Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 14:21, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.

Содержание работы

Кіріспе

І. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің теориясы
1.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері
1.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелері

ІІ. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстандағы жергілікті өзінөзі басқарудың Конституциялық негіздері
2.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуы
2.3 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемалар

ІІІ. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басақаруды жетілдіру жолдары
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
3.2 Жергілікті өзіг-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері.doc

— 221.00 Кб (Скачать файл)

6) арнайы гранттар: гранттың сомасы орталық үкіметпен анықталады, болмаса ол ашық жарияналады (яғни ағымдағы қаржы жылы өзгерістерге ұшырауы мүмкін). Мұлдай гранттың ерекшелігі орталық үкімет оның пайдаланылу бағытын белгілейді. Гранттың мөлшері бюджеттің шығынына байланысты.

Осы және көптеген проблемаларды шешу үшін Үкіметтің алғаш рет елімізде орта мерзімді фискалды жоспарлау саясаты әзірленді. Онда алдағы үш жылға бюджеттен алу және республикалық бюджеттен берілетін субвенция көлемі анықталды. Оған сәйкес республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджттерінің арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттер туралы» Заңы қабылданды. Оның нәтижесі жергілікті бюджеттердің жұмысынан көрінетін болады, себебі, олар республикалық бюджеттің бекітілуін күтпей-ақ, өздерінің шараларын жүзеге асыра алады.


Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзі-өзі басқару құрылымына, калыптасу және тағайындалу тәртібіне қатысты жалпы ережелерді көрсетеді

Конституция жергілікті мемлекеттік басқару ұғымына жаңаша қарайды Бұрын, Қазақ КСР-ның Конституциясы бойынша жергілікті басқару органдары атқарушы билік органдары болып есептелді Жергілікті Кеңестер өкілетті билік органдары болып табылды және өз жандарынан атқарушы органдар кұрды Жергілікті мемлекеттік органдардың мүндай жүйесі халық депутаттары Кеңестерінің билікті толық иелену принципшен туындады

Қазақстан Республикасының Конституциясы жергілікті басқару органдары деген жалпы атаумен жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдарды біріктірді Осыған байланысты жергілікті мемлекеттік органдардың кейбір ерек-шеліктерін атап көрсетейік

Бірінші ерекшелік — жергілікті өкілетті органдар жергілікті мемлекеттік басқару органдары болып есептеледі Жергілікті өкілетті органдар қызметішң баскарушылық сипаты осымен танылады

Екінші ерекшелік — жергілікті мемлекеттік органдарды тікелей халық құрса да, ол мемлекеттік басқару органдары болып есептеледі

Екеуі де жергілікті басқару органдарына жатқанымен, жергілікті өкілетті органдар ұйымдық жағынан жергілікті атқарушы билік органдарымен байланысты емес, ол — үшінші ерекшелік

Төртінші ерекшелік — жергілікті мемлекеттік баскару органдары ұйымдық-кұқықтық қатынаста тікелей халық арқылы жүзеге асырылатын жергілікті өзі-өзі баскарумен байланысты емес

Жергілікті басқаруды жетілдіруде басты мәселе қаржымен байланысты. Жергілікті бюджеттердің табыс көздерін анықтау, оларды жұмсау, басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу мен олардың қаржылық мәселелерін шешу барысында бюджетаралық қатынастар мәселесі  туындайды. Елімізде бюджетаралық қатынастарды заңды түрде реттеу "Бюджет жүйесі туралы" алғаш қабылданған Заңнан басталды. Бұл заң жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелсіз екендігін анықтап, төменгі деңгей бюджеттерінің қалыптасу процесіне жоғары органдардың араласуына тыйым салды, сондай-ақ жергілікті бюджеттерде қалған артық қаржыларды республикалық бюд­жетке алуды заңсыз деп жариялады.

Елімізде мемлекеттік басқару жүйесіне көптеген жаңа механизмдер енгізілу үстінде. Бұл құбылыстың негізгі ағымдарын анықтап, белгілі қорытындылар жасауға мүмкіндігіміз бар екендігі талас тудырмайды. Дәл қазір жергілікті басқару жүйесі қалыптасып бітті деуге де негіз бар. Жергілікті басқару мәселесі  күн тәртібіне нық қойылып, оны жетілдіру жолдары жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылдануда.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды жетілдіру барысында көптеген мәселелер оң жолға қойылып келеді. Жергілікті басқарудың басты объектісі жергілікті шаруашьшық ауыл шаруашылығына негізделген. Оны мемлекет тарапынан реттеу әкімшілік әдістермен де жүзеге асып келеді. Оған «Қазақстан Республикасының агроөнеркэсіп кешенін және ауылдық аумақ-тарды мемлекеттік реттеу» туралы Заңы нақты дәлел бола алады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақгарды мемлекеттік реттеудің мақсаты - ауылдық Аумақтық әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту, мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық және әлеуметтік тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеуде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға экономикалық жағдай жасау болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаларының бірі — мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату.

 

 


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.                       Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері А. 2008

2.                       Есімов А. Ауылдык аумактарды дамыту багдарламасы ауылдың тіршілігі мен тұрмысын үйлестіріп, дамуына жол ашады // Егемен Қазакстан, 23.07. 2003.

3.                       Пірназар С. Жергілікті биліктің жауапкершілігі // Егемен Қазакстан, 19.04.2006 ж.

4.                       Сәдіркызы Г. «Жергілікгі өзін-өзі баскару...» // Егемен Қазакстан, 21.10.2005 ж.

5.                       Баскаруды жетілдірудің бастаулары // Егемен Қазақстан, 7.06.2006 ж.

6.                       Дәулетбаева Б. Жергілікті өзін-өзі баскару // Дала мен қала, 2.06.2006 ж.

7.                       Есали А. Жергілікті өзін-өзі баскару ірі қалаларда калай шешіледі? // Егемен Қазакстан, 3.06.2006 ж.

8.                       Келімбетов Қ. Өкілеттіктерді айқын ажырату - бүгінгі күннін басты мәселесі  // Егемен Қазакстан. - 2.07.2002.

9.                       Жоламан. Децентрализация государственной финансовой системы РК как источник экономического роста. Фонд Сорос - Қазақстан. №3,2001.

10.                   Нүкенов А. Жергілікті баскаруды жетілдіру мәселелері // Саясат. -2003. №7.

11.                   Рудебек К. Финансы местного самоуправления: Шведский опыт // Финансы. - 1998. №4. 618.

12.                   Байсалбаева Т. Малые города: характеристика развития социальных индикаторов в период 1960-1990 гг. // Поиск. - 2003. №1. 20-бет.

13.                   Региональная политика Республики Казахстан: экономический ме­ханизм реализации / Отв. ред. М.Б. Кенжегузин. Алматы: Институт экономики Мн-АН РК. - 1998.41-42 с.

14.                   Есенугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размеще­ния производительных сил в Казахстане // АльПари. - 2000. №6.4-5 с.

15.                   Н. Искаков, В. Марков, К. Берентаев. Методические подходы к про­гнозированию развития и размещения производительных сил Рес­публики Казахстан // АльПари. - 2000. №3-4.

16.                   Бурлаков И.Н. Модернизация системы регионального и местного са­моуправления в Казахстане. Институт экономики МОН РК. Астана, 2006 г.

 

4

 



Информация о работе Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері