Негізгі қорлар аудиті реферат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 18:57, реферат

Краткое описание

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ере

Содержание работы

Кіріспе 3

I-тарау Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері 4

1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 4

1.2 Қаржылық жоспарлаудың жүйесі 9

1.3 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 14

ІІ-тарау Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау 16

2.1 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау 16

2.2 Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау 22

2.3 Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі 28

ІІІ-тарау Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары 30

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 30

3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру 32

Қорытынды 37

Пайдаланған әдебиеттер 38

Содержимое работы - 1 файл

қаржылық жоспарлау 1.docx

— 61.41 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 Кіріспе 3

I-тарау Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері 4

1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 4

1.2 Қаржылық жоспарлаудың жүйесі 9

1.3 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 14  

 ІІ-тарау Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау 16

2.1 Мемлекеттік бюджетті  жоспарлау 16

2.2 Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау 22

2.3 Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі 28  

 ІІІ-тарау Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары 30

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 30

3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру 32

 Қорытынды 37

 Пайдаланған әдебиеттер 38  

 Кіріспе  

 Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

 Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.

 Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).

 Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

 Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

 Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.  

 І-тарау Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері

1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары  

 Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

 Жоспарлау: 

1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)

Информация о работе Негізгі қорлар аудиті реферат