Информатиканы оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:14, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
Сабақтың мазмұны; Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау; Сабақтың нәтижелігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.

Содержание работы

Кіріспе:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Негізгі бөлім:
Сабақты өткізу әдістемесі.
Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі.
Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.
Қорытынды.
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу.

Содержимое работы - 1 файл

Информатиканы оқыту әдiстемесi.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

Компьютер құрылысын оқыту  әдістемесі. Компьютер құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады: 1. жүйелік блок, 2. монитор, 3. пернелік тақта туралы олардың қызметі жөнінде айтылды. Пернелік тақтадан енгізілген әрбір әріп, таңба т.б. ешбір өзгеріссіз экранда белгіленеді. Пернелік тақтаның жазу машинасына ұқсастығын айта келіп, мұндағы негізігі айырмашылық қосымша пернелерінде және пернелердің біріккен қызметінде деп түсіндіру керек. Алғашқы сабақтарда барлық пернелердің қызметін бірден айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарламаға қатысты өзгеріп отыратын перне қызметі (F1-F10), өйткені олардың қызметі туралы экранның төмеңгі жағында қысқаша анықтама беріледі.

Дискұяшақты өткенде, оның дискетті оқуға арналғандығын айтса  жеткілікті. Ең басты мәселе дискетті дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау  туралы мағлұмат берген жөн.

Процессорда барлық іс-әрекеттер түрленіп, орындалады. Компьютердің барлық жұмысын басқарады. Компьютер құрылысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі, ол құралдардың өзара әрекеті, компьютер құрылысы және олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы, өосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс істейді? Файл қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі.

Операциялық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеу үшін, алғашқы бағдарламалар жүйесі – операциялық жүйе жіктелуі тиіс. Дербес   компьютер үшін Microsoft Disk Operation System (MS DOS) операциялық жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі: дискідегі каталогтар тізімін шығару (DIR), бағдарламаны көшіру (COPY), мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап шығу (TYPE), бағдарламаны орындауға жіктеу. Дербес компьютердегі операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу үшін ең алдымен: DEL, RENAME нұсқаларының қызметімен танысады. Операциялық жүйелердің бұйрықтарын оқушылардың

Компьютерде орындайтын іс-әрекеті сәйкес келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою  керек. Оның реті: бағдарламаны дискеттен  жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты аяқтау т.с.с. жазылады. Егер оқушылар операциялық жүйе қызметін меңгерсе, онда олар мқғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге кіріседі. Оқыту әдісі – мұғалім оқушы

компьютерінде түсіндіре  отырып, демонстрациялап көрсетеді  немесе плакат арқылы түсіндіреді.

Norton Commander қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі. Norton Commander көмегі арқылы операциялық жүйемен жеңіл жұмыс істей алады, өйткені NC-де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, панельде каталогтар мен файлдар тізімі, мерзімі, өлщемі және т.б. түгелімен экранда беріледі. Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге «бекітілген». NC-дің MS DOS-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ нұсқаларды пернетақтадан теріп отырудың қажеті жоқ, тек арнайы пернені бассақ (F1-F10) жеткілікті. Сондай-ақ грамматикалық қателерді болдырмайды. Бұл біржағынан нұсқауларды енгізуде жіберілетін қателіктерді болдырмайды, әрі уақыт та үнемделеді. Оның үстіне ақпараттар тізімі (каталог, файлдар) экранда алфавиттік ретпен беріледі.

Бағдарламалық қамтамасыздандыруды  оқыту әдістемесі. Информатика курсының мақсаты – бағдарламаны пайдалана алатын қоладнушыларды дайындау екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайын бағдарламада (операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, берілгендер базасын басқару жүйесімен) жұмыс істеуден бастайды. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу және оны меңгеру күрделілігін, өзара байланысын, оқушылардың дайындығын ескере келіп, оқыту ретін мынадай тізбек бойынша жүргізу керек: графикалық редактор – мәтіндік редактор – графикалық редактор – мәтіндік редактор – есептеу жұмыстары – электрондық кесте – берілгендер базасын басқару жүйесі. Бұл адамзат тарихының әртүрлі іс-әрекеттерді меңгеруімен сәйкес келеді: сурет салу, оқу, есептеу, басқару.

WINDOWS операциялық жүйесін  оқыту әдістемесі. WINDOWS операциялық жүйесін оқытқанда: программаны жүктеу, бумалар, файлдармен жұмыс, дискімен, дискетпен жұмыс және де осы программаны орнату, қазақша қаріп енгізу және т.б. көптеген іс-әрекеттер айтылуы тиіс.

Word мәтіндік редакторын  оқыту әдістемесі. Word мәтіндік редакторлары – мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған. Мектепте үйренуге жеңіл, мәтінді жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданылады. Word-тың мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшнмін әртүрлі етіп өзгерту арқылы, көркемдеуге болады. Жалпы, бұл соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редакторлармен және жазу машинасымен салыстырып, бұл редактордың мүмкіндігіне, ерекшеліктеріне тоқталу керек. Монитор экранындағы әрбір символ әрбір әріп баспаға дәл сол күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп алған жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жұмыс істегенде: мәтін енгізу, түзету, сосын баспаға шығару керек. Бұны оқушы жұмыс үстелінде демонстрациялап көрсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады. Мұғалім оқушыларға компьютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және грамматикалық қателерін де табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар қателерді түзету барысында меңгеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеуге тура келеді. Әр мәтінді қатесіз, дұрыс енгізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушылардың  грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін тигізеді. Мұғалім алдын ала ішінде әріптері қалдырылған мәтін дайындап, бос орындарға дұрыс әріптерін қойып шығыңдар десе де болады. Мұғалім компьютерде мәтін енгізудің жетістіктерін әңгімелеп береді, сондай-ақ компьютерде жұмыс істеп көрсетуі тиіс. Оқушылардың нқсқауымен жұмыс істеуі, сұрақтарға жауап беруі, мәіндік редакторды практикалық жұмыс істей отырып меңгеруі, өздерінің жеке іс-тәжірибелерін жинақтауы, яғни теориялық алған білімдерін практикалық қызметімен сабақтаса түседі.

Оқушыларды компьютерге  екеуден отырғызған жағдайда, олар кезекпен жұмыс істеуі керек, өйткені тек бақылап отырып, бұл редакторды меңгеру мүмкін емес. Негізгі мақсаты: Оқушылардың жұмысын автоматтандыру. Мысалы, оқушылар кейбір қайталанатын сөздерді қайтадан енгізіп отырады, оларға міндетті түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс істеуін қадағалау қажет. Тағы бір айта кететін мәселе, оқушылар алғашқы жұмыс істеген кезден бастап-ақ бірден екі қол саусақтарын пайдалануы керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не бір саусақпен бір-бірлеп әріп теріп отыруы мүмкін. Әрі олардың қолдары жаттығып, қай әріп қайда орналасқандығына көздері үйрену үшін «пернелік жаттығу» ойының берген жөн.

Paint – графиктік редакторын оқыту әдістемесі. Paint – графиктік редакторы сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, көріністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Paint – редакторы пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал-саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, төртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған abc пернесі, түрлі түсті экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламны қос та, істей бер. Paint графиктік редакторында компьютер көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларда сызба құралдары: сызғыш, циркульмен жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастыруымыз керек. Paint графикалық редакторы – графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.

Оқу мақсатына мыналар  жатады: оқушыларды компьютерде сурет  салуға практикалық тұрғыдан дайындық жұмыстарын жүргізу; жұмыс істеу  үшін тұрақты дағдылрын қалыптастыру; компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; қандай да бір сурет үшін іс-әрекеттерін алгоритмдеу; сурет салу үшін бұйрықтардың түрлі комбинациясын қолдана білуге үйрету; ойлау жүйесін тәрбиелеу.

Тақтаға көп қадамнан тұратын бұйрықтар қызметін жазып, оқушыларға редактормен жұмыс істеу нұсқаларын көрсету керек. Жұмыс істеудің қызық түрі – суретті топ болып орындау, оны оқушы жұмыс үстелінде баспға шығару.

Электрондық кестені оқыту  әдістемесі. Excel электрондық кестені экономикалық және математикалық күрделі есептеулерді, диаграммаларды және т.б. көптеген іс-әрекеттерді орындауға арналған. Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін алдын ала әзірленген тапсырманы демонстрациялап көрсетеді. Электрондық кестені меңгерудің мынадай кезеңдері бар:

  • дискідегі дайын файлмен жұмыс, яғни оқушылар кестедегі берілгендердің мәндерін өзгерте отырып, нәтиженің өзгергендігін бақылайды. Бұл әдіс бір жағынан мұғалімнің демонстрациялап көрсетуі арқылы да орындалады. Нәтижеде оқушылардың кестемен жұмыс істеуге деген сенімділігі артады, сондай-ақ осы тәріздес тапсырмаларды одан әрі қарайөздері орындай алатындай дәрежеде сезінеді;
  • бұйрықтарды меңгереді, яғни кесте ішінде орын ауыстыру, жылжыту, ұяшықтарға сандарды енгізу;
  • формуланы түгелдей көруі үшін «формат» сияқты бұйрықтармен жұмыс жасайды;
  • кестедегі бір қатарды жою сияқты, яғни «жою» бұйрығымен жұмыс істейді. Оқушылар әрбір өзгерісті дәптеріне жазып отырады. Қатарды не болмаса жойған уақытта нәтиже қалай өзгергендігіне назар аударады. Сонымен бірге, қатарды, бағанды қою, көшіру тәсілдерін де меңгереді. Бақылау нәтижесінде, оқушылар дайын формулалар жүйесі үшін әрбір ұяшыққа мәндерді енгізуі, олардың өздерінің енгізген формулалар жұйесін жазуы керек. Оқытуды ұйымдастыру түрінің ең негізгісі әртүрлә материалдар бойынша жаппай зертханалық жұмыс орындау. Білімді жалпылауға арналған сұрақтар беріледі.

Acces – берілгендер базасын басқару жүйесін оқыту әдістемесі. Acces – берілгендер базасын басқару жүйесі кітапхана, мекемелердегі қызметкерлер мәліметтерін енгізу, жоғары оқу орындарындағы студенттер жайлы мәліметтер жазу және т.с.с. орындарда кең түрде қолданылады. Берілгендер базасын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс-әрекетті орындай алатын мүмкіндігін және қуатын айту керек. Оқушылар берілгендер базасын құруды, толтыруды білуі; олардың дұрыс толтырғандығын бақылай білуі; берілгендер базасын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер базасын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту; алгоритм мен орындаушы туралы түсінікті толықтыру; берілгендер түрі жүйесімен танысу; оларды өңдеу тәсілімен танысу. Мұғалім бұл тақырыпты түсіндіруі үшін алдымен өзі компьютерде демонстрациялап көрсетуі тиіс.

Алгоритмді  оқыту әдістемесі. Алгоритмді және алгоритмдеуді оқытқанда алдымен, алгоритм терминінің шығу тарихына тоқталған жөн.

Алгоритм программа  құрудың әліппесі болып табылады. Алгоритмнің блок-сүзбесіне мысалдар келтіріп, оқушыларға түсіндіру керек.

Программалау  тілдерін оқыту әдістемесі. Бейсик тілі АҚШ-та 1960 жылдары алғашқы үйренушілер үшін жасалынады. Мектеп информатика курсында компьютерде Бейсик тілі қолданылады. Бұл үйренуге өте жеңіл, өйткені 10-15 нұсқалар мен операторлардан тұрады. Мұғалім оқытушы бағдарлама жасауда тиімді пайдалануына арналған, әрі бұл тіл арқылы сұхбаттық түрде жұмыс істейді.

Паскаль тілін Н.Виртом жазды. Бұл бағдарламалауды үйретуге арналған мүмкіндігі мол тіл. Сосын  мектептерге Турбо Паскаль тілдері  енгізілді. Турбо Паскальдың 5.5, 6.0, 7.0 түрлері кәсіптік бағдарламалау тілдері болып отыр. Паскаль тілі командалары мен операторлары және программа жасау жолдары мен әдістері өтіледі.

Архивтеуші және компьюретлік вирус программаларын оқыту әдістемесі. Бұл программалармен таныстырғанда олардың қызметтері мен қолдану әдістеріне кеңірек тоқталған жөн.

Электрондық поштаны, интернетті оқыту әдістемесі. Электрондық

пошта – компьютер  арқылы аыстағыларға хат, әртүрлі хабарлар жолдау мен оларды қабылдауға арналған программа. Хабарды сервер арқылы таратып, қабылдауға болатындыған көрсетіп, практикалық жұмыс жасауды үйрету керек. Интернет (Inter – интернационал, халықаралық; network - желі), желісі көмегімен бүкіл дүгиежүзілік байланыс жасап, өзімізге қажетті ақпараттарды аламыз. Интернет желісі арқылы компьютерде мәліметтер алу жолын көрсетуі тиіс.

Демек, информатика пәнін оқытуда  жоғарыда келтірілген тақырыптарды негізге ала отырып, оқыту әдістемесін  жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр  жас жеткіншіктерін компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті етіп шығарарымыз анық. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы «ХХІ ғасырды – ақпараттандыру ғасыры» деп атағандықтан, осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамызды «Қазақстанды ақпараттандыру – ХХІ ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпта ғылыми форум өткізгендігі де белгілі. Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп жұмыс жасауы тиіс.  

 

 

 

Қорытынды.

  Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.

Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетініңтиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер падагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.

Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің  ізгілікті-тұлғалық технологиясы, өзбекстан психологтар ассоциациясының мүшесі Ф.Я.Вассерманның биоақпараттық технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары оқу үрдісінде кеңінен танымал. Ал, Қазақстанда Б.А.Тұрғынбаевтың дамыта оқыту технологиясы, М.М.Жанпейісовтың модульдік оқыту технологиясы, Ж.Қараевтың технологиялары оқу үрдісінде қолданылуда.

Әрбір ұстаз өз оқу  үрдісінде сабақтың мақсаты мен  мазмұнына сайөз қалауы бойынша  инновациялық технологияларды қолданаалатыны белгілі. Ал, білімгерлердің біліктілігін шыңдау мақсатында пән оқытушылары жаңа технологияларды жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс-әрекетке қайта оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз.

Жаңа педагогикалық технологиялардың қайсы бір түрі болсын маман даярлауға ықпалы зор. Олар:

  • Оқу мақсаттарының қойылуы;
  • Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
  • Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
    1. Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық

жүйе. Оның нәтижесінде  әр білімгердің өзіне-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайықты жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу  үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлернде, т.б. Дамыта оқыту идеясы бойынша білімгерге оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, жинақтау арқылы жүзеге асады. Оқытушы – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әрбір білімгер шешімді тапқан кезінде оның дұрыстығын өзінше дәлелдей біліп, пікрін айтуға мүмкіндік беріліп, жауаптар тыңдалады. Дамыта оқытуда болашақ маманның ізденушілік-зерттеушілік және білім алуға деген ынта-ықыласы артып, кәсіби белсенділігі мен қызығушылығы молаяды. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерде тұратын болады.

Информация о работе Информатиканы оқыту әдістемесі