Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:07, курсовая работа
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
1924
жылдың бесінші ақпанында
1888
жылы дүниеге келген Григорий
Яковлевич Сокольков (
Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның , тұрақты валютаның келуін талап етті. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я. Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.
Алтын қорының үш рөлі болды:
Червонец тарихқа «алтын» деген атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны патшалық он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің қатысы болғандықтан емес.
Мемлекеттік банк валюталық бағамды өзгеріссіз қалыпта ұстау мақсатында «еркін нарықта» алтынды және шетел валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын ныңайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен
қатар червонецтер кеден
1922-1924
жылдары ақша реформасында
Ақша
айналысын реттеуді, ақша белгілерін
эмиссиялауды қатаң орталықтандырып
Ұлы Отан соғысында тұрақты ақша
жүйесімен қадам басуға мүмкіндік
жасады.
Бөлім
2.Қазақстан Республикасының
ақша реформасы
Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі - ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль (сом) бұрынғы одақтас республи-калардың орнына құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс кұлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. қолма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-1985 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.
1991 ж. қантарындағы "КСРО Мемлекетгік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы" КСРО Президентінін Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгідегі 50 және 100 сом-дық купюралар шығарылды. Ескі акшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж. айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.
1992 ж. қантарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейдің Орталық банкі деп қайта құрып, кеңестік рубльдің (сол кезде жоқ мемлекеттің) басты эмитенті қызметін атқаруды соған міндеттеді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттігін тудырды. Республикалар өздерінің егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрыльш, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма-қол акшамен қамтамасыз ететін жалғыз эмиссиялық орталық - акша шығаратын станок - біреу, ол Москвада еді. Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды. Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992 ж. маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом шығарды.
1992
ж. шілдесінде Ресей Орталық
банкі егемен мемлекеттерге
Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша-несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей Банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті . Бұл біртектес ақша (рубль) зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі. Келесі іс-әрекет - өзінің ұлттық валютасын енгізу- болмай қалмайтын процесс. Ол 1992 ж. маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусьтің өз ұлттық валюталарын енгізуімен жалғасты. 1993 ж. мамырында Қырғызстан, тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгізді. Сөйтіп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.1993 ж. 15 мамырында Минскіде рубль зонасында қалған мемлекеттер рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол қойды. Онда қойылған міндет:
• біріншіден, ТМД елдерінің іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындық болуы;
• екіншіден - бұл ең маңыздысы - рубль зонасынан шығатын мемлекеттер айналымнан шығарылған КСРО-ның банкнотасын толық көлемінде оларды жою үшін Ресейдің Орталық банкіне қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.
Бұл міндеттемелерді орындау
- айналыстан шығарылған
Сол кезде рубль аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік зона құру туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ Ресеймен белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер жүргізумен қатар бір уақытта, 1993 ж. көктемінде жаңа ресейлік 1993ж. үлгідегі рубль шығарып, оны өз жерінде Қиыр Шығыстан енгізе бастады. Сол кезде рубль зонасында үш мемлекет -Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған еді (өз ұлттық валютасын 1995 ж. енгізген Тәжікстанды қоспағанда).
1993 ж. 23 шілдесінде Ресей Банкісі 1961-1991 жж. шығарылған кеңестік үлгідегі ақша белгілерін (1991-1992ж.ж. -50,100,200,500,1000 сом) және 1992 ж. шығарылған ресейлік 5000, 10000, 50000 рубльді айналыстан шығаратыны туралы және айырбас бір апта жүретінін хабарлады. Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемінде белгіленген болатын. Екі күннен соң Ресей Президентінің Жарлығымен айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйегіне дейін ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтілді.
Сөйтіп, 1992-1993 жж. егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері күрт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.
1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда "Харрисон және ұлдары" атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта - 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге - дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы" жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:
• 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта - теңге - енгізілді,
• 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем кұралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
• қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта - сом және теңге - айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.
Қазақстан Республикасынын
2.2
Қазақстанның ұлттық
валютасы – Теңге.
1993
жылдың қарашасында теңгенің
айналысқа шығарылуы біздің
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.
1993
жылы 3 қарашада Президенттің
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.
1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.