Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 14:06, курсовая работа
Өзіме берілген жанама салықтар тақырыбы негізінде толықтыратын болсам, кіріспеде былай делінген:
Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.
І КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 БӨЛІМ. ЖАНАМА МСАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын
орны.......................................................................................................................4
1.2. Қосылған құн салығының салық салудағы шетел тәжірибесі........8
1.3. Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары........9
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу..................... 16
2.2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау................................................................................................18
2.3. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі.......................19
3 БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
3.1. Акциздің салық салу обьектілері, ставкалары, төлеушілері.........22
3.2. Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі ...............................................24
3.3.Акциздердің бюджет кірісіндегі орны ...........................................30
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» АҚ
Курстық
жұмыс
Тақырыбы:
«Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар»
3 СІ-406 тобының студенті
Қабылдаған: Дулатбекова Ж.А.
Астана,
2008 жыл
Мазмұны:
І КІРІСПЕ.......................
1 БӨЛІМ. ЖАНАМА МСАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын
орны..........................
1.2. Қосылған құн салығының салық салудағы шетел тәжірибесі........8
1.3. Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары........9
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу..................... 16
2.2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау.......................
2.3. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі.......................
3 БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
3.1. Акциздің салық салу обьектілері, ставкалары, төлеушілері.........22
3.2. Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі ......................
3.3.Акциздердің бюджет кірісіндегі орны ..............................
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
І КІРІСПЕ
Өзіме берілген жанама салықтар тақырыбы негізінде толықтыратын болсам, кіріспеде былай делінген:
Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Акциздер дегеніміз – бұл тауардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық болып табылады. Акциздер бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларған салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшылықты ерекшеліктеріне қарай монопольді түрде жоғары бағаларымен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Осы салықты бұрыннан бері көптеген мемлекеттер және бекітілген белгілі бір тауарлар түрлеріне салуарқылы қолданып келді.
Акциздер латын тілінен аударғанда «accidere» кесу деген сөзіне шыққан. Ол тұтынуға арналған тауарлардың бір бөлігін кесіп алу деген ұғымды білдірген. Сондай-ақ жанама салықтарға сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдерді де жатқызуға болады. Және де кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері мен, ішкі рынокта салынатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасын жатқызамыз.
1 БӨЛІМ. ЖАНАМА МСАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын орны
Нарықтық қатынастар жүйесіне ену отандық салық салу жүйесін құру
қажеттілігін туғызады. Механикалық еліктеу мен нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің, сонымен қатар экономикасы транзитті мемлекеттердің салық жүйесін Қазақстан экономикасына көшіру қайта құрылған басқару жүйесі мен қадағалау құралдарының көрінісі ғана болатын еді. Сонымен қатар қайта құрудың қысқа мерзімдері басқа мемлекеттің салық салу жүйесін құру мен жұмыс атқару тәжіриесін максималды есептеуді қажет етеді.
Дүниежүзілік тәжірибеде бөлу қатынастарының эволюция процестерінде салық салу жүйесінің үш моделін бөліп көрсетугеболады. Оларға:
Салық салу обьектісі ретінде көбінесе табыстарды қарастыратын модель;
Салық салу обьектісі ретінде көбінесе шығыстарды қарастыратын модель;
Табыстар мен шығыстардың қатынасы салық функциялары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.
Бұл модельдер салық салу жүйелерінің эволюциясын көрсетеді. Салық жүйесінің даму динамикасы экономикасы тоқырау, салық базасы тар мемлекеттерде салық салу ретінде көбінесе шығындар қолданылады, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде – табыстар. Кәсіпкерліктен түскен табыстарға немесе халық табыстарына тікелей салық салынады. Үшінші модель экономиканың тұрақты даму теориясына әлдеқайда сай келеді. Салық салу жүйесіне қалыптасқан әлеуметтік –экономикалық жағдайға сай уақытылы енгізілген түзетулер жанама және тікелей салықтар арасындағы тепе-теңдікті максималды орнату арқылы экономиканың тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттік бюджетті қалыптастыру процесінде салық төлеушілер мен мелекет мүдделерін қосылуына әкеледі. Салық базасының қысқаруына және нақты салық формаларының оңтайлық мүмкіндігінің қысқаруына әкеліп соғатын экономикалық дағдарыс кезінде мүдделердің сәйкестігіне жету өте қиын.
Жанама салықтардың құрасында ең маңыздысы қосылған құн салығы болып табылады.
Салықты француз экономисты Лоре шығарған. Лоре қосылған құн салығын 1949 жылы ұсынған, бірақ Франция үкіметі бұл салықтың экономикалық мазмұнын талдап, гипертрофиялық экономика, өндірістің құлдырауы мен тауарлы аштыкден мінездемеленген сол тарихи кезеңде оны енгізудің маңызы жоқ деп шешті. Бірнеше жылдар өткен соң ғана мемлекеттегі экономикалық жағдайы жақсарғаннан кейін қосылған құн салығы қайта қарастырылып енгізілді. Лоре сол кезеңде мемлекетте айналымнан алынатын салықты ауыстыра алатын қосылған құн салығының әсерінің үлгісін көрсетті. Мұндай қажеттілік айналым салығына сай қарқынды әсерін жою мақсатымен туындады. 1968 жылы Францияда осы салыққа толықтырулар жүргізілді. Бұған дейін салық таза күйінде қолданылып көрген жоқ. Бірақ, 1968 жылдан бастап салықтың тартылуы интенсивті қарқын алды. Оған әсер еткен 1967 жылдың сәуірінде Европалық одаққа кіретін мемлекеттерде қосылған құн салығын жанама салығы негізі түрінде енгізуді қабылдаған бірінші және үшінші Еуропалық Одақ Директивасы болды және енгізу мерзімі анықталды. Болашақта қауымдастыққа кіруге мүдделері бар мемлекеттерге қосылған құн салығы жүйесінің жұмыс істеуі міндетті болды. Қосылған құн салығын қолдану нұсқаулары төртінші Директивамен анықталды.
Салық базасын кеңейту мен өз бюджеттерін толтыру мақсатында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттері қосылған құн салығына сәйкес салық базаларының мөлшерлері келісілді. Қосылған құн салығынан 1%-мөлшеріндегңі жылдық аударымдар арқылы толтырылатын ортақ қаражат қорын құрды. Орташа алғанда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің бұл салықтан түсетін табыс бөлігі ортақ салық түсімдері де 15-17 немесе ЖЮ-дің 7 құрайды. Қосылған құн салығы мемлекеттің фискалды саясатын жүзеге асыру барысында қолданылады.
Қосымша құн салық салуы – жанама салықтың маңызды формасы. Көп жағдайларда қосылған құн салығын Батыс Еуропалық интеграция процессінің дамуы мен орнатылуында алатын роліне көңіл бөліп Европалық Одақ мемлекеттерінде қосылған құн салығы Европалық Одақ бюджетін базасының табыс көзі болып табылады. Бұл мемлекеттерде салық мөлшерлемелері 5-дан 33-ға дейін ауытқуда. Айналыс қосылған құн салығын қайта құру негізінде Францияда енгізілген қосылған құн салығы басқа мемлекеттерде өндіріс салығы ретінде қолданыла бастады. Қосылған құн салығы фискалды саясатты іске асыруда қолданылуына қарамастан, оған нақты ынталандыру функциялары да тән. Европа мемлекеттерінде негізгі капиталға инвестицияланған қаражаттар босатылады. Банктер, қаржы мекемелері,дәрігерлер мен қорғаушылар, тұрғынүйлерді зайымға беру салықтан босатылады. Қосылған құн салығы «нейтралды» салық болып табылады. Көптеген сырт мемлекеттердің үкіметтері бюджет дефицитын жабу ең алдымен қосылған құн салығынан түсетін түсімдердің көлемін ұлғайту арқылы жүргізеді. Себебі бұрын табыстарға прогрессивті түрде салық салу қорлану процессі мен қызмет белсенділігіне негативті түрде әсер етті.
Еуропалық Одақ мемлекеттерінің салық жүйесін өзгертудің негізгі уәждеуі:
қосылған құн салығы жаңа техника арқылы салық операцияларын құжат айналым жүйесінің реттелуін және тез жүргізуге мүмкіндік береді;
ортақ нарыққа мемлекеттердің кіруіне қосылған құн салығын енгізу міндетті;
тауарлар мен қызметтердің бір түріне салықтардың жеңілдікжағдайын жасау сақсатында қосылған құн салығын бөлшек сауда сатуларынан салық пен салыстырғанда әлдеқайда тиімді;
қосыслған құн салығы бюджеттік түсіәмдерді әлдеқайда көтереді;
сонымен қатар, осы факторлардың ішінде саяси аргументтер болып – ортақ нарыққа кіру шарты табылады. Дәл осы аргумент еуропалық мемлекеттер арасында осы салықтың кең тарауына түрткі болды. Қазіргі кезде Еуропалық Одақ мүшелерінің барлығы көрсетілген салықты енгізеді.
Мемлекеттердің қосылған құн салығына көшу макроэкономикалық тұрғыдағы ортақ нарық форма кезінде іске асырылады. Көші процесінің өзі мыналапрды қажет етеді:
Салық жүйесінің есебінің тиімділігі;
Жанама салық жүйесінің түбегейлі талдауы;
Шетел мемлекеттерінден жұмыс істеу стажы бар кәсіби мамандарды дайындау;
Жаңа жүйеге көшу мерзімін анықтау;
Әр сату операцияларына счет-фактура толтыру міндеттілігі;
Ақпараттар мен құжаттарды өндеуді автоматтандыру;
Қосылған құн салығын есептеуді банк функциясына тіркеу;
Кеден есебін компьютеризациялау;
Қосылған құн салығын талдау еуропалық мемлекеттердің және басқа мемлекеттердің көбінде жанама салық салудың кең тарағанын көрсетті. Осы салықтың артықшылығы туралы сұрақ біртекті болып табылмайды. Қосылған құн салығына өту базасы болып табылатынжақсы дамыған жанама салық салу жүйесі барлық елдерде бірдей емес. Бұл салық түріне көшу, өз есебінен шешімнің әбден қабылдандығын және үлкен дайындықтан өтуді қажет етеді. Мысал ретінде АҚШ мемлекетін алсақ болады. Бұл шешімді қабылдау үшін, олар 2 жыл бойы конгрессте дайындық жүргізді. Соңғы нәтиже шығарғанда, барлық кемшіліктер мен артықшылықтарды салмақтағанда, АҚШ-қа бұл салық түрінің тиімсіздігін көрді. Бұндай шешімге Жапония да келді.
Қосылған құн салығының ролі сен орны біқалыпиһты емес: тәжірибелер жүогізушілердің ойынша, бұл салық түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығының басым бөлігін толтырады деп есептейді, ал аналитиктер ойы бұл салықтың тіпті жоғары фискалдығын, салық базасының дайындылығының жоқтың қасы және пайыздық мөлшердің тіпті жоғары қарқындылығын көздейді. Қосылған құн салығы Қазақстан экономикасында өтпелі кезеңде тіпті тәуекелінің жоғары болуын көздейді, өйткені ол оның салық жүйесіндегі кемшіліктері мен қосылған құн салығының есептеудегі техниканың жетіспеушілігін қамтиды. Қосылған құн салығы тауарған деген сұранымды реттеп отырады. Бұл модель батыс экономикалық жүйелерінде үлкен роль атқарады. Бұл салық түрі дүние жүзінің 60 мемлекеттерінде салық жүйесінің құрама элементі болып табылады.
Қазақстан Республикассында қосылған құн салығы 1992 жылы қаңтарында енгізілді. Советтік қоғам кезінде жүріп жатқан процесстерге бұл салық түрінің енгізілуі, артынан із қалдырады. Нақ осы кезде Қазақстан егемендігі туралы статус алған еді. Қаржы-Несие Кеңес үкіметінен мұра болып қалған қаржы-несие жүйесі нарықтық даму жолына түскен жас мемлекеттің талабына сай келмеді, себебі ол әкімшілік бұйрыққа негізделген болаьын. Сондықтан ең бірінші заңдық актілердің, Республиканың жоғары кеңесімен қабылданған «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» және «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы» заңдарымен, қаржы жүйесі реформалары қоймай, сонымен қатар дүниежүзілік тәжірибеде прогрессивті тенденцияларға қарсы сәйкес жаңа салық жүйесі қалыптасты. Жанама салықтың механизмін зерттеуде көп мүшелерде Қазақстанның жанама салығының дамуын,әсіресе қосылған құн салығына көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл Қазақстан экономистердің қосылған құн салығына көз қарастары емес. Кей экономистер қосылған құн салығының бағаның өсуі мен «құнның натуралдық түсіндірмесіне ә сүйенеді. Сонымен қатар 1996-1997 жж салықтың айналымынан қайтарылуы және салық кодексінің түзетулерді көздеді.
Қазақстанда қосылған құн салығын енгізу ұсынымының қысқаруына әкеп соқты және өзесебінен өнеркәсіптің құлауы біріншіден, келешекте ұсыныс бағасының жоғармалауына әкеледі, екіншіден сұранымның төмендеуіне және сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындар өзін-өзі қаржыландыруға немесе қайта өндіруге қабілеттері төмендейді. Осыдан мемлекеттік бюджеттен көптеген қаржылық ресурстарды бөлу нәтижесінде дефицит пай да болды және жоғарғы қарқынды инфляцияға тура әкеп соқты. Бұдан біз өтей алмай кризисін, инвестициялық бағдарламалардың тоқтатылуы, өндірістік өнімнің, яғни экспорттың қысқартылуы және жұмыссыздықтың өсуін және тағы басқа ны көруге болады. ұл экономиклық сана жүйелерінің және бөлек компоненттердің балансының болмауынан туып отыр. Қосылған құн салығының қарсылығын білдірушілер үшін бұл өте күрделі католизатор болып табылады. Нақ осы жерде олар қосылған құн салығының табиғаты мен жұмыс жүргізу механизмін түсінбейді. Бюджетке неғұрлым қосылған құн салығынан көр түсім түскен сайын, соғұрлым ол экономикаға зиянын тигізеді. Әсіресе, қосылған құн салығы «қарсылығын білдірушілер» ойынша, жаңа жоғары қарқынды технологияға кері әсерін тигізуде. Техникамен қамтылмаған және артта қалған кәсіпорындарға қарағанда, өздері шығаратын өнімнің құны қосылған құн салығынан жоғары. Қазіргі кезде жоғары қарқында кәсіпорындар үшін қосылған құн салығы пайдасыз болып отыр. Мониторлық саясат пен қосылған құн салығының арасында байланыс жоқ, өйткені инфляцияның болуы, қаржы ресурсының тыстани асып кетуінен оны өндіру үшін материалдың жоқтығынан болады. Осының негізінен қосылған құн салығын алып тастауды талап еткен , оның орнына, өндірісте өнімді шектеп шығаруды ұсынады. Экономика жүйесінің дамуындағы ең маңызды сәт болып айналымға салынатын салықтың орнына өндірілген қосылған құн салығы болды. Бұған әртүрлі әсерлер болды. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің түрлерінің көбеюіне әкелелі, шаруашылық серіктестерді дамытты, аралас өндіріс түрлерін құруға әкелді, осыған байланысты бұрынғы салықтың түрінің алынуы қиын болды. Делдалдық қызметтердің өсуі де әмбебеап салықты керек етті. Ол осы өсімнен мемлекеттік қазынаға тартуды керек етті.
Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар