Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 07:34, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм мыналар:
валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау және талдау;
халықаралық валюталық жүйенiң, сондай-ақ дүниежүзілік және ұлттық валюталық жүйелерді салыстыру және олардың байланысын анықтау;
валюталық жүйенің негізгі элементтеріне тоқталу және оларды талдау;
Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастырылды.

Содержание работы

КIРIСПЕ
I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі
II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ
2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы
2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш

III-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

ВАЛЮТА ЖҮЙЕ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.doc

— 197.00 Кб (Скачать файл)

    3-шi  кезең, толық  қызмет  ететiн жаңа  дүниежүзлiк жүйе  құрылады.

      Валюта  жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда  дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Аймақтық  валюталық  жүйе  өнеркәсiбi  дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе  тереңдiгiне  құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе  – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше  елдердiң қоғамдастық валюта  аймағында ұйымдастырылуы  – экономикалық  формасындағы катынастырды  бiлдiредi.

      Валюталық  жүйелердiң  даму  заңдылықтары  ұдайы  өндiрiс белгiлерiне  байланысты  анықталып  отырып, ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтың  негiзгi  даму  кезеңдерiн  көрсетедi.

      Дүниежүзілiк  валюталық  жүйелердiң арасындағы  дағдарыс  тұсында оның  құрылымдық қағидаларының әрекетi  бұзылып, аяқ асты  валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

      Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  жүйенi  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi: 

    1-шi  кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының   қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн,  анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы  жүйемен  өзара  байланысы  сақталады.

    2-шi  кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының   құрылымдары  толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске  қосылады.

    3-шi  кезең, толық  қызмет  ететiн   жаңа  дүниежүзлiк  жүйе  құрылады.

      Дүниежүзілiк  ваюталардың  жүйенiң  мынандай  эваолюциялары  белгiлi:

    1. Жаңа валюталық  жүйенiң  құрылуының  алғы  шарттары.
    2. Париждiң  валюталық жүйесi.
    3. Генуэз  валюталық жүйесi.
    4. Бреттон – Вудс   валюталық жүйесi.
    5. Ямайка  валюталық жүйесi.
    6. Еуропалық  валюталық жүйесi.

      1929-1936  жылдарда  дүниежүзілiк  валюталық   дағдарыстың  басты  ерекшелiктерi  келесiдей:   

     –  циклдiк сипат: валюталық  дағдарыс  дүние  жүзлiк  экономикалық және  ақша   несиесiмен  байланысты  болды;

      – құрылымдық  сипат: дүниежүзлiк  валюталық  жүйенiң  алтын девиздiк  стандарт  қағидасы  құлдырауға ұшырады;

      –  ұзаққа созылуы: 1929 жылдан  1936 жылдың  күзiне дейiн болуы.

      БҰҰ–ның  Бретон–Вудстағы  1944 жылы  болған валюталық қаржылық  конференциясында  дүниежүзлiк  сауданың  ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк  және  қаржылық  қатынастарды  ұйымдастырудың  ережелерi  бекiтiлiп  үшiншi  валюталық  жұйе  дүниеге  келдi.

     60  жылдардың  аяғынан  бастап, Бреттон – Вудс  валюталық   жүйенiң  дағдарысқа  ұшырауы. 1976 жылғы  қаңтардағы  ХВК - ға  мүше елдердiң Кинготондағы  келiсiмi  ХВК – дың жарғысына   өзгерiстер  енгiзе  отырып, төртiншi  валюталық жүйенiң  келесiдей  бағыттарын  бекiттi:

    • Алтын – девиз  стандартты  орнына  СДР  стандарты  енгiзiлдi;
    • Елдерге  кез-келген  валюталық  бағам  режимiнiң  таңдауға  құқық  берiлдi.

      СДР-дiң  қызметт  етуiнiң  мынандай  басты  мәселесi  болды:

      1. эмиссиялау  және  басу;
      2. қамтамасыз  ету;
      3. бағамды  анықтау  әдiсi;
      4. СДР-дiң пайдалану  ауқымы;

     Еуропалық  валюталық  жүйе, экономикалық  интеграциялану  процесiн  ынталандыру  мақсатында  құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң  даму  себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас  орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi  және  валюталық тұрақсыздағы  жатады . Еуропалық экономикалық  қоғамдастық – бұл батыс еуропа  елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру  тобын  бiлдiредi , ол 1957 жылы  наурызда  алты  елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим  елдерiнiң  арасыында  жасалған  келiсiм  шартында  қабылданып, 1958 жылдың  1  каңтарында  басты  қызмет  етедi.

     Батыс  еуропалық  интеграция  өзiнiң  iрi  ерекшелiктерiмен   ажыратылады:

     Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы  көмiрдiң  ортақ  нарығынан  басталады  және  шаруашылық  кешен  интегралданғанға  дейiн  6  ел  және  12  саяси одақ болса, бiрiншi  уақытта  15-16  мемлекетке  жеттi.

     Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы  мемлекеттiң  құрылымына  жақын  және  мынадай  ұйымдардан  тұрады:

  • Еуропалық  кеңес;
  • Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
  • ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
  • Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган  ЕҚ  және министiрлер  кеңесiнiң  қызметiн  бақылайды, ЕҚ  бюджетiн  бекiтедi.

     ЕҚ  соты – құқықтық  нормаларын  сақтамаудың  қадағалау  ұйымы.

     Үшiншiден,  интеграцйиялық  процестiң  материялдық  негiзi болып, ЕҚ – тың  бюджетiнiң  бiр  бөлiгiнен құралған  көп бiрлескен қорлар қызмет  етедi.

     1999 жылдың  1  қаңтарынан  бастап, Евро  қолма – қолсыз  төлемдер  үшiн мемлекеттердiң жаңа  қағаздарын  орналастыру  енгiзiлiп, эволюциялық   одаққа  мүше  елдердiң  ұмтық   ақша  бiрлiктерi  2002 жылы  1 шiлдесiнен бастап  өз қызметтерiн жойды делiнген. 

     ЕВЖ, алтындынақты  резервтiк  активтер  пайдаланды:

     Бiрiншiден, Еуро  –  алтынмен  жартылай  қамтамасыз  етiлген;

     Екiншiден, ЕҚ – қа  бiрлестiгi  үшiн  207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.

     ЕВЖ-дегi  мемлекет  аралық  аймақтықты  реттеу  орталықты  банктерге  уақытша  төлем  балансындағы  тапшылықты  жабуға  және  валюталық  интеграцияға  байланысты  есеп айырысулар  үшiн  несие  беру  жолымен жүзеге асырылады.

     Екiншi  дүниежүзілiк  соғыста  Еуропа  мемлекеттерiнiң  қираған  экономикасын қалпына  келтiру  және  тұрақтандыру  мәселелерiн  шешу  мақстында  Бреттон-Вудстағы өткен  халықаралық  валюта  қаржылық  конференциясында  2  ұйым: Халықаралық  валюта  қорын (ХВҚ) және  халықаралық қайта  құру және даму банкi ( ХҚҚДБ) құру  туралы  қаулы  қабылданды. Қор  әлемдiк  валюта  жүйесiнiң   тұрақтылығын  қолдау  үшiн, ал  банк  оған  қатысушы  елдердiң  ұзақ  мерзiмдi  экономикалық  дамуын ынталандыру  үшiн  құрылған .  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2  Валюталық жүйенің негізгі элементтері:  маңызы мен қажеттігі 

      Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру  үшін оларды ұлттық және халықаралық  деңгейлерге жіктеуге тура келеді ( 1 сурет). Осыларға жеке тоқталып, олардың  элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарастрайық.

      Ұлттық  валюталық жүйенің  негізгі элементтері:

     1) Ұлттық валюта.  1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта«теңге» енгiзiлдiАл 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

     2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.

     3)  Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.  Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.

     Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

     Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды. (мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).

     70 жылдардан бастап паритеттер  валюта қоржыны негізінде анықталуға  көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.

      3)  Валюталық  жүйенiң  маңызды   элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның  пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен  өзара байланыстардың  қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және  ұлттық  нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық    немесе  шетелдiк валюталарды  бейнелеген  әр  түрлi  елдердiң  құндық  көрсеткiштерiн  салыстыруға  банктер  мен  формалардың  шетел  валютасындағы  шоттарын уақытылы  қайта  бағалап  отыра  байланысты негiзделедi.

     Валюталық  бағам  – бұл  бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң  басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру  оларды өндiрiс  және  айырбас  процесiнде  пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағам  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.   Валюталық бағамның қажеттігі:

  • Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
  • Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді салыстыру;
  • Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

      4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі. Валюталық шектеу    резиденттерi  мен резидент  еместердiң валюталар және  басқадай  валюталық құндылықтармен  жасалатын операцияларын заңды түрде немесе  әкiмшiлiк түрде тиым  салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың  құрамдас  бөлiгi  болып  табылады. Валюталық шектеу  валюталық  заңдылықтармен  бекiтiледi .

      Валюталық  шектеудiң  мақсаттары  келесiдей :

  • төлем балансын  теңестiру; 
  • валюталық  бағамды қолдау;
  • ағымдағы  және  стратегиялық  мiндеттердi  шешу  үшiн  мемлекеттiң  қолында валюталық бағалықтардың  шоғырлануы;

      Валюталық  шектеу  келесiдей  қағидаларға  сүйенедi :

  • валюталық  операцияларды  Орталық  және  өкiлеттi  банктерде  орталықтандыру;
  • валюталық  операциялар  жасау  үшiн  рұқсат қағазының  берiлуi ;
  • валюталық  шоттарды  жартылай  немесе  толық  жабу;
  • валюталардың  қайтарымдығын  шектеу.

     5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі нреттеу.

     6) Халықаралық несиелік айналым  құралдары мен халықаралық есеп  айырысу формаларын қолдану тәртібін  белгілеу;

Информация о работе Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері