Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 20:12, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – бағалы қағаздарға байланысты қойылатын сұрақтарға жан – жақты сипаттама беріп, сұрақтардың толығымен мәнін ашу.
КІРІСПЕ..............................................................................................................4-5
1.Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі..........................................................6-25
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты.......................................6-8
1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі..............................................................8-11
1.3 Акционерлік қоғам бағалы қағаздарының пайда болуының негізі...............................................................................................................11-18
1.4 Бағалы қағаздардың түрлері.................................................................18-25
2. Кәсіпорындағы бағалы қағаздар есебін ұйымдастыру........................26-33
2.1 Қаржылық салымдардың түрлері...............................................26-27
2.2 Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операциялардың есебі......................................................27-29
2.3 Кәсіпорын акционерлерінің акциялары бойынша девиденттер есебі........................................................................................................29-30
2.4 Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі...........................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................36
ҚОСЫМША А...................................................................................................37
ҚОСЫМША Б....................................................................................................38
ҚОСЫМША C...................................................................................................39
ҚОСЫМША Д....................................................................................................40
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
1.Бағалы қағаздардың
мәні мен жіктелуі.............
1.1
Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты........................
1.2
Бағалы қағаздардың жіктелуі......................
1.3 Акционерлік
қоғам бағалы қағаздарының
1.4 Бағалы қағаздардың
түрлері.......................
2. Кәсіпорындағы
бағалы қағаздар есебін
2.1
Қаржылық салымдардың түрлері.......................
2.2 Акционерлік
қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы
бойынша операциялардың есебі.........................
2.3 Кәсіпорын
акционерлерінің акциялары бойынша девиденттер
есебі.........................
2.4 Борыш міндеттемелері
бойынша жүргізілетін операциялардың
есебі.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМША А.............................
ҚОСЫМША Б.............................
ҚОСЫМША C.............................
ҚОСЫМША Д.............................
КІРІСПЕ
Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі
қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы.
Бағалы қағаздар нарығы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасында туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастыруымызға болады. Кез - келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы – оның объектісі, субъектісі және олардың арасындағы қатынастардың бірлігі. Экономикалық қатынастар – ол нарық субъектілерінің, яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүрізілген кез – келген іс - әрекеті болып табылады. Сонымен қатар, бағалы қағаздар кез – келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады. Нақтырақ айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына құйылады, яғни оны тек нарық жүйесіндегі ең мықты, өміршең деген субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарығы және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 1990 жылдан, яғни егемендік алғаннан кейін құрыла бастады.
Бағалы
қағаздардың тұрақты дамуы
Бағалы қағаздарды экономиканы дамыту, қаржы ресурстарын жинақтау және қайта бөлу құралы ретінде көреміз. Бағалы қағаздар рыногы қаржы активтерінің қозғалысын қамтамасыз ете отырып, экономиқалық субъектілердің (фирмалар, ұйымдар,) уакытша бос қаржы ресурстарынының пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді және капиталды ыңғайлы түрде нақты сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай туғызады.
Бағалы қағаздар рыногы экономикалық қатнастардағы қаржы жүйесін сауықтырудың маңызды механизміболып қызмет етеді. Дамыған бағалы қағаздар рыногы жағдайында қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымдары пайда болып және тапшылықсыз экономика қалыптасады, қоғамдық өндіріс пен қызметке негізінен, қоғамдық сұранысқа сәйкес келеді. Бағалы қағаздар көп жағдайларда экономиканың өсуін қаржыландырудың тиімді көзі болып табылады.
Бағалы қағаздарды біз әлеуметтік - экономикалық қатынастар процесінде және қаржы рыногында айналыста болатын, табыс әкелу қабілеттіліктерімен көрінетін, сонымен қатар шаруашылықты тиімді жүргізуге қатысатын жалған өзгеше тауар деп қарастыруымызға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – бағалы қағаздарға байланысты қойылатын сұрақтарға жан – жақты сипаттама беріп, сұрақтардың толығымен мәнін ашу.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Бағалы қағаздардың мәні және жіктелуі
1.1. Бағалы қағаздар – жалған капитал. Олардың мәні
Жалған (алдамшы) капитал деген қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге кұкық беретін бағалы кағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауының себебі болған :
Біріншіден, табыс көзі-тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, одан табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады. Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын емес. Тауар айналымы (Т - А - Т) формуласындағы бірінші актіде (Т - А) керекті басқа тауарды сатып алу мақсатында тауарды сату, яғни қажеттілікті керек тауарды сатып алу арқылы өтеу жүргізіледі. Ал капиталдың айналысы (А - Т - А*) формуласындағы мақсат -тауарды сатып алып қайта сату, яғни бұл процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұндағы А *=А + а, яғни а - қосымша құн, өсім немесе капитал. Ал капитал — өздігінен өсетін құн, немесе қосымша құн беретін құн .
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.
Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары және одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары және банктік проценттін деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді. Мысалы, бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 50 $ делік, ал қарыз процентінің деңгейі 5 % болған жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000 $ болады:
Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн.
Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
Біріншіден, жалған капиталдың өз құны өте аз болғандықтан оны жоқ деуге болады. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың орнында жүреді;
Екіншіден, бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ал накты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;
Үшіншіден, жалған капиталдың мөлшері (бағалы қағаздардың сатылатын жиынтық бағасы, немесе бағалы қағаздардың бағамы) бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады. Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс «капиталдану» деп атады. Ал капиталдану-мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген ұғым.
Төртіншіден, жалған капиталдың мелшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл келмейді, одан әлдекайда көп болады.
Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі. Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де бағалы қағаздардың көлемінің соңғы кездері тез ұлғаюына байланысты.
Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан да айырмашылыгы бар. Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырьгп, ол қарыз капиталынан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы кағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста жүреді.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналасынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс зандарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және айналыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.
1.2. Бағалы қағаздардың жіктелуі
Қарыз міндеттемелерінің анықтамасы бағалы қағаздар анықтамасымен тығыз байланысты. Олардың экономикалық мәні бір-біріне сай келеді. Вағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының бағалы кағаздар сияқты арнаулы құжаттық формасы болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында (шартта) 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.
Көптеген елдерде бағалы қағаздар түсіретін кірісіне, эмитентіне, айналыс жеріне байланысты жіктеледі (1.1. Сурет).
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаз, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті үкімет органдары, акционерлік қоғамдар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
а)Қазынашылық - ол үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазынашылық вексельдер мен қазынашылық облигациялар. Мемелекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.