Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 07:34, курсовая работа
Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм мыналар:
валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау және талдау;
халықаралық валюталық жүйенiң, сондай-ақ дүниежүзілік және ұлттық валюталық жүйелерді салыстыру және олардың байланысын анықтау;
валюталық жүйенің негізгі элементтеріне тоқталу және оларды талдау;
Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастырылды.
КIРIСПЕ
I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі
II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ
2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы
2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш
III-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Өз
кезегінде валюталық бағам
Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады:
Кез келген елдің валюта бағамы белгілі тәртіптеме бойынша жұмыс атқарады. Елдің халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына қатысуының, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметті реттеудің тиімділігінің деңгейі валюталық бағамның тәртіптемесіне тәуелді болады. Қазіргі кезда халықаралық қатынастарда валюталық бағамның негізгі жеті тәртіптемесі әрекет етеді:
Ұлттық
валютаның ауыстырымдылық тәртіптемесін
валюталық бағамды реттеудің
маңызды құралы болып саналады. Валюталық
ауыстырымдылық дәрежесі валюталық нарыққа
қатысушылардың санына және жүзеге асырылатын
операциялардың көлеміне әсер етіп, өзінен
өзін валюталық бағамның серпінін анықтай
алады.
2.2
Төлем балансы валюталық
көрсеткіш
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткiштер жүйесiнде маңызды орын алады, себебi ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бiр мемлекеттiң басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен мiндеттемелерiнiң және түсiмдерi мен төлемдерiнiң арақатынасы.
Халықаралық есеп айырысу баланстарының негiзгi түрлерi мыналар
Төлем балансы дегеніміз - белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.
Бiр
күндiк төлем балансы
Егер валюталық түсiм төлемнен артық болса, онда төлем балансы активтi, ал егер төлем түсiмнен төмен болса, онда төлем балансы пассивтi деп аталады.
Төлем балансымен есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен айырмашылықтары төмендегiей:
Сөйтiп, төлем және есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен айырмашылықтары көбiнесе халықаралық қатынастарының дамуымен айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтейiк. Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем балансы негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.
Төлем балансының құрылымы
1) “Ағымдағы операциялар балансы”
1. сауда балансы ( сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен түсiмдер):
а) экспорт
б) импорт
2. Қызметтер балансы және комерциялық емес төлемдер (патент бойынша төлем техникалық көмек үшiн төлем )
2) “Капитал және несие қозғалысының балансы”
Сауда балансы – экспорты бойынша түсiммен және импорт бойынша төлемдердiң арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса, онда активтiк сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық болса, онда сауда балансы пассивтiк сальдосы пайда болады
Көрсетiлген қызметтер балансы – ол формасы бойынша да және экономикалыө мазмұны бойынша да әр түрлi, сонымен бiрге коммерциялық операциялар емес операциялар бойынша төлемдер мен түсiмдер бiрiктiрiледi.
Капитал және несие қозғалысының балансы – ол жеке және мемлекеттiк капиталдарды әкелу және жетiлдiру бойынша , алынған және берiлген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсiмдердiң арақатысы.
Халықаралық қарыз балансы - өркендеген және өркендеушi елдердiң статисикасында кең орналасатын мәлiмiеттер жиынтығы. Оның есеп айырысуы балансына ұқсас болғанмен одан қаралатын тауарларының жиынтығымен кейбiр елдердiң өз ерекшелiгiмен айрықшаланады .
Төлем балансының сальдосын анықтағанда оның тараулары негiзгi және баланстандырушы болып екiге бөлiнедi. Негiзгi тарауларға – ағымдағы операциялар ұзақ мерзiмдi капиталдың қозғалысы ал баланстандырушы тараулырға - валюталық резервтiк қозғалысы, ал баланстандырушы тарауларға – валюталық резервтердiң қозғалысы , қысқа мерзiмде активтердiң өзгерiстерi, шетел көмегмен кейбiр түрлерi, сыртқы мемлекеттiк зайымдар, халықаралық валюта – несиелiк ұйымдардың несиелерi және т.б. төлем балансының сальдосының толықтырушы көздерi жатады. Баланстың негiзгi және баланстандырушы тараулардың қорытынды көрсеткiштерi бiрiн-бiрi өзара өтеу қажет, яғни баланс формальды тепе-тең болуы қажет.
Төлем балансының тепе-теңдiкке әкелетiн ақырғы әдiс – мемлекеттiң ресми алтын валюталарын қолдану. Халықаралық мiндеттемелердi өтеу құралы – еркiн айырбасталатын шетел валютасын алу үшiн – ХВК – ның бiр елдiң шотнан екiншi елдiң шотына валюта аудару арқылы – СДР қолданыла бастады. Ал 1979 жылдан ЕВЖ-ге мүше елдер осы мақсатқа ЭКЮ-да қолдана бастады.
Төлем балансының көмекшi баланстандырушы құралы болып шетел ұлттық бағалы қағаздарды шетел валютасына сату, сол сияқты жәрдем, сыйлық, несие түрiндегiлерi шетел “көмектерi” де есептелiнедi.
Халықаралық есеп айырысу бойынша елімізде келесі операциялар іске асырылады::
Құжатталған аккредитив – акккредитивке көрсетiлген құжаттарға қарсы экспортердың пайдасына өзiнiң бұйырушы клиентерiнiң өтiнiшi бойынша жасайтын аккредив ашушы банктiң мiндеттемесi.
Құжатталған никассо- эмитент – банктiң, сенiм бiлдiрушiнiң берген құжаттарын төлеушiге төлеу үшiн ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзiне алған мiндеттемесi.
Банктiк аударым – банктiк аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негiзiнде барлық есеп айрысудағы валюталық түсiмдердi өкiлеттi банктердiң шотына есепке алынуын бiлдiредi.
3.
Банкаралық нарықтық
III-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
Рынокқа өту кезеңiнде Қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси дамуы кезеңiнде ұлттық валюталық жүйесін құрып және валюталық саясаттарын жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн бiрге шешу мiндеттерi тұр.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде ХВК-ға (Халықаралық валюталық қорға) мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын «Ямаика валюта жүйесiнiң» құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстанның ұлттық валютасының болмауы және Ресей валюта аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Жоғарыда аталған заңға қоса, “ Қазақстан республикасының ақша жүйесi туралы ” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; “Асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң; сонымен қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк басқалырымен нормативтiк активтiлерi.