Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 14:06, курсовая работа

Краткое описание

Өзіме берілген жанама салықтар тақырыбы негізінде толықтыратын болсам, кіріспеде былай делінген:
Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Содержание работы

І КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 БӨЛІМ. ЖАНАМА МСАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын
орны.......................................................................................................................4
1.2. Қосылған құн салығының салық салудағы шетел тәжірибесі........8
1.3. Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары........9
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу..................... 16
2.2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау................................................................................................18
2.3. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі.......................19
3 БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
3.1. Акциздің салық салу обьектілері, ставкалары, төлеушілері.........22
3.2. Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі ...............................................24
3.3.Акциздердің бюджет кірісіндегі орны ...........................................30
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Содержимое работы - 1 файл

Жанама салық.doc

— 279.50 Кб (Скачать файл)

Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акйиз толық мөлшерде төленеді. Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациалық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайларда да қолданылады.

Акциз алымы маркалары жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.

Алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциз алымының бүлінген немесе жоғалған   (оның ішінде ұрланған) маркалары бойынша акцизді есептеу маркада   көрсетілген   сауыттың   (ыдыстың)   көлеміне қолданылатын белгіленген ставка негізінде алынып жүргізіледі .

Маркада сауыттың (ыдыстың) көлемі белгіленбеген жағдайда акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары бойынша акцизді есептеу акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю (орау) жүргізілген сауыттың (ыдастың) неғұрлым үлкен көлемі негізіне алынып жүргізіледі.

Акциз алымы маркалары жоғалған, бүлінген кезде мынадай жағдайларда :

1.          акциз алымы маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;

2.          акциз алымының бүлінген маркалары салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізіңде қабылдаса, акциз төленбейді.

3.          Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынының көтерме, бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдерінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетін тауарларды қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдаланға міндеттес, осы сатып алу-сату шарты бойынша;

1.          бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші ;

2.          бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші өнім берушілер болып табылған жағдайда, бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

Бензин (авиациалық бензиңді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына аталған берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялар жатады :

1.          бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және жеке кәсіпкерлерге олардың өндірістік қажеттері үшн өткізу;

2.          бензин (авиациалық бензинді коспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;

3.          өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік қажеттеріне пайдалану операциялары;

Ойын бизнесі саласындағы кызметке салық «алудың қазіргі уақытта өзіндік ерекшеліктері бар. Ойын бизнесі (лотереяларды қоспағанда басқа) саласындағы кызметті жүзеге асыру кезінде мыналар салық салу обьектісі болып табылады :

1.          ойын столы;

2.          ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;

3.          тотализатор кассасы;

4.          букмекер кеңселерінің кассасы.

Лотерея ұйымдастырушысының лотерея билеттерін сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу обьектісі болып табылады.

Айта кететін бір жай, лотерея ұйымдастырушысы өткізуге әзірленген лотерея билеттерін сатуға шығарудың әрбір шығарылымы және оның ақша түріндегі көлемі лотерея билеттерін өткізу басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей салық органдарына міндетті түрде тікелуге тиіс. Бірақта, лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күннің ішінде міндетті түрде мына қүжаттарды

1.          экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге шартты (келісім шартты);

2.          акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімінқолдана отырып әкеткен жағдайда кеден рәсімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады;

3.          Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарға ілеспе қүжаттардың көшірмелерін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;

4.          Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарына акцизделетін тауарлар өткізуден түскен ңақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.

Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасатқан.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделееін тауарлар экспортталған кезде Қазақстаң Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде рәсімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қоса табыс етіледі.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу расталмаған жағдайда, мұндай өткізуге Қазакстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін оларға белгіленген тәртіппен акциз салынуға қажет.

Акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсаты мен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының айағында төленген акциз сомалары шегерілуі тиіс.

Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.

Акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде де, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады.

Акциздер бойынша бюджетпен ееп айырысу кезінде күнтізбелік ай есепті кезең болып табылады .

Акцизделетін ішімдік тауарлары бойынша акциздер тауар өткізілген күннен кейінгі оныншы банк күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.

Өзгедей акцизделетін тауарлар бойынша акциздер:

1.          салық кезеңінің алғашқы он күнінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен.

2.          салық кезеңінің екінші он күшінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші күнінен;

3.          салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша айдың кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс .

Алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.

Ойын бизнесінен алынған түсім бойынша есептелген акциз жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде аударылады.

Ағымдағы төлемдер бойынша акциздің төленген сомасы төлеуші есепті кезеңдегі декларацияда көрсеткен акциз сомасын бюджетке төлемге есептеуге жатқызылады.

Акциздің төлеу мерзімін ұзартуға болмайды.

Төлеуші салық қызметі органдарында акциздер бойынша есепке тұруға міндетті. Оған салық төлеушінің тіркеу нөмірі беріледі. Тұлға акциз салынатын айналым болған сәттен салық төлеуші деп танылады.

Салық төлеуші акциз салынатын айналымға байланысты қызмет тоқтатылған жағдайда есептен шығару туралы арыз беруге міндетті. Акциз төлеушіге акциздердің дұрыс есептеліп, бюджетке уақтылы аударылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

Төлеуші салық қызметінің тиісті органына әрбір есепті кезең үшін салық декларациясын есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірілмей беруге міндетті, онда төленуге тиісті және есепті айдың әр он күнінде нақты төленген акциз сомасы көрсетіледі.

Акцизді төлеу мерзімі және декларацияны беру мерзімі демалыс немесе мереке күніне тура келсе, бұл мерзім демалыс немесе мереке күннен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады .

Акциз алымының маркаларымен таңбалауға тиіс, акцизделетін тауарларды акциздік маркаларын қолданбай өткізуге тыйым салынады.

Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық органдарына тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті.

Сонымен қатар құрылымдық бөлімше үшін төленуге тиіс акциз сомасы ер құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылымдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады.

Акциз есебін қүрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде қүрылымдық бөлімшелер жүргізген операциялар ескеріледі.

Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері үшін төлеуге тиіс акциз сомалары бойынша есепті - өзінің тіркелген жері бойынша салық органына белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті.

Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан немесе ол құрылымдың бөлімшеге жүктеледі.

Жеке қәсіпкер, ағымдағы төлемдерді қоса алғанда , акциз төлеуді өзі қызметін жүзеге асыратын жері бойынша жүргізеді.

Акцизделетін тауарлардың импортына салық салудың өзіндік ерекшеліктері бар, тұрлауды акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды -Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде белгіленеді. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық салатын база импортталатын акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендік құны ретінде анықталады .

Импортталатын тауарларға акциздер Қазақетан Республикасының кеден заңдарына кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.

Жеке түлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша  импорттайтын  акцизделетін   тауарларына  акциз  төленбейді.Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізетін жеке тұлғалардың мынадай акцизделетін тауарларының нормасына акциз салығы салынбайды:

1.          бекіре мен қызыл балық, бекіре мен қызыл балық уылдырығы, бекіре мен қызыл балықтан және уылдырықтан жасалған жеңіл тағамдар -- 1 кг;

2.          сыра -- 5 литр;

3.          спирттің барлық түрлері, арақ, шарап өнімдері, ликер арақ өнімдері, шырынды сусын, шарап, коньяк, шампан шарабы -- 2 литр;

4.          темекі өнімдері, құрамында темекі бар басқа да өнімдер - 1000 дана;

5.          бензин ( авиациалық бензиннен басқа ) - 100 литр;

6.          дизель отыны-150 литр;      

Төмендегі тізіп көрсетілген импортталатын тауарлар акцизден босатылады.

1.          жол бойы бағытында және аралық аялдама пунктерінде халықаралық тапсырмаларды жүзеге асыратын көлік қүралдарын пайдалану үшін қажетті, сондай-ақ аварияны (сынып қалуды) жою үшін, шет елден сатып алынған акцизделетін тауарлар;

2.          Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүліну салдарынан бұйым және материал ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;

3.          шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдадануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік -- техникалық қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда? жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылатын тауарлар;

4.          Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, еркін айналыс үшін тауарлар шығару режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын тауарлар;

5.          сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазакстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медециналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

Бюджетке аударылуға тиіс акциздердің сомасы банк және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқада ұйым төлем тапсырмасы алынған күні тиісті бюджетке аударады.

Уақтылы төленбеген салық сомасы, соның ішінде ағымдық төлемдер, бюджетке осы сома төленген күні тексеру сәтінде мерзім өткен әр күн үшін (төлем жасау күнін қосқанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1.5 есе мөлшерінде өсім есептеліп  өндіріп алынады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар