Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:40, курсовая работа

Краткое описание

Президенттің 2007 жылғы Қазақстан халқына « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » жолдауында мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі - халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, жылдамдатылған әкімшілік реформа жүргізу керектігі көрсетіледі. « Біз мемлекеттік басқарудың бірлескен басқару принципіндегі қоғамға ашық сапалы жаңа үлгісін жасаймыз. Біздің мақсат - Үкіметті жаңарту , жоғары сапалы мемлекеттік қызмет және нәтижелі басқару құрылымдарын құру. Олар мемлекеттік қызметтердің негізгі тұтынушылары - барлық азаматтар мен кәсіпкерліктердің талаптарына бағынуы тиіс».

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................

2

1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........

4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде....
4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация).....................................................

8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі.................
14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл.........................
19

2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР.....................................................................................


24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі...................................................

24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы...........................................................................

26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі.........................................................................

32

3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ....

39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………

39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................
42
3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау...........
50

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

54

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................

Содержимое работы - 1 файл

д1.doc

— 403.50 Кб (Скачать файл)

          Аймақтық басқарудың көрсеткіштері деп мыналарды  айтуға болады:

    -валовтық  аймақтық өнімнің ақшалай қорға  қарым-қатынасы;

    -ақшалай  қордың материалдық құндылықтарды  есептемегенде кәсіпорындардың  айналымдық қаражатқа қарым-қатынасы;

    -бір  жұмысшыға өндірім және басқарудағы  бір жұмысшыға келетін таза  активтердің көлеміне қарым-қатынасы;

    -аймақтағы  басқаруға кететін шығын үлесі.

    бұл модельді елестету үшін аймақтардың  көрсеткіштерін талдау керек. Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан  облыстары арасында салыстырмалы талдау жүргізейік.

    Оңтүстік  Қазақстан облысының негзгі экономикалық даму индикаторы 1-кестеде көрсетілген. 2004 жылы Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсібімен өнімдер (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 134125,7 млн. теңгеге алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 8,1 %-ға артық, ауыл шаруашылығының валдық өнімінің көлемі 9,6%-ға өскен және ол 80421,9 млн теңгені құраған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізгі капиталдың инвестициясы 1,44 есе өсіп 45231 млн. теңгені құрады. Жалпы алғанда ОҚО-на 383 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 1,21 есе артық.  Кәсіпорындарға, мекемелерге, халыққа (ұсақ кәсіпорындарды қосқанда) көрсетілген қызмет көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 1,31 есе артып, 61736,9 млн. теңгені құрады.

          Облыстың барлық аймақтарында 2004 жылғы физикалық  өнімнің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда  жоғары, өсу деңгейі 113%, мұндай өсулер Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында  және Шымкент қаласында байқалды.  2004 жылы ішкі айналым көлемі 749,5 млн.долларды құрады, экспорт 1,48 есеге өсіп, 442,4 млн. теңгені құрады, ал импорт 1,52 есеге өсіп, 307,1 млн. долларды құрады. Экспорттың дәстүрлі шығып жүрген мақтасы (облыс экспортынан 41,6%), мұнай өнімдері (19,6%), бидай ұны (6,5%),  қорғасын (3,7%).  ресми инфляция 5-6%,  тұтынушы бағасы 4,8%-ға өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 7,8 %-ға төмендеді.

          ОҚО 2003 жылдағы бюджеті 599,75 млн. теңгеге орындалды, 2004 жылы 1679 млн, теңге дефицитімен орындалды. Бюджеттің нақтыланған бөлігі 97,1 %-ға, ал шығын 97,9%-орындалды. түсімді номиналды есептегенде 53890,3 млн. теңге, ал шығын - 55569,5 млн. теңгені құрады. облыстың шаруашылық субъектілерінің қаржылық нәтижесінде  кіріс 16294,5 млн. теңгені құрағаны анықталды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 35 %-ға артық. Бизнесті дамытуға арналған екінші деңгейлі банктер беретін несие қаражатының көлемі де өсіп келеді.

    Соңғы 5 жылда облыстың кәсіпкерлік құрылымдары  айналымдағы қаражатты толтыруға және жаңа жабдықтар алғанға екінші деңгейлі банктерден қысқа және ұзақ мерзімді негізде 50 млрд. теңге көлемінде ақша алды. Олардың маңызды бөлігі ауыл шаруашылығын дамытуға және  ауыл шаруашылық өнімдерін (ұн дайындау, макарон, сары май мен жануар майы, жеміс-жидек пен көкөніс, шырын, ет, шұжық, тоқыма бұйымдарын) қайта өңдеуге  жұмсалған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы шағын бизнес кәсіпкерліктерінің саны 5,1 %-ға өсіп 4028 бірлікті құрады, соның ішінде жартысы Шымкент қаласында тіркелген. Шағын кәсіпкерліктердің көбі сауда мен автомобильдерді жөндеу қызметінде - 1279 бірлік, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында - 1063 бірлік құрылған. соңғы 4 жыл ішінде  өнімдерді, тауарлар мен шағын кәсіпкерліктегі қызметтерді іске асыруда кіріс 2,1 есеге өсіп 104657 млн. теңгені құрады.

          Облыста кәсіпкерлік  құрылымдарға қаржылық  қолдау нәтижесінде  жаңа жұмыс орындары құрылды. соңғы  жылы халық тұрғындарының саны 56 мың адамға өсіп, көптеген адамдар  жұмыспен қамтылды. 2004 жылы шағын, орта және ірі кәсіпорындарда, мекемелерде, облыс ұйымдарында істейтін жұмысшылардың саны 927 мың адамды құрады, соның ішінде 438,6 мың адам жалдамалы жұмысшылар. Нақты ақша кірісі 21,7 %-ға өсті. кәсіпорындардағы, ұйымдардағы және облыс мекемелеріндегі ортаайлық номиналды жалақы 2004 жылда 26,6 %-ға өсті. 2003 жылы ол 112,3 % болатын. соңғы 3 жылда орташа зейнетақы мөлшері 1,7 есеге, ал күнкөріс деңгейі 1,27 есеге өсті. Егер 2003 жылы номиналды ақшы кірісі 7,8 %-ға өссе, нақты - 0,4 %-ға өссе, 2004 жылы  сәйкесінше 21,7%-ға және 15,6 %-ға өсті.

          Шығыс Қазақстан  облысының негізгі экономикалық даму индикаторы 2 кестеде көрсетілген.  2004 жылы ШҚО-ның өнеркәсіптерімен  (соның ішінде үй шаруашылығы секторын қосқанда) 222814,8 млн. теңгеге өнім шығарған, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 22,4%-ға артық, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2,3 %-ға өсіп, 69926,2 млн. теңгені құраған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізгі капиталдың инвестиция көлемі 13,1 пайызға өсіп, 50748 млн теңгені құрады, жалпы алғанда облысқа 114633 шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артық . Кәсіпорындарға, мекемелерге, халыққа (ұсақ кәсіпорындарды қосқанда) көрсетілген қызмет көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 7504,7 млн. теңгені құрады. Облыстың барлық аймақтарында 2004 жылғы физикалық өнімнің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда жоғары, өсу деңгейі 4,8%.

    2004 жылы ішкі айналым көлемі 1532,7 млн.долларды құрады, экспорт 1,6 есеге  өсіп, 868,7 млн. теңгені құрады, ал  импорт 1,3 есеге өсіп, 663,9 млн. долларды құрады. Экспорттың дәстүрлі шығып жүрген металл және содан жасалынған заттар -53,2%, минералдық өнімдер-15,7% , химиялық және соған қатысты заттар (пластмасс пен каучукты қосқанда)-6,8% . Ресми түрде жұмыссыздық деңгейі - 7,2 пайызды құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы шағын бизнес кәсіпорындарының саны 7%-ға өсіп, 6656 бірлікті құрады.

    2-кесте

    Шығыс Қазақстан облысы экономикалық дамуының негзгі индикаторлары 

Көрсеткіштердің атауы

2001

2002

2003

2004

өсу қарқыны

өсу қарқынының айырмашылығы

Үй  шаруашылығын қосқандағы өнімнің физикалық  көлемінің индексі %

116,5

101,4

104,8

104,8

106,9

6,9

Облыстағы ішкі сауда  айналымы млн. доллар

1082,8

1042,4

1086,6

1532,7

-

-

экспорт

538,8

599,6

560,2

868,7

-

-

импорт

544,0

442,7

526,4

663,9

-

-

Тұтыну  бағаларының салыстырмалы индексі

108,0

106,5

106,2

107,3

107,0

7,0

өнеркәсіптегі көтерме бағалардығ салыстырмалы индексі

98,4

11,1

105,1

119,4

106,0

6,0

Номиналды орташа айлық жалақы, теңге

16832

18816

19787

24212

-

-

Ресми жұмыссыздық деңгейі %

7,3

7,3

7,3

7,2

-

-

 
 

       Ең төмен шығындармен ең жоғары нәтижелер ретінде анықталатын экономикалық тиімділіктен шығатын немесе орындалған жұмыс бірліктіріне жұмсалған шығындарды есептеп, трансакциондық шығындар талдауын қарайық. 
 
 
 
 
 

    3-кесте

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша трансакциондық шығындар 

Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

Бюджет, барлығы

50 490 562,0

69 794 077,3

94 308 342,4

Мемлекеттік шығындардың жалпы сипаты (мың. теңге)

3 008 606,0

3 836 004,4

4 503 093,0

Мемлекеттік басқарудың жалпы қызметін орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

2 470 581,0

3 240 232,2

3 812 464,6

Соның ішінде үкіметтің өкілетті органдары:

141 287,0

153 510,0

187 714,0

-Облыс  мәслихатының аппараты

16 379,0

17 617,5

20 184,0

-аудан  мәслихатының аппараты

124 908,0

135 892,6

167 530,0

Соның ішінде үкіметтің өкілетті органдары:

2 329 294,0

3 086 722,1

3 624 750,6

Облыс әкімінің аппараты

719 599,0

920 060,3

1 160 780,5

Аудан әкімінің аппараты (облыстық мәні бар  қалалар)

750 139,0

935 730,0

1 265 467,0

Қаладағы  аудан әкімінің аппараты, аудандық мәні бар қалалар, ауыл округіне қарасты елді мекендер

859 596,0

1 230 931,8

1 198 503,1

Үкіметтің жергілікті органдар аппаратының саны

3 397

3 427

3 427

Облыстағы үкіметтің жергілікті органдарын ұстауға  жұмсалатын барлық шығындар пайызбен

4,9

4,6

4


 
 
 
 
 
 
 
 

       ҚОРЫТЫНДЫ 

    Қазіргі уақытта экономика дифференцияциаланған территориялық даму проблемасымен сипатталады , сол себепті мемлекетке аймақтардың дамуында теңдікті қамтамасыз ету, проблемалы аумақтарды сүйемелдеу , аймақтық бәсекені жөнге салу , әлеуметтік - экономикалық дифференцацияны тегістеу үшін шаралар қабылдау қажет. Осы проблема ел үшін жеткілікті ұзақ уақыт мінездемелі , бірақ осы кезде Қазақстанның экономикалық дамуы нәтижелі аймақтық реформалар қабылдауға рұқсат етеді .

    Біршама бос аймақаралық ресурс айналымы бар бірыңғай ауылшаруашылығы кеңістігін сақтауда республика аймақтарының реформаларды өткізу екпінімен айырмашылығын, аймақтық басқару нәтижелілігі , кәсіпкерліктің  және нарық инфражүйелерінің  дамуын, сыртқы экономикалық қызметті , шетел капиталын тартуды ескеру маңызды .

    Біздің  көзқарасымыз бойынша, аймақтық басқару  құрылған шаруашылық субьектілерінің  қарым-қатынасына сәйкес келіп, нарықтың жеке, бірлестік бөліктері талабына сай болып қана қоймай, өзінің қарапайым әрекеттестігімен аймақтық өндірістің экономикалық және әлеуметтік нәтижелілігін жоғарылатудың қажетті өсімін қамтамасыз ететіндей құрылуы тиіс.

    Облыстың  аймақтық басқару жүйесіне кіретін  мінездемесі ретінде аймақтың әлеуметтік және экономикалық жұмыс жасауының талданған ақпараты, сонымен қатар қолданылатын заттық-техникалық, еңбек, қаржы ресурстары, берілген уақыт аралығында басқару процесінде қолданған шығындардың көлемін анықтайтын сандық және сапалық көрсеткіштер болып табылады. Біздің ойымызша, бұл аймақты басқару жүйесі элементтерінің әрекеттестігін дамытудың қажетті шарты болып табылады. Ол пайда болатын алдағы ағымдағы тенденцияны, перспективалы және стратегиялық әлеуметтік - экономикалық дамуды, ресурсты қолдану нәтижелілігін талдауды, өндіріс нәтижелілігін, тұтынылушы ресурстардың экономикалық өсу  резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

    Бірақ, аймақтық саясатты мінездемелейтін  аймақ «дискриминациясы», әлеуметтік көзқараста, азаматтардың  мекен-жайы бойынша құқықтарына шек қоюдан құтылу қажеттілігімен ақталуы мүмкін. Сәйкесінше, аймақтық басқару халық табысының, жұмыссыздық деңгейінің, әлеуметтік инфражүйенің, көлік жүйесінің, коммуникация, қоршаған орта жағдайының және т.б. аймақаралық айырмашылығын тегістеуге бағытталуы тиіс.

