Кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 11:40, курсовая работа

Краткое описание

Өндірісітік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді.Өндірісітік мазмұны кәсіпорынның және оның өндірісітік бөлімшеренінің құрылуына тікелей әсер етеді. Өндірісітік үрдіс кез келген кәсіорын қызметінің негізін қалайды.
Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары(машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықттар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші,яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады. Осы негізгі үш фактордың тікелей өзара әрекеті ұрдістің мазмұнын құрайды.

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен мазмұны курсовой Экономика.docx

— 79.42 Кб (Скачать файл)

 

           Өндірістік  құрылымды жетілдірудің негізгі  факторларына мыналар жатады:

1. Өнім көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын, оның өндірістік цехтарының саны көп болмақ, ағындық жүйе күшті және мамандырылған цехтардың саны шағын кәсіпорындарға қарағанда көп болады.

2. Пайданылатын материалдардың  сипаттамасы. Өндірістік үрдістің  орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі болады.

3. Өндірісті шоғырландыру, мамандандыру  және кооперациялау деңгейі мен  нысандары. Өндірісті ұйымдастырудың  шоғырландыру, мамандандыру және  кооперациялау түрлерінің деңгейін  арттыру кәсіпорынның өндірістік  құрылымын жеңілдетеді, өндірістік  үрдісті өндірістік-техникалық жабдықталуын  арттырады.

4. Қолданылатын техника, технология  және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру  нысандары. Бұл кешенді фактор  дербес секциялардың бөліну қажеттілігін  туғызады.

       Өндірістік құрылымды жетілдірудің келесідей негізгі бағыттарын атап өтуге болады:

1. Кәсіпорыннан негізгі өндірістің  жеке бөлімдерін бөліп шығару, мысалы тігін өндірісінде дайындау-пішу өндірісін жеке кәсіпорын ретінде бөліп шығару. Бұл тігін өндірісін дамыту үшін өндірістік алаңдардың босауына, оын басқа мақсаттарға пайдалану мүмкіндігінің пайда болуына, ұжымның әлеуметтік мүддесін тезірек қанағаттандыруға, кооперациялық оңайлануына ықпалын тигізеді.

2. Өндірістік кәсіпорындарды заттық  белгісіне қарай мамандандыру  өндірістік құрылымның біркелкі  болуын қамтамасыз етеді. Бірыңғай  өнім өндіруді жеке кәсіпорында  шоғырландыру өнімділігі жоғары  құрал-жабдықты қолдануға, басқару  аппаратын қысқартуға, өндірісті  ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын  қолдануға көмектеседі.

3. Қосымша және қосалқы өндірісті  жеке кәсіпорын ретінде еншісін беріп бөліп шығару немесе өндірістік-кәсіпорын шеңберінде орталықтандыру. Мұның өзі қосымша және қосалқы өндірісті шоғырландыруға,оның тиімділігін арттыруға әсерін тигізеді.

5. Аз өнім өндіретін кәсіпорындарда цехсыз жұмыс істеуді ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын жетілдірудің әрбір бағыты немесе оны жүзеге асырудың жан-жақты шаралары кәсіпорынның нәтижелерін жақсартуға көмектеседі.

 

 

                            2.2. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық  әдістерінің негіздері және 

                                       оның тимімділігі

 

       Өндірістік үрдістері  жан-жақты механикаландыру және  автоматтандыру, еңбек пен өндірісті  ғылыми ұйымдастыру негізінде  кешенді ағындық әдістерді енгізу  кез-келген кәсіпорындарының табысын  арттыруға ықпалын тигізеді.

       Ағындық өндірісте  көп жағдайда өндірістік үрдістерді  ұғымды ұйымдастырудың негізгі  қағидаларын жүзеге асыру негізгі  мақсат болып табылады.

        Мұнда әрбір  мамандандырылған жұмыс орнында  белгілі бір операцияны орындау  технологиялық үрдістердің тәртібіне  сәйкес бекітіледі, еңбек барлық  жұмыс орындарында қосарлы (параллельді) түрде орындалады.

       

 

                        2.3. Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негзігі                 

                                    есептемелері

 

        Ағындық өндірістің  негізін ағындық сызық құрайды.  Онда өнімді (бұйымды) өңдеу немесе құрастыру бойынша өндірістік үрдіс жүзеге асады.

        Ағындық сызық бірнеше белгі бойынша топталады. Өңделетін немесе құрастырылатын бұйымның санына қарай бір заттық немесе көп заттық ағындық сызықтар болып бөлінеді. Бір заттық ағындық сызықтарға ұзақ уақыт бір типті-размерлі өндіріске тән болады, ал көп затты да – екі немесе одан да көп орындалады. Мұндай ағындық сызықтар (желілер) бұйымның бір түрі бойынша жұмыс орындарын толық жүктеу  жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады (сериялық өндірістің шарттарына сәйкес келеді).

        Көп затты  ағындық сызықтар (желілер) топтық және айнымалы-ағындық болып бөлінеді. Ағындық топтарда бірдей құрал-жабдықтарда жалпы технологиялық маршруты бар әр түрлі еңбек заттары өңделеді. Айнымалы-ағындық сызықтар ұқсас технологиялық маршруттары бар еңбек заттарын өңдеу үшін ұйымдастырылады. Мұндай сызықтардың экономикалық тиімділігі әр түрлі болып келетін еңбек заттарының әрқайсысын өңдеуге ағындарды қайта жөндеуге (переналадка) қажетті уақытқа тығыз байланысты болады.

        Өндірістік  үрдістің үздіксіз жүруіне байланысты  бірзатты және көпзатты сызықтар  үздіксіз-ағындық және үздікті  ағындық сызықтар болып бөлінеді. Үздіксіз-ағындық сызықтарда барлық  операциялар синхрондалады (үйлестіріледі), яғни олардың орындалу уақыты бір-біріне тең немесе еселі (қалдықсыз бөліну арқылы) бөлінеді. Осыған байланысты  еңбек заттары бір жұмыс орнынан, екіншісіне операциялар арасында жатып қалмай тез жеткізіліп отырады. Үздікті-ағындық сызықтарда технологиялық үрдістердің операциялары толық синхрондалмаған, яғни барлық операцияларда бірдей еңбек өнімділігі қалыптасады, демек еңбек заттары бір жұмыс орнынан, екіншісіне көшу кезінде келесі өңдеу жұмыстарын күтіп жатып қалуы ықтимал.

        Ағындық өндірісті ұйымдастырудың ең жетілдерілген түріне үздіксіз-ағындық өндіріс жатады.

        

 

                        2.4. Ағындық сызықтың есептемелері

 

Ағындық сызықтың жұмыс ітсеу тәртібіне  – ағын тактісі, яғни екі бұйымды  құрастыру немесе екі бөлікті  дайындау арасындағы уақытты айтады. Тактіні  қолдау әдісіне байланысты ағындық сызықтар еркін және регламенттелген  (уақыт тәртібін ұстау) тактілі ағындар болып екіге бөлінеді. Еркін тактілі ағындарда тактіні ағындық сызықтағы жұмысшылардаың өздері қадағалап отырады. Регламенттелген тактілі ағындық сызықтарда ағын тактісі конвейерлердің көмегімен жұмыс тәртібі ағын тактісімен үйлестіріліп отырады.

       Ағындық өндірістің негізгі ерекшелігіне технологиялық операцияны автоматтандырудың жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар операцияаралық көлікке де байланысты болады. Мұнда қолданылатын тасымалдау құралдаы тек ғана бір жұмыс орнынан, екінші жұмыс жұмыс орнына еңбек заттарын тасымалдап ғана қоймай, ағындық сызықтың қабылданған жұмыс тактісін қолдау функциясын  орындайды. Тасымалдау құралдарының түрін таңдау үшін бір қатар факторларды ескере отырып, экономикалық есептеулер жүргізіледі, оның ең негізгілеріне мыналар жатады: ағындық сызықты ұйымдастыру түрлері, еңбек заттарының конструкциялық ерекшеліктері, технологиялық үрдістің өзгешеліктері және т.б.

       Ағындық өндірісте  қолданылатын барлық тасымалдау  құралдары білікті (приводные) және біліксіз болып екіге бөлінеді.

       Ағындық өндірісте жиі қолданылатын білікті тасымалдау құралдарына транспортерлер мен конвейерлер жатса, ал біліксіз тасымалдау құралдарына – скаттар (сырғымалар), көтеру-тасымалдау құралдары (көтергіш крандар және т.б.) жатады.

       Транспортер –  еңбек заттарын бір жұмыс орнынан  екіншісіне тасымалдауды жеңілдететін  және тездететін біліктік тасымалдау  құралы.

       Конвейер – еңбек заттарын бір операциядан екіншісіне тек жылжытумен ғана емес, сонымен қатар ағын тактісін регламенттейтін, бір операцияда бірнеше жұмыс орны болған жағдайда қосарлы (параллельді) жұмыс орындарына жұмысты бөліп тарататын тасымалдау құралын айтады.

        Ағындық сызықтың  негізгі көрсеткіштерін есептеу  жолдарына тоқтап өтейік.

1. Ағындық сызықтың негізгі көрсеткішіне  ағын тактісі ( ) жатады және ол мына формуламен есептеледі:

                                             =Fp/N

мұнда,

Fp – белгілі бір уақытқа белгіленген уақыт қоры, мин.

N – сол уақыттағы өнім өндіру бағдарламасы немесе көлемі, бірлік.

 

                                             Fp = D р m· q

мұнда,

D р – есеп жылындағы жұмыс күндерінің саны;

m – жұмыстың кезектілігі;

q – кезектің ұзақтылығы, мин.

 

        Регламенттелген үзілістері бар ағындық сызықтарда есепті жұмыс уақыт қоры осы үзілістердің ұзақтығыныа қысқарады.

2. Бір жұмыс орнынан екіншісіне  тасымалдау партияларын (p) тасымалдау ағындық сызықтық ырғағын (R) анықтайды.

        Ол екі бөліктердің  тасымалдау партияларын немесе  бұйымның тасымалдау партияларын  құрастыруды дайындау аралығындағы  уақытты көрсетеді.

                                              

                                              R = · р

 

                            III. .Өндірістің ұйымдастырылуы мен мазмұны

                           3.1. Өнім өндірудің өндірістік  циклы

 

Еңбек заттары нақты бұйымға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

  Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексі - Алматы – 1994.  
2. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі.  
3. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2009 ж.  
4. Амрекулов Н. «Организация финансовой и бюджетной системы» Транзитная экономика 2002 ж. №6 56-58 б.  
5. Булатова А.С. Экономика. Москва. Из.Дом: Юрист-2002 г.  
6. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері: Оқулық. Лекциялық курс. Орал: БҚМУ баспасы, 2001-242 бет.  
7. Жолдасбаева Г.Ө. «Кәсіпорын экономикасы» Оқу құралы Алматы «экономика» - 2003

 


Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен мазмұны