Африка саваннасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Африканың жер қоры да айтарлықтай. Жан басына шаққанда өңделетін жер үлесі Оңтүстік - Шығыс Азия немесе Латын Америкасы елдеріндегі көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Бірақ жарамды жердің 1/5 – і ғана өңделеді. Ніл, Нигер өзендері бойындағы және Мозамбик ойпатындағы аллювийлі топырақтардың егіншілік үшін маңызы өте зор. Субтропиктер мен тропиктік белдеу топырақтары біршама құнарлы болып келеді, тек қосымша суаруды қажет етеді. Ал ылғалды экваторлық ормандардағы ферралиті топырақ, керісінше артық ылғал әсерінен шайылу мен үгілуге оңай беріледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .......................................................................................................2
1 тарау. Саванналар туралы жалпы түсінік ...............................................3
1.1.Саванна және сирек орман ұғымына анықтама беру .........................5
1.2. Саваннаның түрлеріне жалпы шолу ....................................................6
1.3. Субэкваторлық, тропиктік белдеудегі ылғалды, құрғақ, бұталы
саванна түрлеріне қысқаша сипаттама ......................................................8
2 тарау. Африка саваннасының қазіргі жағдайы .......................................9
2.1. Африканың географиялық орны .......................................................11
2.2. Африканың солтүстік және оңтүстік бөлігіндегі саванна ...............13
айырмашылықтары мен ерекшеліктері ....................................................13
2.3. Саваннада кездесетін өсімдіктер мен жануарлар, қорғау
проблемалары .............................................................................................15
2.4. Африка аумағындағы ұлттық саябақтар, қорықтар .........................21
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................25

Содержимое работы - 1 файл

Африка саваннасы.docx

— 1.13 Мб (Скачать файл)

     МАЗМҰНЫ 

     КІРІСПЕ .......................................................................................................2

     1 тарау. Саванналар туралы жалпы  түсінік ...............................................3

     1.1.Саванна  және сирек орман ұғымына анықтама  беру .........................5

     1.2. Саваннаның түрлеріне жалпы шолу ....................................................6

     1.3. Субэкваторлық, тропиктік белдеудегі  ылғалды, құрғақ, бұталы

     саванна түрлеріне қысқаша сипаттама ......................................................8 

     2 тарау. Африка саваннасының қазіргі  жағдайы .......................................9

     2.1. Африканың географиялық  орны .......................................................11

     2.2. Африканың солтүстік және оңтүстік  бөлігіндегі саванна ...............13

     айырмашылықтары мен ерекшеліктері ....................................................13

     2.3. Саваннада кездесетін өсімдіктер  мен жануарлар, қорғау

     проблемалары .............................................................................................15

     2.4. Африка аумағындағы ұлттық саябақтар,  қорықтар .........................21

     ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................23

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................25

 

     

     Кіріспе

     Африканың жер қоры да айтарлықтай. Жан басына шаққанда өңделетін жер үлесі  Оңтүстік - Шығыс Азия немесе Латын Америкасы елдеріндегі көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Бірақ жарамды жердің 1/5 – і ғана өңделеді. Ніл, Нигер өзендері бойындағы және Мозамбик ойпатындағы аллювийлі топырақтардың егіншілік үшін маңызы өте зор. Субтропиктер мен тропиктік белдеу топырақтары біршама құнарлы болып келеді, тек қосымша суаруды қажет етеді. Ал ылғалды экваторлық ормандардағы ферралиті топырақ, керісінше артық ылғал әсерінен шайылу мен үгілуге оңай беріледі. Соңғы жылдары Африка жерінде топырақ эрозиясы апатты сипатта белең алуда. Шөл және көлейтті жерлер үлесінің жоғары болуымен (материктің 1/3 – і) жер өңдеудің дамуына кедергі келтіреді. Жер шарындағы ең үлкен Сахара шөлі (ауданы 7 млн км2-ден астам) мен оның оңтүстігіндегі өте құрғақ Сахель жерінде қуаңшылық бірнеше жылға созылатын жағдай жиі болып тұрады.

     Курстық жұмыстың өзектілігі:

     Африка  елдері жабайы жануарлар мен ең қызықты  табиғат комплекстерін (ормандарды, саванналарды, вулкандық аудандарды және т.б) қорғауға күш жігер жұмсауда. Материкте қорықтар мен ұлттық парктер едәуір жер көлемін алып жатыр. Олардың бірқатары дүние жүзіне белгілі. Қабылдаған шаралардың арқасында ертеректе жойылып кету шегіне жеткен көптеген жануарлардың саны қазіргі кезде қалпына келтірілген. Бұл саябақтар бір-бірлерінен жануарлары мен өсімдіктері, орналасу жағдайы мен аумағы бойынша ерекшелінеді және Африка материгінің табиғи байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

 

     

     1 тарау. Саванналар  туралы жалпы түсінік 

     Саванна (ис. sabana - кариб үндістерінің тілінен енген) — тропиктік ормандар мен шөлдер аралығындағы биом түрі. Саваннада субэкваторлықтропиктік және субтропиктік өсімдіктер типінің ксерофитті шөптесіндері, жеке немесе шоқ ағаштары (акацияэвкалипт, т.б.) мен бұталары кезектесіп орналасқан. Өсімдіктері ұзаққа созылатын құрғақшылыққа бейім келеді. Шөптесін өсімдіктерінің жапырағы қатқыл, тікенекті. Олардың ішінде биікт. 3 — 5 метрге дейін жететін астық тұқымдастары да бар. Ағаштары аласа, діңдерінің қабығы қалың, жоғарғы бөлігі шатыр тәріздес. Құрғақ маусымда кейбір ағаштар діңіне (баобаббөтелке ағашы, т.б.) су қоры жиналады. Саванна тропиктік егіншілікке қолайлы; мақтажер жаңғағыжүгерітемекікүрішегіледі. Жануарлардан пілмүйізтұмсық, керікзебрантилопалар; құстардан түйеқұсмекендейді. Солтүстік Африка аумағының 40%-ын қамтиды. Оңтүстік Америкада (кампос,льянос), Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс АзиядаСолтүстік-Шығыс Австралияда да таралған.[1]

     Саванна Африка және Оңтүстік Америка тропиктерінде ксерофитті шөптесін өсімдіктер өскен көлемді алқап. Дала, көлді жерлерден саваннаның айырмашылығы сиректе болса Саваннада ксерофильді ағаш өсімдігінің кездесетіндігі. Ксерофильді ағаштардың өсуі, ылғалдылық пен жылылықтың болуы деп те түсіну керек.   

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Саванналар  климаты - қысы тым құрғак болып келетін тропиктік климат. Ең жылы айдыңтемпературасы 25— 30°С және одан жоғары, ең суық айдың температурасы 18°С және одан да төмен, жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден 250 мм-ге дейін. ВенесуэладаГвиананың бір бөлігінде, Амазонканың оңтүстік жағында, Бразилияда, тропиктік Африканың көп бөлігінде,Мадагаскардың батысында, Үндістанда 22° солтустік ендіктен оңтустікке қарай, Цейлонда,Бирманың орталық бөлігінде, ҮндіқытайдаСолтүстік АустралиядаГавай аралдарында таралған.[1]

        

     Саванна Африканың тропика жерін, Оңтүстік Америка, Гвианада, Ориноко өзені  алқабын, Бразилия, Австралия, Индия  жерлерінде орналасқан. Бразилия саваннасында 900-1500 мм, ал мамыр-маусым айларында 100 мм, Батыс Африка саваннасында жылына 1000 мм (4-5 ай құрғақшылық), маусым-қыркүйек айлар аралығында 10 мм жаңбыр жауады. Бразилия саваннасында жылдық орташа температура 18-21 градус, Батыс Африкада 20-24 градус. /1/ 
 
 
 

     1.Карпеков  К.Д, Бейсенова Ә.С. Казақстанның  физикалық географиясы / / 8-сыныпқа  арналған оқулық. - Алматы, «Атамура», 2008.

     1.1.Саванна  және сирек орман  ұғымына анықтама  беру

     Сонымен саванна барлық климатологиялық  зоналарда, мәңгі жасыл да, жапырақтары  түсетін (муссонды орман), құрғақ та сирек  те орман, жыл мезгілдеріне байланысты батпақтанатын жерлер, злактар көптеп кездесетін биік тау саванналары, Ориноко  өзен алқабы өсімдіктері-аристида, бородач, пальма-(Маврикиева пальмасы), батпақты, сулы, экстремальды жағдайларға бейімделген, таулы саваннада-паспалум, алькорнук, бирсонима, крассифолия. Осындай құрамдағы  өсімдіктер Оңтүстік Америка жерлерінде жылына 800-1000 мм жаңбыр жауатын аудандарда өседі.

     Саванна ағаштарының жапырағы қатты, қауырсынды, қондырмалы, сабағы тік бағана тәріздесте, қисық, аласа бойлы ағаштарды  да кездестіруге болады. 

     Африка  тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты  қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы  құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.

        

     Ағаштардың  сыртқы морфологиялық пішіні шатыр  тәріздес болып келуі – қуаңшылықтан, желден сақтану тәсілдері деп  түсіну керек. Шөптесін өсімдіктер топырақтары  қызыл түстес-латеритті тип. Қосжарнақты  өсімдіктер өкілдерінің тамыр түйнектері болуымен ерекшеленеді. Тамыр түйнектері қор, су жинақтау  ролін атқарады. Шөптесін өсімдіктер ойпатты, сай-салалы, жылғаларда қалыңдау болып өседі.  
 
 
 

     1.2. Саваннаның түрлеріне  жалпы шолу 

     Басқа материк саваннасымен салыстырғанда  Шығыс Африкадан Оңтүстік Сахараға дейін Африка территориясының 40% үлкен  аумақты алып жатыр. Африка саваннасында ылғалдылық, жаңбыр ретімен, сезонмен жауады 1500 мм дейін азайып, кей жерлерде 4-6, кей жерінде 9-10 ай құрғақшылық  температура болып тұрады. Ылғалдылықтың  азайып, ыстық пен аңызақтың артуы  ағаш, шөптесін өсімдіктердің бейімделіп ксерофильді «тікенекті» сирек орманға айналуына бірден-бір себепкер.

     Негізгі Африка Саванна өсімдіктері: Баобаб (Adonsonid digitata) бомбакс тұқымдасының өкілі, биіктігі 10-25 м, жуандығы 10 м. Саваннаның 4000-5000 жыл өмір сүретін гигант эндемді негізгі өсімдігі. Жемісі қияр тәріздес ұзындығы 30-35 см ыстық, құрғақшылық кезде піседі. Баобаб жемісі маймылдың сүйікті тамағы болғандықтан, баобабты жергілікті халықтар «маймылдардың нан ағашы» деп те атайды. Баобаб ағашы түгелдей дерлік халық шаруашылығына, мұқтаждықтарына пайдаланады, жемісі тамақ, сыртқы қабығынан –жіп, арқан, маталар тоқылады, жапырағы дәрі-дәрмек орнына, ал тұқымында –адонсонин атты алколоиды бар уланғанда, жылан, қарақұрт шаққанға пайдаланады. Күн сәулесін, ыстықты жақсы көретіндіктен жалғыз, жеке өскенді, жеке тұрғанды жақсы көреді.

     Пальма батыс экваторлық  Африка жерінде өседі. Қазір мәдени өсіру жағы қарастырылып, Африканың көптеген жерінде өсіріледі. Баобаб, акация, паркия, мимоза тұқымдасы өсімдіктерімен аралас өседі. Жабайы түрінде биіктігі 20-30 м, мәдени өскенде 15 м. Өсірген соң алғашқы он жылда гүлдейді, 80-120 жыл өмір сүреді. Жемісінде 22-70 % майы бар. Тамақ, сабын жасау өнеркәсібінде, техникалық құралдар детальдарын майлау, экспортқа шығарылады. Гүлшоғырынан тәтті шырындар болғандықтан пальма шарабы жасалынады.

     Лофира  тұқымдасы. Қалың қатпарланған қабығының болуымен қабығын өртегенімен қайтадан өсіп шығатын отқа күймейтін керемет тамырының болуымен ерекшеленеді. Өртке берілмейді. Халық шаруашылығында өнеркәсіп, өндірісте қолданылатын тұқымында майы бар.

     Африка  саваннасының шөптесін өсімдіктері-көпжылдық шымды злактар. Ең көп кездесетіндері: бородач, жергілікті халықтар «піл шөбі» деп те атайды. Жаңадан өсіп келе жатқанда пілдер өте жақсы жейді. Злактардан басқа-лалагүлділер, бадамды, пиязшықты, тамырсабақты, амариллис тұқымдастар өкілдері өседі. /2/

     2. Саипов A.A., Увалиев Т.О. Жаһандану кезеңінде эқушылардың экономикалык білімін калыптастыру //Вестник КазНПУ им. Абая. - Серия «Педагогические науки». 2009, № 4 (24). -С . 92-97. 

     Селдірік жапырағында ақ жолағы болуына сәйкес шортанға ұқсағандықтан жергілікті халық «шортан құйрық» деп те атайды. Африка, Индия жерлерінде көптеп кездеседі. Сабағы жоқ, қылыш тәріздес ақ жолақтары бар жапырағы, тамырсабағы жуан. Тамырсабағымен жапырағын құммен суға салып қойса вегетативті жолмен өте тез көбейеді.

     Шығыс Азия саваннасы. Үндістан, Үндіқытай муссонды тропикалық орман жерлерін Шығыс Азия саваннасы алып жатыр (Зонд аралы, Малай архипелагы, Малакка түбегі ) шөптесін өсімдіктер көптеп таралған, биіктігі 1-1,5 м. Мысалы злак Африка, Шығыс Азия саваннасында кеңінен таралған. Өзен жағалауы, орман, тоғай шетінде топырақ, құмды жерлерді бекітуге көптеп қолданылады.

Информация о работе Африка саваннасы