Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 09:10, курсовая работа
Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады. Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар. Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс. Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.
КІРІСПЕ
І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.
1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері.
ІІ- МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫ.
2.1 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
2.2 Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік
Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:
- инвестициялық
қызметті қамтамасыз етудің
- жеңілдіктер
мен артықшылықтар жүйесін
- Қазақстан
Республикасының мүддесін
Заңда тікелей
инвестицияларды мемлекеттік
Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.
Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар
өндірушілерді мемлекеттік
- экспортқа
бейімделген және импортты
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
- менеджмент
пен маркетигтің қазіргі
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті
кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың
мамандық деңгейін
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту;
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.
Тікелей инвестицияларды
қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік
орган, инвестициялар бойынша
1.3 Инвестициялық қорлардың
Қорды басқару және қызмет етуге келесі ұйымдар қатысады:
• компанияны басқарушылар қор мүліктерін басқарады, инвестициялық шешімдер қабылдайды, инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді; бас-қарушылар сату процесін ұйымдастыру үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша агенттерді қатыстырады;
• қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне және елге (мемлекетке) байланысты — қамқоршы депозитаршы, кастодиан) мүлкіне қатысты қор бойынша компанияларды басқарушылардың іс-әрекеттерінің заңдылық функцияларын бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің есебін жүргізеді және сақтайды; қор активтерінің номиналды ұстаушысы болып табылады, қор мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі бойынша мәмілелер жасалады;
• тіркеуші — қордың бағалы қағаздар иелерінің реестрін жүргізеді, кейде тіркеу функцияларын компанияның басқарушысы жүзеге асырады;
• аудитор — есептің дұрыс жүргізілуін және өздеріне сәйкес елдегі (мемлекеттегі) сектордың есеп беруін тексереді, бірақ олардың мақсаты барлық жерде бірдей.
Қорларды
негізгі екі параметр бойынша
ажыратады - заңды және операционды
құрылым. Қорлар құрылымы
Корпоративті қорлар. Ең кең тараған Қорлардың типі — корпоративті, ол акционерлік қоғам тәріздес құралады, басқа компаниялардың облигацияларын өздерінің акционерлерінің атынан инвестициялауды жузеге асырады; бұл инвестициялардан түскен табыс, қор акционерлерінің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді ал олардың акция пакеттерінің құны қор инвестициясының құнындағы өзгерістерге сәйкес өседі (немесе төмендейді). Корпоративті қордың иесі акционерлер болып табылады, оны компанияның директоры олардың атынан басқарады. Қордың инвестициялық портфельдік басқаруын компанияның тәуелсіз басқарушысы жүзеге асырады.
Трасталық қорлар. Трасталық қордың қызметінің негізінде қор активтерінің және қордың жариялаған қызметінің мақсаттарының аман сақталуына жауап беретін, қамқоршысы мен қордың басқарушы компаниясы арасындағы нақты бөлініс жатыр. Қамқоршымен келісім-шарт бойынша басқарушы компания қордың инвестициялық портфелін басқарады, тәртіп бойынша, әкімшілік процедураларды жүзеге асырады. Мұндай функциялардың бөлінісі қор мен оның инвесторлары үшін қорға жетекшілік етудің қосымша қорғау құралы болып табылады. Трасталық типті қорлар Ұлыбританияда және Ұлыбританияның бұрынғы колониялары мен Австралия сияқты, британдық жалпы құқығы бар елдерге кеңінен тараған; бұл нысан сирек болса да Америка Құрама Штаттарында пайдаланылады.
Келісім-шарттық қорлар. Кейбір елдердің заңдары бойынша ұжымдық активтерді басқару үшін трасталарды жасауға рұқсат етілмейді, бұл мемлекеттерде (негізінен романо-германдық құқық немесе азаматтық кодекс жүйесімен) ол үшін қордың келісім-шарттық нысаны жасалынған. Мұндай нысан кезінде қор активтерінің заңды иеленушісі болып не басқарушы, не ұйымдасқан инвесторлар болып табылады. Активтердің сақталуына жауап беретін көбінесе банк немесе басқа кредиттік институт, еншілес құрылымы немесе оның бөлімшесі басқарушы болып табылады. Активтерді сақтау функциясымен қордың басқару функцияларын бөлу кредиттік институттардың жоғары репутациясымен және реттеушілер жағынан олардың үстінен қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Инвесторлардың өздері - акционерлер емес, дивидендтермен және капиталдың өсуін алуға құқықтары бар қатысушылар, бірақ дауыс беру құқықтары жоқ. Олар пайдалана алатын жалғыз құқық — ол өздерінің активтерін сату құқығы, егер оларға ол қорды басқару ұнамаса, одан шығып кете алады. Қорлардың бұл типі Германия және Францияда қолданылады. Операциондық көзқарас бойынша жабық және ашық типтегі қорлар болып бөлінеді.
