Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 18:00, автореферат
2010 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 301 қаулысымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы (әрі қарай-Бағдарлама) бекітілді. Бағдарлама негізінен Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстанның дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ, Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2014 жылға дейінгі қабылданған Мемлекеттік бағдарламасын (әрі қарай-ҮИИДМБ) жүзеге асыруға бағытталған.
Жоба шеңберінде «Жергілікті жеткізуші» құрамдауышы іске асырылады, оның шеңберінде ірі инвесторларға (ұлттық компаниялар, мұнай өндіру және кен металлургия кешені және басқа да жүйе құраушы кәсіпорындар) өз тапсырыстарын жергілікті жеткізушілер арасында орналастыру бойынша ынтымақтастықтық тетігі ұсынылады. Ірі инвесторлар сатып алынатын тауарлар (жұмыстар мен қызметтер), осы тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) сапасына қойылатын талаптар бойынша ақпарат береді.
«Аға Сеньорлар» құрамдауышын іске асыру Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын және жабдықты тікелей енгізу жөнінде, сондай-ақ Жобаның бірінші кезеңінде бизнес-тренинг өткізу үдерісінде де консультациялар беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар, зейнетке шыққан, жоғары білікті шетел маманын тартуға бағдарланған.
Халықаралық және шетелдік ұйымдар Оператормен бірлесіп Қазақстан аумағында «Аға Сеньорлар» құрамдауышына ұйымдық сүйемелдеуді жүргізетін болады.
«Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес
қызметін экономиканың басым
секторларында жүзеге асыратын
шағын және орта бизнес
Жобаның іс-шараларын
Бірінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыру:
Бағдарламаға қатысушылардың
Екінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыру:
Жобаға қатысушылардың шетелде
тақырыптық бизнес-
Жобаға қатысушылардың
Жобаға қатысушылар Қазақстан аумағында тұру, оқу орнына баратын және қайтатын жолын өздері төлейді.
Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін «Назарбаев Университеті» АҚ-ның бизнес-мектебі базасында Бағдарлама шеңберінде оқудан өткен кәсіпкерлер де өтінім бере алады.
5. 2011 жылдан бастап Бағдарламалардың жобаларын және Өңірлерді индустрияландыру картасын іске асыру үшін:
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және қайта даярлау;
кіші және орта бизнес үшін кадрлардың біліктілігін арттыру;
жастар практикасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар көзделген.
Кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын базаларында, сондай-ақ оқу орталықтарында жүзеге асырылады.
Кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады.
еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша Кадрларды даярлау жағдайлары
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау шарттары Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау кәсіпорындардың өтінімдері негізінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қажеттілігіне көңіл бөле отырып даярлау Жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың контингенті жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сыныптарын бітірушілер арасынан қалыптастырылады.
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау шарттары
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау кәсіпорындардың өтінімдері негізінде шағын және орта бизнес қажеттілігіне көңіл бөле отырып, кадрларды қайта даярлау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың
контингенті кәсіпорындар
қайта даярлауға
жіберетін қызметкерлердің
арасынан, сондай-ақ
жұмыстан босаған
қызметкерлердің,
жұмыссыздардың, оралмандардың
және жұмыспен
қамту органы жіберетін
мақсатты топқа
жатқызылған басқа
да адамдардың
арасынан қалыптастырылады.
Кадрлардың біліктілігін арттыру шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін іске асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметкерлері қатыса алады.
«Жастар практикасын» ұйымдастыру шарттары
Түлек Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорынға жастар практикасына жіберілуі мүмкін.
Осылайша, осы бағыт шеңберінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына сервистік қолдау көрсету, кәсіпорындардың топ-менеджментін оқыту, шетелдік тағылымдама ұйымдастыру, кадрларды еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау арқылы кешенді мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсетіледі.
Осы бағыттың іс-шараларын іске асыру елдегі шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа жүйелі деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бойынша міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бағдарлама жөнінде толық мәліметтер ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасында толық көрсетілген.
Бағдарламаға
қатысты қажетті
Информация о работе Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша түсініктеме