Кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 11:40, курсовая работа

Краткое описание

Өндірісітік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді.Өндірісітік мазмұны кәсіпорынның және оның өндірісітік бөлімшеренінің құрылуына тікелей әсер етеді. Өндірісітік үрдіс кез келген кәсіорын қызметінің негізін қалайды.
Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары(машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықттар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші,яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады. Осы негізгі үш фактордың тікелей өзара әрекеті ұрдістің мазмұнын құрайды.

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен мазмұны курсовой Экономика.docx

— 79.42 Кб (Скачать файл)

                 I. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен мазмұны

 

          1.1. Өндірістік  үрдіс – кәсіпорынды ұйымдастырудың  негізі

 

Өндірісітік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен  материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек  үрдістерінің жиынтығын  көрсетеді.Өндірісітік  мазмұны кәсіпорынның және оның өндірісітік  бөлімшеренінің құрылуына тікелей  әсер етеді. Өндірісітік үрдіс кез  келген кәсіорын қызметінің негізін  қалайды.

      Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік  үрдістің негізгі факторларына  еңбек құралдары(машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықттар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек  күші,яғни адамдардың белгілі  мақсатқа бағытталған қызметі  жатады. Осы негізгі үш фактордың  тікелей өзара әрекеті ұрдістің  мазмұнын құрайды.

      Кәсіпорынның өндіретін өнімдері  қолдану бағытына байланысты  негізгі және көмекші өндірістің  өнімдері болып табылады. Негізгі  өндірістің өнімдері,әдетте, сатуға  арналады, ал көмекші өндірістің  өнімдері негізгі өндіріс өнімдерін  дайындаудағы кәсіпорынның өз  мұқтаждарына қолданылады.

      Кәсіпорынның өндіретін өнімнің  күрделігіне байланысты жай  (қарапайым)  және күрделі өндірістік үрдістер  болып бөлінеді. Жай өндірістік  үрдістерді шикізат немесе материалдардың  бір  түрін бірыңғай өңдеу  арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі көп бөлікті өнім дайындалады.

      Өнім өндірудің технологиялық  үрдісі технологиялық операцияларға  бөлінетін бірқатар бөлшектік  үрдістерден құралады.

      Технологиялық операция - бір немесе бірнеше жұмысшыларын бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.

      Жұмыс орны – жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады. Кәсіпорынның соңғы нәтижелері жұмыс орындарын ұйымдастыру деңгейімен, олардың саны және мамандану дәрежесімен, уақыт бойынша операциялардың  сәйкестелімен және кеңістікте ұтымды орналасуымен тікелей байланысты болады.

      Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы  бағыты  бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.

      Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.

      Негізгі үрдістер жиынтығы негізгі өндірісті құрайды. Күрделі өндірісте негізгі үрдістер әдетте үш кезеңнен тұрады, өңдеу нәтижесінде оның өнімдері дайын бөліктерге айналады, жинақтау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындалған бөліктерден және сатып алынған дайын өнімдерін өнім құрастырылады.

      Өнім жасаудың технологиялық  үрдісі бұдан басқа да өзінің  құрамына табиғи үрдістерді қамтиды.  Табиғи үрдістерге еңбек затына  табиғаттың физикалық және химиялық  әсерін тигізетін үрдістер жатады. Бұл үрдістер жанды еңбектің  және еңбек құралдарының қолдауынсыз  өтеді, бірақ көп уақы алады,  сондықтан оларды жасанды үрдістермен  ауыстырып отырады.

Көмекші үрдістер -  негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.

     Қызмет көрсету үрдістеріне –  техникалық бақылау жұмыстары,  көлік, қойма операциялары және  т.б. кіреді.

     Өндіріс тиімділігі және өнім  сапасы көп жағдайда өндірістік  қызметтерді ұтымды ұйымдастыру  деңгейімен анықталады.

     Өндірістік үрдістерді ұтымды  ұйымдастыру қағидаларын екі  категорияға бөлуге болады:

- жалпы ,яғни оның нақты  мазмұнына байланысты болмайды;

- арнаулы, нақты өндірістік  үрдістерге арналады;

      Жалпы қағидаларға  уақыт бойынша және кеңістікте  кез келген өндірістік ұйымдастыруға  бағынышты болатын мынадай қағидаларды  жатқызуға болады:

- мамандану қағидасы, өндіріс  үрдісінде жұмыс орындары және  кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің  арасындағы еңбек бөлінісі мен  оның шоғырлануын көрсетеді;

- паралельдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік ұрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді;

- пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады;

- тура-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жолдарымен жүруін айтады;

- үздіксіз қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді;

-  ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.

      Өндірісті  ұйымдастырудың үш негізгі әдісі  болады: ағындық (тасқындық), партиялық  (топтық) және бірлік. Олардың ішіндегі  ең тиімдісі  қазіргі талаптарға  сай келетін ағындық әдіс. Бұл  әдістің мәні технологиялық үрдістіңбарлық  элементерінің уақыт бойынша  қатаң сәйкестігімен және еңбек  заттарының жұмыс орындары бойынша  өнім өндірудің белгіленген тактісі  бойынша анықталады.

 

        

 

 

                          1.2. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы

 

       Өндіріс  деп нарықтың дамуы мен өмір  сүруіне қажетті материалдық  игіліктерді дайындау үрдісін  айтады.Өндірісітіңмазмұны еңбек  қатынастарымен анықталған негізгі  үш элементтен тұрады:

- ұтымды жұмыс немесе  еңбектің орындалуы;

- адманың ұтымды жұмысына  қажетті еңбек заттарының болуы;

- еңбек заттарын өзгертуге  қажетті еңбек құралдарының қатысуы;

        Материалдық  өндірістің өнімі еңбек пен  табиғат заттарының құралуынан  тұратын материалдық игіліктерді  дайындауға көмектеседі.

Жаңаша өндіріс ғылыми-техникалық революцияның негізінде дамиды және оның негізгі мазмұнына өндірісті  автоматтандыру жатады.

        Әрбір  кәсіпорын өндірістік бөлімшелерден,яғни  цехтардан қызмет көрсететін  бөлімшелерді ұйымдастыруымен айналысатын  мекемелер және басқару органдарынан  құралады.

        Өндірістік  бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет  көрсету орындары,кәсіпорынды басқару,ұйымдастыру  кешені,олардың саны,бір-бірімен  байланысы,өндірістік алаңда орналасуы  мен жұмыскерлер саны мен құрамы,өнімді  өндіру қабілеті,мұның бәрі кәсіпорынның  жалпы құрылымын құрайды. Кәсіпорынның  өндірістік бөлімшелері,цехтар, бөлімшелер,қызмет  көрсетуші шаруашылықтар мен  жұмыс оырндары (өндірістік үрдіске  тікелей немесе жанама қатысушы) арасындағы байланыстар жиынтығы  өндірістік құрылымды құрайды.  Ол еңбек өнімділігінің,өндіріс  шығындарының деңгейін,материалдық  өндірістің техника-экономикалық  және географикалық жағдайы мәліметтері  бойынша табиғат байлықтарын  және техникалық тиімділігін  анықтайды.Кәсіпорынның ұтымды өндірістік  құрылмын құру келесі тәртіппен  жүргізіледі :

a) кәсіпорынның цехтар  құрамын және оның берілген  өнімді өндіруді қамтамасыз ететін  қуатын анықтау; 

ә) әрбір цехтың және қоймалардың  орналасатын өндірістік алаңдарын  есептеу;

б) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы  орталық жолдармен өзара байланысын жоспарлау;

в) өндірісітік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа,маршрутын  белгілеу және с.с.

       Өндірістік  бөлімшелерге – цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау,  тексеру жүргізетін зертханалар,  комплектілік бұйымдарды, материалдар  мен жартылай фабрикаттарды, пайдалаун  кезінде жөндеуге және бұйымдарға  қызмет көрсеті үшін қажетті  запас бөлітері, технологиялық мақсаттар  үшін керекті өндірілетін энергияның  түрлері және тағы басқалар  жатады.

      Жұмыскерлерге  қызмет көрсететін бөлімшелерге  тұрмыстық-коммуналдық бөлімдер, олардың  қызмет түрлері, асханалар, буфеттер, бала-бақшалар мен демалыс үйлері, профилакторийлер, дәрігерлік пункттер, спорт қоғамдары өндірісітік  біліктілігі көтерімен айналысатын  техникалық оқыту бөлімі мен  оқу оырндары жатады.

      Өндірісітік  үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның  өндірістік құрылымын көрсетеді.  Өндірсіті ұтымды ұйымдастыру  және ыңғайлы басқару қағидасы  бойынша кәсіпорынның өзара байланысты  бөлімшелерінің жекелені жүйесі  де оның құрылымын анықтайды.Осыған  орай өндірістегі мынадай бөлімшелерді  атап өтуге болады: кәсіпорын, өндірістік бірліктер,цехтар, ағындық жүйелер,секциялар (бөлімшелер), жұмыс орындары.Кәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшесіне цех жатады. Цехта маманданудың заттың белігсіне қарай толық өндірісітік үрдіс орындалады да, өнім өндірудің көп бөлігі немесе толық өндіру жұмыстары жүзеге асырылады. Цехтардың өндірістік-шаруашылық дербестік белгілері болуы керек.

      Ағындық  жүйе – өндірісті ұйымдастырудың  негізгі объектісі.Ағындық жүйе  бірнеше секцияларға бөлінеді. Секция  еңбек заттарына әсер етудің  жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды  біріктіру арқылы құрылады.Ал  әрбір секция бірқатар жұмыс  орындарынан құралады.Жұмыс орындарында  арнайы жұмыс орындалып, өнімнің  жаңа құны пайда болады.

      Кәсіпорынның  өндірістік құрылымы кәсіпорында  орындалатын жеке өндірістік  үрдістердің өзара байланысты  бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық  белгілеріне қарай бөліну жүйесін  анықтайды.

 

                             1.3. Өндірістік құрылымның түрлері

 

      Кәсіпорындардың  өндірістік құрылымының үш түрі  бар.Олар заттық, технологиялық және  аралас(заттық-технологиялық) болып  келеді.

        Заттық  құрылымда – кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, я болмаса оның бөлігін (түйінін, агрегаттын) немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Заттық құрылымының мысалына автомобиль зауыттарының вигатель,шасси, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ-киім өндірісінде – аяқ-киімді құрастыру (жинақтау) цехтарын жатқызуға болады.

         Заттық құрылымның артықшылықтары  өте көп. Ол цехтар арасындағы  өндірістік өзара байланыстарды  жеңілдетеді және шектейді, бөліктердің  қозғалу жолын қысқартады, цехаралық  және цехтың тасымалдау шығындарын  азайтады және жұмысын жеңілдетеді,  өндірістік циклдың ұзақтығын  қысқартады, жұмыстың сапасын арттыруда  жұмыскерлердің жауапкершілігін  арттырады.

        Заттық  құрылым құрал-жабдықтарды технологиялық үрдістің орындалуына қарай орналастыруды, өнімділігі жоғары станоктар, құрал-саймандарды мен техникаларды қолдануды қамтамасыз етеді.Мұның бәрі қорыта келгенде, өнім көлемін арттыруға,еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға көмектеседі.

- Технологиялық құрылым  өндірістің технологиялық даралығын  анықтайды. Мысалы, оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын  жатқызуға болады.

        Өндірістік  құрылымының мұндай түрі цехты  басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді,  жұмыскерлерді орналастыруда және  өнімнің бір номенклатурасын  өндіруде, екіншісіне өту кезінде өндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады. Ал оның кемшіліктеріне бұйымның қозғалуында қарсы маршруттарының пайда болуы, цехтардың өзара өндірістік байланыстарының қиындауы, құрал- жабдықтарды қайта орналастыруда уақыт шығындарының едәуір көп жұмсалуы жатады. Мұның бәрі еңбек өнімділігінің артуына және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға кедергі жасайды.

- Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырылуын сипаттайды. Мысалы, машина жасау кәсіпорындарындағы жалпы өндірістің дайындау цехтары (кұю, ұсталық, пресстік цехтары) технологиялық қағидамен, ал механикалық-құрастыру цехтары заттық қағида бойынша орналастырылады. Мұндай кәсіпорын түрлері тек машина жасау ғана емес, жеңіл өнеркәсіп (аяқ-киім, тігін және жиһаз жасау) өндірістерінде қолданылады. Өндірісті осылай ұйымдастырудың артықшылықтарына цехаралық тасымалдау жұмыстарының көлемінің азаюы, өнім өндірудің өндірістік циклының ұзақтығының қысқаруы, еңбек жағдайының жақсаруы, құрал-жабдықты жүктеудің жоғары деңгейі, еңбек өнімділігінің өсуі, бұйымның толық өзіндік құнының азаюы жатады.     

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен мазмұны