Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:07, курсовая работа
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жағдайлар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9 пайыз болса 1996 жылы – 15,4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17 пайыз, ал 2002 жылы – 3,25 пайыз болды.
Ұлттық
валютаның тұрақтылығы белгілі
бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады.
Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал
сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау
арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге
сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан
2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің
ішкі құндылығын арттырып отыр. Ұлттық
валютаның АҚШ долларына қатысты сыртқы
құндылығының тұрақтануы 1999 жылы ұлттық
валютаның еркін айырбасқа жіберілуіне
және экономиканың дамуына, ІЖӨ-нің өсуіне
(1999-2004 жылдары – 167,4 пайызға өсуі) байланысты
болды. Егер 1999 жылға дейін инфляцияның
монетарлық факторы басым болса, одан
кейінгі мерзімде монетарлық емес факторлар
әсер етті
Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.
Елімізде дамыған кредиттік және депозиттік рыноктар бар. Резиденттердің теңгелей түрде депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылдың 1 шілдесінде 847,4 миллиард теңге болды. Жалпы депозиттердің ішінде теңгелік депозиттер өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 56,8 пайыздан 58,7 пайызға өсіп отыр.
Бұлардың бәрі теңгенің тұрақты валютаға айналғанының айқын дәлелі. Қаржы секторының барлық бөліктерінде құрылымдық реформа жүзеге асырылды. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің 25 банкі депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірді. Осы шаралардың бәрі халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Салымдардың мөлшері бойынша халықтың жан басына шаққанда 142 АҚШ доллары болып, Ресейден кейін ТМД елдері ішінде екінші орында тұр. Банк кредиттеріне балама кредиттеу де дамып келе жатыр. Микрокредиттік ұйымдардың, пошталық жинақ ақша, тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінді.
Сондай-ақ 2000 жылы іске қосылған вексельдік қайта қаржыландыру жүйесі банктік кредиттеудің баламасы бола алды. “Инвестициялық қорлар туралы” Заңның қабылдануына байланысты халықтың ішкі жинақ ақшасын жұмылдырудың және қайта бөлудің тиімді тетіктері акционерлік инвестициялық және пай қорларының институты болды.
Қазіргі
уақытта құрылып отырған
Қаржылық қызмет көрсетуді аймақтық қамтуды кеңейтуге сондай-ақ пошта-жинақ жүйесі де ықпал етті.
Халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін Қазақстанда 2001 жылдан бастап ипотекалық кредиттеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның бірінші деңгейі банктер және ипотекалық кредиттер беретін банктік емес ұйымдар, ал жоғары деңгейі – басты міндеті қайталама рынокта ипотекалық кредиттеуді жүзеге асыратын банктерді қайта қаржыландыру болып табылатын Қазақстан Ипотекалық компаниясы.
Ең қысқа мерзімде құрылған және 1998 жылдан жұмыс істеп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықты әлеуметтік қорғауға барынша үлес қосуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2005 жылғы қаңтарда 6 миллион адам болды. Бұл — экономикалық белсенді халықтың 80 пайызы.
Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі институттық инвесторларға жатады. Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 540,8 млрд. теңге. Бұл ІЖӨ-нің 8 пайызын құрайды. Барлық инвестицияланған зейнетақы активтері отандық компаниялардың бағалы қағаздарына және банктік депозиттерге орналастырылады.
Ақиқаты сол, Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған. Қаржы секторын дамытудың жемісті болуы елдің кредиттік рейтингін жоғарылатады.
Ел экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге барлық экономикалық кеңістіктерге АҚШ доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналады.
Қаржы рыногының ең дамыған сегменті мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы болып табылады. Қазіргі жағдайда айналымда 58 мемлекеттік облигациялардың эмиссиясы қызмет істейді және олардың номиналдық бағасы 116,9 миллиард теңге, немесе ІЖӨ-нің 3 пайызын құрап отыр.
Сақтандыру рыногы дамып келе жатыр, дегенмен оның деңгейі экономика қажеттілігін өтей алмай отыр. 32 сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін іске асыру лицензиясы бар, соның ішінде 7-еуі шет ел компанияларының қатысуымен жұмыс істейді, ал 1-еуі адам өмірін сақтандырумен айналысады. Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 24,4 миллиард теңге, жиынтық меншік капиталы 7,8 миллиард теңге болып отыр.
Қаржы рыногының инфрақұрылымына мыналар кіреді: төлем жүйелері, Қазақстан қор биржасы, Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы, Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасы, Теңге сарайы, құндылықтарды сақтау орталығы.
Қазақстанның
төлем жүйесінің негізі – банкаралық
ақша аудару жүйесі және автоматтандырылған
бөлшек төлемдер жүйесі болып табылады.
Ел банктерінің шығарған пластикалық
карточкалары 1,8 миллион данаға жетті,
яғни экономикалық белсенді халықтың
төрттен бірінің төлем карточкалары бар.
Ұлттық банкаралық төлем карточкалар
жүйесін құру бағдарламасы қабылданды
және ол халыққа қызмет көрсетуде электрондық
ақша қолдану арқылы біркелкі төлем кеңістігін
құруға жағдай жасайды. Осындай межелі
нәтижеге жеткізген қаржы секторындағы
реформалар мемлекеттік саясаттың дұрыстығын
айғақтайды.
Ақша реформасы- валюталардың тұрақтылығын ,ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңартылуын көрсетеді. Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады: нуллификация, реставрация (ревальвация), девальвация және деноминация.Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгiзу әдiсi. Реставрация- ол ақша өлшемiнiң бұрынғы алтын құрамын қалпына келтiру. Девальвация («de» -төмендеу , «valko» -тұрмын дейтін сөздерден туындайды ) - ақша өлшемiнiң алтын құрамын төмендету. Деноминация (латынның «denominatio» сөзін аударғанда «қайта атау» дегенді білдіреді) -ол “нольдердi сызу” әдiсi, яғни баға масштабын iрiлендiру.
Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі - ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль (сом) бұрынғы одақтас республи-калардың орнына құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс кұлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды.
1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда "Харрисон және ұлдары" атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта - 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге - дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы" жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:
• 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта - теңге - енгізілді,
• 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем кұралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
• қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта - сом және теңге - айналымда қатар жүрді.
Курстық
жұмысты қорытындылай келе , 1993 жылдың
қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы
біздің жас тәуелсіз республикамыздың
жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың
бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін
нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық
реформаларды жүргізу үшін қажетті
тарихи қадам болды.
1. Мамыров Н.Қ.Макроэкономика ,Алматы 2003ж.
2. Мамыров Н.Қ.Макроэкономика ,Алматы 2000ж.
3. Мамыров Н.Қ.Макроэкономика ,Алматы 2005ж.
4. Әкiмбеков С.А. «Экономикалық теория», 2004ж
5. “Деньги и кредит” 12/1995г. Изд. “Финансы и статистика”.
6. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г.
7. “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.
8. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.
9. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996ж.
10. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
11. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.
12. . “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 2005ж.
13. http: //google.kz/
14. http: //web.minfin.kz/
15 http: //minplan.kz/