Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:07, курсовая работа
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Алғашқы
қағаз ақша 1260 жылдары Қытайда
пайда болды. Капитализм кезінде
қағаз ақшаның алғашқы партиясы
1690 жылы Англияның Солтүстік
Қазақстан республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында республикадағы экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын анықтайды. Негізгі буындардың бірі болып Қазақстандағы қаржылық жағдай болып табылады.Қазіргі еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай әлемдік қаржылық дағдарысты бастан кешіп отырғанда берілген курстық жұмыстың қазіргі таңдағы өзектілігі айқын болып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы туралы ұғымдарының теориялық және практикалық негіздемесін беру және ҚР-ның ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну .
Берілген курстық жұмыстың міндеттері -Қазақстандағы ақша реформасын қарастырамыз:
Жұмыстың зерттеу обьектісі: Ақша реформасының қажеттілігі мен эволюциясы.
Қарастырып отырған курстық жұмыс тақырыбын зерттеу деңгейі бойынша келесі авторларды көрсетуге болады: Ғ.С Сейітқасымов, Б.А Көшенова, С.Б.Мақыш.
Бұл курстық жұмыстың
құрылымы 2 бөлімнен тұрады: І бөлім:
өз ішінен ақша реформасын жүргізудің
қажеттілігі мен маңызы, ақша реформасының
мазмұны және ІІ бөлім: өз ішінен: Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы,
теңге бағамының айналысқа шығу тарихы,
қазіргі кездегі рөлі бөлімдерінен тұрады.
І
Бөлім Ақша реформасының
маңыздылығы
1.1Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы
Ақша реформасы- валюталардың тұрақтылығын ,ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңартылуын көрсетеді.
Тарихта
ақша реформасын жүргізудің екі формасы
бар:
Нуллификация
- ол құнсызданған
ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны
енгiзу әдiсi. Мысалы , 20 жылдары Германияда
соғыстан кейiнгi ұшқыр инфляцияның нәтижесiнде
рейхсмарка құнсызданып, 1924 жлы енгiзiлген
жаңа маркаға 1:1 трлн.ескi рехсмаркаға
арақатынасымен айырбасталды.Сөйтiп құнсызданған
ескi марка жойылды.
Девальвация («de» -төмендеу , «valko» -тұрмын дейтін сөздерден туындайды ) - ақша өлшемiнiң алтын құрамын төмендету. Ол екiншi дүниежүзілік соғыстан кейiн АҚШ долларына шаққанда Ұлттық валютаның ресми курсында, оның алтын құрамын да төмендету. Долларды екi рет девальвациялау нәтижесiнде оның алтын құрамы 1971 жылы желтоқсанда 7,89 пайызға, ал 1973 жылы ақпанда 10 пайызға төмендетiлдi. 1973 жылы “өзгермелi ” валюта курсын енгiзген соң, девальвация Еуропа валюта жүйесінде – “реттелетiн валюта курсы” топтастығында жүргiзiлдi.
Деноминация (латынның «denominatio» сөзін аударғанда «қайта атау» дегенді білдіреді) -ол “нольдердi сызу” әдiсi, яғни баға масштабын iрiлендiру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға масштабы 10 есе iрiлендiрiлдi, 1961 жылы шыққан жаңа 1 рубль ескi 10 рубльге тең алмастырылды. 1988 жылы Бразилияда енгiзiлген жаңа ақша өлшемi –нокрузадо бұрынғы құнсызданған 1000 крузадоға эквиваленттi болды. 1998 жылы Ресейде де рубльге деноминация 1:1000 ескi рубльге арақатынасымен жүргiзiлдi.
Революцияға дейінгі
1917
жылы жазда Уақытша үкімет 20 және
40 рубльдік ақша белгілерін
Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай сурогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша он мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа да жерлерде жергілікті ақша бірліктерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында шығарылды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылады. 1921 жылы наурызды болған РКП (б) – ның х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды.Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төменнен дейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды.
Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер 1921 жылдың көктемінде ақшалай еңбекақыны төлеу тек 10 пайызы ғана құраса, онда 1923 жылы бірінші желтоқсанында ол 800 пайыздан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.
1921
жылы қазанда Ресей Кеңестік
Федеративтік Социалистік
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдерінің көлемінің өсуі (бидай, мақта және т.б) тауар айналымының артуы жатады.
Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты – бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1922 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейінгі жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млннан 31 млн рубльге дейін жетті. 1922 жылы сәуірде бағалы металдарды жән тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 жылы мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нөлін сызып тастау арқылы жүргізілді. 1922 жылдың 1 мамырынан бастап барлық есептеулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейін кассаларда қабылдады. Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің 1 миллионына теңесті.
Деноминациялар
ақшаны есепке алуды ойлатты, ақша айналысын
бірқалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды
куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру
мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсті
үстіне шығарыла бергендіктен де, олар
тезірек құнсыздануға ұшырады.
1.2.
Ақша реформасының
мазмұны
Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мемлекеттік банкке 1,2,3,4,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234г) 10 рублге теңесті. Мемлекеттік банк червонецтерді кәсіпорындарда векселдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарылып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия саласынан 25 пайыз алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды.Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылады.
Сауда
саттықтың жән банктік
Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналысында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мемлекеттік банктің несиелеу барысында шығарған червонецтерді және халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.
1924
жылдың бірінші мамырында
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқтырды. Сөйтіп ұсақ ақшалар ретінде әртүрлі ақшалар, әсіресе, тұрақты валюталарда бейнеленген сурогаттарды шығарды.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян келтірді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды ( 1.01.1923ж 10,9 млн рубльден, 1.02.1924 ж 153,6 млн рубльге дейін)