Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша түсініктеме

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 18:00, автореферат

Краткое описание

2010 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 301 қаулысымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы (әрі қарай-Бағдарлама) бекітілді. Бағдарлама негізінен Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстанның дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ, Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2014 жылға дейінгі қабылданған Мемлекеттік бағдарламасын (әрі қарай-ҮИИДМБ) жүзеге асыруға бағытталған.

Содержимое работы - 1 файл

dkb_kaz.docx

— 41.23 Кб (Скачать файл)

     «Бизнестің  жол картасы-2020» Бағдарламасы

     бойынша түсініктеме 

     2010 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 301 қаулысымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы (әрі қарай-Бағдарлама) бекітілді. Бағдарлама негізінен Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстанның  дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ, Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2014 жылға дейінгі қабылданған Мемлекеттік бағдарламасын (әрі қарай-ҮИИДМБ) жүзеге асыруға бағытталған.

     2010 жылы Бағдарлама негізінен үш бағытта жүзеге асырылды,

  1. Бизнес-бастамаларды қолдау.
  2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру.
  3. Экспортқа шығаруға бағытталған өнімдерді қолдау.

      2011 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасын іске асыру негізгі төрт бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:

      1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

      2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

      3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін  төмендету;

      4) Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

--------------------

     Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау

      Бағдарламаны іске асырудың бірінші  бағыты Мемлекеттік бағдарламаның  басымдықтарына сәйкес экономиканың  шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

      Бағдарламаны іске  асырудың бірінші  бағытының шеңберінде  мемлекеттік қолдау  мыналарды қамтиды:

      - жобаларды іске  асыру үшін банктердің  кредиттері бойынша  пайыздық ставканы  субсидиялау;

      - банктердің жобаларды  іске асыруға бағытталған  кредиттері бойынша  ішінара кепілдік  беру;

      - өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

      Бағдарламаның бірінші бағытына  қатысушылар Бағдарламаға 1-қосымшаға  сәйкес Экономиканың басым секторларында  инвестициялық жобаларды іске  асыратын және іске асыруды  жоспарлап отырған кәсіпкерлер  болуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және методология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес).

      Минералдық шикізатты өңдеуді  жүзеге асыратын және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына  сәйкес Мониторингке жататын  ірі салық төлеушілердің тізбесіне  енгізілген металлургия өнеркәсібінің  кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші  бағытына қатыса алмайды.

      Сондай-ақ Бағдарламаның бірінші  бағытының өлшемдеріне сәйкес  келетін, 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін  алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер субсидиялауға жатады.

       

     1. Банктерден алынған  несиелік ставкаларын  субсидиялау

     Пайыздық  көрсеткіштерді субсидиалау  шарттары 

       Банктер жаңадан берілген инвестициялық жобаларды және өндірісті модернизациялау және өрістетуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға берілген  несиенің пайыздық мөлшеріне субсидия береді.

       Бір несие алушыға  банктер тарапынан несиенің пайыздық мөлшеріне берілетін субсидияның мөлшері 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

       Субсидияның  берілу мерзімі  1 жылдан 3 жылға дейін беріледі, сонымен  қатар,  субсидия мерзімін 10 жылға  дейін ұзартуға  болады.

       Өтініш беруші кәсіпорынның  жобаны  жүзеге асыру үшін, берілетін  қаражат сомасының кемінде 15 пайызын  жеке қаражаты құрауы тиіс.

       2010 жылы пайыздық ставкаларға  субсидия беру, банктен берілген  тиімді  жылдық пайыздық мөлшері 14 пайыздан аспайтын, оның ішінде 7 пайызын Бағдарламаға қатысушы және 7 пайызын Мемлекет тарапынан компенсация жасалған несиелерге беріледі.

           Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер  де субсидиялауға жатады, бұл  ретте сыйақының пайыздық ставкасы  Бағдарламада белгіленген шекті  мәндерден жоғары асқан жағдайда  осы кредит бойынша Субсидиялау  шартының қолданысы тоқтатылады.

      

   2. Банктердің кредиттері  бойынша кепілдіктер  беру шарттары 

     Бұл, жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін  кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті  жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған  іске асырылатын жобалар бойынша  ғана кепілдік беріледі.

     Кепілдік  беру жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

     Кепілдік  мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиіс.

     Кепілдік  берілетін кредиттің ең жоғары мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс.

     Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі  құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-нан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша кепілдік беру жүзеге асырылмайды.

     Өтінім  беруші жобаны іске асыруда қаражатының қатысуын жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.

     2010 жылы кепілдік беру жүзеге  асырылатын кредиттер бойынша  банктердің сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:

     өтінім  беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

     өтінім  беруші кредит бойынша міндеттемелерді  бұзуы себепті алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

     Жергілікті  деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы  агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20%-ын құрайды.  

     3. Өндірістік ( индустриалды) инфрақұрылымды дамыту

      

       Өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды дамыту дегеніміз –қосымша  жетіспейтін инфрақұрылымдарды іске қосу, өндірісті модернизациялау  және кеңейтуге бағытталған жобаларды  жүзеге асыру  болып табылады. Сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

     Қаражат бөлу тек мынадай инфрақұрылымды салу мен қайта жаңартуға бағытталуы мүмкін: жолдар, кәріз, газдандыру, су таратқыш, бу құбыры, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефон орнату, кіші электр станциялары, электр тарату желілері.

      Жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу  бірнеше жобаларды қамтамасыз  етуге бағытталуы мүмкін.

      Инфрақұрылымды салу (қайта жаңарту)  құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды  жақындатқан жағдайда жоба құнының  50 %-ынан аспауы тиіс. 

     Екінші  бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру

      Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.

      Сауықтыру шеңберінде мынадай  қолдаулар көрсетілуі мүмкін:

      борышкерге банктердің бар кредиттері  бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық  ставканы және жобаны мақұлданғаннан  кейін пайда болатын бір кредиттік  желі шеңберінде жаңа берешекті  субсидиялау;

      борышкерге бюджетке төленетін  салық берешегін (төлем көзінен  ұсталатын жеке табыс салығынан  басқа) өтеу бойынша мерзімін  ұзартуды Салық кодексінде белгіленген  тәртіппен көзделетін өсімпұл  есептемей беру мәселесін қарау;

      қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары  шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру  бойынша, оның ішінде Қазақстандық  қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.

      Сауда жүйелерін салуға және  олардың жұмыс істеуіне бағытталған,  мыналарды қамтыған қазақстандық  тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасы, қолданыстағы кредиттері бар  кәсіпкерлер:

      кемінде 2 жыл мерзімге тауарлар  жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық  өндірушілермен шарттар жасасу;

      қазақстандық өндірушілердің тауарларын  сату - тауар ассортименті кемінде  30%;

      қазақстандық тауарлардың тауар  айналымы - есепті жылдың алдындағы  жылғы жалпы тауар айналымының  кемінде 60%;

      азық-түлік, оның ішінде азық-түлік  себетіне кіретін тауарлармен  бөлшек сауданы жүзеге асыру;

      Борышкер Бағдарламаны іске асырудың  екінші бағытына қатысуға арналған  өтінімді тек 2010 және 2011 жылдарда  бере алады.

      Пайыздық ставканы субсидиялауды  жүзеге асыратын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 3 млрд. теңгеден аса алмайды.

      Субсидиялау мерзімі 3 жылдан  аспайды;

      Пайыздық ставканы субсидиялау  банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға  дейін төмендететін кредиттер  бойынша ғана жүзеге асырылуы  мүмкін, оның ішінде 7 %-ды борышкер  төлейді, ал 5 % мемлекет өтейді. Бұл  ретте банк:

      Пайыздық ставканы субсидиялау  бар берешекке (мақұлдау сәтінде)  және жобаны мақұлдағаннан кейін  туындайтын бір кредиттік желі  шеңберінде жаңа берешекке қолданылады.

      Субсидиялау негізгі құралдарды  сатып алуға және/немесе жаңғыртуға  және/немесе өндірісті кеңейтуге  және/немесе айналымдық қаражатын  толықтыруға және/немесе кредитті  қайта қаржыландыруға берілген  кредиттер бойынша жүзеге асырылуы  мүмкін.

      Сауда желілерін алуға және  оның жұмыс істеуіне бағытталған,  айналым қаражатын толықтыру  үшін алынған кредиттер/кредиттердің  бір бөлігі субсидиялауға жатпайды (егер осы шарттарда өзгеше  көздемесе).

      Сыйақының пайыздық ставкасын  субсидиялау жіктелгенге жатпайтын  (стандартты) (Қазақстан Республикасы  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігі  басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы  ставкасын банктер 10 %-ға дейін  төмендететін, оның 5 %-ға дейін борышкер  төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін  валюталық кредиттер бойынша  жүзеге асырылуы мүмкін. 

  Үшінші бағыт:   Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін        

                              төмендету 

      Кредиттік міндеттемелер мөлшерінің  ұлттық валютаның ауытқуына тәуелділігін  және тиісінше валюталық тәуекелдердің  кредиттікке өзгеруін азайту  үшін қолда бар ұлттық және/немесе  шетелдік валютадағы кредиттер бойынша проценттік ставканың бір бөлігін субсидиялау түрінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлерге Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

      Мемлекеттік қолдау банктерде  бар кредиттер бойынша пайыздық  ставканы субсидиялау арқылы  көрсетілетін болады.

      Бағдарламаның үшінші бағытына  мыналарды қоспағанда, Қазақстан  Республикасы Қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігі  Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу  мен оларға қарсы провизиялар  (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5 санаттағы «үмітсіз» немесе  «күмәнді» деп жіктелгендерді  қоспағанда, тиісті қаржы жылында  ақшалай пайданың жалпы көлемінің  кемінде  
10 % мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер қатыса алады:

Информация о работе Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша түсініктеме