Техника және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқайлықпен танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 08:04, реферат

Краткое описание

Әр мекемеде өзінің техника қауіпсіздігі болады, ол адамдардың қауіпсіздігіне керек. Соған арнап әр мекеме, кәсіпорын техника қауісіздігі атты кітапша ашады. Ол кітапшада техника қауіпсіздігі туралы, мақсаты, маңыздылығы, ережелері жазылған. Оның бірі ол:
Өрт сөндіруге арналған белгілі бір құрылғы болуы;
Мекеменің қалай орналасқаны, ішкі құрылысы әр қабатта болуы;
Әр қызметкер, маман «Техника қауіпсіздігімен» танысу керек;
Танысқаны туралы арнайы кітапшаға қол қоюы керек

Содержимое работы - 1 файл

отчет пояснение.docx

— 60.72 Кб (Скачать файл)

Несие банкімен жасалған «банктік несие келісім шартына» сәйкес беріледі. Келісім шартта төмендегі ақпараттар міндетті түрде көрсетілуге тиіс:

  • Несиенің мақсаты;
  • Берілетін несиенің жалпы сомасы мен валюта түрі;
  • Қайтару тәсілдері мен мерзімі;
  • Қамтамсыз етілуі (түрі, сомасы)
  • Пайыздық сыйақы мөлшері;
  • Зайым алушының банкке беретін есептерінің түрлері мен мерзімі.

Несиенің қайтарылуы заңнамаларда қарастырылған немесе келісім шартта көрсетілген айыппұл төлеу, кепілдік беру және басқа да жолдармен қамтамассыз  етілуі мүмкін.

Мекеме займ (несие) алған  кезде оның кредиттік берешегі пайда  болады, ол балансындағы міндеттемелер  құрамында көрсетіледі (мерзіміне  қарай, қысқа немесе ұзақ мерзімді). 1жылға дейінгі мерзімде орындалуға тиісті міндеттемелер қысқа мерзімді, қалғандарының барлығы ұзақ мерзімді болып саналады. Зайымдардың бухгалтерлік есебі төмендегі шоттар топтамасында жүргізіледі.

 

Несиелер теңгемен де, валютамен  де беріледі, сондықтан соңғы сан  «0»-ді «1»-ден «9»-ға дейін өзгерте  отырып әр кредит бойынша жеке шот  ашуға болады. бухгалтерлік есеп несие  туралы әрбір келісім шарт бойынша  жеке-жеке жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаруашылық субьектінің салықтар есебінің жүргізілуі

 

2011ж. Салық кодексіне еңгізілген жаңалық – «Салықтық есеп саясаты» 10баб. – салық есебін жүргізу тәртібімен ережелері көрсетілген салықтөлеушінің құжатты, онда ережелермен қоса осы сала (бюджетке міндетті төлемдер, салықтар) бойынша жаңа өзгерістерді еңгізу мақсатында ескі немесе енді керек емес (ставкалар, салыққа салу объектілер) шаралар (әрекеттерді) алып тастаудың жиынтық әрекеттері көрсетіледі.

Салық есебі- бұл салық төлеушінің бюджет алдында салықтар бойынша міндеттемелеріне есеп беру үшін салыққа салынатын объектілердің, салық есептемелердің, төлемдердің жүйелі құжаттық рәсімдеуі. Ал салықтарды дұрыс есептеп, қажет қаржылық ақпараттарды жинақтап, тіркеп (белгілеп жазу), өңдеп және беру үшін салық төлеушілер «Салық кодексін» жетік білу керек.

Салық есебінің негізгі мақсаты  – салық міндеттемелерінің туындау  кезі мен мөлшерін дұрыс анықтау, есепті кезеңдерге кірістер мен шегерімдерді дұрыс жеткізу және ең соңында, заңмен белгіленген мерзімде бюджетке төленуі  тиіс соманы алу болып саналады.

Салық есебінің объектілеріне  салық салынатын көрсеткіштердің  мынадай үш тобын жатқызуға болады:

  • мүлік (ұзақ мерзімді активтер);
  • кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірістер (барлық түрлері);
  • активтер құнын бағалаудағы айырма.

