Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2005 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Шаруашылық серіктестік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері аудиторлар көмегімен қарастырылды.

Содержимое работы - 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 187.00 Кб (Скачать файл)

    Ахметов                         1 600 000                               55%

    Балтабаев                      1 400 000                                45%

    Жиыны                          3 000 000                                100%

    Рахимбеков  осы серіктестікке қосылғысы  келеді және 1 желтоксанда 1 000 000 тг әріптестер капиталының бестен бір бөлігін салуды ұсынады.

    Алғашқы әріптестерге сыйақы есебі:

    5020 Алғашқы әріптестердің капиталдары  ...................................3 000 000

    5010 Рахимбековтың салымы .........................................................1 000 000

    5020 Жаңа серіптестіктің капиталы ...............................................4 000 000 

    Алдыңғы әріптестерге сыйақылар:

    5010 Рахимбековтың салымы...................................................................1000 000

    Минус:Рахимбековтың  капиталының үлесі( 4 000 000*1/5).. 800 000...200 000 

    Сыйақыны  бөлу:

    Ахметов (200 000*55%)...................................................................110 000

    Балтабаев (200 000*45%)...................................................90 000...200 000

    Серіктестікке Рахимбековтың  1 000 000 салымы тіркелгенде келесі жазу жазылады:

    1 желтоқсан

    Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары.....................................................1 000 000

    К 5020 Ахметовтың капиталы............................................................110 000

    К 5020 Балтабаевтың капиталы............................................................90 000

    К 5020 Рахимбековтың капиталы.......................................................800 000 
2. Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті

    Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің негізгі қызметінен алынған залалдарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құру және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

    Аудитор резервтік капиталдың қаржылары материалдық көмек көрсетуге және кәсіпорын персоналына еңбек ақы мен сый ақы төлеуге жұмсалатын фактілерге кездесіп қалуы мүмкін. Сондықман аудитор резервтік капиталдың пайдаланылуын барлық орындалған операцияларға талдау жасау жолымен егжей – тегжейлі тексеруге тиісті.

    Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты  акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі  жарғылық капитал осы  резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.

    Резервтік капиталдың есебі 5300-ші «Резервтер»  бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310-ші   «Құрылтай  құжаттарында белгіленген резервтік  капитал», 5320-шы «Қайта бағалакға арналған резерв», 5330-шы «Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв», 5340-шы «Басқа да резервтер».

    Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

     Сонымен, аудиторға резервтік капталға тексеру  жүргізу кезінде оның құрылуы  мен пайдаланылуының дұрыстығын, баланстың «Резервтік капитал» бабында  көрсетілген жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтардың Бас кітап пен бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі «Заңмен белгіленген резервтік капитал», «Басқа да резервтік капитал» шоттарының қалдықтарымен сәйкестігін анықтау қажет.

     Меншікті  капиталдың келесі негізгі элементі қосымша төленген капитал болып табылады. Ол меншікті акцииялардың сатып – өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы. Ол жөнінде ақпараттарды жинақтау үшін «Қосымша төленбеген капитал»шоты пайдаланылады. Акциялар бойынша сый – ақы «Қосымша төленген капитал» шотының кредиті және ақша қаражаттары шоттарының 2040 «Басқа да дебиторлық борыш» шотының дебетінде көрсетіледі.

     Қосымша төленбеген капитал – негізгі  құралдарды және ұзақ мерзімді инвестицияларды  қайта бағалау нәтижесінде олардың  бастапқы құндарының өсу сомасы. Негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомаларының нақты бары мен олардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін 5320 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал», «Инестицияларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал», «Басқа да кативтерді қайта бағалпайдан алынған қосымша төленбеген капитал» шоттары пайдаланылады.

     Аудитор баланстың «Қосымша төленбеген капитал» бабының қалдықтарын бас кітапытң және бухгалтерлік есеп регистрлері  мен шоттарды бойынша мәліметтерінн салыстыруға тиісті. 

 

    2.1 Бөлінбеген  кірістің (жабылмаған залал) аудиті

    Кәсіпорынның  қорытынды табысынан бюджетке төленетін  салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «Бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы)» болып табылады.

          «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)» есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5400 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.

    Меншік  капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру.

    Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңына сәйкес қаржылық есеп беру өзіне: бухгалтерлік баланс; кірістер мен шығыстар туралы есеп; ақша қозғалысы туралы есеп;  меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беруді қосады.

    Меншік  капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру акционерлер немесе ұйымға қатысушылар сияқты қаржылық есеп беруді қолданушылардың қызығушылығын көрсетеді. Баланста меншікті капитал жеке бөлім ретінде қарастырылған. Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру бұл ақпаратты сандық өзгерістермен толық қамтиды. Есеп беру кесте ретінде талданады, меншікті капиталдың шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдары көрсетіледі, ал жиыны есеп берудің жолдарының көрсеткіштері сомаланғаннан кейін есепті жылдың 31 желтоқсанына «Меншікті капитал» баланс бөлімінің көрсеткішінің жиынтық сомасын береді.

    Есеп  саясатындағы өзгерістер қорлардың өзіндік құнын бағалағанда, амортизацияны есептеудің әртүрлі әдістерін қолданғанда пайда болуы мүмкін. Есеп беруді жасалу бойынша Әдістемелік нұсқауларда негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдісін ұйымдастырудағы өзгерістерді есепті кезеңде де болатыны жазылған «Есеп саясаты және оны ашу» ұйыммен тандалған есеп саясаты бір есепті кезеңмен келесісіне жүйелі түрде қолданылады. Амортизацияның есептеу әдісінің өзгешесі бөлінбеген кіріске ғана емес сонымен қатар «Қайта бағалауға арналған резерв» бабына әсер етеді.

    «Негізгі құралдардың есебі» ХҚЕС №16 сәйкес активтің қайта бағалалау сомасы амортизацияны есептеу әдісі қолданылуына сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске көшіріледі.

    «Қайта  есептелген қалдық» есеп берудің жолы меншікті капиталдың құрылымындағы өзгерістер есебімен жарғылық капитал, резервтік капитал, эмиссиялық кіріс және бөлінбеген кіріс (залал) бойынша қалдықты қайта есептеуді айқындайды. Қайта есептеу 31 желтоқсанға қалдықты есептеу мен есеп саясатыңдағы өзгерістермен жүргізіледі.

    Резервтік капиталдың өзгерісі заңға сәйкес жүзеге асырылады. Мысалға, акционерлік қоғамның резервтік капиталы қоғамның залалдарын жабу үшін оның жарияланған жарғылық капиталына 15 %-дан кем емес мөлшерде құрылады. Резервтік капитал қоғамның мемлекетік тіркеуден өткеннен кейін 2 жыл ішінде қоғамның таза кірісінен аударымдар жолымен құрылады. Резервтік капиталдың өзгерісі резервтік капиталды жарғылық  капитал мөлшерін өсіру өшін толық немесе жартылай бағыттау есебінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өзгеріс резервтік капитал мөлшері мен жарғылық капитал мөлшерін бірдей сомаға  өзгертеді. Резервтік капиталдың азаюы дебеттік айналымда, ал жарғылық капиталдың өсуі кредиттік айналымда көрсетіледі.

    Незізгі құралдарды қайта бағалау «Негізгі құралдардың есебі» ХҚЕС №16 сәйкес жүргізіледі және сәйкесінше «Қайта бағалауға арналған резерв» бабының көрсеткішінің мөлшеріне әсер етеді. Айта кететін жай, негізгі құралдарды қайта бағалауда негізгі құралдардың құнының пропорционалды өзгерісінің тозуының қайта есептеу қажет.

    Инвестицияны  қайта бағалау. Қаржылық инвестицияларды алған кезде сатып алу құны бойынша қолданады. Ұйым мемлекетік облигацияларды номиналдық құнынан 200,0 мың тг 220,0 мың тг сатып алды. Сатып алу құны мен номиналдық құны арасындағы айырма жылға есептелгенде 10,0 мың тг (220,0 – 200,0)/2 жыл құрайды. Есепте облигациялар сатып алу құнымен есептелінеді немесе 220,0 мың тг. 15 жылдық пайызға 30,0 мың тг (200,0 * 15%) шартымен алынған.

    Пайыздарды  есептегенде 1 жылы инвестицияның құны 10,0 мың тг азаяды, 20,0 мың тг сома табыс  ретінде мойындалады (30,0 – 10,0,  Екінші жылға пайыз осы сияқты анықталады.

    Қаржалық  инвестицияларды қайта бағалаудың ерекшеліктері бар. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың қайта бағалау нәтижесінен «Қайта бағалауға арналған резерв» шотында, ал кему шығын ретінде есептелінеді.  Өткен уақытта кему жағына қайта бағаланған инвестицияның құнының өсуінің қайта қалпына келтіруі керек.

    Шетел бөлімшелердегі инвестицияларды қайта  бағалаудан бағамдық айырмашылық инвестицияларды  еншілес, тәуелді немесе бірлесіп бақыланатын ұйымдарға салу нәтижесінен туындайды. Шетелдік валюта операциялар бойынша туындайтын бағамдық айырмашылық сияқты шетелдік бөлімшелерге инвестициялардың табыс немесе  шығыстан бағамдық айырмашылықтың өзіндік ерекшеліктері бар.

    Ұйым  өзінің шетелдік бөлімшесіне  ұзақ мерзімді қарызды шетелдік валютада береді, пайда болған бағамдық айырма ұйымның қаржылық инвестициясының  кеңеюі ретінде мойындалады да оның меншікті капиталының өсуіне әкеледі.

    Кіріс және шығыс туралы есеп беруде мойындалмаған  кіріс (залал)  негізгі құралдарды қайта бағалау сомасын бөлінбеген кіріске, сонымен қатар қайта бағаланған инвестиция сомасына көшіру есебінен  өзгертіледі.

    Кезең кірісі (залалы)  кіріс және шығыс  туралы есеп беру көрсеткіштеріне сәйкес есептік кезеңде алынған кіріс (залал) сомасын көрсетеді.

    Дивиденттер есеп беруге меншікті капиталдың есептеген мөлшерін азайтады, егер акционерлік жиналыста олардың төлеумеуі шешілсе бұл жолы көрсетілмейді.

    Қорытындылай  келгенде, бухгалтерлік баланста, кірістер және шығыстар туралы есеп беруде, ақша қозғалысы туралы есеп беруде және меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп берудің құрамы мен мазмұнында бір есеп беру кезеңінің келесі кезеңінде қолданылады.

    Халықаралық  бухгалтерлік есеп беру стандартына  сәйкес меншік капиталындағы өзгеріс  туралы есеп беру келесі  баптарды қосады:

    • кезеңге пайда мен зиян;
    • басқа стандарттарға сәйкес меншікті капиталда мойындалатын кезеңге пайда мен зиян, табыс пен шығыстың әр баптары;
    • ұйымның қатысушыларының үлесіне қатысты сомасы көрсетілген кезең табыстары мен шығыстарының қорытындылары.

    Қорыта  айтқанда, аудиторға бөлінбеген табыстың шамасын бағалау қажет. Бұл бөлінбеген табычстың динамикасын көру және өзгеру тенденциясын анықтау үшін оны өткен есепті кезеңдермен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау жасау үшін тек есепті жылдың қорытынды мәліметтері ғана емес, сондай – ақ өткен кезеңдердің де мәліметтері алынады. 

    2.2 Меншікті капиталдың синтетикалық есебі.

    Капиталдың  қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы  әрбір кәсіпорын үшін зор болып  саналады. Төменде капиталдың қозғалысы  бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

    Төленбеген  капиталдың есебі.

    Жарияланған жарғылық капитал сомасына 5020 «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5010 «Жарияланған капитал» шоттары кредиттеледі.

Информация о работе Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті