Италиядағы фашизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:57, реферат

Краткое описание

Фашизм - ( латынша -шоғыр, байлам, бірлестік) -барлық демократиялық бостандықтармен прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған ашықтан- ашық терорлық диктатура .Фашизмге адамгершілікті теріске шығару, нәсілшілдікті, шовинизмді, зорлық-зомбылықты қолдаумен қолдану, көсемнің жеке басына табыну мемлекеттің жаппай билігі жеке адамның өміріне толық бақылау орнату, адам баласына деген жек көрушілік милитарландыру, басқыншылық тән.

Содержимое работы - 1 файл

Фашизм.docx

— 44.12 Кб (Скачать файл)

Фашизм Ватиканмен тығыз байланыс орнатып, католиктер де фашизмді қолдай бастады. Италияда саяси тұрақсыздықтан 1921 және 1922 жылдарда үш рет үкімет ауысты. 
          Италия социалистік партиясыны
ң реформалық тобы, үкіметті қолдап, елде фашизмге қарсы  тойтарыс беру үшін жұмысшы тобын көтеріп, ереуілдер ұйымдастырып, Парма қаласында фашистердің қарулы құрамдарына қатты соққы берді. ИСП-ның максималистік тобы реформистерге қарсы шығып, партиядан бөлініп, Унитарлық Социалистік партия (УСП) құрды. Бүл жұмысшы табын әлсіретіп, олардың арасында жік туғызды. Фашизмге үкіметті өз қолына алуға толық жол ашылды. Олар 1922 жылы Неаполь қаласында өткен фашистер съезінде, үкіметке ашық ультиматум қойды. Фашистер әскерлерін мобилизация жасады. Сөйтіп, Неаполь қаласынан Римге жорық ұйымдастыруға кірісті. Үкімет амалсыздан отставкаға кетуге мәжбүр болды. Италияда төтенше жағдай жарияланды. Король үкіметтің кетуін қолдамай, Муссолиниді шақырып, үкімет құруға шақырды. 1922 жылдың 22 қазанда фашистік отряд салтанатты түрде Рим қаласына келіп, Муссолини үкімет басына отырды. Италияда фашистік диктатура орнады. Еуропада тұңғыш рет фашизм үкімет басына келді. Италияда соғыстан кейінгі либералдық-парламенттік жүйе тарады. Саяси дағдарыс, революциялық күштердің жеңілуі, антифашистік қозғалыстың әлсіздігі, Италия буржуазиясының фашизмді колдауы, Италияда демократияның жеңіліс табуына әкелді. 
          Италия коммунистік партиясы да авентиндік блокты толы
қ қолдамады. Оппозицияда бірлік болмады. 1925 жылдан бастап фашистер шабуылға шыға бастады. 1925-1926 жылдар аралығында фашистік диктатура ашық террорлық әдіспен, буржуазиялық демократияға қарсы шықты. 1926 жылы қараша айында төтенше заңдар қабылдады. Барлық оппозициядағы партияларға тыйым салды. Антифашистік баспасөзді жауып, цензура орнатты. Муссолини мен Король өміріне қастандық жасағандарға өлім жазасы қолданылатын болды. Төтенше заң шыққаннан кейін елде жаппай тұтқындау басталды. Италия коммунистік партиясының басшысы А.Грамши тұтқындалып, партияның ары қарай өмір сүруіне тыйым салынды. 
         1927 жылы Италияда жаппай
қудалау жүргізетін Төтенше трибунал және жасырын полиция әкімшілік мекемелері құрылды. Төтенше трибунал мемлекеттің қауіпсіздігін қорғап отырды. Премьер-министр Муссолини Король алдында ғана жауап беретін болды. Парламенттің беделі түсті.  
Италияны
ң саяси дамуына айтарлықтай ықпал жасайтын жағдай мемлекет пен Ватикан арасындағы қатынас еді. 1929 жылы Италияның фашистік үкіметімен Ватикан арасындағы Латеран сарайында келісім болды.

          Бұл келісім бойынша: 1. Рим папасы Италия үкіметінен алатын 1750 млн.лир компенсациясынан бас тартты. 2. Италия үкіметі Ватиканның тәуелсіздігін мойындап, қасиетті Петр шіркеу айналасындағы ауданды мойындады. 3. Ватикан шіркеуінің жанұя және неке мәселесінде толық еркіндігін мойындады. Мектептерде католик шіркеуі өз ықпалын  жүргізуге келісім алды. 
Италияны
ң фашистік диктатурасы бұл келісім арқылы өз идеологиясында католиктік ықпалын қалыптастырды. Мұның Италия қоғамы үшін маңызы өте зор болды.

          Фашистік Италияның сыртқы саясаты өзінің озбырлық бағытымен ерекшеленді. 1935-1936 жылдардағы Италия-Эфиопия соғысы Муссолини жоспарын іске асырудың алғашқы қадамы болды. Отызыншы жылдардың ортасында италия үкіметі Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту талаптарын ашықтан-ашық білдіре бастады. Италияның фашистік диктаторы Муссолини Африка елдерін бағындырып, Жерорта теңізін Италияның ішкі «көліне» айналдыруды көздеді. Германияның ашық қолдауын, Франция мен Англияның жасырын қолдауын ескеріп, Италия 1935 жылы қазанда соғыс қимылдарын бастады. Эфиопияның Ұлттар Лигасына арыз беруі еш нәтиже бермеді. Басқыншылар елді ойрандап, қанға батырды. 1936 жылы Эфиопия Италия отарына айналды. Эфиопияны жаулап алған соң Германиямен бірге отырып, Испанияға қарулы интервенция жүргізді.

         Бастапқыда фашистік Италиямен ұлтшыл Германия арасындағы қатынастар шиеленісті еді, өйткені екеуінің де Австрия, Дунай алабы және Балқанға қатысты өз мүдделері бар еді. Алайда Дуче Австрияны, Чехословакия мен Польшаны басып алу жөніндегі Гитлердің жоспарын қолдады және өзі 1939 жылы сәуірде Албанияны басып алды. Содан кейін Италия Екінші дүниежүзілік соғыста толығымен Германия жағына шығып, бірлесіп соғысуды ұсынды.

          1940 жылы 10 маусымда Италия францияға қарсы соғыс ашты. 16 маусымда Франция премьер-министрі қызметіне маршал Петэн отырды. 1940 жылы 22 маусымда Компьен орманында-келсіміне қол қойды. Франция соғыс әрекеттерін тоқтатты. Татуластық шарты бойынша –Францияның үштен екі бөлігі, парижді қоса, Германияға берілді. Пэтен өкіметінің резиденциясы оңтүстік аймақтағы виши қалашығында болды.

          1941 жылдың жазына қарай Германия мен италия Еуропаның 12 мемлекетін басып алып, Еуропа кеңістігінде өз билігін орнатты.

         1943 жылы 10 шілдеде кеңес-герман майданында Курск шайқасы шиеленіскен кезде, ағылшын-американ әскерлері Сицилия аралына түсірілді.

Солтүстік Африкада герман-италия әскерлерінің талқандалуы, Ресейде италия әскерлерінің жеңілуі, Италияның өзінде партизандық қозғалыстың өрлеуі сияқты соңғы кездегі оқиғалардың әсерінен, бір топ офицерлер мен саяси қайраткерлер АҚШ және Ұлыбританиямен оңаша келсім жасау арқылы Италияны соғыстан алып шығуға тырысты.

1943 жылы 28 шілдеде  олар Б.Муссолиниді үкімет билігінен түсірді және тұтқынға алды.

Италияда  жаңа үкіметтің басшысы болып маршал Бодольо тағайындалды, ол ағылшын-американ басшыларымен жасырын келіссөздер жүргізе отырып, Германия тарапында соғысты жалғастыратыны туралы мәлімдеді.

       Италия үкіметі ағылшын-американ басшылығымен уақытша бітімге келу туралы келсімшарт жасады, ал 8 қыркүйекте оңтүстік италияға ағылшын-американ әскерлері түсіріле бастады. Бұған жауап ретінде неміс әскерлері Италияның солтүстігіне басып кіріп, италия армиясын қарусыздандырды. Неапольден оңтүстікке қарай ағылшын-американ әскерлерімен қақтығысып, италия майданы өріс алды.

         Италияның немістер басып алған аймақтарында бұрынғы диктатор Муссолинидің басшылығымен қуыршық үкімет құрылды, ал Италияның оңтүстігіндегі ағылшын-американ аймағында Бодольо басқарған Италия үкімет басшылық етті. 
       Сталинград пен Курск т
үбінде Гитлер әскері жеңіліске жеткенненкейін ғана фашистік одақ ыдырай бастады. Югославияда Иосиф Броз Тито бастаған партизан армиясы іс-қимылдар жүргізді, ол Германия мен Италияның бірталай күшін қозғалтпай тастады.  Партизан жасақтары Франция, Италия, Грекия, Албания жерінде құара бастады. Астыртын және қозғалыстарын коммунистерден бастап дін өкілдеріне дейінгі халықтың барлық топтарының өкілдері, түрлі партиялар мен қозғалыстардың қайраткерлері басқарды. Осы елдегі қарсылық қозғалысына үкімет және антигитлерлік коалицияға біріккен мемлекеттерде құрылған қозғалыстар қолдау көрсетті.Олар қарсылық қозғалысын қару-жарақпен, радио байланысымен, антифашистік әдебиетпен қамтамасыз етті, іс-қимылдарын үйлестіріп отырды. Бұған жауап ретінде басқыншылар партизандарға қарсы жазалау, қорқыту шараларын күшейтті, оларды халық алдында жаппай әшкелеп, өлтірді. Еуропа мемлекеттеріндегі фашистерге қарсы қозғалыс, Герман фашизмімен күресуге баға жетпес үлес қосты. 
         Италияда фашистік партия Б. Муссолиниді
ң басшьшығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҮСДЖП (ұлтшыл-социалистік жүмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды.

Информация о работе Италиядағы фашизм