Информатиканы оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:14, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
Сабақтың мазмұны; Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау; Сабақтың нәтижелігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.

Содержание работы

Кіріспе:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Негізгі бөлім:
Сабақты өткізу әдістемесі.
Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі.
Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.
Қорытынды.
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу.

Содержимое работы - 1 файл

Информатиканы оқыту әдiстемесi.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтар жасаған  жүйесінің негізгі компоненттері. Дамыта оқыту жүйесінде оқытушы  мен білімгер арасында қарым-қатынастар, ынтымақтасу, өзара сыйластық пен түсіністік қасиеттер қалыптасатын болады. Білімгер өз ойын нақты сеніммен айта алатындай ахуалға басты назар аударады.

2. Модульдік оқыту технологиясы – 60-жылдардың соңында ағылшын тілді елдерде пайда болады. Модуль дегеніміз – іріленген дидактикалық бірлік. Модуль – латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Қазір дүниежүзінде модульдеп оқытудың 4 түрлі жолы бар.

1. Американдық модуль.

2. Неміс модулі.

3. Сковиннің орыс модулі.

4. Алексюк пен Фурманның  Украина модулі.

Қазақстанда М.М.Жанпейісова  әзірлеген одульдік оқыту технологиясы белсенді түрде юарық оқу орындарында  қолданылуда. Оның оқыту технологиясының  ұсынған нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қармы-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Модульдік оқыту технологиясы – оқу үрдісінде модульдік  жүйені пайдалана отырып, білмгерлерге ұсынылып жатқан көлемді материалдарды  қысқартуға және жедел меңгертуге жол  ашады, яғни;

1. Білімгерлерді шығармашылық  топтарға бөлу. Олар тәуелсіз түрде оқытушы тарапынан қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз ізденеді. Білімгерлердің бұрынғы бар біліміне сүйене отырып, оқытушы олардың алдына тапсырыс қояды. Оған аудиторияның түгел назарын аударады. Мұның мәні – қажеттілік туғызу.

2. Әрбір топ өз көзқарасын  белсенді түрде қорғайды. Оқытудың  мұндай ретте келтірілуі білімгерлердің  сабаққа тәуелсіз түрде дайындалуы  үшін өте қажет. Бұл кезең  іскерлік ойындар, дәстүрлі емес  сабақтарды өткенде білімгер  белсенділігін байқпу үшін өте тиімді. Нәтижесінде пікір-талас сұхбат басталады. Мұндай жағдайда оқытушы орнықты дәлелдер талап етеді және білімгерлердің талқылауын дұрыс шешімге бағыттайды.

Модульдік оқыту технологиясы зерттеулер көрсеткендей, оқу үрдісін  мұқият құра білген жағдайда білімгерлердің білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық білімгерлердің жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мұғалімдерді даярлау  қай уақытта да ең өзекті мәселелер  қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері заманына сй өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр. Ол үшін барлық мұғалімдерді даярлайтын орта кәсіптік оқу орындары төмендегідей жұмыстарды атқаруға тиісті:

1. Болашақ мұғалімдерді  ақпаратты қоғам жағдайында оқып  білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;

2. Жаңа ақпараттық  және телекоммункациялық технологияға  бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік  базасын жасау, білім саласын  басқрудың және формалры мен әдістерін пайдалана отырып, орта кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту;

3. Дүниежүзілік ақпараттық  білім кеңістігіне орта кәсіптік  білім беру жүйесін сәйкестендіре  отырып кірістіру;

4. Білім берудің иллюстративтік  түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде білімгер шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдаланға түбегейлі көшу.

Болашық мамандаярлауда оқыту мазмұнын, форма, құрал, әдістерді  іріктеп, дидактикада кейінгі кезде  көбірек назар аударылап жүрген кәсіби мақсатты көздеу принципін негізге алудың маңызы зор.

Қорыта айтқанда, жаңа педагогикалық технологиялар білімгерге білім берудің мазмұны мен  формасын іргерілеушілік жағына өзгерістер ендіріп келе жатқанын толық сеніммен айтуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

    1. Л.Искакова, Ә.Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003.
    2. Ә.Беркутов. Компьютер – оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.
    3. О.Камардинов. Информатика 1-2 бөлімдері. Шымкент, 2003.
    4. www.travel.altai.ru
    5. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005 жыл.
    6. Занков Л.В. Наглядность и активизация в обучении. Москва: Учпедгиз, 1960 год.
    7. «Библиотечные компьютерные сети: Россия и Запад. Современные тенденции корпоративной работы библиотек в сетях передачи данных». Москва – Либерия, 1998 год.
    8. А.Шәріпов. Информатика. Алматы, «Қазақ университеті», 1992 жыл.
    9. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева. Информатика.  Астана, 2004 жыл.
    10. «Информатика» журналдары.

Информация о работе Информатиканы оқыту әдістемесі