Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2005 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Шаруашылық серіктестік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері аудиторлар көмегімен қарастырылды.

Содержимое работы - 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 187.00 Кб (Скачать файл)

                                                    Кіріспе. 

    Экономикалық  ғылымдардың барлығы бір - бірімен  байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп және аудит өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.

    Қоғамдық  дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын  талаптардың өсіп, міндеттердің артып  отырғандығы бухгалтерлік есептің  тарихынан белгілі.

    Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады. Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.

    Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2005 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Шаруашылық серіктестік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері аудиторлар көмегімен қарастырылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Меншікті капиталдың  экономикалық сипаттамасы  мен оның есебінің  міндеттері.

    1.1 Меншікті капиталдың сәйкестігіне тексеру жүргізу.

    Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір  мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы  жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

    Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында  жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

    Кәсіпорын мүлкінің құрамы.

    Ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер болып  екіге бөлінеді.

    Ұзақ  мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

    Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.

    Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері.

    Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары  мен қысқа мерзімді қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар  саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген кіріс.

    Кәсіпорындар  өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.

    Жарғылық  қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

    Меншік  иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай  түрлерге бөлінеді.

    Кәсіпорындардың (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

    Өндірістік  кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).

    Жарғылық  қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

    Барлық  ұйымдардың меншікті капиталына екі  қасиет тән. Біріншіден, ол материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын өзгертетін «меншікті құралдар» түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.

    Меншікті  капиталдың қаржылық есебінің негізгі  мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану  мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл  мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды  бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:

  • жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
  • мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
  • меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
  • инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
  • резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
  • алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.

    Меншікті  капитал есебіне Халықаралық  қаржылық есеп  стандартының  бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына  сәйкес V бөлім арналған.

    «Капитал және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал- бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.

    Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

    5000 «Шығарылған капитал»

    5100 «Эмиссиялық кіріс»

    5200 «Сатып алынған жеке меншік  үлестік аспаптар»

    5300 «Резервтер»

    5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған  залал)»

    5000 «Шығарылған капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және  шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

    5010- «Жарияланған капитал»

    5020- «Төленбеген капитал» 

    5100 «Эмиссиялық кіріс» кіші бөлімі шоттардың мынадай тобын қамтиды:

    5110 - «Эмиссиялық кіріс»

    5200 «Сатып алынған жеке меншік  үлестік аспаптар» кіші бөлімі ң мынадай тобын қамтиды:

    5210- «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» 

    5300 «Резервтер» кіші бөлімі мынадай  топтарын қамтиды: 

    5310- «Құрылтай құжаттарында белгіленген  резервтік капитал» 

    5320- «Қайта бағалауға раналған резерв» 

    5330- «Шетелдік валютаны қайта есептеуге  арналған резерв» 

    5340- «Басқа да резервтер»

    5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған  залал)» бөлімшесі мынадай шоттардың  топтарын қамтиды:

    5410- «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» 

    5420- «Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде  пайданы (залалды) түзету»      

    5430- «Өткен жылдардағы пайда (залал)»

    Кәсіпорын капиталының қозғалысына бақылауды  жүзеге асыру үшін аудиторларға ірі  қаржылық операциялардың жағдайы және олардағы шектеулер туралы білу жеткілікті. Құжаттардың көлемі үлкен емес, олар стандартталмаған және бәрі дерлік басшылық тарапынан бақылау мен бекітуді талап етеді. Бұл операциялардың есебін жүргізу кезінде, әдетте, екі жақты бақылау жасаудың және қателерді тексерудің сондай бір кең жүйесі керек емес. Бірінші кезекте капиталдың қозғалысы бойынша операцияларға қаржы талдаушылары талдау жасайды және басшылық бақылау жүргізеді, содан кейін акционерлердің, директорлар кеңесінің жиналыстарында бекітіледі. Кәсіпорын капиталының жағдайы туралы ақпараттар ресми хабарландыруларда, директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларында және бағалы қағаздарды сатып – өткізу кезінде жасалынатын басқа да құжаттарда болады.

    Басшылықтың пікірлерін тексеру үшін аудиторда  шаруашылық операцияларының орындалуының заңдылығын қарастыруға мүмкіндік  беретін ақпараттардың болуы  қажет. Ондай ақпараттар төмендегі  кестеде (Кесте 1) келтірілді 

     Кесте 1. Кәсіпорын капиталының қозғалысын реттеуші негізгі нормативтік – құқықтық құжаттар 

Құжаттың  аты
1 2
1 Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі (жалпы бөлім)27.12.1994 ж. №269-XIII, тараулар: 2 «Азаматтық құқық  субъектілері», 3 «Азаматтық құқық объектілері»
2 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»Қазақстан Республикасының  кодексі 12.06.2001 ж. №209-2 (өзгертулерімен және толықтыруларымен 22.10. 2004 ж.)
3 «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы 02.07.2003 ж. № 401-2 (өзгертулерімен және толықтыруларымен 07.07.2004 ж.)
4 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы»  Қазақстан Республикасының заңы 26.12.1995 ж. № 2732 (өзгертулерімен және толықтыруларымен 11.06.2004 ж.)
5 «Акционерлік  қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының  заңы 13.05.2003 ж. № 415-II
6 «Қазақстан  Республикасы Президентінің заң  күші бар «Өндірістік кооператив туралы» жарлығына өзгертелер мен  толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан  Республикасының заңы 12.07. 2001 ж. № 241-2
7 «Қаржылық қорытынды  есеп беру нысандарын бекіту туралы» : Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 24.06.2003 ж. № 241 бұйрығы
 

     Аудиттің  алдына қойылған мақсаттарды ашып көрсету  үшін кәсіпорын басшылығының қаржылық қорытынды есептің «Меншікті капитал» бөлігі баптарының дұрыстығы категориялары (бар болу, толықтық, бағалау, құқықтар мен міндеттемелер, тапсыру және ашып көрсету)бойынша пікірлерін қарастырған жөн. 

     Бар болу:

    • меншікті капиталдың өзгеруі, сатып алу, бөлінбеген таза табысқа шектеулер қою немесе басқа да елеулі шаруашылық операциялары капиталдың тиісті шоттарында көрсетіледі.

Информация о работе Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті