Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 09:10, курсовая работа

Краткое описание

Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады. Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар. Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс. Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.
1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері.

ІІ- МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫ.
2.1 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
2.2 Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

Курс ҚР инвестициялық саясаты.doc

— 154.00 Кб (Скачать файл)

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген  мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік экономикалық саясат- макроэкономикалық ; салық  және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі  болып табылады .

Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына  да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық   құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

       Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;
  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы; 

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық  шаруашылығының барынша тиімді аймақтық- салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз  ету – мемлекеттің инвестициялық  саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

Іс жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді  көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары  мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

Ал бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық база , механизмдер ,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық  шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын  білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .

Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының  өзара байланыстығы:

       Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады . Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

Қазіргі жағдайларда  ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді  қамтуы тиіс:

- дайын өнім  шығару арқылы экспорттық әлуетті  арттыратын салалар дамуына басымдық  беру;

- ішкі нарық  талаптарын қанағаттандыратын және  импортты алмастыратын өнім өндірісін  кеңейту ;

- негізінен  отандық өндіріс есебінен халық  шаруашылығы барлық  салаларының  өндірістік аппаратын жаңарту;

- халық қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету ;

- экономиканың  аграрлық секторының дамуын тездетуге  бағытталған қаржы және несие  қорларын арттыру және т.б.

     

 

2.2  Қазақстан Республикасындағы    инвестициялық саясатты жетілдіру  жолдары

Көптеген  елдерде  ивестициялық банктердің  қызметін басқа да  қаржылық – несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.

Қазақстан Республикасында  да мұндай банктердің функцияларын негізінен  Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңгейдегі  банктері  атқарады. Бірақ Қазақстан Республикасының  коммерциялық  банктері  бірінші  типті банктердің операцияларын  жүзеге  асыру өз деңгейіенде болып отырған жоқ. Коммерциялық банктің  салымдық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын,  диверсифискация, табыс пен өтімділікті қамтамасыздандыру .

Біраз уақыт  бұрын отандық банктердің  атына  олардың нақты экономика секторындағы  шаруашылық субъектілермен  қатынастары  туралы қатаң сын  айтылған болатын. Қазақстанның экономикасына  айналым  және  салымның  қаражаттардың  тапшылығын банктердің несиелері қанағаттандырмады.

Бұл жағдай 2000 жылдан бастап жақсара бастады. Банктер  қаржы нарығының неғұрлым  активті  және  капиталды қатысушылардың бірі  болды. Қазақстандағы бір  банктің  орташа капиталы валюта эквивалентінде шамамен 30 млн. АҚШ долларын құрайды. 2003 жылы банк активтерінің 60 % нақты  экономика  секторына  жіберілді,  өндірістің дамуымен және  банктердің ресурстық базасының артуымен банктер нақты экономика секторын несиелеуге белсенді қатысуын көрсетеді.

2002 жылы экономиканы  дамытуға  кеткен  несиелердің  көлемі 672,4 млрд. тенге,  шетел  валютасында  4,3 млрд. АҚШ долларын артық  болды. Ал 2003 жылдың  қазан айындағы  мәліметтер бойынша  банктердің экономикаға бағытталған несиелерінің жалпы көлемі 924,3 млрд. теңгені құрады, бұл 6,25 млрд АҚШ долларынан артық.

Сонымен  экономиканы  инвестициялауда банктердің  инвестициялық   қызметі өте маңызды. Қазақстанда  банктер тарапынан  экономикаға  қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің  қаржылық  салымдарға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керпек. Жинақтаушы зейнетақы қорларының  активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.

Инвестициялар. Мемлекет қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.

Әлемдік банктің  Қазақстанды салым үшін ең қолайлы  әлемнің 20 елінің санатына ендіруі ел экономикасының дамуына берілген жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап өтер болсак, тәуелсіздігімізді жариялағалы бергі жылдар аралығында ел экономикасына АҚШ-тың 21 млрд. долларынан астам қаржы тартылды.

Қазақстанның  бүгінгі күнде әлемдік қауымдастықта нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалғанын атап кету қажет және еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып инвестицияның рейтингке ие болды.

Қазақстан экономикасына  келген инвестициялық салым, мұнай-газ  саласын қоса есептегенде, 2003 жылдын қаңтар — қыркүйегінде 729,6 млрд теңгені құрады, ал бұл, 2002 жылдың сондай айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 10,8 %-ке артық ( 1 – Кестеде көрсетілген).

Кесте 1

Қазақстан экономикасына 2002—2003 жж.  Қыркүйек - желтоқсан айларында  түскен инвестиция ағымы

Қыркүйек - желтоқсан 2003

717,0

Қыркүйек - желтоқсан 2004 ж

547,0

Қыркүйек - желтоқсан 2005 ж

615,0

Қыркүйек - желтоқсан 2006 ж

797,6


 

Қ.Р. Статистикалық. агенттік мәліметі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен кіріс көлемі, еліміздің қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2005 жылдың соңына дейін 838,7 млрд тенгені құрады, бұл 2003 жылдық аталмыш кезеңімен салыстырғанда 26,2 % артық, ал шығындар мен несиелеу — 859,7 млрд теңгені құрады (35,1% артык).  Бюджет дефициті 21 млрд теңгені құрады.

Ел экономикасының приоритетті салалары мұнай мен  табиғи газ өндіру (негізгі капиталдағы  инвестицияның жалпы көлемінін 44%), көлік және байланыс (19%), козғалмайтын мүлікпен операция (9%), өндеу өнеркәсІбІ (8%) болып табылады .

Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік инвестиция, ұлттық банктің мәліметі бойынша 2003 жылы 924,3 млрд. теңгені құрады, және олардын тұрақты өсуі байқалуда. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттік салымдардың үлесі 62,2%, шетел валютасы салымындағы үлес 54,9% құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 759,2 млрд. теңгені құрады, бүл 2004 жылмен салыстырғанда 36,4%-ке артық, оның ішінде түрғындардың депозиттік салымы 319,8 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылымен салыстырғанда 36,7%-ке көп.

        Статистикалық  деректерге  сүйенсек, Астана  инвестиция  тарту көрсеткіштерінде  республика  бойынша алғашқы   бестікте  келеді. Жаңа ғасырға қарыштаған  елордамызға келіп құйылар қаржы көзінің басым бөлігі  инвестицияның үлесінде. Сондықтан  да  Астана қаласы бойынша  инвестициялық  жобалардың мәліметтер қорын құру  жөніндегі  жұмыстар  сыртқы экономикалық  байланыстар  желілері бойынша жүргізілуде. Аталмыш  қорға  инвестициялық  жобаларды және  сенімді шетелдік  серіктестер іздеудегі  бизнес – жоспарлар мен  жобалардың  инвестициялық  сауалдамалары  дайындалып, ол таяу және  алыс  шет  мемлекеттердің елшіліктеріне, индустрия  және сауда  министрлігінің  жанындағы  «Қазинвест» ҰҚ – ға  жіберілуде.

        Инвестиция   тартуға байланысты  атқарылып жатқан  жұмыстар  да жеміссіз емес. Қала бойынша  бүгінде  әлімнің  52 елінің  серіктестерінің  қатысуымен құрылған 127 біріккен және 218  шетелдік кәсіпорындар жұмыс  істейді. Атқарылған жұмыстың  нақты  көрсеткіші ретінде  - қала  экономикасындаға  инвестициялардың көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын құрады. Өткен  жылдың  қорытындысына қарай, негізгі  қорды  инвестициялар  134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн. АҚШ долларына  жуық қаржы.

        Астана қаласында  шетелдік  компаниялар  ұсынықты жұмыс істеуде. «Ахсель Холдинг» компаниясының  өз қаражаты есебінен «Ахсель» бизнес орталығы мен «Рамстор» сауда үйі салынды. «Окан Холдинг» компаниясымен салынған «Окан – Интерконтиненталь - Астана» бесжұлдызды  қонақүйі келушілерге  қызмет көрсетуде. «Испат - Кармет» ашық акционерлік  қоғамы жалпы құны 2 млн. АҚШ долларын құрайтын «Аквапарк» ойын – сауық кешеннің құрылысын аяқтады. Ұлыбританияның  «Фитцпатрик Констракторс» компаниясы тарапынан 241 орынға  арналған қазіргі  заманғы   аурухана салынды

        Жапон халықаралық  ынтымақтастық  банкісі заемының қаражаттарынан  «Астананың  халықаралық  әуежайын  қайта  жаңғырту» жобасы қаржыландырылуда. Тұрмыстық  қалдықтарды жою  жүйесін жаңғырту  жобасы  Испан  үкіметінің заемы қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.

        Жапон Банкісінің  елордалық   инвестицияға  салған  қаржы көлемі 185 млн. АҚШ долларын құрайды.  Оның ішінде  «Астана қаласын   сумен жабдықтау  және су  шығару» жобасын  жүзеге  асыруға   бағытталған  қаржы – 165 мың. долларға  жеткен.

        Шет  мемлекеттердің  және  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  гранттары  есебінен  қалада  бұған қоса 6 жоба – 3 әкімшілік   ғимарат, Ислам мәдени орталығы  салынуда, дипломатиялық  қалашық,  цирк ғимараты, екніші кезектегі  «Думан» ойын – сауық орталығы және  тағы  да   басқа   нысандар бой көтеруде. Бұдан  тыс 35 мың  көрерменге  арналған  стадионның  құрылысы, әлеуметтік – мәдени  нысандарға  арналған  бірнеше  тұрғын үй  кешендері  мен нысандарының құрылысы жоспарлануда. Астананы  дамытудың  бас жоспарына  сәйкес  Есілдің  сол жағалауындағы  нысандары  мен инженерлік  желілердің дамуына  бағытталатын  инвестиция  238,6 млрд. теңгені құрап отыр.

         Сонымен, курстық жұмысты қорыта келе, инвестициялық шешім қабылдау мәселелері туралы мынадай тұжырымға келдім: инвестициялық шешім қабылдауда мынаны есте ұстау қажет: қолда бар ақша ағыны өзіне болашақта орын алатын өсім ағынын, яғни өсудің ағынын қосу керек. Мысалы, жаңа жабдықты сатып алу өзгермелі өндірістік шығынды кемітеді. Үнемдеудің мұндай түрі қолма-қол ақша алуға жағдай жасайды. Мынаны да айта кету керек, амортизация қолдағы ақша қозғалысының есебіне кірмейді.

Тәжірибеде  күрделі қаржы жұмсалымының тиімділігін  бағалайтын басқа 2діс жиі қолданылады. Оның әлдеқайда қарапайым әдісіне өтелу мерзімінің есебі жатады.

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.

Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

  • экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
  • дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
  • инвестициялар: тікелей және портфельдік.

Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

Дамытуға ресми  көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек  дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты  ұйымдастыру мен оқыту барысында  қолданатын жабдық кіреді.

Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының  ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

  • тікелей;
  • портфельдік.

Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала  отырып, республика экономикасына шетел  капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу.

   Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

   Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

   Тікелей инвестиция  алушы елдерге қарыздық міндеттеме  алғызбайды, сонымен бірге шетелден  басқару және техникалық тәжірибелер  алуға мүмкіндік береді. Бұндай  технология беру артықшылығы  капитал ағынының келуінен де  басым түседі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты