Озат тәжірибені тарату әдіс - тәсілдері, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 12:11, реферат

Краткое описание

Ең бiрiншi кезекте мұғалiмнiң «өзiндiк жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендiруде өз үлесiн қосу арқылы жасаған нәтижелi жұмысы өзгелердiң тәжiрибесiн толық көшiрмей, жаңа ортаға икемдеп, өзiндiк iс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткiзу керек.

Содержимое работы - 1 файл

Ұстаздарға.doc

— 107.50 Кб (Скачать файл)

- Жекелеген  және жүйелі өзгерістер енгізу  жағдайы;

- Өзара ақпарат  және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.

- Өзі және  өзгелер үшін тиімділігі мен  пайдалылығы.

- Жасақтаудағы  дербестік пен белсенділіктің  жоғарылығы.

        Портфолоионы жасақтау қиындықтары

- Төмен мотивация,  жұмысқа қызықпау.

- Тәжірибенің  аздығы, біліктіліктің төмендігі.

- Өз жұмысын  жалпылап, жүйелей алмауы.

- Рефлексиялық  мәдениеттің төмен болуы.

           Мұғалім портфолиосының негізгі  функциялары

      1. Жинақтаушы: мұғалім жұмыстарының  жиынтығы.

      2. Үлгілеуші: мұғалімдің жеке  кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.

     3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар  мен олардың тиімді әдістерін  өзіндік талдау мен жобалау.

         Мұғалім портфолиосының түрлері

      1. Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі  үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).

        2. Мазмұны бойынша: жетістіктер  (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия  (мақсатқа жетуді талдау мен  бағалау), проблемалық бағдар (жүйе  құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары  бойынша маңызды жұмыстар).

 Мұғалім портфолиосының  маңызды бөлімдері

“Автопортрет” бөлімі:

 Менің әдістемелік  жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу  бағдарламам.

“Ақпараттық ресурстар” бөлімі:

 Қажетті нормативтік-құқықтық  құжаттар. Анықтамалар мен түсіндірме  сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер.

“Жұмыс материалдары”  бөлімі:

 Менің әдістемелік  жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты  және құнды ақпараттар мен  мәліметтер (интернеттен).

“Менің жетістіктерім” бөлімі:

 Мен ашқан  жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен ынталану жолдарым. 
 

             Мұғалім портфолиосының мазмұны

- Жылдық жұмыс  жоспары мен жылдық жұмыс есебі.

- Бақылау-тексеру  және тест жұмыстарының қорытындылары.

- Топтық және  ұжымдық жұмыс қорытындылары.

- Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары.

- Өзіндік зерттеу-сынақ  жұмыстарының аралық қорытынды,  түпкі нәтижелері.

- Өзекті мәселелер  мен танымдық тапсырмалардың  шешімдері.

- Жазбаша шығармашылық  жұмыстар (рефераттар мен эсселер).

- Аудио және  бейнематериалдар, фотосуреттер.

- Жалпылау материалдары (сызба-кестелер, графиктер мен диаграммалар).

- Сауалнамалар  мен сұқбаттасулар және оларды  өңдеу қорытындылары.

- Берілген қосымша  тапсырмалардың қорытындылары.

- Бақылау күнделіктері  мен өзіндік ой-толғаныстар.

- Ұжымдық және  жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.

- Авторлық бағдарламалар  мен балама оқу құралдары.

- Жасалған баяндамалар  мен жарық көрген мақалаларының  көшірмелері.

- Әдістемелік  нұсқау-жинақтарының қысқаша аннотация,  рецензиялары.

- Портфель авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).

             Мұғалім портфолиосын дайындау  технологиясы

1.Мұғалімдерді  ынталандыру: аттестациядан өтуге  немесе қызметтік өсуге қажетті  материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз;

2.Портфель типін  анықтау: жинақтаудың мақсатты  бағыттылығын күшейту үшін мақсаты,  мазмұны бойынша портфель типін  анықтау, жекелеген жағдайлар  мен арнайы мақсаттарда аралас  типін алуға болатындығы.

3.Өткізу мерзімі  мен сипатын анықтау: жыл соңында  не мерзімді көрсету;

4.Бөлімдер санын  белгілеу: жұмыс жоспарына сай  міндетті және таңдауы бойынша  алынатын бөлімдер саны жетеуден  көп болмауы керектігі.

5.Бағалау критерийлерін  дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы. 

Беттің ең үстіне

Информация о работе Озат тәжірибені тарату әдіс - тәсілдері, түрлері