Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 20:12, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – бағалы қағаздарға байланысты қойылатын сұрақтарға жан – жақты сипаттама беріп, сұрақтардың толығымен мәнін ашу.
КІРІСПЕ..............................................................................................................4-5
1.Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі..........................................................6-25
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты.......................................6-8
1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі..............................................................8-11
1.3 Акционерлік қоғам бағалы қағаздарының пайда болуының негізі...............................................................................................................11-18
1.4 Бағалы қағаздардың түрлері.................................................................18-25
2. Кәсіпорындағы бағалы қағаздар есебін ұйымдастыру........................26-33
2.1 Қаржылық салымдардың түрлері...............................................26-27
2.2 Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операциялардың есебі......................................................27-29
2.3 Кәсіпорын акционерлерінің акциялары бойынша девиденттер есебі........................................................................................................29-30
2.4 Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі...........................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................36
ҚОСЫМША А...................................................................................................37
ҚОСЫМША Б....................................................................................................38
ҚОСЫМША C...................................................................................................39
ҚОСЫМША Д....................................................................................................40
Қорыта айтқанда, акционерлік қоғамдар жыл сайын баспасөз басылымында қоғамның жылдык балансын және кірістері мен шығындары туралы есебін жариялауға міндеггі. Халықтың қоғам тоқсан аякталғаннан кейін жиырма күн ішінде балансы және табысы мен зияны туралы есептерді баспасөз басылымында жариялауға және уәкілетті органға беруге тиіс. Қоғам облигациялар шығарған және орналастырған жағдайда да баспасөз басылымында өзінің қызметі туралы жариялауға міндетті.
Акционерлік қоғамдардың көптеген кұрылу жолдары бар. Олар - жұмыс істеп түрған заңды тұлғаны акционерлік қоғам түрінде қайта қуру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, одан бөлініп шығу. Қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының іске асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі.
Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатыскан әрбір қоғамның барлық өзгерген деректері жаңа қоғамның акционерлеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс.
Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін тиісті өткізу актісіне сэйкес басқа қоғамға өткізу мен оның қызметінің тоқтатылуы қоғамның қосылуы деп танылады.
Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын, кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен оның қызметін токтатуды жүзеге асыру қоғамды бөлу болып танылады. Бұнда бөлінетін қоғамның кұқықтары мен міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда болған қоғамдарға өтеді. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған коғамның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
Қызметін тоқтатпастан қайта ұйымдастырылатын қоғамның мүліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің бір бөлігін өткізумен бір немесе бірнеше қоғамды құру қоғамның бөлініп шығуы дел аталады. Егер қоғамның барлық құқықтары мен міндеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе өндірістік кооперативке акт бойынша өтсе ол қоғамды қайта құру деп таны лады.
Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие берушілердің келісімІ бойынша және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның несие берушілерінің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:
Бірінші кезекте өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;
Екінші кезекте артықшылықты акциялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеу жүзеге асырылады;
Үшінші кезекте артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;
Қалған
мүлік барлық акционерлер арасында
оларға тиесілі акциялардың атаулы құнына
бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір
кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің
мүліктерін бөлу толык аяқталғаннан кейін
жүргізіледі.
1.4. Бағалы қағаздардаң түрлері
Бағалы қағаздар түрлеріне қарай;
а) Корпоративтік бағалы қағаздар деген эмитенттері акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар және басқа да ұйымдық-құқықтық меншік формасындағы мекемелер, сондай-ақ банктер, инвестициялық компаниялар және қорлар болатын бағалы қағаздар. Корпоративтік бағалы қағаздар қарызды үлесті және туынды бағалы қағаздар болып белінеді.
Қарызды бағалы қағаздар - ол ақша қаражатын белгілі-бір мерзімге қолдануға алып, оны қайтарғанда қарыз қаражатын қолданғаны үшін алдын-ала келісілген процент түріндегі өсімақы төлеу қажет екендігін білдіретін құжат. Қарыз қатынастарынан туындайтын корпоративтік бағалы қағаздардың түрлеріне облигациялар мен вексельдер, банктердің депозиттік және жинақ сертификаттары жатады. Үлесті бағалы қағаздар акция түрінде шығарылады, оны ұстаушы акционерлік қоғам мүлкініғ белгілі-бір үлесін иемденуге құқылы. Туынды бағалы қағаздар — ол базистік активтің (яғни осы бағалы қағаздың негізі болатын актив) бағасының өзгеруіне байланысты туындап, мүліктік құқықты білдіретін құжатсыз бағалы қағаз. Базистік активке тауарлар (астык, ет, мұнай, алтын, көмір және т.б.) және негізгі бағалы қағаздар (акция, облигация) жатады. Туынды бағалы қағаздардың түрлері: фьючерстік шарттар (тауарлы, валюталы, проценттік, индекстік және б.) және еркін айналыстағы опциондар.
