Негізгі қорлар аудиті реферат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 18:57, реферат

Краткое описание

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ере

Содержание работы

Кіріспе 3

I-тарау Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері 4

1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 4

1.2 Қаржылық жоспарлаудың жүйесі 9

1.3 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 14

ІІ-тарау Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау 16

2.1 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау 16

2.2 Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау 22

2.3 Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі 28

ІІІ-тарау Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары 30

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 30

3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру 32

Қорытынды 37

Пайдаланған әдебиеттер 38

Содержимое работы - 1 файл

қаржылық жоспарлау 1.docx

— 61.41 Кб (Скачать файл)

 • жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді.

 • бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пацдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсіндіреді;

 • бюджет жасау  жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.

 Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Экстрополяция  (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі.

 Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :

 • мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке алмайды;

 • материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.

3. Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.

4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.

5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

 Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

 Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

 Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау әміршіл аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объектиті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

 Қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

 Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді табуға мүмкіндік бреді.

Информация о работе Негізгі қорлар аудиті реферат