Салық есебінің функцияларына  жатады: фискалдық; ақпараттық; бақылау.

Салық есебі бюджетке бекітілген типтік формалармен тапсырылады.

Салықтық формалар – салық  есептіліктері, салықтық өтініштер  және регистрлер. Есептік құжаттар деген, ол бухгалтерлік құжаттар, салықтық формалар, салықтық есеп саясаты және басқада салықтық объектілерін анықтайтын құжаттар. Салықтық есеп бухгалтерлік есеп негізінде жасалады.

Бюджетпен салықтар бойынша  есеп айрысудың есебі бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының І бөлімнің 1400 «Ағымдағы салық  активтері» шоттар (егер бюджетке артық  төленсе) және бюджетке берешек бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының ІІІ бөлімнің 3100 «Салықтар бойынша  міндеттемелер» шоттары қарастырылған. Салықтар - ол, кәсіпорынның шығындары  болып танылады.

Салық кодексі  бойынша жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:

1. Жеке табыс  салығы;

2. ҚҚС (қосымша  құн салығы;

3. Акциздер;

4. Әлеуметтік  салық ;

5. Жер салығы;

6. Занды және  жеке тұлғалардың мүліктеріне  салынатын салық; 

7. Көлік құралдарына  салынатын салық; 

8. Ойыналатын  бизнестің салығы;

9. Тиісті салықтар (бильярдтық столдар, ұтымсыз  автоматтар, боулинг;

10. Корпоративтік  табыс салығы ;

Осылардың ішінде салықтөлеушілерге  ең керекті салық түрі ҚҚС. ҚҚС  – тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өндірісі мен айналым  процесінде қосылған құн өсімі бөлігіндегі  бюджетке аударылатын жанама салық. Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС өткізілген тауар, жұмыстар, қызметтер үшін көрсетілген  ҚҚС сомасы мен сатып алынған  тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төленуге тиіс ҚҚС сомалары арасындағы айырма ретінде анықталады.

ҚҚС ставкасы салық салынатын  айналымның 12 % құрайды. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар да бар. Есепке алуға қабылданатын ҚҚС  активтер 1420-« ҚҚС» шотында ескеріледі.

Шаруашылық субектісінің ҚҚС бойынша бюджетке берешегі пассивтік 3130-«ҚҚС» шотында ескеріледі.

Жеке  табыс салығы

Салық кодексе сәйкес төлеушілер – бұл салық жылында салық салынатын кірістері бар жеке тұлғалар (ҚР азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар).

Салық салу объектісі –  бұл жиынтық жылдық кіріс пен  шегірімдер арасындағы айырма ретінде  есептелген салық салынатын кіріс.

Төлем кезінде ұсталған табыс  салығын есептеу салық жылының  ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Салық кодексі бойынша -ай сайынғы  есептелген табыстан міндетті зейнетақы  қорына 10% азайтылғаннан кейін ҚР-сының  ҚМ-гімен бекітілген жылсайынғы ең төмен еңбекақы азайтылған сомадан 10% ұсталынады.

Салық кодексінде табыс салығы салынбайтын кірістер келтірілген  және кейбір тұлғаларға берілген жеңілдіктер  салық кодексімен реттеледі. Жеке тұлғалардан  алынатын табыс салығы бойынша бюджетпен  есеп айырсудың есебі пассивтік 3120-«Жеке табыс салығы» шотында  жүргізіледі.

Акциздер 

Төлеушілер -  ҚР аумағында  акцизделетін тауарлар өндіруші немесе осы тауарларды импорттаушы және сатушы жеке және заңды тұлғалар.

Салық салу обектісі – акциздер қосылмаған бағалар бойынша анықталатын  тауар құны.

Үкімет ставканы тауардың құнына немесе өндірістің физикалық  көлеміне қатысты процентпен бекітеді. Акцизделетін тауарлар өзгерген кезде  акциз тауар (импорттықтан басқа) құнына қосылады. Акцизделетін тауарлар сатылған кезде акциздердің есебі ҚҚС  есебі сияқты жүргізіледі.

Жер салығы

Төлеушілер – иелігінде  немесе пайдалануында жер бар  жеке және заңды тұлғалар.

Салық салу объектісі –  жер учаскісі.

Салық жер көлемінің бірлігі  үшін жыл сайынғы тіркелгені төлемдер түрінде белгіленеді.

Көлік құралдарына салынатын салық

Салық көлем сәтіндегі  айлық есептік көрсеткіштен қоқғаушының  көлеміне қарай есептеледі.

Төлем мерзімі – 5 шілдеге  дейін (салық көдексінде белгіленеді).

Төлеушілер – меншік құқығында, сенімгерлік басқаруында, шаруашылық басқаруында немесе жедел басқаруында  мемлекеттік есепте тұрған көлік  құралдары бар жеке және заңды  тұлғалар.

Автокөліктің қоқғаушының  көлеміне (объем двигателя) қарай  айлық есептік көрсеткішті қолдана  отырып  анықталады. 

Мүлік салығы

ҚР-сының  салық кодексінің жеке тұлғалар бойынша мүлік салығының объекті болып кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке және заң тұлғаның балансындағы ғимараттар, құрылғылар, тұрғын ұй құрылыстар және жылжымайтын мүліктер танылады. Салық баланстағы қалдық құнға есептеледі заңды тұлғаларға орташа жылдық 1,5%.

Әлеуметтік  салық және әлеуметтік сақтандыру төлем  есебі.

Әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру төлем - ол әлеуметтік салаға арналған есептелетін жұмыс берушінің шығыны, жұмысшының табысына (еңбекақысына) салық кодексімен белгіленген ставка бойынша есептеледі. Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық 11% ставка болып есептеледі.

 

Бюджетке  әлеуметтік сақтандыру төлемдер бойынша  есеп айырысу.

Әлеуметтік сақтандыру төлемдер бюджетке міндетті төлем әр-бір жұмысшының табысына 4% мөлшерде есептеледі, бірақ 10 еселі ең төмен еңбекақыдан  аспау керек . Бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында:

3210- «Әлеуметтік сақтандыру  бойынша міндеттемелер»,3220 «Зейнетақы  аударымдары бойынша міндеттемелер»,3230 «Басқа» алымдар, мемлекеттік  баждар, төлемдер.

3210-шот ұйымдардың бухгалтерлік  есебінде шаруашылық субъектілері  сақтандыру бойынша сақтандыру  компанияларынан есеп айырысуда  жүзеге асырады. Мүліктік сақтандыруға  жататындар:

1) Үйлерді, ғимараттарды  және басқа мүліктерді сақтандыру:

2) Көлік құралдарын сақтандыру.

3) Мәдени жануарларды  сақтандыру.

Жеке сақтандыруға жататындар:

1) Өмірді сақтандыру:

2) Қайғылы жағдайлардан  сақтандыру:

3) Балаларды сақтандыру:

4) Неке қию күніне сақтандыру.

Субъектілер мүлік сақтандырудың  төлемдерін сақтандыру компаниясына есептейді  және бұл шығындарды өндіріс шығындарына  немесе кезең шығындарына қосады (келісім шарт бойынша). Сақтандырылған мүлік немесе егіс бүлінгенде немесе апат болғанда сақтандыру компаниялары сақтандыру өтемдерін төлейді.

Корпоративтік табыс салығы.

2011ж. салық кодексіне сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеуге және тапсырмауға құқығы бар өткен есептік жылда жылдық жиынтық табысы 325000АЕК аспаған болса және есептік жылда жаңадан ашылған салықтөлеушілер.

Салық төлеушілер КТС жылдық жиынтық табыстан төлейді 2009ж. 20%6 осы  соманы анықтау үшін осы табыстан шегеретін шығындарды (салық кодекс негізінде) анықтап алу керек.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Техника және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқайлықпен танысу