Меншікті капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 18:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден

Содержание работы

Кiрiспе...........................................................................................................................3

I Бөлiм

1.1. Меншiк капитал туралы түсiнiк….…………..................................................4-9

1.2. Ғалымның ой-пiкiрi……………………………………………………….10-12

II Бөлiм. Меншiкті капитал есебi

2.1. Жарғылық капитал есебi...............................................................................13-17

2.2. Резервтiк капитал есебi..................................................................................18-19

2.3. Бөлінбеген табыс есебi және жабылмаған зиян.........................................20-21

2.4. Капитал қозғалысы бойынша операцияларының есебi..............................22-24

Қорытынды.................................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................26

Содержимое работы - 1 файл

Меншікті капитал курс..doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)

Резервтік капитал құру кезінде келесі өткізбелер жүргізіледі:

Дт 3599 "Бөлінбеген таза табыс (өтелмеген резервтік н шығын)"

Кт 3510 "Банктің резервтік капиталы"

Дивиденттерді төлеу үшін қаражаттар жетіспеген кезде олар резервтік капитал қаражаттары есебінен төленеді және келесі өткізбе жүргізіледі:

              Дт 3510 "Банктің резервтік капиталы"

              Кт 1853 "Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша) "

               2853 "Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша) "

              Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы есебінен қалыпасқан уақытта бухгалтерлік есепте:

Дт "Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы" шоты

Кт "Заңмен белгіленген резервтік капитал" немесе

      "Басқадай резервтік капитал" деп аталатын шоттар түрінде жазу жазылуы тиіс.

Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалғанда бухгалтерлік есепте:

Дт "Заңмен белгіленген резервтік капитал" немесе

      "Басқадай резервтік капитал" шоттарының тиістісі;

Кт  "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)"

      "Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу" немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі   "Басқадай резервтік капитал" деп аталатын шотта жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі

 

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың "бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)" болып табылады. Ұйымдарда "бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)" есебі:

      "Есепті жылдың бөлінбеген табысы  (жабылмаған зияны)";

      "Өткен  жылдардағы   бөлінбеген   табысы   (жабылмаған зиян)"— деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)" шоты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)" шотының дебитіне жазылады.

Мысалы:

- есеп беретін жылғы шарушылық субъектісінің шеккен қорытынды зиянының сомасына:

Дт "Есепті жылдың бөлінбеген  кірісі  (жабылмаған зиян)" шоты;

Кт "Жиынтық кіріс (зиян)" шоты түріңде бухгалтерлік жазу жазылады.

- Ұйым өзінің кірісі есебінен резервтік қор құрған уақытта оған тиісті сомаға:

Дт "Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)" шоты;

Кт "Заңмен белгіленген резервтік капитал" немесе

     "Басқадай резервтік капитал" шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

- Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге (серіктестіктерге) дивиденд ретінде төлейтін немесе төлеген сомасына:

Дт "Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)" шоты;

Кт "Артықшылығы   бар   акциялар   бойынша   есеп айырысу";

           "Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванс" және тағы да басқа шоттарының тиістісі түрінде  бухгалтерлік жазу

жазылады.

- Акционерлерге (серіктестіктерге, қатысушыларға) дивидендтерді төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі сомасына:

Дт "Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)" шоты;

     К-т:   "Өткен жылдың бөлінбеген  кірісі  (жабылмаған зияны)" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандай да бір кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмсалмаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы, яғни барлық активтерінің сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс. Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің рентабельділігінің төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.

Есепті жылдың соңында барлық кәсіпорындардың бухгалтериясында жетінші "кірістер" және сегізінші "шығыстар" деп аталатын бөлім шоттары "жиынтық, кіріс (зиян)" деп аталатын шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық қалмайды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте жетінші "кірістер" деп аталатын бөлім шоттары дебитте-лініп, "жиынтық кіріс (зиян)" деп аталатын шот кредиттелінеді.

Ал сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте "жиынтық кіріс (зиян)" деп аталатын шот дебиттелініп, сегізінші "шығыстар" деп аталатын бөлім шоттары кредиттелінеді. Осы операциялардың қорытындысы бойынша "жиынтық кіріс (зиян)" деп аталатын шоттың дебиті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебитіндегі сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы зиян шеккендігі, ал кредиттік сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.

Егер кәсіпорын зиян шексе жылдың аяғында

"Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)" деп аталатын шот дебиттелініп;

"Жиынтық кіріс  (зиян)" деп аталатын шот кредиттелінеді.

Ал егер кәсіпорын пайда тапқан болса:

"Жиынтық кіріс (зиян)" деп аталатын шот дебиттелініп;

"Есепті   жылдың   бөлінбеген   табысы    (жабылмаған зияны)" шоты кредиттелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

 

      Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

                                    Төленбеген капиталдың есебі.

Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал"

шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық     

серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының

сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5110 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың Бас жоспарында, "Меншік капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады. Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік қүқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты дебеттеледі де, 5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары - 5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Артықшылықты акциялар" (акционерлік қоғамдарда) және 5030-ші "Қосқан үлестер мен жарналар" (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

-материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде -2700,2730 шоттары;

- жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2400,2410 шоттары;

- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1310, 1320,1330 шоттары;

- ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде -1010,1020,1040,1050,1070 шоттары дебеттеледі. Егер де 5110 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

5110-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

                          Қайтарылып алынған капиталдың есебі.

Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөніңде шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 5210-ші шоты арналған, ол 5010 және 5020 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

5210 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 5210 шоты дебеттеледі де және 1010,1020,1040,1050,1070 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:

1. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: 5210 шоты дебеттеледі де, 1010,1020,1040,1050,1070 шоттары кредиттеледі.

2. Сатып алынған акцияның құны номиналдық құннан төмен болған жағдайда:

- сатып алу құнына:

521 шоты дебеттеледі де және 1010,1020,1040,1050,1070 шоттары кредиттеледі;

3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық құннан жоғары болған жағдайда:

- сатып алу құнына:

5210 шоты дебеттеледі де, 1010,1020,1040,1050,1070 шоттары кредиттеледі;

Егер де акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайтып сатып алынса, онда олар мынадай шоттар корреспоңденциясымен беріледі: 5010, 5020 шоттары дебеттеліп 5210 шоты кредиттеледі.

Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді. Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:

- қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;

- қоғамның шығарылған (төленген) жарлық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген) жарлық капиталының минималды деңгейінен кем болса;

- қоғам акцияны қайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;

- акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының көлемі қоғамның жарлық капиталына шығарылған (төленген) капиталдан кем болса.

Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған акциясының 25%-нен немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нен аспауы керек.

Қоғамның акциясын сатып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында шешіледі, осындай шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестріне енгізеді.

                                 Қосымша төленген капиталдың есебі.

Қосымша төленген капитал дегеніміз -акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 5310-ші "Қосымша төленген капитал" шотында жүргізіледі.

Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5310 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1010,1020,1040,1050,1070.

                                Қосымша төленбеген капиталдың есебі.

Капиталдың бұл түрінің есебі үшін 5400-ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің қатарына мынандай синтетикалық шоттар кіреді:

5410-шот "Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал"; 4520-шот "Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал"; 5430-шот "Басқа да қосымша төленбеген капитал". 5400-ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.

Информация о работе Меншікті капитал