Экономикалық циклдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:06, реферат

Краткое описание

Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемдерінің елеулі төмендеуіне әрі осының салдары ретінде - әлеуметтік ахуалдың объективті түрде төмендеуіне әсер етпей коймады. Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететін өндірістердің ауқымды бөлігі, даярланбаған және шаруашылык, жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмаған менеджмент - бәсекеге қабілетсіздікке және көптеген көсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, төлемсіздіктер мен өндірістің құлдырауына алып келген негізгі факторлар, міне осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсімдер одан да көбірек қысқарды. Мұның өзі көптеген дамушы елдердегі экономикалык, өсудің жоғары қарқынымен бір мезгілде болғандықтан, біздің экономикамыз шартты түрде алғанда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт сізді бұрынғыдан да бізді, жігерлі қимылдауға мәжбүр етіп отыр.

Содержание работы

1. Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.

1.1 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы.

1.2 Аграрлық дағдарыс оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.

2. Құрылымдық дағдарыстар.

2.1 Конъюнктураның үлкен циклдары.

2.2 Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу мәселесі.

3. Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.

3.1 Экономикалық өнеркәсіп циклы. Циклдар фазасы.

3.2 Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. Ұзын толқындар.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Циклдық толқулар.doc

— 162.00 Кб (Скачать файл)

Жопар 

      Кіріспе

1. Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.

      1.1  Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы.

      1.2  Аграрлық дағдарыс оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.

2. Құрылымдық дағдарыстар.

      2.1 Конъюнктураның үлкен циклдары.

      2.2 Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу мәселесі.

3. Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.

     3.1 Экономикалық өнеркәсіп циклы. Циклдар фазасы.

           3.2 Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. Ұзын толқындар. 

           Қорытынды.  

           Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

      Кіріспе

     Экономикалық  реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның  ыдырауы және Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемдерінің елеулі төмендеуіне әрі осының салдары ретінде - әлеуметтік ахуалдың объективті түрде төмендеуіне әсер етпей коймады. Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететін өндірістердің ауқымды бөлігі, даярланбаған және шаруашылык, жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмаған менеджмент - бәсекеге қабілетсіздікке және көптеген көсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, төлемсіздіктер мен өндірістің құлдырауына алып келген негізгі факторлар, міне осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсімдер одан да көбірек қысқарды. Мұның өзі көптеген дамушы елдердегі экономикалык, өсудің жоғары қарқынымен бір мезгілде болғандықтан, біздің экономикамыз шартты түрде алғанда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт сізді бұрынғыдан да бізді, жігерлі қимылдауға мәжбүр етіп отыр.

     Біздің  экономикалық, құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Теңгермешілікті жою және жұмыс  істейтін еңбек рыногын құру байлар мен жарлылар арасында елеулі айырмашылықтың туындауына әкеліп соқты. Бұл ретте - мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы - орташа таптың шоғыры аз.

     Экономиканың  қозғаушы күші  болуға тиіс ұлттық жинақталымдардың ұлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу.   Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше капиталға да,   сондай-ақ, халықаралық, қаржы институттарына да  одан әрі  тәуелді  бола  түсті. Экономиканы әрі карай сауықтыру инвестициялардың зор көлемде келіп құйылуына байланысты,  мұның өзі инвестициялық, ахуал едәуір жақсартылса ғана мүмкін болады.

     Әміршілдік  экономикадан нарықтық экономикаға  ауыртпалықпен өту бұған дейін  осындай ауқымда бізге беймәлім болған кедейлік пен жұмыссыздық проблемаларын туғызды.   Бұлар қылмысқа, есірткі, құмарлыққа құнарлы негіз қалап,  қоғамдық, түңілушілікті туындатады және қоғамдық тұрақсыздык, мүмкіндігін арттырады.   Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы төленбеуімен астасқан жоғары жұмыссыздық, деңгей негізінде экономикалык, проблемалардан,  қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегі  әлсіз стратегиялардан туындады.

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ БЕЛГІЛЕРІ

      Экономикалық  құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктык қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын "жаулап" алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа алып келді. Артық өңдірудің мәні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.

      Экономикалық  даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы  ерекше болғаны соншалық, XIX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бүл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.

      Экономикалық  циклдарды зерттеушілердін бірі — А. Шпитгоф. Ол 1905 жылы экономикалык циклдар және Дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап, осы саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды. А. Шпитгоф эмпирикалық, яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп, циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін, өйткені мұндай зерттеулер кездейсоқ, абстрактылы қорытындыларға емес, нақты тұрақты түрде қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіңдік беретінін дәлелдеді.

      Ол  әрбір жаңа экономикалық циклдың пайда болуының ерекше тарихи және әлеуметтік себептерін түсіндірді. Мұның бастапқы пункті өрлеу деп есептеді А. Шпитгоф.

      Ол  экономикалық цикл проблемасын артық  өндіру проблемасымен байланыстырған жоқ, бұл мәселе тек, еркін сауда  дәуіріндегі рыноктық экономикаға тән қасиет деп түсіндіреді. А. Шпитгоф творчествосын зерттегендер, соның ішінде Б. Селигмен, оның циклдық даму тұжырымдамасының белгілі орыс экономисі Туган-Барановскийге күшті әсер еткенін көрсетеді. (А. Шпитгоф Туган-Барановскийді экономикалық    цикл  проблемасын байыпты түрде қарастырған алғашқы зерттеушілердің бірі деп есептеді). Циклдық даму туралы А. Шпитгоф идеясының ең басты ерекшеліктері бірін-бірі ауыстырып отыратын цикл фазаларын  экономикалық,   әлеуметтік  тіпті психологиялық факторлармен түсіндіруге талпынып жатыр. А. Шпитгоф идеяларын оны қолдаушылар өз еңбектерінде одан әрі дамытты.

      Мысалы, белгілі швед ғалымы Г. Кассель экономикалық циклдарды саясаттағы өзгерістерден, ақша айналымындағы берекесіздіктерден, тарифтегі тәртіпсіздіктерден және экономикалық процеске мемлекеттің араласуы қажеттігінен тыс қарастыруға болмайтыңдыгын көрсетті. Т. Вебленнің еңбектерінде экономикалық цикл ақша айналымы мен несиеге байланысты ерекше құбылыс деп бағаланады. Ол экономикалық циклды өндірістен тыс пайда мен баға арқылы түсіндіріп, циклды несие алушыға ұтыс әкелетін рыноктық экономиканың қалыпты жағдайы деп санады.

      Экономикалық  циклды зерделеуде езінің ерекше пікірі бар оқымысты, Т. Вебленнің шәкірті  америкавдық У. Митчелл болды. Ол экономикалық циклды жасанды констукция, жеке-дара деректерді бір кестеге біріктіру деп қарастырды. Экономикалық құбылыстардың нақты деректерін зерттей келе оларға тек кысқа мерзімді (40 ай) циклдар тән, ал қалған толқулар ретсіз, ешқандай заңдылықтарға бағынбайтын, сондықтан қатал талап тұрғысынан бұлар экономикалық циклдарға жатпайды деген қорытындыға келді.

      Дж. М. Кларк экономикалық циклды күнделікті бақылау арқылы ғана зерттеп қоймай, оны таза теориялық жағынан да қарастыруға тырысты. У. Митчелдің нақты деректерін пайдалана отырып Дж. М. Кларк "Экономикалық циклдағы факторлар" деген кітабыңда бұл процестің ішкі заңдылықтарын анықтап және түсіндіруге талпынды. Кларк соғыстардың, ғылыми-техникалық прогресс толқындарының бастапқы сыртқы факторларын анықтап, олардың  экономикалық  жүйе қозғалысына қарқын беретіндігін көрсетті.  Дж.  М.  Кларктың  ойынша  екінші қайтара факторлардың әсері басымырақ, өйткені олар экономикалық жүйенің ішкі факторына қатысын білдіреді. Бүл жаңалық цикл фазасын ғылыми болжауға мүмкіндік берді. 1929—1933 жылдардағы жойқын дағдарыс оны алдын ала болжауды місе тұтпай, сонымен қатар дағдарысты реттеу тұжырымдамасын жасауды күн тәртібіне қойды. Белгілі ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс 1936 жылы жарық көрген "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы" атты кітабында экономикалық циклдың басты белгілерін анықтады. Ол: ауытқудың уақыты мен ұзақтығы жағынан қайталанып отырады және олар капиталдың шекті тиімділігінің ауытқу механизмімен байланысты деген қорытындыға келді. Дж. М. Кейнстің пікірінше циклдық даму — экономикалық жүйені дамытатын күштердің қорланып, олардың бірін-бірі күшейтуі. Бірақ олар бірте-бірте әлсірейді де, басқа күштер жанданып, қарама-қарсы бағытта әрекет етеді. Өз кезегінде қарсы әрекет ететін күштер белгілі уақыт ішінде нығайып, олардың әсері күшейді, бірақ олар да өз тегіне жеткеннен кейін жаңа қарама-қарсылықтарға орын береді. Экономикалық дамуды жоғарылататып немесе төмендететін тенденциялардың ұзақтығы мен ауысуының реттілігін керсеткен, Кейнс циклдың объективтігін жоққа шығаруға тырысты, сөйте тұра оны субъективті фактордың жемісі деп те есептеген жоқ.

      Оксфорд университетінің профессоры Дж. Хикс "Экономикалық  цикл  теориясына кіріспе"  деген  еңбегінде  Кейнс теориясын едәуір толықтырды. Кейнс тұтыну мен инвестиция байланысын мультипликаторлар арқылы ашып, экономиканың циклдық қозғалысына толқынды импульстардың физикалық теориясы мен акселерация принципі тұрғысынан талдау жасады. Дж. Хикстің экономикалық циклдар теориясы мультипликация мен акселерация құбылыстарын талдау негізінде жүргізілген күрделі зерттеу. Бұл құбылыстарды   Дж. Хикс циклдың   ауытқулары   мен дүмпуінің алғышарттары деп көрсетті.

      Т. Вебленге қараганда Дж. Хикс экономикалық циклды талдау барысында ақша айналымы мен несие сияқты факторларды  ескермеді. Дж. Хикстің экономикалық циклды түсіндірудегі ең басты кемшілігі — экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі адам факторын есепке алмады, жоққа шығарды. Осы кемшілік экономикалық циклдарды   зерттеуші   бағыттардың   бірі   болған   марксизм өкілдеріне де тән. К. Маркс рыноктық капиталистік экономиканың циклдық дамуының объективтік сипатын зерттеді. Циклдың материалдық негізі деп ұдайы өндіріс процесіндегі негізгі капиталдың қызмет атқару кезеңін атап керсетті. Циклдың және оның фазаларын материалистік тұрғыдан түсіндіру капитализмнің монополистік сатыға дейінгі кезеңін талдауда нанымды болды. Алайда рыноктық экономикасы дамыған елдердегі экономикалық процестерді тек қана өндірістің материалдық негізінің әсері арқылы түсіндіру жеткіліксіз.

      Швед  мектебінің белгілі өкілдерінің бірі К. Векселдің пікірі бойынша циклдердің пайда болуын қажетсінетін экономиканың өзіне тән ерекше қасиеттері бар. Векселдің ойынша өндіріс жылдан-жалға бірқалыпты ұлғайып отырмайды, өйткені халық санының өсуі мен техникалық прогрестің дамуы бірқалыпты емес.

      Техникалық  прогреспен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады.

      Гарвард университетінен шыққан, көбіне оны американ Кейнсі деп атаған Э. Хансен "Экономикалық циклдар теориясы" деген кітабында циклды күрделі экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары, қоғамның құқықтық құрылымы, өндірісті ұйымдастыру, қорлардың мөлшерден, артып кетуі, бір сектордан екіншісіне ауысу кезіндегі тауарлар ағымының кешеуілдеуі деп түсіңдірер еді. Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілерінің ішінен И. Шумпетер мен П. Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарды атамау мүмкін емес. Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі, ол оны экономикалық өсіп дамумен тікелей байланыста талдайды. И. Шумпетердің ойынша экономикалық циклдың терең тамыры — циклдық қозғалыстың ретсіздігінде жатыр. Сөйтіп ол ғылыми айналыска үш циклда кесте енгізді, бүл рыноктық экономикадағы барлық құбылыстарды сипаттауға сәйкес келетін көзқарас деп есептеледі. И. Шумпетер бұл циклдарды Н. Д. Кондратьев, К. Жуглар мен Дж. Китчина сияқты ғалымдардын есімдерімен атады. Ал, ол ғалымдар циклдардың ұзақтығын 55,102 жыл және төрт айға бөлді. Шумпетер экономикалық жүйеде барлық үш циклдың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп есептеді.

      П. Самуэльсон "Экономика" атты кітабында  экономикалық циклды жалпы рыноктық экономикаға көшкен барлық елдерге тән деп қарайды. Экономикалық циклдың объективті сипатын мойындай келе, П. Самуэльсон бүл құбылысты оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау арқылы, оның ұзақтығын әр фазаның көріну ерекшеліктеріне сәйкес зерттейді.

      Шетел экономистерінің циклдық дамудың  табиғаты туралы көзқарастарымен тереңірек  танысқысы келетіндерге Селегэменнің "Основные направления современной  экономической мысли" және Жамстың "История экономической мысли  XX века" 1968, 1969 жылдарда орысша шыққан басылымдарды ұсынамыз.

      Бұрынғы кеңес экономистерінің ішінен экономикалық циклдар мен дағдарыстар теориясы туралы Л. Мендельсон мен Е. Варга  еңбектері белгілі. Жалпы бұл  авторларды экономика ғылымының  ірі зерттеушілері қатарына жатқызуға  болады. 

1.1 ЦИКЛДЫҢ ФАЗАЛАРЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ДИНАМИКАСЫ.

      Өнеркәсіп циклының ең айрықша белгісі —  дағдарыстың фазалары, сатылары. Өнеркәсіп  дағдарысының артық өндіруден айырмашылығы белгілі тауарға, өндіріс өніміне  деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бүзылуында жатыр.

      Енді  монополистік капитализмге дейінгі  дәуірдегі өнеркәсіп дағдарысының бүкіл бейнесін көрсетейік. Барлық өндірістік тауарларды өзіне тартқан  рынок белгілі бір уақытта  лық толады, ал тауарлардың келуі  толастамайды, бірақ сұраныс азаяды да, соңында мүлдем тоқталады. Бүл жайсыздық бүкіл рынокқа таралады. Сұраныс жоғалады, бірақ барлық жерде тауарлар қоры бар, көптеген кәсіпорындар бүрынғыдай рынокқа тағы да жаңа тауарларды женелтіп жатады. Бағалар күрт төмендей бастайды. Жағдайды түзету үшін барлық күш-жігер жұмсалғанымен бәрібір нәтиже бермейді. Көптеген кәсіпорындар бағаның күрт төмендеуіне төзе алмайды. Олардың тоқтап немесе жабылып қалуы басталады. Алдымен банктік және несие беретін мекемелер жойылады. Рынок шаруашылығы субъектілерінің бір-біріне деген сенімі де кемиді.

      Барлығы қолма-қол ақшамен есеп айырысуды  талап етеді. Кеше ғана күдік туғызбаған вексельдер бүгін жай, ешкімге керегі аз қағаз болып қалады. Қарыз проценті өседі. Ең ірі кәсіпорындар күйзеліске ұшырап, машиналар тоқтап, фабрикалар жабылады. Көшелерде көптеген жұмыссыздар қаптап жүреді. Аштық басталып өзіне-өзі қол жұмсайтындар көбейеді. XIX ғасырда болған дағдарыстар осындай қайғылы көрініске толы өтті. Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталады. Содан кейін ол 1841 жылы АҚШ-та, 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін, ол 1873, 1882, 1990 жылдарда қайталанды. Әсіресе өзінің зардаптары жағынан жойқын дағдарыстар 1900—1901 жылдары болды. Ол бір мезгілде Ресей мен АҚШ-та басталып алдымен металлургия өнеркәсібін қамтыды. Американың металл рыногын қиратқан дағдарыс әуелі Англия, содан кейін Еуропаны шарпыды. Алғаш тоқыма өнеркәсібі тоқтады, іле-шала құрылыс, химия, машина, электр салалары жабыла бастады. Көзді ашып-жұмғанша дағдарыс барлық еуропа елдерін жайлады. Франция, Австралия, Германия, Италия, Бельгия, сөйтіп ол бүкіл дүниежүзілік дағдарысқа ұласты.

Информация о работе Экономикалық циклдар