Негізгі қорлар аудиті реферат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 18:57, реферат

Краткое описание

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ере

Содержание работы

Кіріспе 3

I-тарау Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері 4

1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 4

1.2 Қаржылық жоспарлаудың жүйесі 9

1.3 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 14

ІІ-тарау Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау 16

2.1 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау 16

2.2 Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау 22

2.3 Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі 28

ІІІ-тарау Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары 30

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 30

3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру 32

Қорытынды 37

Пайдаланған әдебиеттер 38

Содержимое работы - 1 файл

қаржылық жоспарлау 1.docx

— 61.41 Кб (Скачать файл)

2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);

3) тиімділігімен  (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

 Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:

 а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі). Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

 ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);

 б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).

 Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада қаржы жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

 Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

 Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

 Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

 Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

 Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:

 • экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;

 • корреляциялық регрессиялық талдау;

 • тікелей  сараптамалық бағалау әдісі.

 Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық үйлестіруші рөлді орындайды және қарды қызметінің субъектілеріне эконмикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік теттеуде және экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталды.

Информация о работе Негізгі қорлар аудиті реферат