Корпоративтік бағалы қағаздар;
Қалыпты жұмыс істеп тұрған қор нарығы негізгі екі нарықтан: негізінен кәсіпорындар мен банктердің акцияларынан тұратын корпоративтік бағалы қағаздар нарығы және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығынан тұрады. Бұл нарықтар көптеген елдердегі тәрізді бір-біріне 1:2 арақатынасымен біркелкі дамуы тиіс. Алайда, қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы қарқынды дамуда. Қазақстанда корпоративтік бағалы қағаздар нарығының баяу дамуының негізгі себептері - өндірістің құлдырауы және инфляцияның қарқындауы, сондай-ақ ірі отандық кәсіпорындардың акциясының бақылау бумаларын шетелдік баскарушы фирмаларға сатудың әсері. Соңгы айтылған фактіні практикалық тұрғыдан алғанда корпоративтік бағалы қағаздар нарығын қарқанды дамыту, оның басқа нышандарын дамытуға қарағанда (мыс. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігін құру, нарықты реттейтін құкықтық-нормативтік актілерді шығару және т.б.) маңыздырақ. Себебі ірі өндірістік кәсіпорындар тобының (олар көбінесе экономиканың өндіріп шығаратын секторындағы кәсіпорындар) бағалы қағаздары Қазақстан қор нарығының базасы болуы керек. Ондай кәсіпорындардың жоғары инвестициялық тартымдылығы өтімді әрі сенімді корпоративтік бағалы қағаздар шығаруға мүмкіндік береді.
Сайып келгенде корпоративтік бағалы қағаздар нарығын дамыту инвесторлардың бос қаражатын тартуға және оны ұтымды пайдалануға, сөйтіп шаруашылық салалары арасында қайта бөлуге, нәтижесінде ел экономикасын көтеруге қызмет етуі тиіс
б) Вексельдер. Корпоративтік бағалы қағаздардың түрлерін тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, вексельдер - шаруашылықта қолданылған бағалы қағаздардың ең алғашқы формасы. Ертеден вексель есеп айырысуда ең қолайлы құрал ретінде, төлем құралы және тауарды қарызға сатып алғанда несие алу құралы ретінде қолданылған. Вексель міндеттемені орындауда және қарызды қайтаруда ұтымды нарықтық құрал болып есептеледі. Вексель қарыз алушының қолхатына байланысты пайда болған. Бастапқыда вексель операцияларына қатысушылар біріне-бірі сенгендіктен қарыз қатынастарына түссе, кейіннен ол қатынастар құкықтық міндеттемелер сипатына ие болды. Сөйтіп вексель туралы алғашқы заңдар Еуропа елдерінде ХVП-ХVШ ғасырларда шыққан.
Тауарлы-ақшалы қатынастардың дамуытна және одан әрі күрделенуіне байланысты вексель бірте-бірте несиелік есептесудің әмбебап құралына айналды. Вексельмен несие қатынастары рәсімделеді, сонда ол несие ақшасы ретінде айналыста жүреді және ақшаның төлем құралы қызметін атқарады. Бағалы қағаз ретінде вексель әртүрлі мәмілелердің, яғни сатып алу-сату, есепеу, кепілдікке салу және басқа да іс-әрекеттер объектісіне айналады. Вексельді коммерциялық және банктік практикада, оның ішінде сыртқы саудада және халықаралық есеп айырысуда кең қолдану, сондай-ақ халықаралық вексельдік қатынастарда кездесетін қиындықтарды жою мақсатында әрбір елдің вексель туралы заңнамасын бір ізге келтіру қажет болды.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уакыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығару және оны пайдалануды дамыту ертеден несие - қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні -тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге сауда-саттық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы - ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші акшалай төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, я болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.
Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда қолданылатын еңбір басты қаржы құралы. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25 %-ін құрайды). Қазіргі кезде электрондық несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны бір сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі - серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару және оны айналымға түсіруге жасасқан келісімнің мәні мен маңызы зор.
Қорыта айтқанда, банктер вексель бойынша бірнеше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса, екінші жағынан өздеріне пайда түсіреді.
в) Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз (1 қосымша). Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция - қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияда жазылған сома оның көрсетілген (номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам онын нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы (курсы) деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай-ак дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады. Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі.
Жоғарыда жазылғандай акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырылады. Сөйтіп акция:
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді (2.3. Сурет).
г) Облигациялар. Облигация деп - эмитенттің оны ұсынушыға белгілі бір уақытта облигацияда көрсетілген құнды және осы құннан белгіленген процентті алуға құкық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Облигация шығару арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмсйді. Облигация шығару -қосымша капитал таратудың бір нысаны. Облигация – қарызды бағалы қағаз. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруга және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.