Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 09:20, курсовая работа

Краткое описание

Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді.

Содержание работы

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары
2.2. Пайда теориясы және оның эволюциясы
2.3. Сапа аралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс
бағасының құрылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Пайыз Оны_ пайда болуы ж_не факторлары.DOC

— 120.00 Кб (Скачать файл)

       Д.Рикардо  өзінің пайдаға көзқарасын "Саяси  экономия және салық салуды бастау" деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы мөлшері мен пайда бір-біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан. "...Пайданың жоғарылуы немесе темендеуі, жалақының төмен немесе жоғары болуымен байланыстылығын" айтқан. Демек, Д.Рикардоның айтуынша, пайда - бұл жұмысшылар өндірген қосымша құн.

       К.Маркс  өзінің "Капитал" деген еңбегінде пайданы егжей-тегжейлі қарастырып қомақты үлес қосты. Ол былай деген: "Пайда қосымша құнның өзгерген түрі", сөйтіп барлық авансыланған капитал қызметі нәтижесінің түрін бейнелеген. К.Маркс пайданын нағыз қайнар көзі ретінде жалдамалы жұмысшыға төленбеген қосымша еңбекті есептеген.

       Маркстың ойы бойынша, сыртқы құбылыста көрінетін нәрсе сол-пайда айналым сапасында тауарды сатқан кезде өмірге келеді. Шын мәнінде пайда бұл өткерілетін қосымша құн, бұл қосымша құнның өзгерген түрі және өндіріс саласында жалдамалы жұмыс күшімен жасалады.

       Батыс экономистері жасаған қазіргі пайда  тұжырымдамасы бұл ұғымды әртүрлі көзқараста баяндаған. Ол өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет пен ақпаратты айтамыз) қолданған табыс ретінде қарастырылады.

       Американ  ғалым-экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап көрсетті:

       1. пайда өндіріс факторынан алынған "шартсыз" табыс ретінде 
және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;

       2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық 
жетілдіруді ендіру;

         3. пайда тұрақсыздық жай-күйді тудырушы ретінде және 
тәуекелділік үшін төлем;

       4. пайда монопольды табыс ретінде.

       Осындай көзқарас американ жоғарғы оқу орны студенттерінің "Экономикс" оқулығының авторлары Кэмбелл Р. Макконнелл мен Стенли

       Л.Брюде  қалыптасқан. "Экономический образ мышления" оқулығының авторы П.Хейне былай дейді: пайданың дұрыс анықтамасы жоқ, себебі бұл көп қырлы ұғым жәнс оның мазмұнын "екшеп сорттау қажет, егер біз экономикалық жүйе қызметінің механизмін түсінгіміз келсе"':.

       Осы әртүрлі қысқаша шолу пайданың қайнар көзіне көп түрлі көзқарастың барлығын көрсетеді. Таза сандық, көзқарас тұрғысынан пайданы қолға түскен шағын табыс пен жалпы шығындардың арасындағы айырма ретінде анықтаған абзал.

       Кезкелген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Алайда нарыққа өз тауарымен шыға отырып, ол алдыменен белгілі ақшалай қолға түсетін шағым түсімді (табыс) алуды жоспарлайды. Тауар өндірушінің қолға алатын түсімін талдай отырып, табыстың үш түрін бөлектеуге болады: жиынтық, орташа және шекті:

       а) жиынтық табыс (ТК) —белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын ақшалай сома. Жиынтық (жалпы) табыс тауар санын(а) оның бағасына (р) көбейткенгс тең:

       ә) орташа табыс (АК) - салынатын бір тауар бірлігінен алынатын, табыс:

       б) шекті табыс (МК.) — бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс. Шекті табыс жиынтық (жалпы) табыстың  n бірлігі тауары мен жиынтық (жалпы) табыстың n=1 бірлігі тауарының арасындағы айырмаға тең:

       Тауар өндіруші өндіріс көлемі мынандай болғанда максимум пайдаға қол жеткізеді, қай кезде шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда: МС =МR.

       Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара толықтырып отырады. Бұл кезде өндіріс көлемін қысқартпайды және факторлардың өзара алмасуы мүмкін. Ең қарапайымы өндірістік функция болып табылады, соның көмегімен тек қана екі өндіріс факторы-еңбек (L) пен капитальдьі (К) өзара байланысы ашылады. Бір өндіріс факторының (L) өзгеруіне қарай және басқа фактордың (К) өзгермеуімен шығарылу өзгеріле бастайды.

       Максималды  пайдалылықтың тепе-теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа экономикалық ұғымдарды енгіземіз: жиынтық (жалпы) өнім, орташа өнім және шекті өнім.

       Жиынтық (жалпы) өнім (ТР) - бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде және басқа да өзгермейтін өндіріс факторында ендіріледі.

       Орташа өнім (АР) - бұл жиынтық өнім өзгермелі факторының осы фактор санының (L) қолданбағанды мына қатынасы;

       Шекті өнім (МР)- бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады:

       Шекті өнім еңбегінің қалай өзгеретіндігін байқастық. Белгілі мәнділікке дейін ол өсе түседі: онан соң төмендей, бастайды. Бұнда шекті еңбек өнімділігі төмендеуінің іс-әрекеті байқалады. Онын мән-мағынасы мынада: егер бір фактор ұлғайса, ал басқа факторлар өзгеріссіз қалады, онда өндіріс факторының қосымша өнімі кеми бастайды.

       Барлық көрсеткіштердің динамикасын графикте көрсетеміз, ол үшін жиынтық, орташа және шекті өнім еңбегінің қисығын тұрғызамыз.

       К.Маркстың пайымдауымша, пайда - бұл қосымша кұн. Оны өндіріс аясында жалдамалы жұмыс күші жасайды және тауар айналымы саласында ескеріледі.

       Егер  пайданы "Р" арқылы, ал өндіріс шығынын (С+У) "К" арқылы белгілесек, онда W=с+v+m формуласы мына түрді иеленеді W=К+Р, Тауар құны енді шығындар плюс пайда қосындысы ретінде бейнеленеді. Айтпақшы "шығындар плюс пайда" термині Батыс елдерінің "Экономикс" және "Маркетинг негіздері" оқулықтарында кеңінен қолданылады'.

       Тауар құны К+Р формуласында ендігі жерде  еңбекпен көрінетін байланысты байқатпайды. Мұның екі бөлшегі де өзгертілген түрде көрсетіледі: өндіріс шығындары мен пайдасы - еңбектің емес, авансталған капитал шығынының нәтижесі ретінде болмақ.

       Пайданың  абсолюттік мөлшері немесе оның массасы, капиталды қолданудың табыстылық деңгейін көрсетпейді. Табыстылық деңгейі тең қана пайда нормасында байқалады. Пайда барлық авансталған капиталдың туындысы ретінде байқалғандықтан, оның нормасы қосымша құнның барлық авансталған капиталға қатынасымен анықталады. Пайда нормасы төмендегідей формула түрінде болады:

       Пайда нормасы пайдалылық, табыстылық, өндіріс  рентабелділік дәрежесін көрсетеді. Пайда нормасына қандай факторлар әсер етеді? 1). Қосымша құнның нормасы.

       Қосымша құнның нормасы жоғары болса, соғұрлым оның абсолюттік мөлшері үлкен болады демек бұл пайда нормасы деген сөз.

       Ғылыми-техникалық революция әсерімен капиталдың қорлану, процссі оның органикалық құрылымының (с:v) өсуіне алып барады, сөйтіп өзгермелі капиталдың үлесі салыстырмалы төмендейді; ал тұрақты капиталдың үлесі-ұлғайады. Өзгермелі капиталдың мөлшері кем болған сайын, қосымша құн да кемиді және пайда нормасы да солай болады.

       Бірдей  капитал (100 ақша бірлігі) бар екі кәсіпорынды (фирманы) мысалға алып керейік.

       Бірінші кәсіпорынды (фирма) ол тұрақты жәнс өзгермелі капиталдар арасында 75с+25v қатынаста бөлінеді; ал екіншісінде -80с+20v. Қосымша құн нормасы бірдей болғанда =100% бірінші жағдайда пайда нормасы — 25% тең болады:

       3). Капитал айналымы.

       Пайда нормасына капиталдың айналу саны әсер етеді. Егер капитал 80с+20ү кезінде капитал бір аймалым жасаса, онда қосымша құн нормасы 100° кезінде пайда нормасы 20% тең болады. Егер сол капитал екі айналым жасаса, онда пайда нормасы 2 есе артып, 40%-ды құрайды.

       4). Тұрақты капиталды колдануды үнемдеу.

       Экономия  өте жетілген немесе өте арзан машина, жабдықтарды қолдану жолымен және ғылыми жаңалықтар мен өнертапқыштарды пайдаланудың арқасында қол жеткізіледі. 
 
 
 
 

       Қорытынды

       Қазіргі жағдайда бәсекелестік күрестің бағалық тәсілі қолданылады, Бұған монополиялы жоғарғы және монополиялы төмен бағаларды қолдану жатады. Бағалық тәсілге сондай-ақ бағалық дискриминацмя тәсілі де жатады (әр жердегі әртүрді бағалар, демпішпік, төмен рыноктық бағалар).

       Өнім  үшін бәсекелестік  - бәсекелестің сала нарығының бір бөлігін алып қоюға ұмтылды және ол жаңа ассортиментті әрі сапалы өнімді шығару арқылы шамаланған бір және сол бағаны сақтау жолымен жүзеге асады. Мысалы, АҚШ-да бір мезгілде құнның 10 мың сорты, консервеленген жүгерінің 4-мыннан астам түрі, ашылықтын (горчица) 50 сорты сатылады.

       Сату  шарты бойынша бәсекелестік —сатып алушыларды тауарға үйірлендіру үшін көптеген- іс-әрекеттерді қолданады. Бұл бәсекелекке жарнама, сервистік қызмет жасауы, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер қарастыру жатады.

       Бәкелестіктің баға еместік ерекше тәсіліне тауарды  ұзақ мерзімге және лизингіге сатуын жатқызамыз. Соңғысы өндіріс құрал-жабдығын пайдалаиуды көрсетеді және оларды (өндіріс құрал жабдығын) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Пайдаланылған әдебиеттер  

    1. Быков Л.С. Очерки историй растительного мира Казахстана и Средней Азии. - Алма-Ата: Наука, 1979. с. 106 .

    2. Флора Казахстана. т. 1-9. -Алма-Ата: Изд. АНКазССР, 1956-1966.

    3. Казахстан. Общая физико-географическая характеристика. Ответственный редактор А.А. Григорьев. -М. -Л. Наука, 1950. с. 492.

    4. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алма-Ата:       Мектеп, 1968. с. 260.

    5. Лебедев П.Н. Краткий географический очерк Казахстана. -Л. 1928.

    6. Филонец П.П. Очерки по географии внутренних вод Центрального, Южного и Восточного Казахстана. Алма-Ата: наука, 1981. с. 179 .

    7. Муравлев  Г.Г. Малые озера Казахстана  //Ресурсы  и  использывание  в сельскохозяйственном производстве. -Алма-Ата, 1973. с. 179. 

Информация о работе Негізгі бөлім