    Аймақтық  басқару жүйесіндегі негізгі әрекеттесуші элементтер, біздің ойымызша, басқару түрлері (ағымдағы, перспективалы және стратегиялық), басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау),функцияны мағынаға толтыру мақсатындағы нақты қабылданатын шешімдер,оларға сәйкес басқару әрекеттестігінің арнаулылығы және бағыттылығы, және де әдістер, тәсілдер және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару стратегиясы болуы керек.

    Қорыта  келе аймақтық проблемаларды зерттеуде  жүйелік талдауды қолдану зерттеушінің инструментарийін кеңейтіп, жасалынатын аймақтық экономиканы басқару үлгісінің нақтылық және барабарлық деңгейін көтеретіндігін, экономикалық кеңістіктің құрылуында жаңа мүмкіндіктер ашатынын айта кеткен жөн.

    Нарықтық  экономикасы дамыған елдерде жергілікті басқарудың түрлері мен формаларының кең диапазоны байқалды. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз келесі бағыттарда реформалар жүргізуіміз қажет:

    - Мемлекеттік саясатты жасау әдістерін  конъюнктуралық факторларды емес, халықаралық назар мен стратегиялық мақсаттарды ескере отырып ұштау.

    - Әр түрлі әлеуметтік топтардың  назарын жақсылап бақылау арқасында  мемлекеттік қызметтерді таратуда  бағыттылықты күшейту.

    - Мемлекеттік қызметтердің сапасын  жақсарту және нәтижелілігін  жоғарылату, нновациялық жақын келуді, прогрессивті практикалық тәжірибені ендіру.

    - Азаматтардың қажеттіліктерін толық  қанағаттандыру және қызметті  электронды жүйе арқылы тарату  үшін мемлекеттік басқаруда ақпараттық  жүйелерді қолдану. 

    - Қызметкерлерді ынталандыру жүйесін  өзгерту, жұмыс көрсеткішін бағалау жүйесін жақсарту, және де осындай қызметке әйел адамның, басқа ұлт өкілдерінің, мүгедектердің кең қол жеткізе алуы арқылы мемлекттік қызметке жаңарту енгізу.

    Орта  және шағын бизнес кәсіпорындардың  кооперациясының халықаралық тәжірибесі кооперативтерді құру өнімділікті бірталай көтеретінін және оның мүшелерінің (шағын және орта бизнес кәсіпорындары) тұрақты дамуын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Қазақстанда СПК құру аймақтардың бәсеке қабілеттілігін көтеруге кластерлі даму механизмдарының енгізу, өзін-өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды мобилизациялау арқылы жағдай жасайды. Тұрақты бизнес-құрылымдарды мемлекет қатысуы арқылы біріктіру өзінде аймақтың экономикалық белсенділігін шоғырландырған және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру катализаторы болуға қабілеттілер ірі аймақтық орталықтар құру мүмкіндігін береді. Бұл мемлекеттік және жеке сектордың бірігуі арқылы аймақтардың дамуына нәтижелі көмек беруге, кластерлі әдіс негізінде бірегей экономикалық нарық құруға мүмкіндік береді. СПК аймақ инновациясының орталығы, ішкі және сыртқы нарықта өндірістік және ауылшаруашылық өнімнің ірі жабдықтаушысы болады және шағын және орта кәсіпорын өнімін өткізуге, нәтижелігі аз жеке кәсіпорындардың бірігуіне болысады. Аймақтық СПК жасау нәтижесінде жаңа бәсеке көтеретін өндіріс жасау, аймақтарда жұмыс орнының көбеюі, жұмыстағы өндіріс өнімінің көбеюі,экспортқа шақталған отандық өнімді жоғарғы бағамен өткізу, рентабельсіз мемлекеттік кәсіпорындар санын қысқарту, кәсіпорын субъектілерінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру күтіледі. Бұл Қазақстанның ВТОға кіру қарсаңыда әсіресе өзекті.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары