Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша түсініктеме

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 18:00, автореферат

Краткое описание

2010 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 301 қаулысымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы (әрі қарай-Бағдарлама) бекітілді. Бағдарлама негізінен Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстанның дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ, Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2014 жылға дейінгі қабылданған Мемлекеттік бағдарламасын (әрі қарай-ҮИИДМБ) жүзеге асыруға бағытталған.

Содержимое работы - 1 файл

dkb_kaz.docx

— 41.23 Кб (Скачать файл)

      тау-кен өнеркәсібі;

      минералдық шикізатты өңдеуді  жүзеге асыратын және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына  сәйкес Мониторингке жататын  ірі салық төлеушілердің тізбесіне  енгізілген металлургия өнеркәсібінің  кәсіпорындары.

     Банктерден  алынған несиелік ставкаларын субсидиялау  шарттары 

      Пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

      Субсидиялау мерзімі одан әрі  10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен  1 жылдан 3 жылға дейінді құрайды.

      2010 жылы банктердің, Бағдарламаға  қатысушылардың сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте 7 %-ды кәсіпкер төлейді, ал 5 %-ды мемлекет өтейді. Сондай-ақ банк:

      өтініш беруші бастамашылық жасайтын  кредит беру шартының өзгеруіне  байланысты;

      өтініш берушінің кредит бойынша  міндеттемелерін бұзу себебі  бойынша алынатын комиссияларды,  алымдарды және/немесе басқа да  төлемдерді қоспағанда қандай  да бір комиссияларды, алымдарды  және/немесе кредитке байланысты  өзге де төлемдерді алмайды.

      Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер  де субсидиялауға жатады, бұл  ретте сыйақының пайыздық ставкасы  Бағдарламада белгіленген шекті  мәндерден жоғары асқан жағдайда  осы кредит бойынша Субсидиялау  шартының қолданысы тоқтатылады.

      Одан әрі жылына бір рет  Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің және Қазақстан Республикасы  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің  келісімі бойынша ЭДСМ анықтайтын  кредит бойынша қаржы ұйымдарының  тиімді пайыздық ставкасы нарықтық  шекті ставкадан аса алмайды.

      Субсидиялау мөлшері 2011 жылдан  бастап банктің сыйақы ставкасының  70 %-ын құрайтын болады.

      Субсидиялау негізгі құралдарды  сатып алуға және/немесе жаңғыртуға  және /немесе өндірісті кеңейтуге  және/немесе айналым қаражатын  толықтыруға берілген кредиттер  бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Сыйақының пайыздық ставкасын  субсидиялау жіктелгенге жатпайтын  (стандартты) (Қазақстан Республикасы  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігі  басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы  ставкасын банктер 12 %-ға дейін  төмендететін, оның 5 %-ға дейін борышкер  төлейтін, ал 7 %-ын мемлекет өтейтін  валюталық кредиттер бойынша  жүзеге асырылуы мүмкін.

      Оң бағамдық айырма туындаған  жағдайда айырма болашақ субсидиялардың  есебіне жатқызылсын, ал теріс  бағамдық айырма жағдайында өтеу  қарыз алушыға жүктелсін. 

     Төртінші  бағыт: Кәсіпкердің әлеуетін күшейту

      Төртінші бағыт өндірістерді  жаңғырту және бизнесті басқарудың  қазіргі заманғы моделдерін енгізу  мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті  күшейтуге бағытталған шағын  және орта бизнеске мемлекеттік  қолдау көрсетуді көздейді.

      Шағын және орта  бизнеске мемлекеттік  қолдау көрсету негізгі 5 түрден тұрады:

     1. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерліктерді қолдау (старт-ап жобалары);

     2. Жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау;

     3. Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;

     4. Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату жолымен өндірістерді жаңғырту және кеңейту (бұдан әрі - «Іскерлік байланыстар» жобасы);

      5. Еңбек нарығы талап ететін мамандықтар бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау.

      1. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) Оператордың стандартталған қызметтер пакетін ұсынуын көздейді, ол мыналарды қамтиды:

      - кәсіпкерлерді және халықты кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне («Бизнес кеңесші» жобасы) қысқа мерзімді оқыту;

      - кәсіпкерге қажетті құжаттардың стандартын пакетін ұсыну;

      - ақпараттық - талдамалық қолдау және кәсіпкерлердің кәсіпорындардың бірыңғай базасына геоақпараттық жүйе арқылы еркін қол жеткізуін ұйымдастыру;

     - экономиканың басым салаларында маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін беру.

      «Бизнес кеңесші» жобасын Оператор іске асыратын болады және ол меншікті бизнес құру, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнесті жүргізудің заңды негіздері, қаржы және салық салу бойынша оқытуды қамтиды.

      Қысқа мерзімді  оқу үдерісінде  кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің  негіздері бойынша  оқу материалдары, құрылтай құжаттарын, үлгі бизнес-жоспарларды,  техникалық-экономикалық  негіздемелерді, кредит  алуға арналған  құжаттарды, сондай-ақ  сала бойынша маркетингтік зерттеулердің есептерін қамтитын құжаттардың стандартты пакеті берілетін болады.

      Құжаттардың стандартты пакеттері кәсіпкерлерге «Бизнес кеңесші» жобасы шеңберінде оқу барысында да және кәсіпкерлердің сұрауы бойынша жеке негізде де қағаз және электронды тасығыштарда берілетін болады.

      Инновациялық жобаларды  іске асыратын  кәсіпкерлерге «Ұлттық  инновациялық қор»  акционерлік қоғамы  қолдау көрсетеді.

      2. Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау оның тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес-үдерістерді қолдау бойынша мамандандырылған мынадай қызметтерді ұсынуды қамтиды:

     - бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және есептілікті құру;

      - статистикалық есептілікті құру;

      - кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;

      - сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша консультация беру;

      - заң консультациясы;

     - маркетинг мәселелері бойынша консультация беру;

      - ақпараттық технология саласында қызмет көрсету.

      Кәсіпкерлер үшін мамандандырылған  қызметтер тегін көрсетілетін  болады.

      3. Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізуге, кәсіпорындарды тиімді басқарудың дағдыларын дамытуға және «Назарбаев Университеті» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Назарбаев Университеті» АҚ) бизнес-мектебі базасында шетелдік оқыту орталықтарын тарта отырып, тактикалық және стратегиялық бизнес-міндеттерді шешуге бағытталған.

      Оқу процесі бизнесті  құрудың жаңа моделін  зерделеуге, бизнесті  жүргізуде туындайтын  мәселелерді дербес  шешу дағдыларын  қалыптастыру мақсатында  нақты бизнес-ахуалдарды  моделдеуге негізделеді.

      Оқыту бағдарламасы  бизнесті жүргізудің  қазақстандық практикасына  бейімделген, Бағдарламаның  әлеуетті қатысушылары  толтырған талдау  анкетасы негізінде  әзірленетін, бизнес-кейстерді  қамтитын болады. Бизнес-курстар бағдарламасын  Оператордан және  тәуелсіз сарапшылардан  тұратын «Назарбаев  Университеті» АҚ  жанындағы Сараптама  кеңесі бекітетін  болады.

      Оқу аяқталған  соң жергілікті  жерлерде кәсіпкерлер  бизнес-жоспарлар  әзірлейді. Одан  әрі кәсіпкерлер  «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша тағылымдамаға қатысу үшін бизнес-жоспарларын бере алады.

      Шағын және орта  бизнестің топ-менеджментін  оқыту шарттары

      Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары Бағдарламаның қатысушысы бола алады.

      Бағдарламаға қатысушылар  оқуға барып-келуін  және тұратын орнын  дербес төлейді.

      Қатысушылардың оқу  шығыстарын төлеу  республикалық бюджеттің  қаражаты есебінен  жүзеге асырылатын  болады.

          Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту тетігі

      1. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші  Бағдарламаға әлеуетті  қатысушыларға конкурстық  іріктеудің басталғаны  туралы тікелей  және/немесе бұқаралық  ақпарат құралдары  арқылы хабарлайды.

      2. Өтінім беруші  жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестірушіге  немесе уәкілетті  органға белгіленген  нысанда оқуға  арналған өтінім  береді. Уәкілетті  орган айқындайтын  квоталарға сәйкес  жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші  жиынтық өтінімдер  қалыптастырады және  оларды ӨҮК қарауына  шығарады.

      3. ӨҮК кандидатураларды  талқылау нәтижелері  бойынша іріктеу  өткізеді және  Өтінім берушінің  Бағдарламаға қатысу  мүмкіндігі туралы  шешім қабылдайды.

      4. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші  Уәкілетті органға  ӨҮК мақұлдаған  жиынтық өтінімді  келісуге жібереді.

      5. Уәкілетті орган  Жұмыс тобының  қарауына жергілікті  деңгейдегі Бағдарламаны  үйлестірушіден және  тікелей Өтінім  берушіден түскен  жиынтық өтінімдерді  енгізеді.

      6. Жұмыс тобы Өтінім  берушілердің Бағдарламаға  қатысуын тиісті  Хаттамамен мақұлдайды.

      7. Уәкілетті орган  «Назарбаев Университеті»  АҚ-ға мақұлданған  Бағдарлама қатысушыларының  тізбесін жібереді.

      Оператор «Назарбаев  Университеті» АҚ-мен  бірлесіп, Бағдарламаға  қатысушылардың кәсіпорындарды  дамыту жөніндегі  қызметіне кейіннен  мониторинг жүргізеді.

       4. «Іскерлік байланыстар» жобасы (бұдан әрі - Жоба) халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен өндірістерді жаңғыртуға қолдау көрсетуге бағытталған.

      Жоба екі кезеңнен  тұратын болады:

      Бірінші кезең  Қазақстан аумағында жүзеге асырылады.

      Осы кезеңде бизнес жүргізудің  осы заманғы әдістерін, маркетингті  үйретуге, бизнес-серіктестіктермен  және т.б. іскерлік байланыстар  орнатуға бағытталған бизнес-тренингтер  өткізіледі. Оқу процесінде Жобаға  қатысушылар шетелдік және отандық  бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен  өз кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын  әзірлейді.

      Бизнес-тренингтер аяқталғаннан  кейін Жобаға қатысушылар алынған  консультацияларға сәйкес бизнес-жоспарларын  дербес пысықтайды және кейіннен  Жобаның екінші кезеңінде конкурстық  іріктеуге қатыса алады.

      Екінші кезең Жобаға қатысушылар үшін шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы, оның ішінде шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату үшін көздейді және мыналарды қамтиды:

      ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда  тағылымдама;

      мына мәселелер бойынша іскерлік  байланыстар орнату:

      технологиялар трансферті және  жабдықтар сатып алу;

      тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді  өзара жеткізу;

      франшиз сатып алу;

      халықаралық және шетелдік ұйымдардан  гранттар алу;

      бірлескен кәсіпорындар құру.

      Жобаны Қазақстан аумағында іске  асыруды Оператор сүйемелдейтін  болады. Қазақстанның кәсіпкерлік  секторының қажеттілігін және  қабылдаушы елдің салаларының  даму деңгейін ескере отырып, Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдаманы  ұйымдастыруға халықаралық және  шетелдік ұйымдар (Еуропада - Еуропалық  Одақ ұйымы, Америка Құрама  Штаттарында - ЮСАИД, Кореяда - КОІСА, Японияда - ЛСА, Германияда - Германия халықаралық ынтымақтастық  орталығы) жәрдемдесетін болады.

      Халықаралық және шетелдік ұйымдармен  өзара іс-қимыл жасау Қазақстан  Республикасының Үкіметі мен  Халықаралық және шетелдік ұйымдар  арасындағы ынтымақтастық туралы  қолданыстағы халықаралық келісімдер  шеңберіне негізделеді.

      Кәсіпкерлерді даярлау және оларды  одан әрі шетелге тағылымдамадан  өтуге жіберу өңірдің қажеттілігіне  сол немесе басқа да мамандықтар бойынша, сондай-ақ өңірдің даму басымдықтарына сәйкес болуы қажет.

Информация о работе Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша түсініктеме