Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:57, реферат
Фашизм - ( латынша -шоғыр, байлам, бірлестік) -барлық демократиялық бостандықтармен прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған ашықтан- ашық терорлық диктатура .Фашизмге адамгершілікті теріске шығару, нәсілшілдікті, шовинизмді, зорлық-зомбылықты қолдаумен қолдану, көсемнің жеке басына табыну мемлекеттің жаппай билігі жеке адамның өміріне толық бақылау орнату, адам баласына деген жек көрушілік милитарландыру, басқыншылық тән.
Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Соғыс 1939 жылы күзде басталды, 1945 жылы күзінде антифашистік коалиции күштерінің жеңісімен аяқталды. Фашизм мемлекеттік және әскери күш ретінде талқандалды. Герман фашизмінің (нацизмінің) аса қасіретті қылмысының бірі 6 млн. еуропалық еврейлерді қырғынға ұшыратуы болды (холокост).
Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бүл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан әткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні әткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн әткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын.
Германиямен және Жапониямен қатар 2-дүниежүзілік соғыстың басталуына себепші болды. 1943 – 45 ж. Муссолини Солтүстік Италиядағы немістер басып алған аумақта құрылған Сало республикасы аталған үкіметті басқарды. Муссолиниді партизандар тұтқындап, Солтүстік Италияны Азат етудің ұлттық комитеті әскери трибуналы өлім жазасына кесті.
Муссолини Бенито Амилькаре Андреа (Mussolini, Benito Amilcare Andrea)- (29 шілде 1883 жыл, Предаппио, Италия - 28 сәуір 1945 жыл, Донго маңы), италяндық мемлекеттік және саяси қайраткер. [1].Тілазар, бірақ жастайынан қабілетті, белсенді социалист болып, 1912-14 жылдары партиялық «Аванти!» газетін басқарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін бас редактор қызметінен кетіп, «Пополо д'Италия» газетін басқарады. Италияны тезірек соғысқа қатысуға үндегені үшін оны партиядан шығарып тастайды. 1915-17 жылдары италян әскерінде ерікті әскер қызметінде болды, кейін редакторлық жұмысына қайта оралды. Билікті мемлекеттегі диктатураға беру қажеттілігін насихаттады.
1919 жылы Ардагерлер одағын (Фаши ди комбатгименто) құрды, бұл фашизм деген атауға ие қозғалыстың басталуын білдірді. Екпінділігімен әрі тамаша шешендігімен Муссолини өзінің партиясын бұқаралық партияға айналдырды. 1922 жылы «Рим жорығын» ұйымдастырды, жорық барысында оған билікті қалыптастыру тапсырылған болатын, ол Италия тарихындағы ең алғашқы жас премьер-министр болды.
Италияны фашизмдеу барысында бір партиялы мемлекет етіп құруға қол жеткізіп, ұлт «көсемі» деген атаққа ие болды. Муссолини қатаң шараларымен мемлекетке тәртіп орнатты, қылмысты қысқартты, әлеуметтік реформалар жүргізді, көлік және т.б. жұмыстарын реттеді, соның арқасында көпшіліктің қолдауына ие болды. Оның империя құрам деген арманы 1935 жылы италян әскерінің Абиссинияға (Эфиопияға) басып кіруіне әкеп соқты. Германиямен, А.Гитлермен тығыз қарым-қатынаста болып, сонымен бірге оның қуатты одақтасынан қауіптене отырып, Муссолини «Рим-Берлин осін» құруға мәжбүр болды, 1940 жылы гитлерлік коалиция мемлекеттеріне соғыс жариялады. Италян әскерлерінің Греция мен Солтүстік Африкада жеңіліс табуы, Муссолини саясатына наразылық тудырды, бұл наразылық Италияда күшейе берді.
Одақтастарын Сицилиядан (1943 жыл, шілде) шығарып тастағаннан кейін Үлкен фашист кеңесі дучені барлық қызметтен алып тастады. Муссолини қамауға алынды, алайда 1943 жылдың қыркүйек айында оны неміс диверсиялық командасы босатып алады.
1943 жылдың қыркүйек айында Италия социалистік республикасының қуыршақ билігін басқарды, оның орталығы Солтүстік Италиядағы Сало қаласы болды. 1945 жылы неміс әскерлері Италияда жеңіліс тапқаннан кейін, Муссолини Австрияға қашпақшы болды, бірақ италяндық коммунист жансыздар оны ұстап алып, атып тастаған.
Пайдаланған әдебиеттер:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қортынды