Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 07:34, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм мыналар:
валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау және талдау;
халықаралық валюталық жүйенiң, сондай-ақ дүниежүзілік және ұлттық валюталық жүйелерді салыстыру және олардың байланысын анықтау;
валюталық жүйенің негізгі элементтеріне тоқталу және оларды талдау;
Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастырылды.

Содержание работы

КIРIСПЕ
I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі
II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ
2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы
2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш

III-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

ВАЛЮТА ЖҮЙЕ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.doc

— 197.00 Кб (Скачать файл)

      Ұлттық  валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң  заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi. Осы ұлттық валютамыз теңгенің шыққан күнінен бастап Ұлттық валюталық жүйенің толық қанды қызмет етуі басталды деп айтсақ болады.

        Қабылданған  заң  бойынша ырқына  жiберу  деңгейiне  сәйкес  келiп  кейбiр жағдайларға  байланысты  дамып  келе  жатқан  валюта  қатынастарына  тiптi  қарама – қайшы  сипатта  болды. 1996  жылы  24  желтоқсанда  Қазақстанда  “ Валюталық  реттеу  туралы ”  жаңадан  заң  қабылданды.  Қазақстан  заңдары  бойынша  валюталық  обьектiсi  болып  шетел  валютасы, шетел  валютасындағы  бағалы  қағаздар, валюталық  құндылықтарды, аффинирленген  алтын  мен  басқа  металдарды  республикаға  әкелу, алып кету  және  жiберу  тәртiбiн  белгiлеу  болып  есептелiнедi.

      Нарыққа өту  кезеңiнде  Қазақстан  егемендi  ел  ретiнде өзiнiң  саяси  дамуында  валюталық  саясат жүргiзуi  керек. Қазақстанның  алдында  шетелдермен  дербес  валюта  қатынастарын құрумен   қатар  халық  шаруашылығын  қайта  құру  оны  нарық  рельстерiне  түсiру  мәселелерiн  бiрге  шешу  мiндеттерi

      Қазақстан  валюталық  бақылауды  валюталық  бақылау  органдары  және  олардың  агенттерi  жүргiзедi. Валюталық  бақылау  органдары  болып  заң  бойынша  валюталық  бақылау  қыметiн   жүргiзетiн  ұйымдар, валюталық  операциялар  жүргiзетiн өкiлеттi  банктер  жүргiзедi. 

     Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi басты мекеме болып табылады және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы бойынша келесі қызметтерді атқарады:

  • Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
  • Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
  • Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
  • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
  • Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
  • Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
  • Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
  • Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
  • Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
  • Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

     1999 жылы еркін құбылатын айырбас  бағамының енгізілуі принцип  бойынша валюталық бағам деңгейін  еркін нарықтық жағдайда анықтайтынын  білдіреді. Яғни, валюталық бағам  сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуі тиіс. Валюта бағамының деңгейі төлем балансының тұрақты міндеттіне сәйкес деңгейде, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайда жеткізу қажет болғанда Ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды реттейді. Құбылмалы валюталық бағамның тәртіптемесіне көшкенге дейін Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының жоғарғы шегіне бақылау жасап отырды.  Сол уақытта нарық негізінен «төмеге» бағыт алып тұрған. Валюталық бағамның өзгеруіне және сауда балансының оң сальдосына ие болуына байланысты Ұлттық банк теңгенің долларға ара қатынасына қаарй деңгейін көрсете отырып, төменгі шегін қорғайды.

     Соңғы 2005 және 2006 жылдары елімізде айналыста  жүрген жалпы ақша жиынының өсуіне қарамастан (2005 жылы 1650,1 млрд. теңге, ал 2006 жылғы 6 айдың көлемі 1833,3 млрд. теңге) ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығы  сақталуда. Бұл өз кезегінде экономиканың өндіріс салаларының дамуын, елде халық табысының өскендігін, экспорттық сальдоның оң нәтижеге шыққандығын білдіреді.

     Қазір ұлттық валютамыз теңгенің АҚШ доллары  бойынша айырбас бағамы 127-128 теңге  шамасында сақталуда және долларға қатысты соңғы уақыттарда нығаюда. Бұл Қазақстан экономикасы үшін үлкен жетістіктердің бірі болып отыр.  

     Ұлттық  банк бұл пайыз өсірулерді капитал  келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз  қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар  нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.

      Ұлттық  банк арқылы коммерциялық банктерминималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация  жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізу керек. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді.  Айырбас бағамына қатысты саясатта Ұлттық банктің алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген шаралармен емес, еркін қалқымалы айырбас бағамы саясатын жалғасытра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы жүйелермен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша-несие саясаты стандарттарына өте бастауымекн көрініс табуда.  Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық таргеттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту, қаржы жүйесіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақстан Республикасы төлем жүйесін дамыту концепциясы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

      Қорыта  келгенде, халықаралық  валюталар  қатынастар – ұлттық  шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет  ететiн және  әлемдiк шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуi  барысында қалыптасқан қоғамдық  қатынастар  жиынтығын бiлдiредi.

     Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негiзiнде бiрте-бiрте белгiлi бiр формаларды иемдене бастады. Нәтижесiнде валюталық жүйе қалыптасты.

        Ваюталық  жүйе дегенiмiз - ұлттық  заңдылықтарымен немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды  ұйымдастыру және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

      Валюталық жүйелер 3  түрге  бөлiнедi:

  1. Ұлттық  валюталық  жүйе;
  2. Дүниежүзлiк  валюталық  жүйе;
  3. Аймақтық  немесе  мемлекет  аралық  валюталық  жүйе 

      Валюталық рыноктарда  валюталық  операциялады  жүргiзуге  халықаралық  сауда  мен  оған  байланысты  көрсетiлген  қызметтер  және  халықаралық  капиталдар  мен  несиелер  қозғалысы  негiз  болып  табылады.

      Валюталық  бағам дегенiмiз  –  бұл  бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң  басқа  бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген  бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру  оларды өндiрiс  және  айырбас  процесiнде  пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағамы  валюталарға  сұраныс  пен ұсынысқа ықпал етушi  көптеген  факторларға байланысты  өзгередi. 

      Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың  бағаларын, сонымен бiрге әр алуан  елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.

      Ұлттық  валюта жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң  құрылымдық принциптерiне сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы  мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi.

      Қазақстанның  дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға айырбастауды мейлiнше ырықтандыру.

      Қазақстан  1992  жылдың  шiлдесiнде  Халықаралық  валюталық қорға  мүше  болып  кiргеннен  бастап  өзiнiң   валюта  қатынастарын  “Ямаика” валюта  жүйесiнiң  құрылымдық  қағидаларымен  қордың  жарғысына  сәйкес  қалыптастыруда. Валюта  қатыныастарын  ұйымдастырушы  үшiн  1993   жылдың 14  сәуiрiнде  “Валюталық  реттеу  туралы” ҚР-ның алғашқы  заңы  қабылданды. Ол  кезде  Қазақстан  Кеңес экономикасы аймағында  болғандықтан  шетелдермен  жеке  валюталық  байланыстар  жоқтың  қасында  болатын. Қабылданған  заң  бойынша валютаны ырқына  жiберу  деңгейiне  сәйкес  келiп  кейбiр жағдайларға  байланысты  дамып  келе  жатқан  валюта  қатынастарына  тiптi  қарама-қайшы  сипатта  болды. 1996  жылы  24  желтоқсанда  Қазақстанда  “Валюталық  реттеу  туралы”  жаңадан  заң  қабылданды.  

     Қазақстанның  дүниежүзiлiк шаруашылыққа интеграциялануына  ұмтылыстары қарыз капиталының  дүниежүзiлiк рыногына шығуына, портфелдiк  және тiкелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкiндiктер бередi.

     Жалпы валюталық қатынастардың дамуы елiмiздiң экономикалық тұрақтылығын, әлемдiк экономикадағы ұлттық экономикамыздың орнын көрсетедi.

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1.  “Қ.Р-да  ұлттық валютаны енгiзу туралы”  Қ.Р.  Президентiнiң  заң күшi  бар жарлығы // 12.11.1993.
  2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы  //  13.12.1996.

    9.  “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р  –ның  заңы   //   24.12.1996.

  1. Баян Көшенова, Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
  2. Байгiсиев Майдан-Әлі  / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
  3. Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2001, - 466 б.
  4. С.Б. Мақыш , Оқу құралы /  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, - 2000ж.
  5. Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург 2001г.
  6. Деньги,  кредит,  банки:   Учебник  /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  - Москва: 1999г.
  7.     Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.
  8. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003 ж.
  9. Бертаева К.Ж. «Наличные и срочные валютные операции» // Банки Казахстана, №3, 2004г.
  10. Вестник Национального банка РК ,  2006 ж. №1,2.  

Информация о работе Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері