Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:06, реферат
Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемдерінің елеулі төмендеуіне әрі осының салдары ретінде - әлеуметтік ахуалдың объективті түрде төмендеуіне әсер етпей коймады. Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететін өндірістердің ауқымды бөлігі, даярланбаған және шаруашылык, жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмаған менеджмент - бәсекеге қабілетсіздікке және көптеген көсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, төлемсіздіктер мен өндірістің құлдырауына алып келген негізгі факторлар, міне осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсімдер одан да көбірек қысқарды. Мұның өзі көптеген дамушы елдердегі экономикалык, өсудің жоғары қарқынымен бір мезгілде болғандықтан, біздің экономикамыз шартты түрде алғанда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт сізді бұрынғыдан да бізді, жігерлі қимылдауға мәжбүр етіп отыр.
1. Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.
1.1 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы.
1.2 Аграрлық дағдарыс оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.
2. Құрылымдық дағдарыстар.
2.1 Конъюнктураның үлкен циклдары.
2.2 Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу мәселесі.
3. Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.
3.1 Экономикалық өнеркәсіп циклы. Циклдар фазасы.
3.2 Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. Ұзын толқындар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бағалардың
күрт темендеуі мықты деген
Алайда XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы дағдарыстар сонымен қатар одан шығудың жолын да тапты. Дағдарыстың тереңдеуі барысында бағалардың бірте-бірте құлдырауы өнімді өткізудің мол мүмкіндігін жасады, болашақта дағдарыстан шығудың ең басты жолдарын іздеуге түрткі болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дағдарыс дүркін-дүркін батыс елдері экономикасын сілкілеп тұрды. Алайда оның сипаты 1929—1933 жылдарда басқа еді.
АҚШ-та орын алған 1929 жылғы 29 қазандағы "қаралы бейсенбідегі" орасан зор биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы болды. АҚПІ-та, Германия, Англия экономикасында бұрын-соңды кездеспеген бағалардың төмендеуі, пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның құнсыздануы етек алды. 1929—1933 жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан мемлекеттік іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала кетейік:
а) Мемлекеттік кепілдігі бар салымдар арқылы қарыз жүйесін сақтап қалу;
б) Долларды 40%-ке құнсыздандыру жолымен қарыз ауыртпалығын жеңілдету;
в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің көмегімен қаржыландыру және өндірісті қысқарту;
г) монополиялардың құрылуын қолдау, күштеп картелдендіру;
д) коғамдық еңбекті ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықпен күрес;
е) жалақыны реттеу.
Мемлекеттің экономиканы реттеу рөлінің күшеюі және дағдарысқа қарсы реттеу шаралары өз нәтижесін берді. Міне жарты ғасыр бойы рыноктық экономика 1900—1901 жылдардағы немесе 1929—1933 жылдардағы катализмге, астаң-кестеңін шығарған күйзелістерге соқтырмай келеді. Алайда өнеркәсіптік дағдарыстар 70-жылдардың ортасына дейін проценттік ставкаға, пайдаға, өндіріс шығындары мен жалақыға әсерін тигізіп келді. Дағдарыс кезінде тек ірі капиталы және үлкен қаржы-қаражаты бар кәсіпорындар ғана өндіріс шығындарын азайту жолымен пайда тапты. Осымен байланысты ірі кәсіпорындар дағдарыс жағдайында да жалпы пайда нормасының төмендеуін тоқтатып, болмаса баяулатты. Орта және ұсақ кәсіпорындар, әсіресе жоғары өнімді құралдары мен технологиясы бар ұйымдар экономикалық жағдайының нашарлауын тұрақтандыра алмай, көбіне банкротқа ұшырады. Техникалық жағынан нашар кәсіпорындардың ойсырап кедейленуі бүкіл өнеркәсіп үшін оң процесс, өйткені ол жалпы өндіргіш күштер деңгейін көтеруге ықпал етті. Еңбек өнімділігінің жалпы деңгейін кетерудін мақсаты — тауар құнын азайту мен пайда нормасының төмендеуін тоқтату. Тоқырау фазасы — дағдарыстан кейін болады, ол ұзаққа созылуы мүмкін. Өндіріс деңгейі тұрақты, бірақ дағдарыс алдындағы кезден әлдеқайда төмен болады. Бірақ жұмыссыздық жоғары. Бірақ бағаның төмендеуі тоқталады, қарыз проценті азаяды, тауар қорлары тұрақты күйде қалады.
Келесі фаза — жандану — өндіріс деңгейі аздап өседі, жұмыссыздық та қысқарады. Бірте-бірте бағалар көтеріле бастайды, қарыз проценті де өседі. Тауар рыногында жаңа өнеркәсіп жабдықтарына сұраныс артады. Көріне бастаған жандану барысында маңызды салалар өзіне жаңа капитал тартып, тың икемділік көрсетеді. Өрлеу көбіне жанталасқан әрі қарбалас сипатта жүреді. Өндіріс деңгейі циклдың бастапқы кезінен асып түседі. Жұмыссыздықтың азаюы жалақының айтарлықтай өсуімен қатар жүреді. Әсіресе ғылыми-техникалық прогресті анықтайтын салалардың өніміне сұраныс күрт еседі. Өндіріс көлемінің ұлғаюымен байланысты бірінші кезекте шикізат ресурстарына сұраныс артып, олардың бағасы көтеріледі. Өрлеу фазасында, жандану кезінде байқалган диспропорциялар, яғни сәтсіздіктер күшейеді. Сөйтіп экономика кезекті сатыға жақындайды.
Рыноктық
экономикадағы дағдарыстың
Дағдарыстың
тууының екінші бір себебі, ақшанын
төлем құралы қызметінен шығып қалуы.
Кез келген тауар өндіруші оның өнімін
сатып алушының төлеу қабілетінің
барлығынша күмәнданады. Сейтіп бір
міндеттеме бойынша телемнің болмауы
басқа да үзілістерге жол ашып, айналыс
жүйесінің бұзылуына, ең ақырында, өндіріс
процесінің қожырауына әкеліп соқтырады.
1.2 АГРАРЛЫҚ ДАҒДАРЫС ОНЫҢ ӨНЕРКӘСІП ДАҒДАРЫСЫНАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығындағы циклдық дамудың ерекшеліктеріне назар аудару абзал. Рыноктық экономика дүниесіне қадам басқан ауылшаруашылығы да өнеркәсіп өткен заңдар негізінде жүреді. Демек, мұңда да ұдайы өндірістердің белгілі циклы қайталанады. Жалпы заңдылық шеңберінде ауыл шаруашылығының дамуының өзіне тән ерекшеліктері бар, олар тек табиғи немесе техникалык себептерден туындап қоймай, сонымен қатар онын қоғамдық жағдайларымен, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің шоғырлануының төмен деңгейімен, монополияланбауынан және т. б. байланысты.
Аграрлық дағдарыс артық өндірудің ерекше түрі. Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстардың өзгешілігі тек өнеркәсіп дағдарысының осы өндіріске тарауында емес, сонымен қатар ол жалпы циклдық дағдарыстарға толық сіңіспейді. Мұндағы дағдарыс цикл фазаларының жалпы кестесіне сәйкес емес.
Аграрлық дағдарыстардың басты ерекшеліктері:
а. Аграрлық дағдарыстар ерекше қайшылықтардың дүмпуі, ол рентаға және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен дәстүрлі артта қалуында (бұл арттақалушылық экономикалық дамудың жоғары сатысына жеткен елдердің бәріне тән емес).
б. Аграрлық дағдарыстардың ұзақтығы соншалық ол жалпы артық өндіру дағдарысы мен уақыты жағынан сәйкес келмейді және жалпы экономикалық дағдарыстардың басқа фазаларымен жалғасады.
в. Аграрлық дағдарыстардың өзіндік кезеңдері болмайды. Мысалы, XIX ғасырдағы циклдық өнеркәсіп дағдарыстары 1900, 1907, 1929, 1937 жылдардағы дағдарыстар аграрлық дағдарыстардың бастапқы нүктесі бола алмады. Алайда циклдық өнеркәсіп дағдарыстары, әдетте, ауыл шаруашылығы өндірісінің едәуір бөлігін, әсіресе оның инфрақұрылымын, қызмет көрсету саласын қамтиды.
Біраз зерттеушілер бұрынғы кеңес экономисі Л. Мендельсон, экономикалық дағдарыстар циклдар теориясы мен тарихы бойынша іргелі еңбектердің авторы) ауыл шаруашылығындағы артық өндіру дағдарысы екі түрде көрінеді деп есептейді: циклдық артық өндіру, ол тек ауыл шаруа-шылығыңда циклдық дағдарыстың жалпы әрекетін білдіреді, екіншісі ұзақ аграрлық дағдарыс. Сонымен қатар артық өндіруді Мендельсон екінші көрініс түрі деп қарады. Ол өнеркәсіптегі дағдарыстың әсерінен ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс қысқарады. Ол мұның өзі ауыл шаруашылығы өндірістің өнеркәсіптен артта қалуынан туады деп көрсетті.
Аграрлық дағдарыс шикізат пен азық түлікке өнеркәсіп сұранысы циклы қысымынан тумайды, сол ауыл шаруашылығының өзінде дамитын процестердің негізінде пайда болады.
Қазіргі
ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік негізде
еркендеуі мұндағы циклдық
Капиталистік өндірістің келемі рыноктың шамасы мен сыйымдылығы оларды сәйкестендіруді, келісіп шешуді қатты қажет етеді. Рыноктық механизм осындай келісімді шешім қабылдауды тек дүркін-дүркін күйзелістер, дағдарыстар арқылы жүзеге асырады. Осы тұрғыдан қарағанда тауарлы шаруашылық заңдарына сүйенген экономикадағы дағдарыстар белгілі тарихи ұзақ кезеңді құбылыс.
2. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАҒДАРЫСТАР
XX ғасырдың бірінші жартысы бүгінгі рыноктық шаруашылықтың дамуына жаңа катаклизмдер әкелді. Қазіргі капиталистік дүниені түгел қамтыған мұнай дағдарысы бұрқ етті. Циклдық дағдарыстан мұның ерекшелігі мұнай және мұнай өнімдеріне деген дүниежүзілік бағаны көтеріп, оған деген сұранысты көбейтіп, тұтыну рыногында сұйық отынға деген ұсынысты сұранысынан азайтып жіберді. Отынға деген бағаның күрт өзгеруі АҚШ-та және баска да Батыс елдеріндегі көптеген шағын, орташа кәсіпорындарды банкротқа ұшыратты, өйткені олар сұйық отынға негізделген арзан энергияны пайдалануға үйренген еді. Сонымен қатар, негізгі өндірісте мұнай және мұнайдан жасалған өнімдерді тұтынатын кәсіпорыңдар да күйзеліске душар болды. Өндіріс шығындарының күтпеген жерден өсуі енеркәсіп өндірісінде мыңдаган кәсіпорындардың кедейленуіне әкелді.
Құрылымдық
дағдарыстар жекелеген салалар
дамуындағы сәйкессіздіктен туындап,
әдетте, ұзақ мерзімге сағыздай созылып
және көбіне циклдық дағдарыстың
басталуымен тұспа-тұс
Мұнай,
азық-түлік, энергетикалық және шикізат
дағдарыстары соңғы онжылдықта валюта
жүйесі және экологиялық дағдарыстарымен
шеңбері ұлғайды. Өнеркәсіп өндірісінің
жалпы жағдайына тікелей әсер ете отырып
олар циклдық дамудың келбетіне айтарлықтай
өзгерістер енгізді, циклдық дағдарыстардың
көптеген керіністерінің қайсыбірін ұшықтырып,
ал кейбірінің тігін жазады. Қазіргі рыноктық
шаруашылығы дамуының жалпы бағыты әдеттегі
кестеге сәйкес келмейді. Айталық 70-жылдардың
ортасында енеркәсіптік дағдарыс мұнай
дағдарысымен қатар жүрді, бірақ ол тек
мұнай тұтынатын елдерді қамтыды. Ал өздерінде
энергия көздері бар (мұнай, көмір, газ,
жанатын сланецтер) елдер екі дағдарыстан
да аман-сау қалып қана қоймай, тіпті біраз
даму тенденциясын көрсетті. Екінші жағынан,
өрлеу фазасыңда көптеген елдердің өнеркәсібі
айтарлықтай күшті дамымайды, өйткені
экологиялық дағдарыстың салдарынан жағдайлары
күрт шиеленіседі.
2.1 КОНЪЮНКТУРАНЫҢ ҮЛКЕН ЦИКЛДАРЫ.
Түрлі елдер мен аймақтардағы өнеркәсіп циклдары сатыларының рыноктық экономиканың күрделі жағдайларынан туындаған құрылымдық дағдарыстармен сәйкес келмеу тенденциясы ғалымдарды бұл экономикалық құбылыстың себептерін іздеуге мәжбүр етті. Тағы да ұмытыла бастаған 20—30-жылдардағы зерттеулерге көңіл аударылды. Олардың ішінде үлкен экономикалық циклдар тұжырымдамасы ерекше орын алды. 1926 жылы 6 ақпанда қоғамдық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтынын Ресей ассоциациясының экономика иснтитутында 34 жастағы профессоры Николай Дмитриевич Кондратьев "Экономикалық конъюнктураның үлкен циклдары" деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндама оқылып тұрған кезде төрағаға көтерілген мәселе бойынша басқа тұжырымдама негізінде Д. И. Опаринның қарсы баяндамасы тыңдалсын деген ұсыныс түседі. 1926 жылдың 13 ақпанында Д. И. Опариның баяндамасы тыңдалады. РАНЦИОН баспаханасы Н. Д. Кондратьев пен Д. И. Опаринның баяндамаларын басып шығарады. Бұл кітапқа баяндама, жарыссөздер және баяндама авторларының соңғы сөздері де енгізілді. Кітап 1928 жылы "Н. Д. Кондратьев пен Д. И. Опарин коньюнктурасының үлкен циклдары" деген атпен шығып, кеңес ғалымдарының біраз ұрпактарының арасында аталған тұжырымдаманың авторлары бір пікірлес деген ұғым туғызды. Ал шынына келгенде қоғам дамуының сипаты мен заңдылықтары туралы Кондратьев пен Опаринның көзқарастары мүлдем қарама-қарсы еді. Нәтижесі бұл адамдардың өмірлік тағдырларына әсер етті. Д. И. Опарин ұзақ жылдар өмір сүрді, ал Н. Д. Кондратьев болса 1938 жылы репрессияға ұшырады, тек 1987 жылы 16 шілдеде әйгілі ғалым толық ақталды.
Экономикалық конъюнктураның үлкен циклдары тұжырымдамасының мәнін Н. Д. Кондратьев былай анықтады: Қазіргі экономикалық теория ұзақтығы 7—11 жылдық Циклді ғана біледі. Алайда, шындығында мұнымен қатар ұзақтығы шамамен 48—55 жылға созылатын, конъюнктураның басқа да циклдары бар. Біз оны үлкен экономикалық циклдар деп атаймыз. Зерттелеудің негізгі нәтижелері төмендегідей болды. Қолдағы деректердің көбі жылға созылатын циклдык ауытқулардың барлығын көрсетті. Егер есептеуді XVIII ғасырдың аяғынан бастасақ, онда үлкен циклдардың кезеңдері шамамен мынадай болған:
I цикл XVIII ғ. 90 жылынан 1844—1857 жылдарға дейін;
II цикл 1844—1851 жылдардан 1890—1896 жылдарға дейін;
III цикл 1890—1896 жылдардан 1914—1920 жылдарға (жоғары толқын) дейін, 1914—1920 жылдардан (төменгі толқын). Байқалған конъюнктураның үлкен толқындарын кездейсоқ себептермен түсіндіру мүмкін емес. Оларды түсіндіруді шаруашылықтың капиталистік жүйесіне тән ерекшеліктерден іздеу керек.
Алғашқы болжам ретінде мынадай тұжырымдама ұсынылды:
Өндіргіш
күштер мен өндірілген материалдық
игіліктердің қызмет көрсетуі түрліше.
Осымен қатар оларды жасауға кететін уақыт
әр түрлі, әрі әр түрлі құралдар қажет.
Әдетте өндіргіш күштердің негізгі түрлерінің
қызмет етуі ұзақ мерзімге созылады. Сөйтіп
олар көп уақытқа және үлкен көлемде капиталдың
жинақталуын қалайды. Осыдан келіп экономикада
әр түрлі кезеңдерде, уақыттарда қолданылатын
тепе-теңдіктің түрлері, көріністері болады
деген түсінік туады. Үлкен циклдар дегеніміз
ұзақ кезеңдердегі экономикалық тепе-теңдіктін
бұзылуы және қалпына келуі деп қарау
керек. Оның негізгі себебі қорлану механизмінде,
өндіргіш күштерді жасауға қажетті капиталдың
жинақталуы мен жойылуында жатыр. Алайда
осы негізгі себептің күшеюіне екінші
қатардағы факторлардың әсері бар. Өрлеудің
басталуы (жоғарылау толқындары) қорланудың
жаңа өндірістік құралдар жасауға капиталды
рентабельді жұмсау мүмкіндігімен сәйкес
келеді. Өрлеу өнеркәсіптік дағдарыстың
орта мөлшердегі факторларының қайшылығына
кездеседі. Экономикалық өрлеу карқынының
төмендеуінің (төмендеу толкыңдары) жағымсыз
сипаттары экономикалық факторлардың
қорлануынан болады. Ал бұлар жетілген
техниканы жасауға және капиталдың өнеркәсіп-қаржы
топтарының қолына шоғырлануына, осы бағыттағы
ізденіс жұмыстарына жол ашады. Мұның
бәрі жаңа өрлеуге алғы шарт жасайды және
бұл жаңа өндіргіш күштерінің өсуін қамтамасыз
етеді. Қызық бір жай, Н. Д-Кондратьев тұжырымдамасына
сәйкес үлкен экономикалық циклдағы жаңа
өрлеу 40-жылдардың орта шеніне, ал келесісі
90-жылдардың орта шеніне сай келді.