Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 08:04, реферат
Әр мекемеде өзінің техника қауіпсіздігі болады, ол адамдардың қауіпсіздігіне керек. Соған арнап әр мекеме, кәсіпорын техника қауісіздігі атты кітапша ашады. Ол кітапшада техника қауіпсіздігі туралы, мақсаты, маңыздылығы, ережелері жазылған. Оның бірі ол:
Өрт сөндіруге арналған белгілі бір құрылғы болуы;
Мекеменің қалай орналасқаны, ішкі құрылысы әр қабатта болуы;
Әр қызметкер, маман «Техника қауіпсіздігімен» танысу керек;
Танысқаны туралы арнайы кітапшаға қол қоюы керек
Шаруашылық субьектісінің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жұмысымен танысу
Бухгалтерлік есеп кез
келген мекеменің шаруашылық жағдайын
бағалап, нақтылауға мүмкіндік беретін
есеп жүйесі. Бухгалтерлік есеп өзінің
даму барысында төмендегі
Бухгалтерлік есепке қарап кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық жағдайын толық көруге болады. Мекеме меншігі, өнім өндіру кезіндегі шаруашылық қорлары мен олардың көзі туралы мәліметтер бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы көрсетеді.
Қазақстан Республикасында 28.02.2007 жылы “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” ҚР Заңы қабылданып, қолдануға енгізілді.
“Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” ҚР Заңының 2- бабына сай, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес біржолғы талон немесе патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы. ҚР бухгадтерлік есеп туралы заңнамасын бұзушылар осы Заңның 25- бабы бойынша ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
“Бухгалтерлік есеп туралы” ҚР Заңының 8-бабына сай бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастырудың жауапкершілігі мекеменің бірінші басшысына жүктелген.
Аталған Заң Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің негізін, сапалық сипаттамасы мен ереже қағидаларын анықтайды.
Бухгалтерлік есеп жүргізуде басшылыққа алынатын келесі құжат- “Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі”. Ол Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” Заңына сәйкес жасалған. ҚР дара кәсіпкертер мен ұйымдардың бухгалтерлік есепті халықаралық және ұлттық қаржылық стандарттарға сай жүргізу тәртібін анықтап, ҚР Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымда №221 бұйрығымен бекітілген. Ереженің күші:
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді ҚР Заңнамасына сәйкес ҚР Ұлттық Банкісі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары мен “Секьюритилендіру туралы” ҚР заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларына;
Бухгалтерлік есеп
пен қаржылық есептілік
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес біржолғы талон немесе патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, бірақ жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
Шаруашалық операцияларын тіркеу 2007 жылы 23 мамырда қабылданған “Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын ” қолдану арқылы жүргізіледі.
Есептік-шаруашылық жұмыстарын дұрыс және сауатты ұйымдастыру үшін мекемелер төмендегі заңнамалық актілерді басшылыққа алуы тиіс:
- ҚР Конституциясы;
- ҚР еңбек кодексі;
- ҚР Азаматтық кодексі;
- ҚР “Салық және басқа да бюджеттік төлемдер туралы” кодекс (ҚР СБТК);
- ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекс (ҚР ӘҚБҚ);
- “Бастапқы есеп құжаттарының формаларын бекіту туралы” ҚР Қаржы министрлігінің 21.06.2007жылғы №116 бұйрығы
- “Бухгалтерлік есептік тіркелімдер формаларын бекіту туралы” ҚР Қаржы министрлігінің 21.06.2007 жылғы №115 бұйрығы;
- мекеменің өзге де қызметтерін реттейтін басқа заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттар (мысалы Кедендік кодексі ж.т.б.).
Мекеменің тіркеу кезіндегі қажет болса, кәсіпорынның бас бухгалтері ең алдымен танысуға міндетті құжаты -ол мекеменің Жарғысы болып табылады. Неге? Себебі тек қана Жарғыда аталған кәсіпорынның құрылымы мен басқару жүйесі ашып көрсетіледі және жұмыс істеу барысында мекеме оларды мүлтіксіз орындауға тиісті. Тек қана Жарғыда мекемнің құқықтары мен міндеттері, қаржылары мен мүліктік қатынастары, олардың құрылу және жойылу тәртібі көрсетілген.
ҚР АК 49 бабына сәйкес жарғылық талаптардың орындалмауы мекемені сот арқылы жоюға әкеп соқтыруға мүмкін.
Субьектілердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
“Бухгалтерлік есеп жүргізу
туралы” ҚР Заңына сәйкес бухгалтерлік
есеп жүргізудің жауапкершілігі мекеменің
бірінші басшысына жүктелген. Ұйым
басшысы есеп жүйесі мен бухгалтерлік
есеп жүргізуді қамтамассыз етіп,
ұйымдастырады. “Бухгалтерлік есеп
пен қаржылық есептілік туралы”
ҚР Заңының 8-бабына сәйкес есеп жұмысының
көлеміне сай,судьектідегі бухгалтерлік
есепті жүргізудегі төмендегі
Бас бухгалтер (бухгалтер) бухгалтерлік
есеп жүргізуге жалпылай басшылық жасайды.
Ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілмей,
заңсыз операциялар бойынша қабылдаған
құжаттары, түгендеу және құжаттық тексерулерді
уақытында жүргізбей, еңбек келісім
шартына енгізілген, субьектінің
басшысы бекіткен есеп беру мерзімін
сақтамағаны және басқа да міндеттерін
орындамағаны үшін жауап береді. Кассалық
операциялармен айналысатын қызметкерлермен
міндетті түрде толық жекелей
материалдық жауапкершілік
Есеп саясаты дегеніміз ұйымның бухгалтерлік есепбін жүргізіп және бухгалтерлік есептілікті жасау барысында іс жүзінде қолданатын принциптері, шарттары және ережелері. Халықаралық стандарттар бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде бухгалтерлік есепті жүргізуші қызметкердің кәсіби ұсынысына басты назар аударылып, айрықша көңіл бөлінеді. Сондықтан есеп саясатының болуы, тиісті деңгейде кәсіби дайындығы бар тексерушінің немесе әріптестің есептілікте көрсетілген қаржылық көрсеткіштерді дұрыс ұғынып, түсінуіне мүмкіндік береді.
Осыған орай әр мекеменің есеп жүргізу ерекшелігі оның есеп саясатында көрсетілуге тиіс деген қорытынды жасауға болады.
Тек қана қолданыстағы стандарттар немесе заңнамалар өзгерген кезде ғана есеп саясатына өзгерістер енгізіледі. Есеп саясатына енгізілген әр өзгеріс бұйрық бойынша бекітіледі.
Ақша қаражаттар есебі және есеп айырысу
Қай саладағы кәсіпорындар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Өйткені, барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен қарым-қатынасқа түседі.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы.
Банк арқылы кассалық
есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің
кәсіпорындардың қаржы-
Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.
Жалпы қаржысыз ешқандай қызмет көрсету жұмысымен айналысу мүмкін емес екені белгілі. «Ақысы төленсе, барлығы жасалады». Бұл ұйғарымға қарсы ешқандай уәж айту мүмкін емес. Ақша айналымынсыз күн көретін мекеме болмайды.
Ақша –айрықша тауар, ақшаға шағу арқылы кез келген қорды, экономикалық жағдайды бағалап, жұмыс нәтижесін және басқа да көп нәрсені анықтауға болады.
- Кассадағы қолма-қол ұлттық валютаның есебі;
- Кассадағы қолма-қол шетелдік валютаның есебі;
- Есептесу шотындағы қаржының есебі;
- Валюталық шоттағы қаржының есебі;
- Жолдағы ақша қаражатының есебі.
Қ.Р. Ұлттық банк мекемесі
белгіленген ережелер мен тәртіпке
сәйкес жүргізіп отырады. Қазіргі таңда
ақшалар қозғаласын басқару қаржы
нарығының күрделілігіне
Ақша баламалары (эквивалетті) -бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық векселдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды (Ақша баламалары) кассадағы ақшалар шотында есептелмейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептеледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған векселдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды.
Овердрафт дегеніміз кәсіпорынның негізіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сомма қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжаттында бөлек көрсетілуі тиіс.
Кассалық операциялар есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөңелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы бұйрыққа қол қолғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақтарды толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынғалы отыған, кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның кассасына қоолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылтын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні,айы,жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі көрсетілген мөртаңба басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысының «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді тала етуі керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан сомының теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері және квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге оларды сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіреку журналына тіркеп жазады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері қолданылады. Бұл тізімдемелер тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық операцияларының есебі кассалық кітапта тіркеліп отыруы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтыратын құжаттардың дұрыстығына ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша жүргізілетін операциялар креді бойынша нөмірі бірінші журнал-ордерінде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.
Информация о работе Техника және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқайлықпен танысу