Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:14, реферат
Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
Сабақтың мазмұны; Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау; Сабақтың нәтижелігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.
Кіріспе:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Негізгі бөлім:
Сабақты өткізу әдістемесі.
Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі.
Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.
Қорытынды.
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу.
Қашықтан оқытудың міндетін түсіну үшін оқушылардың арасында мониторингтік сараптама жүргізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыту оқу процесіне жағымды әсер етеді (кестені қараныз).
№ |
Жағымды әсері |
|
1. 2. 3. 4. 5.
|
Ақпараттық мәдениетінің дамуы Жаңа мәлімет Қызығушылық Логикалық ойлауды дамыту
Қашықтықтан оқытуды болашақта жалғасуын сұраймыз |
65% 85% 90% 55% 87% |
Кемшіліктері:
Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында жетіспеушілік бар, нормативті-құқықтандыру, экономикалық және финанстық сұрақтар, Интернет бағасының жоғарлығы. Бұл проблеманы шешу үшін, мынадай ұсыныстар бар:
Әрине, мектептің компьютерлік
базасы әрі қарай толықтырылады,
жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан,
қолдағы бар құралдарды толық
пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу
керек. Қорыта келе айтарым – оқу процесінде
ақпараттық коммуникациялық технологияларды
қолданысқа енгізу техникалық жағынан
да, психологиялық жағынан да күрделі
мәселе болып табылады.
3. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол
мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы,
формасы мен жолдары жағынан білімділікті
қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы,
сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен
кештер өткізу осы сыныптан тыс оқу, мерекелік
шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан
тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда
(оқулар, үйірмелер т.б.) мұғалімдер басшылық
жасаса, кей жағдайларда (байқау, кеш т.б)
оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан сыныптан
тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық
технологияларды қолдану
Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
а) өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
б) өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
в) өзінің маңызды орын алатынын сезінуі. Жағымды «Мен»-тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті
сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы баланы өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар әр түрлі жұмыстар баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.
2. Ұжымдық жұмыс жасау
тәжірибесі мен серіктестік
Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
3. Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру.
Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай әсіресе теріс долға түскен жасөспірімдердің көбеюімен көкейкесті болып тұр.
4. Әлемтанудағы адамгершілік, эмоционалдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.
5. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сыныптан тыс жұмыстардың
бұл міндеті оқу үрдісіндегі
және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас
екендігін білдіреді, өйткені сыныптан
тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі
тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу
үрдісінің тиімділігін арттыруғ
Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі – мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.
6. Оқушылар бос уақытын ұйымдастыру.
Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет.
Оқушылар тәртібі олардың
бос уақытын қалай өткізетіндіг
Информатикадан бастауыш
сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдыстырғанда оқушылардың
Орта буындағы сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдері мен өмірлік тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар әр нәрсеге құмар болып келеді, өздерінің күші мен білімін көрсеткілері келіп тұрады. Қиын жағдайларда өздерінің ойлары мен идеяларын батыл айта алады. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді. Тәрбиелеуші мұғалімнің міндеті - әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттандыра отырып ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын жұмыс тауып беру.
Жоғары сынып оқушылары – бұлар болашақ жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркәсіп пен қызмет саладағы болашақ жұмысшылар. Олар физикалық және моральдық тұрғыдан жетілген және жоғары талап қоя алатындай физикалық жағынан да, ақыл-ойы жағынан да жұмыс істеуге дайын болады. Олар өздері өз-өзін ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастыруға және оны тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.
Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері
Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.
Информатикадан викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.
Іскерлік ойындар – оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.
Информатикадан диспуттар – барлық сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны.
Сынып сағаты. Информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі.
Клубтық қызметтер оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.
Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді.
Көрмелерді информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.
Информаикадан үйірме жұмыстарын жүргізу
Үйірме – бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.
Сөзжұмбақ құру мұғалім мен оқушының бірліктегі шығармашылығы мен идеялары өзіндік бқылау мен білімін жетілдірудегі танымдылықты арттырады және нәтижелі білім алуға жетелейді.
Олимпиадалар барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықты шыңдау, өзіндік еңбектену дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Пәндік, апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.
Ауызша журнал – оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы.
Информатикадан факультатив жұмыстары мектепте көбіне 8 сыныптан бастап жүргізіледі. Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сынаптан тыс жұмыс формасы барын бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады.
Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда. Жоғарыда аталған баспа шығармашылық формасы Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.
4. Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің бапрлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жеке сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.
Ал бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зхерттеуді керек етеді.
Орта мектептерде информатика
курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары
Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде
А.П.Ершов және оның қызметкелері бағдарламауды
оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің
Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жалдары А.П.Ершов, В.Н.Монаховтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Ал 1998 жылдан бері 7-9 сыныптарға арналған информатика оқулықтары мен мемлекеттік стандарты, типтік бағдарламасы жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.
Енді информатика курсының тақырыптарын оқыту әдістемесін қарастырайық:
Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты: Пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру және бекіту; Информатиканың жалпы мазмұнымен таныстыру; Компьютер сыныбындағы жұмыс ретімен,
ережелерімен танысу т.б. Кіріспе бірінші рет информатиканың үш құрамдас тізбегі: Ақпарат, компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түсінігі мысалдармен түсіндіріледі. Ақпараттық үрдістерді түсіндіру үшін алдымен оларға мысалдар жүйесін келтіріп, қорытындыда оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі. Айта кететін мәселе, ақпаратты тұтыту, қолдану бқл да ақпараттық үрдіс болып табылады. Кіріспе бөлімі оқушыларға компьютер мүмкіндіктері туралы информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқулық авторларының концепциясын көруге болады. Мұнда ақпарат, компьютер, алгоритм ұғымдары беріледі.