Меншікті капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 18:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден

Содержание работы

Кiрiспе...........................................................................................................................3

I Бөлiм

1.1. Меншiк капитал туралы түсiнiк….…………..................................................4-9

1.2. Ғалымның ой-пiкiрi……………………………………………………….10-12

II Бөлiм. Меншiкті капитал есебi

2.1. Жарғылық капитал есебi...............................................................................13-17

2.2. Резервтiк капитал есебi..................................................................................18-19

2.3. Бөлінбеген табыс есебi және жабылмаған зиян.........................................20-21

2.4. Капитал қозғалысы бойынша операцияларының есебi..............................22-24

Қорытынды.................................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................26

Содержимое работы - 1 файл

Меншікті капитал курс..doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесіне (салым ақшасы) бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы кағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжатары (бұл құжаттардың ең негізгісі Жарғы болып табылады) болуы керек. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.

Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:

      толық серіктестік – жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен (АК 64-бап) белгіленген аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;

      командиттік (сенімге негізделген) серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Салымшылардың жиынтық мөлшері командиттік серіктестіктің (АК 74-бабы) жарғылық капиталдың 50% құрауы мүмкін;

                       жауапкершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшерін серіктестік құрылтайшылары анықтайды және заңда белгіленген (АК 78-бабы) ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;

      қосымша жауапкершілікті серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің есептелген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады (АК 84-бабы);

      акционерлік қоғам -  жарғылық  капитал  барлық  жарияланған  акциялар  шығарылымының  жиынтық  атаулы (номиналдық) құнына  тең, алайда  заңда  қарастырылған  ең  аз  деңгейдегі  мөлшерден  кем  болмауы  керек. Акцияларға ашық жазылыс жарғылық капиталдың толық төлеміне дейін жеткізілмейді (АК 88-бап).

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз деңгейдегі көлемі – бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды (13.05.03 ж. №415 "Акционерлік қоғамдар туралы " заңның 10-бабы) және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің ішінде төленуі керек (11-бап, 2-тармақ). Артықшылықты акцияны шығару барлық жарияланған акцияларының жалпы санының 25% көп болмауы керек (13-бап, 2-тармақ).

                       Еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі – жарғылық капитал акционерлік қоғамдардың бір-бірімен өзара қатысумен қалыптасады;

                       өндірістік капитал – жарғылық капитал кооператив мүшелерінің пай салу есебінен қалыптасады (АК 97-бап);

                       мемлекеттік кәсіпорын – шаруашылық меншік құқына немесе оперативтік басқаруға негізделеді (АК 102-бап);

                       коммерциялық емес ұйымдар – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым (АК 105-бап).

Шаруашылық жүргізуші субъекті жарғылық капиталға мүліктік және ақыл-ой қызметі түрінде қаржылық салымды жүзеге асырса, басқа субъектілер кәсіпкерлік табыс, капитал проценті мен өсімін алу мақсатында акция пакетін алу жолымен бұл қызметке ықпал етіп, бақылау жүргізеді. Мұндай салуды (яғни салымды) инвестиция деп атайды. Бухгалтерлік есептің 13 "Шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі" стандартына және оның әдістемелік ұсынысына сәйкес – егер дауыс беру құқымен инвестрленген объектінің 50% акциясынан көбіне ие болса, онда бұл иелену бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Бақылауды қолына алған инвестор негізгі серіктестік деп танылады, ал инвестицияланатын объект – еншілес шаруашылық серіктестік болады.

Егер заңды тұлға оның дауыс беру акциясының 20% көбіне ие болса (АК 95-бап), онда акционерлік қоғам тәуелді шаруашылық серіктестігі деп танылады. Басқа субъектінің дауыс беру акциясынының 20%-тен азына ие болуына сәйкес бақылау бірігіп жүргізіледі.

Салым ақшаға кез келген актив (ақшалай қаражаттар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар) жатады.

Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі "Жарғылық қор" бөлімінің:

                           "Жай акциялар ";

                           "Артықшылығы бар акциялар ";

                           "Салымдар мен жарналар "

деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

21 "Валюта бағамының өзгеру әсері" бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына, 9 "Шетел валютасындағы операциялар есебі" бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартына сәйкес жарғылық капитал, шетел валютасында анықталған акциялардың атаулы құны, операцияның жүзеге асқан күніндегі валютаның айырбас (тарихи) бағамы бойынша есептеледі. Активтерді шетел валютасында қайта бағалау жарияланған жарғылық капиталдың мөлшерімен бірдей сомада жүргізуді ұсынады. Қайта бағалау, кем дегенде, айына бір рет жүргізіледі. Нәтижелерді бейнелеу үшін кірістердің немесе шығыстардың баланстық шоттарына сәйкес дербес шоттары ашылуы қажет.

              Табыстар шотында (баланстық шот 4750) және шығыстар шотында (баланстық шот 5710"Өзге қайта бағалау шығысы") есепке алынатын, жоғарыда көрсетілген активтерді қайта бағалау нәтижесінде оң немесе теріс айырма бойынша қалыптасқан сальдо шегінде сома жыл аяғында арнайы ашылған 3028 баланстық шотқа есепке алынады.

              Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия және Әділет министрлігінен рұқсат алғаннан кейін банк акциялар төлеміне түскен қаражаттарды пайдаланып және оларды жарғылық капиталға кірістей алады.

Тіркелген капиталдың төленбеген жарғылық капиталы мөлшері баланстық  шоттарда есептелінеді, 3001 "Жарияланған жарғылық капитал – жай акциялар" бөлігі және 3025 " Жарияланған жарғылық капитал – артықшылығы бар акциялар". Төленбеген жарғылық капитал сомасы жай акциялар – 3002 "Төленбеген жарғылық капитал – жай акциялар" шотта және "Төленбеген жарғылық капитал –артықшылықты акциялар" – 3026.

                 Жарғылық капитал көлемінің өсуі:

Дт  3002 "Төленбеген жарғылық капитал – жай акциялар"

      3026  "Төленбеген жарғылық капитал –артықшылықты акциялар"

Кт  3001 "Жарияланған жарғылық капитал – жай акциялар"

                    3025 " Жарияланған жарғылық капитал – артықшылығы бар

акциялар"

 Жарғылық капиталға салымдар төленуі:

Дт 2860 "Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар"

Кт 3002 "Төленбеген жарғылық капитал – жай акциялар"

3026      "Төленбеген жарғылық капитал –артықшылықты акциялар"

          және (немесе)

Дт 1001 "Кассадағы қолма-қол ақша"

      1051 "Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты" – сату бағасы бойынша

Кт 3002 "Төленбеген жарғылық капитал – жай акциялар"

               3026 "Төленбеген жарғылық капитал –артықшылықты акциялар"

3101 "Акциялар бойынша сыйақылар" – сату бағасы мен атаулы құны арасындағы айырма

                 Жарғылық капиталға салымды шетел валютасында төлеген кезде келесі өткізбелер жүргізіледі:

Дт 1001 "Кассада шоттағы қолма-қол ақша"

     1050 "Банктердің корреспонденттік есепшоттары"

     2203 "Клиенттердің ағымдағы есепшоттары"

Кт 1858 "Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы"

      2858 "Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы"

Сонымен бір уақытта теңгеде:

Дт 2859 "Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позицияның)

1858      "Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы"

Кт 3002 "Төленбеген жарғылық капитал – жай акциялар"

               3025 " Жарияланған жарғылық капитал – артықшылығы бар

акциялар"

Бухгалтерлік жазулардың құжаттық рәсімделуі салынған қаражат түріне байланысты. Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар түгендеу карточкасын ашудағы негізгі құралдар (материалдық емес активтер) қабылдау-табыстау (ауыстыру) актінің негізіне кірістіріледі. Тауарлы-материалдық қорлар – материалдың қоймалық есеп карточкаларына кіріс ордерімен енгізілетін фактура шотының негізіне кірістіріледі. Ақшалай қаражат есеп айырысу (ағымдық), валюталық шоттар көшірмесінің негізіне, қолда бар ақша қаражаты – кіріс кассасы ордерінің негізіне кірістіріледі.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғылық капиталы есептік кезеңнің соңына дейін қалыптасып болуы керек.

Басқа субъектілердің жарғылық капиталына өз қаражаттарын салушы жақ бұл  субъектіге инвестициялар жүргізеді. Олар былай болуы мүмкін:

      қаржылық – инвестициялық капиталдан табыс, өсім алу немесе басқа пайдалар алу мақсатында субъект иемденетін активтер, сондай-ақ пайдаланудағы жылжымайтын мүліктегі инвестициялар (БЕС (СБУ) 8 "Қаржылық инвестиция есебі");

                       Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар – оған бақылау жүргізуді жүзеге асырады, яғни оның қызметінен пайда алу мақсатында инвестицияланған субъектінің қаржылық және басқа саясатын белгілеу құқы (БЕС 13 "Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі", БЕС 14 "Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі", БЕС 15 "Қ­аржылық есеп берудегі біріккен қызмет бойынша қатысу үлесінің көрінісі").

Жарғылық капитал мемлекеттік органдарға субъектінің қайта тіркелуіне әкеп соқтыратын жоғары немесе төменгі жаққа мына баптар бойынша өзгертілуі мүмкін: Азаматтық Кодекстің (27.12.94 ж.) 42-бап, 6-тармақ;74-бап,3-тармақ;78-бап,2-тармақ;89,90-баптар және "Акционерлік қоғамдар туралы" (№415-11 ҚРЗ 30.05.2003 ж.) Заңның 1-бабы,3-тармағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.  Резервтік капиталдың есебі

 

Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен калыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы зандармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза  пайдасы  есебінен  жоғарыда  айтылғандай  резервтік капитал   құрады.

Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады. Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.

Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.

Бұл   резервтік   капиталдың  мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын  шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды  жұмсау  тәртібі  акционерлік  қоғамның  жарғысында   бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі "Резервтік капитал" бөлімінің:

"Заңмен белгіленген резервтік капитал"

"Басқадай резервтік капитал"

деп аталатын шоттарда есептеледі.

              Резервтік капитал – бөлінбеген табыстан аударым есебінен қалыптасатын банктің меншікті қаражаттарының бір бөлігі. Резервтік капиталды пайдалану және қалыптастыру тәртібі қолданылып жүрген заңмен және құрылтай құжаттарымен анықталады. Ашық акционерлік қоғамның резервтік капиталының заң талаптарына жарияланған жарғылық капиталдарын жабу үшін, 15 пайызынан кем болмауы тиіс. Резервтік қор банктің әр түрлі шығыдарын жабу үшін, сонымен қатар артықшылығы бар акция иелеріне дивидендтер төлеуге қаражат жетіспеген жағдайға құрылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің талаптарына сәйкес резервтік қор мөлшері сыныптауға жатпайтын активтер сомасының 5 пайызы мөлшерінде анықталады.

Информация о работе Меншікті капитал