Меншікті капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 18:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден

Содержание работы

Кiрiспе...........................................................................................................................3

I Бөлiм

1.1. Меншiк капитал туралы түсiнiк….…………..................................................4-9

1.2. Ғалымның ой-пiкiрi……………………………………………………….10-12

II Бөлiм. Меншiкті капитал есебi

2.1. Жарғылық капитал есебi...............................................................................13-17

2.2. Резервтiк капитал есебi..................................................................................18-19

2.3. Бөлінбеген табыс есебi және жабылмаған зиян.........................................20-21

2.4. Капитал қозғалысы бойынша операцияларының есебi..............................22-24

Қорытынды.................................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................26

Содержимое работы - 1 файл

Меншікті капитал курс..doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)
justify">                                            

Оперативті қызмет

Оперативті қызметтің мәні капиталдың бастапқы мөлшерін қамтамасыз етумен тұйықталады, яғни қызметті жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде акционерлік капитал жерді, ғимаратты, құрал-жабдықтарды сатып алуға және жалақы төлеуге, сонымен қатар күтілмеген шығындар жағдайына қаржылық резерв құру үшін қажетті шығындарды қаржыландыру көзі болып табылады.

Реттеуші қызмет

Мемлекеттік органдар заңды және нормативтік актілер көмегімен меншік капитал мөлшері мен құрылымын қадағалай отырып банктің қызметін реттейді.

Айналым қызметі

Акционерлік капиталға ақша сала отырып, құрылтайшылар банктің айналымға активтерді авансылайды деп айтуға болады.

Бірақ кез келген коммерциялық қызмет тәуекелге бел бууға мәжбүрлі.

Оның үстіне, айтылып кеткендей, капитал қозғау қызметіне ие. Айналым қызметін жүзеге асыра отырып өзінің айналым капиталын қолма-қол ақшалардың кассалық несиелік факторингтік және лизингтік операциялардың тәуекелділігіне, бағалы қағаздарды және басқа да қатысу құқықтарын сатып алуға ғимараттарға, құрылыс және басқа да негізгі қорларға сала отырып, банктер кредиторларын залал шегуден қорғайды.

                                                     Резервтік қызмет

Тәуекелдік активтік операциялар сияқты пассивті операцияларға да тән. Капиталдың ауыспалы айналымы үдерісінде мерзімді мерзімі жетпей қайтып қалу, талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражаттарды алып тастау, төлемеу көлемі өсу есебінен банк шоттарына қаражат ағымының тоқтатылуы және тағы басқа тәуекелдікті жеңеді.

Активтік операциялардың аяқталмаған тәуекелдіктің орнын жабу үшін нақтырақ айтқанда, орнын толтыру үшін банк меншікті капитал резервін құруға мәжбүрлі.

Базель келісіміе сәйкес капитал жеткіліктілігінің басты жалпылама көрсеткіші тәуекелдік активтер коэффициенті болып табылады:  

КАр=К\Ар

мұнда:  КАр – тәуелділік активтер коэффициенті;

                  К – банктің капиталы;

              Ар – тәуекелдік дәрежесі бойынша өлшенген активтер сомасы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі меншікті қаражаттардың коэффициенттер түріндегі меншік капитал жеткіліктілігінің нормативтерін белгілеген: бірінші деңгейдегі меншікті капиталдың банк активтері сомасына қатынасы (0,6-дан кем емес):

К1= К1/ А-П

мұнда: К1 – бірінші деңгейдегі меншікті капитал;

             Ар – барлық активтер сомасы;

             Пс – құрылған резервтер (провизиялар)

және меншікті капиталдың тәуекелдік дәрежесі бойынша өлшенген активтер сомасына қатынасы (0,12-ден кем болмауы керек):

К1=К1/Ар-Пс

мұнда: К1 - бірінші деңгейдегі меншікті капитал;

            Ар – тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтер сомасы;

             Пс – құрылған резервтермен (күмәнді және шығынды несиелер бойынша провизиялар) меншікті капиталға енбеген құрылған ортақ резервтер сомасы қосындысы.

Меншікті капитал екі деңгейден тұрады. Меншікті капитал бірінші және екінші деңгейлі (бірінші деңгейлі капитал сомасынан аспайтын мөлшерде) капитал сомаларынан банктің акцияларға инвестицияларын және басқа заңды тұлғалардың бағынышты борышын шегергендегі сома ретінде есептелінеді.

Бірінші деңгейдегі капитал (К1) келесі компоненттерді қамтиды:

      тіркелген шектегі төленген жарғылық қор 3001 шот қосу 3025 шот алу 3002,3003, 3026, 3027 шоттар);

      қосымша капитал (3101);

      өткен жылдарда табыс есебінен құрылған қорлар, резервтер, өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (3510, 3580 шоттар);

азайтылған:

      материалдық емес активтер (1659 шот алынған 1699 шот);

      өткен жылдар залалы (3599 шот);

      ағымдағы жылдың шығыстарының ағымдағы жылдың табыстарынан асып кетуі;

екінші деңгейдегі капитал (К2) келесі компоненттерді қамтиды:

      ағымдағы жылда табыстардың шығыстардан асып түсуі;

      негізгі қорларды және бағалы қағаздарды қайта бағалау (3540, 3561 шоттар)

      жалпы резервтер (провизиялар) (1465, 1469 шоттар), тәуекелділікпен өлшенген активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомада;

      бағынышты мерзімді борыш (2402 шот), бірінші деңгейлі капитал сомасының 50 пайызынан аспайтын сомада.

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Ғалымның ой-пікірі.

 

РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ: ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

Э. Нурсейітов, "Финаудит" фирмасының президенті, Алматы қаласы.

Резервтік капиталды ұйым болашақта қандай да бір негіздер бойынша ақша төлеу үшін қаражат жетіспеген жағдайда құрады. Ұйымның қызметі ба-рысында құрылатын ықтимал шығыстардың резервтерін және, мысалы, оның, бөлінетін төлеу үшін құрылатын резервтік капиталдан айыра білген жөн. Резервтік капитал есептік кезең аяқталған соң ұйымның бөлінбеген кірісі есебінен құрылады.

Мысалы, есепті жыл аяқталғаннан кейін (салықтар төленгеннен кейін) ұйымның (ЖШС) 1 000,0 мың теңге сомасында кірісі бар, ол ЖШС-нің Жарғысына сәйкес қатысушылар арасында толық бөлінуі мүмкін. ЖШС қатысушыларының жиналысы 600,0 мың теңге сомасындағы таза кірісті бөлу керек, қалған 400,0 мың теңгені резервтік капиталға аудару керек деп шешті. Келесі есептiк жыл  ЖШС залал шекті және ЖШС қатысушыларының жиналысы 400,0 мың теңгені бөлу керек деп шештi.

Мысалы , аяқталғаннан кейін ұйым-сомасында 10000 тенге сомасында бөлінбеген кiрiсi бар. Қатысушыларының жиналысы 600,0 мың теңгені қатысушылар арасында бөлу туралы үлесті әрбір қатысушы үлесінің мөлшеріне сай етіп бөле отырып, 400,0 мың теңгені ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту үшін жұмсауға шешiм қабылдайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте резервтік капитал құрылтайшы құжаттарында көзделген шарттармен құрылады. Егер резервтік капиталдың өзгеруі резервтік капиталдың бір бөлігі не барлығы жарғылық капиталды ұлғайтуға жұмсау есебінен болса  онда өзгерістер резервтік капиталдың көлемінде де, жарғылық капиталдың мөлшеріне де бірдей сомада қатысты болады. Резервтік капитал мөлшерi айналым ретінде, ал жарғылық  капитал құрылатын резервтерді құру және пайдалану тәртібі көбірек пайдаланылады және белгілі. Бухгалтер үшін жарғылық және резервтік капиталдың шоттары бойынша бухгалтерлік есепте жазбалар жасау үшін негіздеме қатысушының немесе серіктестік қатысушыларының шешімі болып табылатынын атап өтейік.

          Резервтік капиталдың қаражатын пайдалану, егер осы қаражатты жұмсау шарттары құрылтайшылармен келісілсе, ұйымның жарғысында, жиналыстың шешімінде және есеп саясатында көзделген тәртіппен және мөлшерде ғана жүзеге асырылады. Қатысушылардың бөлінбеген кірісті өздерінің арасында бөлуге құқығы бар, резервтік капитал осы кірістің бір бөлігі болып табылады және сондай-ақ қатысушылардың шешімімен ғана қандай да бір мақсаттарға жұмсалуы мүмкін. Салық салу мақсатында резервтік капитал есепке алынбайды, өйткені ол салық салынған кірістің бір бөлігі болып табылады.Бұдан кейін оны қатысушылар арасында бөлген кезде ғана салық салынады. Салық заңнама-сында бөлінетін кіріске "дивидендтер" деген ұғым беріледі, оларға осындай кіріс түрінің төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық салынады.

Акционерлік қоғамдар туралы жаңа Заңның қабылдануына байланысты, оның, мысалы, резервтік капиталды қалыптастыруға байланысты кейбір ерекшеліктерін ескерген жөн.Резервтік капиталдың сомасы Шоттардың Үлгі жоспарындағы "Өз капиталы" деп аталатын бөлімнің 5500-бөлімшесіндегі шоттарда есепке алынады. АҚ-ның резервтік капиталын пайдалану тәртібі тек қана қоғамның директорлар кеңесінің құзыретіне жатады, бірақ оны құру тәртібі мен мөлшері заңда белгіленбеген.Бұрын резервтік капиталды құру және пайдалану заңнамамен реттеліп отыратын.

Резервтер құру және пайдалану тәртібі акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында және есеп саясатында көзделуге тиіс. Осы мақсаттар үшін Шоттардың Үлгі жоспарында 5510-"Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал" және 5520-"Басқа да резервтік капитал" деген шоттары бар 5500-"Резервтік капитал" бөлімшесі көзделген. 5500-бөлімшенің шоттары акционерік қоғамның резервтік капиталының жай-күйі және қозғалысы туралы ақпаратты қорытындылауға арналған. К-т 5510 және1 5520 және Д-т 5610 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)" бойынша резервтік капиталға аудару көрсетіледі. Д-т 5510 және 5520 бойынша акционерлермен дивидендтер бойынша есеп айырысу бөлігіндегі 6210,  6220, 6230-шоттары және 6870-"Басқалар" шоты бойынша корреспонденциямен резервтік капитал қаражатын пайдалану көрсетіледі. Резервтік капитал есептік кезеңде көзделген мақсаттарға арналған кірістің болмауы немесе жеткілікті болмауы жағдайында пайдаланылады. Д-т 5510, 5520 және 5600-"Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)" бөлімі шоттарының К-ті бойынша кәсіпорынның есептік кезеңдегі немесе өткен жылғы шығынының орнын жабуға жұмсалған сома көрсетіледі.

Резервтік капиталды өзгерту құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Резервтік капитал меншік акцияларды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Компаниялардың акцияларды сатып алуы қоғамның қаржылық қызметінде қолайсыз жағдайлар болған кезде ақшаның едәуір әкетілуіне жол бермеу мақсатында акциялар санын және олардың бағамдық бағаларын жасанды түрде реттеу үшін қолданылуы мүмкін.

Акциялар осы мақсатқа арналып құрылған резервтер не бөлінбеген кіріс есебінен сатып алынады.

Шаруашылық серіктестіктерде резервтік капитал құруды көрсету тәртібінің АҚ-дағы осындай тәртіптен айтарлықтай айырмашылығы болмайды.

Резервтік капиталды есепке алуға байланысты кейбір мәселелерді қарастырайық.

Жағдай

Кәсіпорынның 2 жыл бойы кірісі болмады. Жоғарыда 10% мөлшерінде резервтік капиталды қалыптастыру көзделген. Кәсіпорын үшінші жылы кіріс алды. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша резервтік капитал қалыптасты-рылмады. Кәсіпорын келесі жылы тағы да кіріс алды, резервтік капитал қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Ұйымның бухгалтериясында, атап айтқанда, капитал қалыптастыру үшін қандай құжаттар қажет, басшының өкімі жеткілікті ме деген сияқты бірқатар мәселелер туындайды. Резервтік капиталды қай кезеңде қалыптастыру ішінде ме немесе жыл аяқталғаңда резервтік капитал қалыптастыруға байланысты ұйымда қандай салықтық міндеттемелер пайда болады?

   Резервтік капитал қалыптастыру ұйым қатысушыларының құзыретіне жатады. Сондықтан қатысушылардың шешімі, яғни есептік жыл аяқталғаннан кейін және қатысушылар жиналысының шешімі негізінде (егер қатысушы біреу болса, онда оның шешімі негізінде) резервтік капиталды қалыптастыру негіздемесі болып табылады. Резервтік капиталға корпорациялық табыс салығы салынған бөлінбеген кірістің сомасы қосылатындықтан, резервтік капиталды қалыптастыруға байланысты ұйымда салықтық міндеттемелер пайда болмайды. Резервтік капиталды қалыптастыру бухгалтерлік баланстың деректері негізінде жүргізілетінін атай кетейік.

Жағдай

Кәсіпорынның тал құру көзделген. Бұл оны қалыптастыру үшін міндетті шарт болып  таңдау қуқығы кәсіпорынның қалауында  бола ма? Операцияны қалай көрсетуге болады

- ұйым қызметі басталғанда резервтік капитал құрылмаса;

- бухгалтерлік есеп бойынша шығын болса, ал салық есебі бойынша кіріс болса?

Резервтік капиталды қалыптастыру құқығы ұйым қатысушыларының ғана құқығы болып табылады. Ұйымның жарғысында резервтік капитал қалыптастыру көзделуі мүмкін, бірақ бұл оны қалыптастырудың міндетті шарты болып табылмайды, өйткені қатысушылар жиналыстың шешімі негізінде кірісті ешбір қалдықсыз бөле алады немесе Жарғыда көрсетілген мөлшерден аз немесе көп мөлшерде резервтік капитал қалыптастыра алады.

Ұйым қызметінің бас кезінде оның резервтік қапиталы болмайды, өйткені ол ұйым кызметінiң нәтижелері бойынша және бөлінбеген кiрiс есебінен қалыптастырылады.Резервтік капитал бөлінбеген кіріс есебінен қалыптастырылады және оның қалыптастырылуына жиынтық жылдық табыс жөніндегі декларацияға алынған нәтиже әсер етпейді, өйткені бұған бухгалтерлік есепте көрсетілетін қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

II. Бөлiм. Меншiк капиталының есебi.

2.1. Жарғылық капиталының есебі

 

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан кұрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Жарғылық капитал - "жарғы" деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тәртібі немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.

Шығарылған және жарияланған жарғылық капиталды ажыратып қарастыруға болады. Акционерлік қоғам жарғылық капиталды тіркейді және үлкен акция көлемін шығаруға рұқсат алады. Бұл акционерлік қоғамға акцияларды шығара отырып болашақта қосымша қаражат жинақтауға мүмкіндік береді.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік кұқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан кұрылған занды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, катысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын аныктайды.Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші түлғаға сатуға ұсыныс жасауына қүқы бар.

Информация о работе Меншікті капитал