу қажет. Шындап келсек, бұл іс елді индустриализациялаудың жоспарланған қарқынынан әлдеқайда кенже қалуда.
Институционалдық жоба ретінде инвестициялық жобаларды басқаруды дамыту жолындағы кедергілерді талдау үшін төрт аспектіні бөліп қараған жөн:
Қаржылық аспектінің басты проблемасы Қазақстанда келесілердің болмауында:
Информация о работе Дамыған елдерде инвестициялық жобаларды басқаруды қолдану тәжірибесі