«Шымкентмай» АҚ кәсіпорынның жалпы мінездемесі, құрылу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 11:54, реферат

Краткое описание

30 жылдардың ортасына дейін өсімдік майы мен сабын Қазақстанға импортталатын. Жағдайды үкіметтің Шымкентте май экстракционды заводты (МЭЗ) құру жөнінде шешімі өзгертті. Оның құрылысына 1957 жылы кірісті.

Содержимое работы - 1 файл

ШЫМКЕНТМАЙ2.doc

— 263.50 Кб (Скачать файл)

«Доня иіссіз» рафинадталған, иіссіздендірілген мақта майы- өз бойында дәстүрлі мақта майының барлық жақсы қасиеттері бар, бірегей өнім және ол жемістердің табиғи дәмін толықтыра түсу үшін салаттарға дәмдік ретінде пайдалануға болады.

 

МАҚСАРЫ МАЙЫ

Өзінің майқышқылдық құрамы және бірқатар ерекшелік қасиеттері жағынан күнбағыс майына ұқсас. Мақсары майын тағам дайындаушылар өте жоғары бағалайды, себебі: біріншіден, оның құрамында басқа майлармен салыстырғанда, қанықтырылмаған май қышқылдары мол, екіншіден, оның түтіндеу температурасы өте жоғары, яғни күймейді- бұл фритюре өнімдерін дайындау кезінде өте маңызды, ал үшіншіден, мақсары майы әжептеуір салқын кезде де тоңбайды, бұл салқындай берілетін салаттарды дайындау кезінде өте маңызды.

 

«ЛЮБИМОЕ» МАЙЫ

Бұл рафинадталмаған, иіссіздендірілмеген мақта майы мен «мұздатылып» ағартылып рафинадталған, иіссіздендірілген күнбағыс (немесе сафлор) майларының қосындысы. Күрбағыс (немесе сафлор) майын мақта майымен араластыру мақта майының құрамын, адам ағзасына тез сіңірілетін, мақта майының тығыздығы мен тұқырлығын азайтып, оның адам ағзасының жіңішке капиллярларында жүруін тездететін, қанықтырылмаған май қышқылдарымен және мақта майын Е дәруменімен байтуға мүмкіндік береді.

 

«ЮЖАНКА» МАЙЫ

Бұл рафинадталған, иіссіздендірілмеген мақта майы мен «мұздатылған» рафинадталған, иіссіздендірілмеген күнбағыс майларының қосындысы. әрбір тағамға жеке дара дәм беретін күнбағыстың хош иісі бар. Майдың құрамында А, В, Е дәрумендері бар.

 

«ОСОБОЕ» майы

Бұл рафинадталған, иіссіздендірілмеген мақта майының, «мұздатылып» ағартылып, рафинадталған, иіссіздендірілмеген күнбағыс майының және рафинадталған, иіссіздендірілген рапс майының (40: 40: 20) қосындысы. Май құрамы бойынша теңдестірілген. «Особое» өсімдік майын иіссіздендірген кезде оның тығыздығы азаяды, иіс беретін заттар ұшып кетіп, майдың сапасы одан әрі жақсарып, май адам ағзасында тез сіңірілетін болады.

 

«ДОБРОЕ» майы

Бұл рафинадталған, иіссіздендірілмеген мақта майы мен рафинадталған, иіссіздендірілмеген сафлор майларының қосындысы. «Доброе» майының құрамы, адам аңзасында тез сіңірілетін қанықтырылмаған май қышқылдарына өте бай. Май жеңілдетілген, оны диеталық тағамдар дайындау кезінде пайдалануға болады.

 

ҚЫША МАЙЫ

Қыша майын салаттар мен винегреттерде үнемі пайдалану, адам ағзасының әр түрлі ауруларға төзімділігі мен қарсылығын арттырады. Қыша майының арқасында салаттар мен винегреттер нәзік те хош иісті болып, ұзақ сақталады, себебі қыша майының бактерияларды жою қасиеті бар. Қыша майы нан өнімдерін пісіруде кеңінен пайдаланылады, олардың түрін және хош иісін жақсартады.

 

РАПС МАЙЫ

Бұл май адам ағзасына пайдалы линолев қышқылының қайнар көзі болып табылады. Рафинадталмаған күйінде оны сабын қайнату, жіп иіру, тері илеу өнеркәсіптерінде, сонымен қатар, олифа өндірісінде пайдаланады.

 

«Шымкентмай» АҚ өнімдік ұсыныстарының таңы бір бағыты- мал шаруашылығына  арналған өнімдер-Шрот, яғни күнжараүй жануарларының азығы және оларға берілетін жемнің құрамдас бөлігі болып табылады.

 

КҮНБАҒЫС КҮНЖАРАСЫ

Өңделмеген протеиннің массалық үлесі, құрғақ зат % есесімен -32,0-34,0. күнбағыс күнжарасының жемдік қасиеті өте жоғары, ал оның суда және майда еритін еритін В тобындағы дәрумендермен токоферол және аскорбин қышқылдарымен қанықтырылғаны, жануарлардың жемдік рациондарының аминдік қышқылдарымен байытылуының бірден-бір кепілі. Дәнінен ажыратылмаған күнбағыстан алынған күнжара, сауылатын сиырларды жемдегенде ерекше тиімді, себебі оны жеген малдың сүті көбейіп және майлылығы артады.

 

МАҚТА КҮНЖАРАСЫ

Өңделмеген протеиннің масалық үлесі, құрғақ зат % есесімен -36,0-40,0. мақта күнжарасының құрамында, В тобындағы дәрумендермен қатар, жануарлар белогының әжептеуір мөлшерінің (40% астам) болуы, оның жемдік құнарлығын қамтамасыз етеді. Бұл жас малдарды жемдеген кезде өте маңызды.

 

 

                СОЯ КҮНЖАРАСЫ

Соя күнжарасы құрамында қанықтырылған аминдік қышқылдарының өте дәл теңестірілген қоспасыкіреді. Соя күнжарасындағы өңделмеген протеиннің масалық үлесі-45,0% ал, оның жалпы құнарлығы -1,18 эжемдік бірліктен кем емес. Бұл факторлар соя күнжарасын жемдердің құрамындағы қоспа ретінде басымдылығын ерекшелейді.

 

МАҚСАРЫ КҮНЖАРАСЫ

Мақсары күнжарасы басқа күнжаралардан құрамындағы өңделмеген тошықтардың көп болуымен (36 % дейін ) ерекшеленеді. Торшықтар ағзаны улы заттардан тазалайды. Мал ағзасының  зат алмасу процесінің бұзылмауын реттейді. Сондықтан ол аралас жемнің тамаша қоспасы болып табылады.

РАПС КҮНЖАРАСЫ

Рапс күнжарасының құрамындағы гликозинолаттар 1%-дан аспаған кезде, оны шошқалар мен құстарды басқа да, барлық ауыл шаруашылық жануарларына жем ретінде беруге болады. Егер, рапс күнжарсының құрамындағы тиогликозиттер 1%-дан жоғары болса, онда тек қана күйсейтін жануарларға ғана жем ретінде беруге болады.

«Шымкентмай» ААҚ өндірілетін рапс күнжарасының құрамындағы гликозинолаттар салмақтық үлесі – 0,8%-дан аспайды, сондықтан оны барлық ауыл шаруашылық жануарларына жем ретінде пайдалануға болады.

             

МАҚТА ШИТІНІҢ ҚАУЫЗЫ

              Мақта шитінің қауызы мал шаруашылығында және құс шаруашылығында жем ретінде пайдаланылады. Мақта шитінің қауызының құрамында ағзаны улы заттардан – шлактардан –улардан ауыр металл тұздарынан тестициттерден тазалайтын, шамамен 60%-ға дейін өңделмеген жасушалар болады. Мақта шитінің қауызы ксилит алуда шикізат болып табылады, сонымен қатар, көпшілік жақсы көретін саңырауқұлақтар өсіруде пайдаланатын құнарлы субстраттың да құрамына кіреді.

              Егер әр түрлі өсімдік майын алатын болсақ: күнбағыс, жүгері, мақсары, зәйтүн, мақта т.б. және оларды толық рафинациялайтын болсақ, онда оларды бір – бірінен айыру мүмкін болмайды. Олар бір – біріне өте ұқсас бірыңғай тұтқыр, судан жеңіл, дәмсіз, иіссіз және түссіз, судан жеңіл қасиетінен айырылған немесе иіссізденген деп аталатын май алынады. Олардың тағамдық нәрлілігі олардың ішіндегі орны алмастырылмайтын май қышқылдарымен анықталады. (көбінесе линолды және линоленді).

Бұл қышқылдар өте маңыздылығы рафинацияланған өсімдік майынан тұруында. Орны ауыстырылмайтын май қышқылдарын, оларды Ғ - дәрумені деп атауға да болады, иммунитетті жақсартады, синтез, гариондарға жауап береді. Олар қан жолдарын тұрақты және эластикалы етеді, ағзаның ультракөгілдір сәулеге және радиактивті сәулеленудің ықпалына сезімталдығын азайтады, ашық бұлшық еттің қысқаруын реттейді, көптеген өмірлік маңызды функцияларды орындайды. Бұл пайдалы заттар май құрамында терең рафинациядан кенін де сақталады. Майды мөлдір ету үшін, одан фосфолипидтерді (немесе фосфотидтерді) алып тастайды.

Май тазарту деңгейлері бойынша келесідей болуы мүмкін:

-         рафинацияланбаған – тек механикалық қоспалары алынған;

-         Гидротацияланған – фильтрлеу мен гидратацияланған (фосфор құрамдас заттарды жою мақсатында сумен өңделеді);

-         Рафинацияланған дезодоризацияланбаған – фильтрлеу, гидратациялау, нейролдау (сілтілі рафинация), ағарту (түссіздендіру) жүргізілген;

-         Рафинацияланған дезодоризацияланған – май алдыңғы операциялардың барлығынан өткен және дезодоризацияланған.

Рафинация – бұл майдың әр түрлі ластардан тазартау: қалдық пестицидтерден және басқа да зиянды қоспалардан. Май сілтімен өңделеді, одан бос май қышқылдары фосфолипидтер алынады; өнім қабатталады, тазартылған май жоғары көтеріледі. Содан соң тағы бір рет жуылып, фильтрленеді. Ол тазартады, сонымен бірге исі мен дәмін жоғалтады. Осы себептен рафинацияланған майды барлығы жақсы көреді. Кейбіреулер табиғи өнімнің исі мен дәмін дұрыс көреді және тазартуға қарсы болады.

Бірақ біз өсімдік майын тамаққа күнделікті қолданатынымызды ескеруіміз қажет, егер онда қандайда бір зиянды зат қалып қойса, онда ол біртіндеп ағзада жиналады және әр түрлі ауруларды пайда болуына әкеледі. Сондықтан рафинация ең болмағанда қауіпсіздік мақсатында қажет. Сонымен қатар рафинация кезінде пайдалы заттың аз бөлігі жоғалады, сондықтан тағамдық нәрлілігі жағынан рафинацияланған және рафинацияланбаған майлар ұқсас, тең болып келеді.

Барлық кезеңді өткеннен кейін, май иіссізденеді. Мұндай өнімнен маргарин, майонез, аспаздық май дайындалады, консервілеу кезінде қолданылады. Сондықтан оның спецификалық (ерекшеленген) дәмі мен исі болмауы керек. Дүкендерде күнбағыс майы рафинацияланған дезодаризацияланбаған түрінде жиі түседі – сыртқы түсі мөлдір, бірақ өзіне тән исі мен дәмі болады. Немесе рафинацияланған дезодаризацияланған түрінде - өте мөлдір, ашық сары иіссіз және түссіз. Немесе рафинацияланбаған ағартылғанға қарағанда күңгірт, қалдықпен немесе салмақпен болады, бірақ ол фильтрациядан өткен, бала күнімізден білетін исі сақталынған.

1) Барлық механикалық қоспалардан тазарту: Бұл процедураны өткен май тауарлы рафинацияланбаған болып сатылады.

2) Фосфатидтері (гидратация) алынған. Мұндай өңдеу майды мөлдір етеді және ол тауарлы гидрадацияланған болып аталады.

3) Бос май қышқылдарын шығару. Майда мұндай қышқылдардың артық мөлшерде болуы қолаңсыз иісті шығарады. Барлық үш кезеңнен өткен май рафинацияланған, дезодаризацияланған деп аталады.

Соңында, тазартудың соңғы сатысында: түссіз, ттқыр сұйықтық алынады – мұздату немесе желдету арқылы түк қылшықтары алынады.

Жошыбай өнімдер және өндіріс қалдықтары – шрот, дәннің қауызы, Қазақстан республикасының энциклопедиясы үшін маңызды, өйткені Фураж ретінде қолданылып, ірі қара мүйізді малдарға, құс және басқа да үй жануарларына жем ретінде пайдаланылады.

Бұзылмаған дәннен алынатын күнбағыс шроты жемдік мақсатпен қолданылып, жануарлар мен құстардың тамақтарына ендірілуі сондай – ақ жем өндіріс үшін пайдаланады. Жемдік нәрлілігі өте жоғары, өйткені оның протейні құс жұмыртқасындағы протейнге жақын келеді. Оның су немесе май еріткіш В тобының дәрумендерімен, С дәрумендерімен тығыздылығы (рибофлабин, тиамин, токоферолдар) оны жануарлар тамағын жақсарту үшін орны алмаспайтын етеді. Қабығы алынбаған күнбағыс сироты, әсіресе саумалы сиырлардың тамағы үшін өте тиімді, өйткені сауын сүті мен оның майлылығының артуына әкеледі. Сонымен бірге күнбағыс шротында күнбағыс шротының жануарлық ақуызының сіңірімділігін төмендететін, қандай да бір ферментті комплекстер мүлдем болмайтындығының мәні төмен болады.

Шроттың тағамдық және жемдік ерекшелігі оның құрамындағы ақуыздармен (протейндермен) анықталады. Өсімдік ақуыздары, жануарлар ағзасы үшін қажетті орны алмаспайтын аминоқышқылдарын (жеткізушілер) жабдықтаушылар болып табылады. Орны алмаспайтын аминоқышқылдардың өсімдік ақуыздарындағы тапшылығы малшаруашылығы тәжірибесінде жемдік бірлікті есептік деңгейінен 1,5 – 2 есеге арттыруды қажет етеді. Соя шроты сұйық түрде, жақсы теңестірілген аминоқышқыл қоспасынан тұрады. Бұл факторлар соя шротын неғұрлым жоғары ингридиентті етеді. Мақсары шроты аминоқышқыл құрамы бойынша нәрлілігі соя және күнбағыс шротына қарағанда төмен, бірақ майлы – қышқылдық құрамы бойынша соя шротынан 1% жоғары болады. Мақсары шротының шикі майды массалық үлесі (абсолютті құрғақ затқа есептегенде) 1,5 – 2,5 % құрайды. Мақсары шроты басқа шроттардан шикі клетчаткаларының құрамының жоғары (36,0 % дейін) болуымен ерекшеленеді. Клетчатка целмолозаның (өсімдік ташығының) бір түрі ретінде ағзаны зиянды заттардан, мутагендерден, канцерогендерден (шлак, улы заттар, ауыр метал тұздары, пестицидтер) тазартады. Асқазан ішекке түскеннен соң клетчаткалар орнатылған микро – қылшықтарды, сілекейлерді сіңіреді, оның барлық беткейін тазартып, тағамдық массамен толық жанасады. Осылайша ол жануар ағзасындағы зат алмасу үдерісінің бұзылу себептерін жояды. Сондықтан ол жемдік таптырмайтын қоспа ретінде қолданылады.

Рансты май өндірісінің қалдығы – шрот жемдік қоспа ретінде қолданылатын болғандықтан ондағы тиогликозидтердің құрамына қатаң талаптар қойылады. Рансты шроттағы гликозинолаттар 1 % көп болмаса, барлық ауыл шаруашылық жануарлары үшін жем ретінде қолдануға болады. Егер тиогликозидтер 1% жоғары болса, қосымша жем ретінде қолдануға болады. Изотиоционаттардың массалық үлесі (гликозинолаттар мен тиогликозидтер) АҚ «ШымМай» өндіретін рансты шротта 0,8% құрайды, яғни оны барлық ауыл шаруашылық жануарлары үшін жем ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар шикі протейннің құрамының жоғары болуы (37% дейін) рансты шроттың тағамдық нәрлілігінің жақсы екендігін көрсетеді. Жалпы энергетикалық нәрлілігі 1,06 жемдік бірлікті құрайды, Соңында тек рансты шрот ұдайы өндіріс функциясын орындау үшін қажетті Едәрумені болып табылады.

Мақта шроты қосымша жем өндірісінде тек нәрлі қоспа емес. Мақта шротында жануар ақуызының В тобының дәрумендерімен бірге көп болуы (40% жоғары) төлдерді тамақтандыруда ерекше құндылығын қамтамасыз етеді.

Сондықтан мақта шроты дәстүрлі айналымда ғана емес (Орта және Оңтүстік – Шығыс Азия), сонымен бірге Дания және Голландияда қолданылады, өйткені мақта шротының протейндері және оның клетчаткалары ірі қара малдың асқазан – ішек бөлігінің жұмысына неғұрлым оңтайлы ықпал етеді. Мақта шротында жеңіл сіңірілетін клетчаткалардың болуы, малдың сүт өнімділігін арттырады және төлдің иммунитетін нығайтады.

Информация о работе «Шымкентмай» АҚ кәсіпорынның жалпы мінездемесі, құрылу тарихы