Жабық типтегі қорлар. Мұнда акциялардың нақты белгіленген саны болады, акционерлік қоғамдағы сияқты акциялардың саны, заңдасқан нысанда құрылады. Сондықтан, қордың акцияларын қаңдай да бір тұлға алатын болса, олардың осыған сәйкес саны басқа тұлға арқылы сатылуы керек және бұл операция қор биржасында акцияларды жай қолдан-қолға беру ретінде жүргізіледі. Қосымша акцияларды жасау және шығару немесе акцияларды жою үшін сатып алу, әдетте акционерлердің келісімін талап етеді.
Ашық типтегі қорлар нақтылы белгіленген капиталы бар жабық типтегі қорға қарағанда олардың капиталы өзгермелі болады. Акциялар сатушылар және сатып алушыларға байланысты әрдайым шығарылып және жойылып отырады. Осындай тәсілмен қор капиталының өсуі немесе төмендеуіне акционерлер жиналысын ұйымдастырмай-ақ уақытымен азая немесе кеңейе алады. Ашық типтегі қордың акцияларын қорлардан сатып алуға болады немесе тұрақты түрде көбінесе күн сайын сатуға ұсына алады.
Инвестициялық қорлар қызметісіне қатысы бар ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып қордың барлық таза активтері - қордың нарықтық бағамен бағаланған барлық активтерінің белгіленген процедуралары мең қордың барлық міндеттемелері болып табылады. Қор-дың бір акциясына (жарнапұл) есептегендегі таза активтердің құнын акция құны (жарнапұл) деп атау қабылданған. Бұл көрсеткіштер келесі түрде есептелінеді:
Қордың таза активтерінің құны (ТАҚ) = Қордың барлық активтері - Қордың барлық міндеттемелері; Акция құны (жарнапұл) = Таза активтер құны/ айналымдағы акциялар (жарнапұл) саны
ІІ- Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.
2.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері
Инвестиция тартуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар да жеміссіз емес. Қала бойынша бүгінде әлімнің 52 елінің серіктестерінің қатысуымен құрылған 127 біріккен және 218 шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстың нақты көрсеткіші ретінде - қала экономикасындаға инвестициялардың көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың қорытындысына қарай, негізгі қорды инвестициялар 134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн. АҚШ долларына жуық қаржы.
Астана
қаласында шетелдік компаниялар
ұсынықты жұмыс істеуде. «
Жапон
халықаралық ынтымақтастық
Жапон Банкісінің елордалық инвестицияға салған қаржы көлемі 185 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде «Астана қаласын сумен жабдықтау және су шығару» жобасын жүзеге асыруға бағытталған қаржы – 165 мың. долларға жеткен.
Шет мемлекеттердің және тікелей шетелдік инвестициялардың гранттары есебінен қалада бұған қоса 6 жоба – 3 әкімшілік ғимарат, Ислам мәдени орталығы салынуда, дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, екніші кезектегі «Думан» ойын – сауық орталығы және тағы да басқа нысандар бой көтеруде. Бұдан тыс 35 мың көрерменге арналған стадионның құрылысы, әлеуметтік – мәдени нысандарға арналған бірнеше тұрғын үй кешендері мен нысандарының құрылысы жоспарлануда. Астананы дамытудың бас жоспарына сәйкес Есілдің сол жағалауындағы нысандары мен инженерлік желілердің дамуына бағытталатын инвестиция 238,6 млрд. теңгені құрап отыр.
Инвестиция деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызмет ке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тіура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.
Еліміздің инвестициялық
Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :
біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;
екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.
Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты