Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 14:06, курсовая работа
Өзіме берілген жанама салықтар тақырыбы негізінде толықтыратын болсам, кіріспеде былай делінген:
Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.
І КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 БӨЛІМ. ЖАНАМА МСАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын
орны.......................................................................................................................4
1.2. Қосылған құн салығының салық салудағы шетел тәжірибесі........8
1.3. Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары........9
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу..................... 16
2.2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау................................................................................................18
2.3. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі.......................19
3 БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
3.1. Акциздің салық салу обьектілері, ставкалары, төлеушілері.........22
3.2. Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі ...............................................24
3.3.Акциздердің бюджет кірісіндегі орны ...........................................30
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................
Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi шарт талаптарымен көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып анықталады.
Yшiншi тұлға үшiн төлеуге байланысты қызметтер көрсетiлген кезде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарлар сатып алынған күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес оларды қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде анықталады.
Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен аталған айналым жасау күніне;
2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, оларға алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен аталған айналым жасау күніне;
3) қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы шарт бойынша өткізу жөніндегі айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде аталған айналым жасау күніне белгіленеді.
8-1. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша айналым мөлшерi айқындалады.
9. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.
2.3. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде анықталады.
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар қосылған құн салығын төлеуді белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:
ет және ет өнімдерін өндіруді;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
нан өндіруді;
балалар тағамын және диеталық тағам өнімдерін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға тиіс (алынған) табыстар құрайтын;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
3) акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
Есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.
Қосылған құн салығының ставкасы 14 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.
Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 14 процентiне тең болады.
Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
белгіленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің қалауы бойынша күнтізбелік ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен астам болса, онда салық кезеңi күнтізбелік ай болып табылады.
Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.
Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес айқындалады.
Қосылған құн салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.
Аталған жағдайларда салық төлеушi төлеуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi.
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi тәртiппен өзгертiлуi мүмкін.
3 БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
3.1. Салық салу обьектілері, ставкалары, төлеушілері
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тiзбесi анықталған қызмет түрлерiне акциз салынады.
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетiн түрлерiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
Мыналар:
1) спирттің барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) темекi бұйымдары;
4) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
5) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
6) шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.
Қызметтің акцизделетiн түрлерi мыналар болып табылады:
1) ойын бизнесi;
2) лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу.
Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын адамдарға өткiзiлетiн спиртке белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
Ойын бизнесi объектілерiне акциздiң базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр жылға есептеп белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органдар ойын бизнесi объектiлерiне белгiленген базалық ставкалар шегiнде қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай акциз ставкасын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн акцизделетiн тауарларға акциз ставкалары белгiленедi және жиынтық кедендiк төлем құрамына қосылуы мүмкiн, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
6. Қазақстан Республикасының кеден заңнамас
Мыналар:
1) акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетiн тауарларды өткiзуi;
акцизделетiн тауарларды алыс-берiс негiзiнде ұқсатуға беруi;
алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
тауар өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
тауар өндiрушiлердің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;
3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;
4) тәркiленген және (немесе) иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзуi;
5) ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы;
6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткiзуi;
7) акцизделетiн тауарлардың, акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.
Мыналарға:
1) егер Қазақстан Республикасының салық кодексіне сай белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
2) этил спиртiн өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi этил спиртi:
3.2. Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.
Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңіне белгіленген акциз ставкасын - салық салынатын обьектілердің санына қолдану арқылы анықталады. Салық кезеңінде салық салынатын обьектілердің саны өзгеріс, енгізілген ( шығып қалған ) обьектіге акциз сомасы толық келемде төленеді.
Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді.
Емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медециналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдай да қолданылады. Осы спирт бойынша емдік жене фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медециналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады .
Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар